Түбі түркі – түгел бол!

Бірнеше күн бұрын Өскемен қаласында «Кетбұқа-Төлегетай» халықаралық қоғамдық қорының ұйымдастыруымен Қазақстан-Американдық еркін университеті және Ұлан ауданының әкімдігі бірлесіп өткізген «Алтай Аманжоловтың іргелі зерттеулері – түркі мәдени мұрасын жаңғыртудың қайнар көзі» атты халықаралық ғылыми-танымдық конференция өтті.

Ауқымды шара есімі әлемге әйгілі түркітанушы ғалым Алтай Аманжоловтың туғанына 90 жыл толуына арналды. Оған отандық және шетелдік ғалымдар, жоғары оқу орындарының оқытушылары, магистранттары мен докторанттары, мәслихат депутаттары, ұстаздар қауымы, мәдениет саласының қызметкерлері, бұқаралық ақпарат құралдарының, қоғамдық ұйымдардың өкілдері, мемлекеттік қызметшілер қатысты.

Қазақстан-Американдық еркін университетінің ғимаратында өткен ауқымды іс-шара Қазақстан-Американдық еркін университетінің президенті, ҚР ҰҒА академигі Ережеп Мәмбетқазиевтің, Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Ербол Нұрғалиевтің, «КетбұқаТөлегетай» халықаралық қоғамдық қорыныңпрезиденті Қайрат Мусиннің құттықтау сөздерімен ашылды.

Конференция қатысушылары Түрік Республикасы,Стамбул университетінің профессорыКюршат Йылдырымның,Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы Гүлмира Мадиева,Өзбекстан Республикасы, Әлішер Навои атындағы Ташкент өзбек тілі мен әдебиеті мемлекеттік университетінің доценті, филология ғылымдары бойынша философия докторыАнвар Буранов,Қырғыз Республикасы Ұлттық ғылым академиясының Дәстүрлі мәдениет пен өнер ғылыми-зерттеу орталығының ғылыми қызметкері, түркология PhD докторы Бокей Конокбаев,Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры, педагогика ғылымдарының докторыШынар Қапантайқызы, М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының бас ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының докторыНұрдәулет Ақыш, Шерхан Мұртаза атындағы Тараз халықаралық университетінің профессоры Қаракөз Тамадаева, С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторыБердібек Бияров, «КетбұқаТөлегетай» халықаралық қоғамдыққорының тарих пен мәдениетті балама зерделеу жобасының жетекшісі Айбек Каримов,Ташкент Шыршық университетінің профессоры, философия ғылымдарының докторы Насриддин Назаровтың баяндамаларын қызығушылықпен қабылдады.

Ал «Кетбұқа-Төлегетай» халықаралық қоғамдық қорының мәжіліс залында өткен секциялардың бірлескен мәжілісінде Қарағандыдан келген биология ғылымдарының кандидаты Рысбек Бейсетаев, Л. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті мұражайының жетекшісі Сымбат Ахметова, Шәкәрім атындағы Семей университетінің профессоры Амантай Исин, тарихшы, өлкетанушы Мұхаметбек Асылбеков,Қырғыз елінің құрметті ақсақалы, жазушы, тарихшы Мұса Сапаевмазмұнды баяндамалар жасады.

Конференция қатысушылары түбі бір түркі ағайындардың ынтымағы мен бірлігін нығайту, сөйтіп жаһандық сын-қатерлерге иық тіресе қарсы тұру қажеттігіне назар аударып, ауқымды жиынның қорытындысы бойынша қарар қабылдады, жиында сөз болған өзекті мәселелердің мазмұнын, ең бастысы оның рухын қалың көпшілікке тарату жөнінде уағдаласты.

Республиканский еженедельник онлайн