Четверг , 18 декабря 2025

ТРИЛЛИОНДАҒАН мұнайдың айыпақысы ҚАШАН ТӨЛЕНЕДІ?

Кеше, 17 жел­тоқ­сан күні ҚР Пар­ла­мен­ті Мәжілісінің Жал­пы оты­ры­сын­да Мәжіліс депу­та­ты, «Ақ жол» пар­ти­я­сы төраға­сы­ның орын­ба­са­ры Қазы­бек Иса шетел­дік кор­по­ра­ци­я­лар­дың елі­міз­ге тигізіп жатқан эко­ло­ги­я­лық зардап­та­ры мен тен­дер тәр­тібін бұзып, мер­ді­гер­лік мін­дет­те­месін орын­да­май, кел­тір­ген шығын­да­ры үшін төле­уі тиісті трил­ли­он­дар­дың әлі төлен­бе­гені тура­лы ел эко­но­ми­ка­сы үшін ерекше маңы­зы зор күр­делі мәсе­лені көтеріп, ҚР Пре­мьер-мини­стрі Олжас Бек­те­нов­ке депу­тат­тық сау­ал жолдады.

30 жыл­дан астам қаза­қтың мұнай­ын – қара алты­ны­мы­зды қала­у­ын­ша игеріп жатқан шетел­дік ком­па­ни­я­лар­мен есебі­мізді түгел­деу мәсе­лесі қалай болып жатыр, соған келейік.

Шетел­дік­тер­мен стра­те­ги­я­лық кен орын­да­ры жай­лы 90-жыл­да­ры жасалған Өнім­ді бөлу Келісім­дері (ӨБК) қашан да елдің емес, тек инве­стор­дың мүд­десі мен пай­да­сын ғана қорғай­тын келісім болған­ды­қтан, 2022 жылы Қаза­қстан Пре­зи­ден­ті Қасым-Жомарт Тоқа­ев «Бұры­нғы өнім­ді бөлу тура­лы келісім­шар­ттар 30 жыл бұрын басқа жағ­дай­да жасалға­нын, қазір оларға түзе­ту енгі­зу керек» – деп мәлім­деп, Үкі­мет­ке тап­сыр­ма бер­ген бола­тын. Ел эко­но­ми­ка­сы үшін ерекше маңы­зы зор осы мәсе­ле әлі шешіл­мей келеді…

Бұл Өнім­ді бөлудің әділет­сізді­гі тура­лы «Ақ жол» пар­ти­я­сы Пар­ла­мент­те талай көтердік.

1. 2023 жылы көк­тем­де Қаза­қстан билі­гі шетел­дік ком­па­ни­я­лар­ды тен­дер тәр­тібін бұз­ды, мер­ді­гер мін­дет­те­месін толық орын­да­ма­ды деп айып­тап, серік­те­стерінің Қашаған бой­ын­ша 13 млрд, Қара­шы­ға­нақ бой­ын­ша 3,5 млрд дол­лар шығын­ды ұстап қалға­ны­на нара­зы­лық жасап, қай­та­ру­ды талап етті. (Bloomberg).

Қаза­қстан NCOC (Қашаған жоба­сы­ның опе­ра­тор­ла­ры кон­сор­ци­у­мы) мен Karachaganak Petroleum Operating BV ком­па­ни­я­ла­рын халы­қа­ра­лық арбит­ра­жға берді.

Мем­ле­кет айып­таған негіз­гі тұстар:

1. Ком­па­ни­я­лар тен­дер мен өнім­ді бөлу тура­лы келісім­нің шар­тта­рын бұзды;

2. Қашаған бой­ын­ша мер­ді­гер мін­дет­те­ме­лерін толық орын­даған жоқ;

3. Осы­дан Қаза­қстан шығын­дарға ұшы­ра­ды және уақты­лы жоба­ны жүзе­ге асы­ра алмады.

Осы инве­стор­лар пай­да­ла­нып кет­кен 16,5 млрд дол­лар­дың жағ­дайы не бол­ды? Бұл 8,6 трил­ли­он теңге!

