Четверг , 26 июня 2025

ТУРИЗМЕЛДІҢ АЙНАСЫ

ҚР Пре­мьер-мини­стрі      Олжас Бек­те­нов­ке!

Еге­мен­ді елі­міздің тарихы мен шежіре­ге толы дар­хан дала­сын 2024 жылы 15 мил­ли­он­нан астам шетел­дік аза­мат ара­ла­са, ішкі туризмде­гі аза­мат­тар­дың саны 10 мил­ли­он­нан асқан. Сала­ны қол­да­уға бағыт­талған ауқым­ды мем­ле­кет­тік қар­жы мен түр­лі бағ­дар­ла­ма­лар нәти­же­сін­де Қаза­қстан «Сая­хат және туризмді дамы­ту» индексі бой­ын­ша әлем­де­гі 119 елдің ішін­де 52-оры­нға көтеріл­ді. Алай­да құшақ жая қар­сы алған қонақтың 106 000 аста­мы заң талап­та­рын бұзып үлгерген.

Сала­дағы олқы­лы­қтар­ды пай­да­ла­нып, елі­міз­ге келетін тури­стер­ді басқа елге бағыт­тап, Қаза­қстан аумағын­да өз көлік­тері­мен заң­сыз тури­стік қыз­мет көр­сетіп жүр­ген Қырғыз­стан, Өзбек­стан, Ресей, Үнді, Пәкістан, Қытай елдерінің туро­пе­ра­тор­ла­ры мен гид­тері елі­міздің беделіне нұсқан, қазы­на­сы­на қол сұғу­да. Ал біздің туро­пе­ра­тор­ларға өзінің жола­у­шы тасы­мал­да­у­шы көлі­гі­мен кіру­ге тый­ым салы­нған. Сон­да одақ­та­сты­ғы­мыз қай­да? Соның сал­да­ры­нан елі­міздің бюд­жеті шама­мен 1 млрд тең­ге­ден астам қара­жат жоғал­тып отыр.

Жуыр­да Алма­ты қала­сын­да өткен дөң­ге­лек үстел­де сала өкіл­дері даб­ыл қақты: көр­ші елдер­ден арнайы авто­бу­стар­мен келіп, әуе­жай мен қонақ үйлер­ден тури­стер­ді жинап, өз елдеріне алып кететін жағ­дай­лар жиіле­ген. Үндістан мен Пәкістан­нан оқу мақ­са­тын­да кел­ген сту­дент­тер гид болып жұмыс атқа­рып, елі­міз­де «жыны­стық туризм» тура­лы ой қалыптастыруда.

Қазақ елінің тари­хи-мәде­ни құн­ды­лы­қта­рын біл­мей­тін шетел­дік тури­стер­ге сая­сат, жемқор­лық, қыл­мыс, қым­бат­шы­лық жай­ын­да теріс ақпа­рат тара­та­тын сау­ат­сыз гид­тер ел ими­джіне нұқ­сан кел­тіру­де. Ал бұған тосқа­уыл бола­тын тури­стік поли­ци­я­ның саны аз, өкілеті жет­кіліксіз, көлік поли­ци­я­сы тіп­ті апта­сы­на 5 күн жұмыс жасап, 2 күн дема­ла­ды, нәти­же­сін­де заң­сыз тури­стер­дің бел­сен­ді күн­дері көз­ден таса қалуда.

Тури­стер көп шоғыр­ланған Алма­ты облы­сын­да тур­по­ли­ция мен көлік поли­ци­я­сы­ның шаңы да көрін­бей­ді, бәрі бей­бе­ре­кет. Бұл жағ­дай­ға шұғыл шара қабыл­да­нуы тиіс.

Тағы бір мәсе­ле – көп база­лар­да қонған қонақтарға чек беріл­мей­ді. Елге кел­ген 15 млн адам­ның e‑conaq жүй­есіне 6 млн ғана тір­кел­ген, қалған 9 млн қай­да бол­ды? Қан­ша төледі? Салық қайда?

Осы­ған орай сала сарап­шы­ла­ры­мен бір­лесіп, келесі мәсе­ле­лер­ді қарас­ты­ру­ды ұсынамын:

* Еуро­па­ның озық тәжіри­бесін ескеріп, біз де нақты жоба­сы, стра­те­ги­я­лық жос­па­ры бар инве­стор­ларға тури­стік аймақтар­ды сенім­ді түр­де басқа­руға беріп, сала­ны жүй­елі әрі қарқын­ды дамы­туы­мыз қажет.

* Экс­кур­си­я­лық, транс­фер­лік және қонақ үй гид­терінің жұмысын рет­теу. Жер­гілік­ті және шетел гид­терінің жау­ап­кер­шілі­гін енгі­зу, мін­дет­ті сер­ти­фи­кат­тау. Нақты есеп жүр­гі­зу үшін жеке экс­кур­со­вод­тар қыз­метіне арналған ОКЭД енгі­зу қажет, себебі көп­шілі­гі агент­тік қыз­мет ретін­де тіркелген.

* Қауіп­сіздік – басты орын­да. Face ID мен сау­сақ ізі тек өз аза­мат­та­ры­мы­зға емес, Қаза­қстанға кел­ген шетел аза­мат­та­ры­на да қол­да­ны­луы қажет.

* Қонақ үйлер­дің жұл­дыз­ша­сы – тек атақ емес, нақты сапа өлше­мі болуы керек. Оның стан­дарт­та­ры­ның сақта­луын қатаң қадағалайық.

* Жол бой­ын­дағы шағын кафе­лер мен асха­на­лар – елдің «бет-бей­несі». Олар­дың сани­тар­лық жағ­дай­ын қатаң бақы­ла­у­ға алу – уақыт талабы.

•Тауға экс­кур­сия – жай ғана серу­ен емес. Кәме­лет­ке тол­маған бала­лар­ды арнайы дай­ын­ды­ғы жоқ адам­дар­дың, әсіре­се мұғалім­дер­дің апа­руы­на заң­мен тый­ым салу керек.

* Соны­мен қатар инфрақұры­лым, әжет­ха­на, интер­нет, қоқыс жәшік­тері, дема­лып оты­ра­тын орын­дар ұйым­да­сты­ру­ды қарас­ты­ру қажет деп санаймын.

* Шетел аза­мат­та­ры өзі­мен бір­ге көп мөл­шер­де қара­жат алып келіп, елде қал­ды­руы үшін 10 мың АҚШ дол­ла­ры көле­мін­де­гі кір­гі­зу лими­тін алып таста­уды ұсынамыз.

Туризм – елдің мәде­ни айна­сы, эко­но­ми­ка­ның қозға­у­шы күші. Уақы­тын­да қабыл­данған шешім туризм сала­сын едәуір жақ­сар­тып, ішкі өнім­де­гі үлесін 3–4 % дей­ін өсі­ру мүм­кін­ді­гін беретініне сенімдіміз.

Ека­те­ри­на СМОЛЯКОВА, ҚР Пар­ла­мен­ті Мәжілісінің депутаты,

«RESPUBLICA» фрак­ци­я­сы­ның мүшесі

Республиканский еженедельник онлайн