Пятница , 13 июня 2025

ТРАМПҚА НАУРЫЗ НЕ БЕРЕДІ?

Дональд Трамп неме­се трамп­тра­ла­лай­ка зама­ны жай­лы жазбадан

АҚШ – алып елдің жаңа­дан сай­ланған пре­зи­ден­ті Дональд Трамп бүкіл әлем­ді дүр­лік­тіріп қана қой­май, ойы­на кел­ген «жаңа ойын өрне­гін» жари­я­лап, әлем­ді аузы­на қара­тып қой­ды, ақ дегені – алғыс, қара дегені – қарғыс.

Бүкіл әлем – жара­ту­шы иеміздің сан­дар­мен өрнек­те­ген бейнесі.

Гали­лей.

(Пла­не­ты управ­ля­ют невеж­да­ми, а муд­ре­цы управ­ля­ют планетами).

Қараңғы­лар­ды қала­у­ын­ша пла­не­та­лар жүндейді,

Даны­шпан­дар – жары­ғы мол пла­не­та­лар­ды билейді.

Трамп­тың туған күні 14.06.1946 ж.

Биз­не­стің ада­мы, 14 (өзін-өзі мақтаған­ды жақ­сы көреді), жал­пы «бес­тік­тер» – деп ата­ла­ды, интел­лек­ті жоға­ры, ЭГО-сы қисы­нға (логи­ка) бағыт­талған, бес сезім мүше­сі жақ­сы дамы­ған (бесас­пап), жүзі (жан жылуы суық) салқын, эмо­ци­я­сын жасы­ра ала­ды, не нәр­сені де көбей­ту­ге (мас­шта­би­ро­вать) бағыт­талған. Мер­ку­рий жұл­ды­зы­ның құшағын­да дүни­е­ге кел­ген жан­дар­дың торы­ғы (аура) кіш­кен­тай, түй­ме­дей­ді түй­е­дей қылып, түй­е­дей­ді түй­ме­дей көр­мей­ді, өкпе­шіл болып келетіні де сон­ды­қтан. Дала­ның, көшенің тәр­би­есі­мен өскен­дер (көше «пар­ти­я­сы­ның» заңы­мен жүреді) жаны еркін­дік­ті қалай­ды. Хаме­ле­он, жар­ты сағат­та өзі­мен әңгі­ме­ле­с­кен жан­ның энер­ги­я­сын оп оңай қабыл­дап, бей­ім­де­ле ала­ды. Қолы­на бума жіп­тің бір ұшын ұстат­саң, екін­ші ұшын тез таба­ды, тіз­бек­ті (после­до­ва­тель­но) түр­де миы жыл­дам жұмыс істей­ді. Қан­дай да бір шешім­ді жыл­дам қабыл­дай­ды, ойы ұшқыр. Ішкі дүни­есіне үңілетін бол­сақ: түсіні­гі кем­шін (тот басқан бес тең­гесін тық­пай­тын жері жоқ), тал­да­уы таяз, өзге жан­ның ойы­мен сана­спай­ды (неадек­ват), өмір­ден сабақ алмай­ды, бір істе­ген қателі­гін қай­та­лай береді, қопақтаға­ны­мен, көп­ші­гін­де күші жоқ. Мер­ку­рий – Күн­ге ең жақын орна­ласқан пла­не­та, өз осі­нен айна­луы жыл­дам, Күн­ді айна­лу пери­о­ды қысқа (салы­стыр­ма­лы түрде).

Жаратқан иеміз:

«үштік­тер­ді» – қол­паштап, көте­реді, «алты­лы­қтар­ды» – жақ­сы көреді, «бес­тік­тер­дің» тілі­мен үн қатады.

Жал­пы, «бес­тік­тер­ді» билік­тің шыңы­на жібер­ме­ген жөн, кел­ген екен, жас бала­ша ойы­на кел­генін жасай­ды (дет­ское вос­при­я­тие мира).

Бұл – АҚШ демо­кра­ти­я­лық пар­ти­я­сы­ның жеңілісі ғана емес, бүкіл әлем­нің демо­кра­ти­я­лық бағыт­тағы күш­терінің жеңілісі. Қар­сы келу мүм­кін емес, тап­тап өте­ді. Өткізіп барып, бүй­ір­ден «үштік» бір түй­ре­се, жалп ете түсері анық. Тал­дау қаси­еті мықты жан иесі ғана тоқта­та ала­ды, өйт­кені тал­дау мен қисын (ана­лиз и логи­ка) бір жазы­қты­қта жат­пай­ды (3, 12, 21, 30‑ы туған, қан­дай айдың бол­са да, жеке сөй­ле­су­ге мүм­кін­дік туса, қуан­тар­лы­ғы Путин емес). Был­тыр өмірін­де жаңа цикл баста­лып, стра­те­ги­я­лық бағыт­та жеңіс­ке жет­кен еді. Биыл жеке екін­ші жылы, қарым-қаты­нас, түсінік­ке барын­ша бет­бұрыс жасай­тын жылы. Үлкен шешім­дер қабыл­да­маға­ны жөн еді. Биыл қаты­ны­мен ара­сы суып, тәу­бесіне келуі де ғажап емес, соған сеней­ік те.

Іс-әре­кетін­де шын­ды­қты ту етпе­се, ала­яқты­ққа оңай бара береді. Бәріне бір­дей мүм­кін­дік жасап бер­гені­мен де, ақиқат ауы­лы­на қыз­мет жаса­ма­са, бәрі бекер. Табысы 2,5 пай­ыз ғана.

Құр­манға­зы РАХМЕТОВ

Республиканский еженедельник онлайн