Четверг , 16 октября 2025

Туризмді ҚАЙТСЕК дамытамыз ?

ҚР Пре­мьер-мини­стрі Олжас Бек­те­нов­ке!

Қаза­қстан­ның туризм сала­сы бүгін­де жаңа даму кезеңіне қадам басты. Елі­міз­ге деген халы­қа­ра­лық қызы­ғу­шы­лық тұрақты түр­де артып келеді. The New York Times, Lonely Planet, CNN Travel секіл­ді жетек­ші әлем­дік басы­лым­дар Қаза­қстан­ды 2025 жылы баруға тұрар­лық елдер­дің қата­ры­на енгізді.

2020 жылы елге 2 млн турист кел­се, 2024 жылы бұл көр­сет­кіш 15 млн адам­нан асты. Туриз­мнен түс­кен кіріс көле­мі 1,2 трлн тең­ге­ге жет­ті. Елі­міз­ге әлем­де­гі 195 елдің бар­лы­ғы­нан тури­стер келеді. Бұл – Қаза­қстан­ның бай мәде­ни­еті мен табиғи әле­уетінің әлем­дік дең­гей­де мой­ын­далға­ны­ның айқын дәлелі.

Алай­да осы үдеріс қарқын­ды жүріп жатқан тұста бірқа­тар жүй­елі мәсе­ле­лер шеші­мін күту­де. Ең өзек­ті мәсе­ле – жаға­ла­уды бекіту және толқын сын­ды­рғыш жүй­е­лерін орна­ту қажеттігі.

Бұл про­бле­ма­ның ауқы­мын Ала­көл мыса­лын­да айқын көру­ге бола­ды. «Рас­свет» дема­лыс база­сы аумағын­да 2007 жыл­дан бері 130 метр жаға­лау шай­ы­лып, 9 кор­пус су асты­на кет­кен. «Qairat» база­сы маңын­да 2017 жыл­дан бері 150 метр шай­ы­лып, қазір­гі таң­да су небәрі 5 метр қашы­қты­қта тұр. Жаға­лау бой­ын­да 300-ден астам кәсіп­кер ғима­рат­тар­дың суға кету қау­пі тура­лы даб­ыл қағуда.

Бұл – тек бір өңір­дің мыса­лы. Тура осын­дай жағ­дай Балқаш, Қап­шағай мен Бұқтыр­ма сияқты басқа да су қой­ма­ла­рын­да бай­қа­ла­ды. Мем­ле­кет бас­шы­сы туризмді дамы­ту мен кәсіп­кер­лік­ті қол­да­уды басым бағыт ретін­де айқын­даға­ны­мен, кәсіп­кер­лер инве­сти­ция сал­ды, бірақ жаға­ла­уды қорғау бой­ын­ша мем­ле­кет тара­пы­нан жүй­елі түр­де қол­да­у­сыз қалып отыр.

Тағы бір маңы­зды мәсе­ле – жыл сай­ын 2 мил­ли­он­нан астам турист қабыл­дай­тын Ала­көл, Балқаш, Қап­шағай және Бұқтыр­ма өңір­лерін ауыз сумен қам­та­ма­сыз ету. Орта­лы­қтан­ды­ры­лған ауыз су жүй­есі бол­маған­ды­қтан, шағын және орта биз­нес өкіл­дері өз қара­жа­ты­на құдық бұрғы­ла­у­ға мәж­бүр. Нәти­же­сін­де олар жер қой­на­уын пай­да­ла­ну­шы­лар­мен теңе­стіріліп, ірі өндіру­ші ком­па­ни­я­лар­мен бір­дей салы­қтық және әкім­шілік жүк­те­ме­ге тап болу­да. Сон­да біре­улер тек ауыз су алып отыр­са, басқа­ла­ры мұнай өндіреді – бірақ салық салу талап­та­ры бәріне бір­дей. Бұл әділет­сіз және қол­да­ны­стағы нор­ма­лар­ды қай­та қара­уды талап ететін мәселе.

Туризмді дамы­ту­дағы тағы бір маңы­зды фак­тор – сапа­лы интер­нет пен тұрақты ұялы бай­ла­ны­сқа қол­жетім­ділік. Тури­стер өздерінің қауіп­сізді­гіне сенім­ді болуы тиіс –жедел жәр­дем, төтен­ше жағ­дай қыз­меті неме­се поли­ция шақы­ру мүм­кін­ді­гі, төлем жасау соны­мен қатар дема­лушы­лар­дың әле­умет­тік желілер­ге кон­тент жүк­теп, аймақтың тури­стік тар­тым­ды­лы­ғын арт­ты­ра­ды. Интер­нет бол­са, кел­ген қонақ кәдесін алып, қара­жа­тын шығын­дап қай­та­ды. Ол – өңір­ге түс­кен пай­да. Сон­ды­қтан 1123 ауы­лға арналған «Қол­жетім­ді интер­нет» бағ­дар­ла­ма­сы аясын­да алды­мен тури­стік әле­уеті жоға­ры өңір­лер­ге интер­нет тар­ту­ды, соны­мен қатар баға­сы жағы­нан қол­жетім­ді «Starlink» жүй­есін де тиім­ді қол­да­ну­ды ұсынамыз.

Келесі мәсе­ле – сапа­лы әрі қауіп­сіз дема­лыс. Шомы­лу аймақта­рын бөлу, су көлік­терінің қозға­лы­сын рет­теу, ере­жені бұзған­дарға қатаң жау­ап­кер­шілік шара­ла­рын қол­да­ну арқы­лы дема­лушы­лар­дың қауіп­сізді­гін қам­та­ма­сыз ету қажет. Сон­дай-ақ катер, қай­ық, ката­ма­ран секіл­ді су көлік­терін сатып алуға мем­ле­кет­тік суб­си­дия қарас­ты­ру – туризмде­гі шағын биз­нес үшін үлкен қол­дау болар еді.

​Қоры­тын­ды­лай келе, жаға­ла­уды қорға­уға арналған кешен­ді шара­лар­дың бол­мауы, инже­нер­лік инфрақұры­лым­ның жет­кіліксіз дамуы, тури­стік аймақтар­дың цифр­лан­ды­рыл­мауы, орта­лы­қтан­ды­ры­лған ауыз су, кәріз жүй­есінің, электр энер­ги­я­сы­ның тұрақ­сызды­ғы, қоқыс мәсе­лесі туризмді дамы­ту қарқы­ны мен инве­сти­ция тар­ту­ды едәуір тежеп отыр.

Ұсы­ны­стар:

​1.​ Тури­стік аймақтар­да жаға­ла­уды қорға­удың кешен­ді бағ­дар­ла­ма­сын әзірлеу;

​2.​ Су ресур­ста­рын пай­да­ла­на­тын шағын биз­нес үшін салық және әкім­шілік рет­те­уді жеңілдету;

​3. ​Интер­нет және бай­ла­ныс инфрақұры­лы­мын тури­стік аймақтар­да бірін­ші кезек­те дамыту;

​4.​ Су туриз­мі мен қауіп­сіздік шара­ла­рын суб­си­ди­я­лау және қатаң бақы­лау жүй­есін енгізу.

«Respublica» пар­ти­я­сы фрак­ци­я­сы­ның мүше­сі, депу­тат Ека­те­ри­на Смолякова

Республиканский еженедельник онлайн