Четверг , 12 февраля 2026

ТІЛ МӘСЕЛЕСІ –   болашаққа салынған ИНВЕСТИЦИЯ

Қызы­лор­да­ның суы­ғы Аста­на­ның бора­ны­нан өзге­ше. Әсіре­се желі өңменің­нен өтіп кете­ді. Съем­ка­мы­зды аяқтап, Аста­наға келіп, енді ғана есі­мізді жинап жатқан жай бар.

Әлем-жаһанға көз сал­сам, дүние екі­ге бөлін­ген­дей көрі­неді. Бүгін­гі­дей тур­бу­лент­ті кезең­де, Айва­зов­ский­дің «Тоғы­зын­шы валын­дай» ала­са­пы­ран уақыт­та ел іші гу-гу, ду-дуға түсіпті.

Менің ұққа­ным – басты мәсе­ле тіл жай­ын­да. Ана тілі туралы.

Көзі ашық қауым қазақ тілінің ертеңіне алаң­да­у­лы. Төр­гі бөл­ме­де­гі төр­ден орын тиме­ген тілі­міз төмен­ге жыл­жы­ған. Бұл бүгін басталған жоқ. Әзір­ге емі жоқ дерт­тің біз­ге кел­геніне үш жүз жыл­дан асып кет­ті. Тіп­ті соңғы қырық жыл­да қызуы­мыз қыры­ққа таяды…

Баяғы­да Мәс­ке­уде мені­мен қатар Ген­на­дий Дьяч­ков деген жігіт оқы­ды. Кино­дра­ма­тур­ги­яда. Өте білім­ді еді, аты-жөні орыс болға­ны­мен, ұлты – юкагир.

Сол заман­да жер бетін­де бар-жоғы екі мың­дай ғана юка­гир халқы барын, олар­дың сонау Сол­түстік­те­гі Яку­тия мен Чуко­тка­ны мекен­де­ген көне жұрт екенін Гена­дан есті­гем. Орыс әскері кел­ген­ге дей­ін өз тарихы мен мәде­ни­етін, тілі мен әдет-ғұр­пын сақтаған азған­тай ел екен. Ол менің қаза­қ­ша сөй­ле­генім­ді, мен оның өз тілін­де сөй­ле­генін қызықтайтынбыз.

Кезін­де МГУ-дың мате­ма­ти­ка факуль­тетін бітір­ген жігіт­тің неге кино­дра­ма­тур­ги­яға ауы­сқа­нын сұрағанда:

– Жақ­сы бір сце­на­рий жаз­сам дей­мін… Біздің ел жай­лы, менің кіш­кен­тай Ота­ным тура­лы кино түсіріл­се… – деуші еді.

Тағ­дыр­дың алшы­сы басқа­ша түсті… Біз жазғы дема­лы­сқа кет­кен­де кур­с­та­сы­мыз қай­тыс болды.

Бүгін­де қаза­қ­ша кітап оқу, өлең жат­тау былай тұр­сын, қаза­қ­ша сөй­леу мен ойлау да дефи­цит­тің бір түріне айнал­ды. Кезін­де ауыл жаста­ры қалаға үде­ре көш­кен­де, «мәм­бет», «ауыл­бай», «кол­хоз» деген келе­меж сөз­дер сол кез­де­гі жастарға үлкен ком­плекс болға­ны рас.

Бүгін­гі урба­ни­за­ция елі­міздің эко­но­ми­ка­сы­на, әле­умет­тік жағ­дай­ы­на, мәде­ни­еті мен руха­ни­я­ты­на да өзгерістер әкел­генін ешкім жоққа шыға­ра алмайды.

Міне, осы кез­де тіл мәсе­лесінің қай­та көтерілуі – заң­ды­лық. Бұл қоғам­ның жай бел­сен­ділі­гі емес, бұл – ұлт­тық сана-сезім­нің өсуі деген дұрыс болар. Бұл кезең – ертең­ге деген үміт пен арма­ны­мы­здың алаңдауы.

Біле біл­ген ада­мға тіл мәсе­лесі – бола­шағы­мы­зға салы­нған инвестиция.

Тілі бір­дің – ділі бір.

Ол – біздің Тәу­ел­сіз мем­ле­кеті­міз! Ал тәу­ел­сіздік­тің қасын­да басқа дүниенің бәрі – екін­ші, үшін­ші мәсе­ле ғана…

PS. Соңғы деректер бой­ын­ша, жер бетін­де юка­гир тілін­де сөй­лей­тін он бес шақты ғана адам қалған екен…

Есі­ме баяғы досым Ген­на­дий Дьяч­ков түсті. Оның арма­ны іске аспай қалға­ны өкінішті…

Талғат ТЕМЕНОВ, кинорежиссер,Қазақстанның халық артисі

Республиканский еженедельник онлайн