Пятница , 6 февраля 2026

ТІЛ ТҰТАСТЫҒЫ немесе ЖАПОНИЯ МЕН ҚАЗАҚСТАН

Өз елін­де өз ана тілін­де жау­ап беруді талап еткен Мір­бо­лат Мыр­за­тай­ұлын билік сая­си астар­лы сот­пен 4 жылға бас бостан­ды­ғы­нан айыр­ды. Жал­пы шын­ды­қты айта­тын жур­на­ли­стер­ді жоға­ры­дан кел­ген тап­сыр­ма бой­ын­ша сот­та­уды билік әдет­ке айнал­ды­рып алған.

Ал тіл мәсе­лесі дамы­ған демо­кра­ти­я­лық ел – Жапо­ни­яда қалай шешіл­ген. Осы мәсе­лені зерт­теп көрсек…

Қаза­қстан­да мем­ле­кет­тік тіл қазақ тілі болға­ны­мен, ресми түр­де мем­ле­кет­тік орган­дар­да орыс тіліне айры­қ­ша басым­ды­лық беріл­ген. Сол себеп­ті қазақ тілін біл­мей-ақ жоға­ры қыз­мет­ке жет­кен­дер бар және солай жасай беру­ге бола­ды. Ең басты­сы – жемқор­лық жай­лаған­ды­қтан, қал­таң­да беретін параң бол­са бол­ды. Пара беру мен алу және жемқор­лы­қ­пен күрес сөз жүзін­де бар, іс жүзін­де жоқ.

Бұл ел 1991 жылы Тәу­ел­сіздік алды деген­мен, мұн­дағы билік әлі күн­ге дей­ін Ресей­дің ықпа­лы­нан шыққан емес. Бұған себеп – 35 жыл бойы билік­те Кеңес Одағы кезін­де өсіп-толған­дар­дың оты­рға­ны және олар­дың билік­ті бер­гісі кел­мей, елдің бай­лы­ғын талан-тараж қылып, тона­уға бой­ла­ры үйрен­ген­ді­гі, оппо­зи­ци­яда бір­лік­тің бол­мауы мен халы­қтың күре­су­ге дәр­мен­сізді­гі. 2022 жылы қаңтар­да халық көше­ге шыққан­да, сол билік өздерінің «кім­ге сенетінін» көрсетті.

Ал Жапо­ни­яда жапон тілі – Кон­сти­ту­ци­яда «мем­ле­кет­тік тіл» деп нақты жазыл­ма­са да, бар­лық мем­ле­кет­тік басқа­ру, білім, сот, ресми құжат­тар тек жапон тілін­де. Бұл елде бір тіл – бір мем­ле­кет қағи­да­сы нақты жұмыс істей­ді. Жапон тілін біл­мей, мем­ле­кет­тік қыз­мет­ке, ірі ком­па­ни­я­ларға, ака­де­ми­я­лық ортаға кіру мүм­кін емес. Елдің бас­шы­сы Қаза­қстан­ның бас­шы­сы секіл­ді 6 тіл біл­ме­се де, өз тілін жақ­сы біледі, өз ана тілін­де қағазға қарап оқымайды.

Қаза­қстан­да әлі күн­ге Кеңес Одағын­дағы­дай қазақ және орыс тілін­де­гі бөлек мек­теп­тер бар. Бұл жүйе қоғам­ды тіл бой­ын­ша бөл­ген­дік­тен, мем­ле­кет­тік тіл­де бар­лық қаза­қстан­дық бір­дей дең­гей­де оқып, үйрене алмайды.

Жапо­ни­яда бар­лық мек­теп­тер жапон тілін­де оқи­ды. Шетел­дік­тер­ге арнайы қосым­ша тіл­дік қол­дау көрсетіледі.

Қаза­қстан­да тіл мәсе­лесі – сая­си және әле­умет­тік пікір­та­лас ныса­ны­на айналған. Орыс тіл­ділер­дің ішін­де қазақ тілін әлі күн­ге төмен тіл санап, қазақ тіл­ділер­ді мен­сін­бей қарай­тын­дар жет­кілік­ті. Және орыс тіліне басым­ды­лық беріліп тұрған­ды­қтан, «Қай тіл­де сөй­ле­сем де өзім біле­мін» деп кеуде көте­ретін, «маған орыс тілін­де сөй­леу қолай­лы» деп, ана тіліне мұр­нын шүй­іретін­дер жетерлік.

Елде тіл мәсе­лесі түгілі, адам­дар­дың құқық мәсе­лесінің өзі шеші­мін тауып жатқан жоқ. Ресей мен Қытай билі­гінің ықпа­лы­мен сая­си репрес­сия өршіп тұр. Әр күні әскер­де сар­ба­з­дар әлім­жет­тік пен тәр­тіп­сіздік­тің құр­ба­ны болу­да. Тоқа­ев­тың қағазға қарап, есеп беретіні секіл­ді сөз жүзін­де Қаза­қстан Жапо­ни­ядан озға­ны­мен, іс жүзін­де әлі күн­ге дей­ін түбіне жемқор­лық, бюро­кра­ти­я­лық жүй­есі жетіп құлаған Кеңес Одағы жүй­есі­нен аса алған жоқ.

Ал Жапо­ни­яда тіл – ұлт­тық біре­гей­лік­тің өзе­гі, бірақ сая­си­лан­бай­ды. «Жапон болу = жапон тілін­де сөй­леу» деген үнсіз кон­сен­сус бар. Сол себеп­ті Жапо­ния – тіл арқы­лы қоғам­ды бірік­тір­ген бір­тұ­тас, бірақ жабық модель­мен өмір сүр­се де, әлем­де дамы­ған, демо­кра­ти­я­лы елдер­дің көш басын­да келеді.

Осын­дай­да атам қаза­қтың «Ұлы істі үнде­мей жаса» деген ұста­ны­мын қаза­қтар­дың емес, жапон­дар­дың қол­да­нып жүр­геніне риза боласың.

Ақшу­ақ ДҰРМАНОВА

Республиканский еженедельник онлайн