2. Айып­тар тек тен­дер мен мін­дет­те­мені орын­дау мәсе­лесіне ғана қаты­сты емес. Оған қоса, Қаза­қстан 2023 жылы наурыз айын­да Қашаған жоба­сы­нан эко­ло­ги­я­лық талап­тар бұзыл­ды деп North Caspian Operating Company N.V. 2,3 трлн тең­ге – $5,1 млрд дол­лар (сол кез­де­гі курс бой­ын­ша) көле­мін­де айып­пұл талап етті. Айып: сір­ке қышқы­лын сақтау нор­ма­ла­рын бұзу – 773 мың тон­на­ның орны­на 2,5 есе көп – 1,7 млн тон­на сақталған және т.б. Кей­ін­нен бұл айып­пұл жал­пы­лай талап­тар бой­ын­ша $150 млрд дол­ларға жуық өте­мақы талап ету­ге дей­ін ұлғай­ға­ны жазыл­ды (Bloomberg).

3. Алай­да екі жылға созы­лған сот дау­ла­ры­ның нәти­же­сін­де мем­ле­кет жеңіліп, бұл айып­пұл әлі өндіріл­мей отыр.

2023 жыл мен 2025 жылғы дол­лар кур­сы­ның айыр­ма­шы­лы­ғы бой­ын­ша тең­генің құн­сызда­нуы сал­да­ры­нан айып­пұл шама­мен 1 млрд дол­ларға жуық азай­ды. Істі екі жыл созып жүріп, біз тағы 1 млрд дол­ларға жуық жоғалт­тық. Яғни, осы уақыт ішін­де кон­сор­ци­ум мил­ли­ард­таған қар­жы­лық пай­да көр­ді, ал Қаза­қстан бюд­жеті мил­ли­ард­таған шығы­нға батты.

4. Отыз жыл­дан бері сол кез­де­гі билік пен инве­стор­лар­дың Өнім табысын бөлудің құпия келісім­шар­тта­ры кесірі­нен халы­ққа мұнай мұхи­ты­нан там­шы ғана тиіп оты­рға­ны аздай, енді мем­ле­кет салып оты­рған 5,1 млрд дол­лар­дан айы­ры­лып, тағы да шығы­нға батып отыр­мыз! Бұған кінәлі мем­ле­кет­тік орган бас­шы­ла­ры жау­а­пқа тар­ты­луы тиіс!

5. Шетел­дік ком­па­ни­я­лар­дың елі­міз­ге тигізіп жатқан эко­ло­ги­я­лық зардап­та­ры және тен­дер тәр­тібін бұзып, мер­ді­гер­лік мін­дет­те­месін орын­да­май, кел­тір­ген шығын­да­ры үшін шетел­дік ком­па­ни­я­лар төле­уі тиісті трил­ли­он­дар қай­да? Неге осы уақы­тқа дей­ін төлен­бей келеді? Бұған кім­дер кінәлі?

6. Бұл жағ­дай ұлт­тық мүд­де­лер­ге тіке­лей зиян кел­тіру­мен қатар, мем­ле­кет­тік орган­дар­дың дәр­мен­сізді­гін және сот жүй­есінің әділет­сізді­гін айқын көр­сетіп отыр. «Ақ жол» пар­ти­я­сы мұн­дай сорақы жағ­дай­ға мүл­дем төзу­ге бол­май­ды деп санайды.

Бірін­ші­ден, ірі айып­пұл­дар­дың тең­ге­мен бел­гі­ле­нуі – шетел­дік ком­па­ни­я­ларға тиім­ді, ал мем­ле­кет үшін зиян­ды тәжіри­бе. Ком­па­ни­я­лар­дың табысы дол­лар­да есеп­те­леді, ал айып­пұл тең­ге­мен салы­нған­ды­қтан, деваль­ва­ци­ядан ұта­тын – кон­сор­ци­у­м­дар, ұты­ла­тын – Қазақстан.

Екін­ші­ден, шетел­дік кор­по­ра­ци­я­лар ішкі нары­ққа мұнай жет­кіз­бей­ді, әле­умет­тік жау­ап­кер­шілік­ті мой­ны­на алмай­ды, бірақ ұлт­тық бай­лы­ғы­мы­здан шек­тен тыс пай­да табуда.

Үшін­ші­ден, сот­тар мен мем­ле­кет­тік орган­дар­дың созба­лаң әре­кет­тері шетел­дік кор­по­ра­ци­я­лар­дың мүд­десіне жұмыс істеп, елдің эко­но­ми­ка­лық қауіп­сізді­гіне қат­ты нұқ­сан, мил­ли­ард­таған орас­ан шығын келтіруде.

1. Эко­ло­гия – мем­ле­кет­тің еге­мен құқы­ғы (police powers doctrine);

2. Эко­ло­ги­я­лық залал – үздіксіз сипаттағы құқық бұзушылық;

3. Күкірт сақтау көле­мі объ­ек­тив­ті түр­де шек­тен асқан;

4. PSA инве­стор ком­па­ни­я­лар­ды эко­ло­гия заң­да­рын орын­да­удан босатпайды.

Міне, мем­ле­кет­тің осын­дай күшті аргу­мент­тері бола тұра, жеңі­лу, бұл – құқы­қтық әлсіздік, үкі­мет­тің жау­ап­сызды­ғы пен сауатсыздығы!

Жал­пы шетел­дік ком­па­ни­я­лар заң­сыз иеленіп оты­рған 8,6 трил­ли­он тг, айы­пақы­дан ала алмай оты­рған 2,3 трлн тг, бәрі 11 трил­ли­он тең­ге – біздің елдің бір жыл­дық бюд­жет кірісінің жар­ты­сы­нан асып кететін ала­пат қар­жы ғой?!. Басқа елдер­де­гі осы­ған ұқсас эко­ло­ги­я­лық дау­лар­мен салыстырсақ:

1. Ниге­рия – Shell (Niger Delta) ком­па­ни­я­сы­нан мұнай төгін­ділері үшін мил­ли­ард­таған дол­лар талап етті. Нәти­же­сін­де талап сома­сы қысқар­ты­лған­мен, Эко­ло­ги­я­лық залал мой­ын­дал­ды, айы­пақы төленді.

2. Халы­қа­ра­лық арбит­раж­дар­дан Эква­дор сияқты әлсіз елдер ғана жеңіледі. Эква­дор – Chevron ком­па­ни­я­сы­на $9,5 млрд эко­ло­ги­я­лық айып­пұл сал­ды; халы­қа­ра­лық арбит­раж Эква­дор­ды шешім­ді орын­да­мауға мін­дет­те­ді. Яғни, про­це­ду­ра әділет­сіз бол­са, мем­ле­кет жеңіледі.

Сон­да біз Ниге­ри­яға жете алмай, Эква­дор­дан өте алмай тұр­мыз ба?!. Үкі­мет­тің осы заң бұзған шетел­дік инве­стор­лар­ды жау­ап­кер­шілік­ке тар­ту жөнің­де­гі әре­кет­терін «Ақ жол» фрак­ци­я­сы қол­дай­ды. Осы­ған бай­ла­ны­сты «Ақ жол» пар­ти­я­сы халық қар­жы­сын халы­ққа қай­та­ру­ды талап етеді:

1. Ірі жер қой­на­уын пай­да­ла­ну­шы-экс­порт­та­у­шы­лар­дың айып­пұл­да­ры олар­дың табыс таба­тын валю­та­сын­да есеп­те­луі заң­мен міндеттелсін.

2. Шетел­дік кор­по­ра­ци­я­лар сот­тық және бюро­кра­ти­я­лық созбалаң

арқы­лы деваль­ва­ци­ядан пай­да көретін тәжіри­бе­ге нүк­те қойылсын.

3. Мем­ле­кет­ті осын­дай орас­ан шығы­нға баты­руға жол бер­ген лау­а­зым­ды тұлға­лар қатаң жау­ап­кер­шілік­ке тартылсын.

Ұлт­тық мүд­дені қорғау үшін Үкі­мет­тен шұғыл және нақты шара­лар қабыл­да­уды талап етеміз.

ҚР Пар­ла­мен­ті Мәжілісін­де­гі «Ақ жол» фрак­ци­я­сы­ның депутаттары:

Қазы­бек Иса

Азат Перу­а­шев

Дания Еспа­е­ва

Ерлан Бар­лы­ба­ев

Серік Еру­ба­ев

Олжас Нұрал­ды­нов

Республиканский еженедельник онлайн