Пятница , 26 сентября 2025

Түркістан туристік әлеуетін арттырмақ: нысандарды реставрациялау, кешкі экскурсиялар және жаңа әуе рейстері

Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы Пре­мьер-мини­стрінің орын­ба­са­ры Ермек Көшер­ба­ев Түр­кістан облы­сы­на жасаған жұмыс сапа­ры аясын­да өңір­де­гі мәде­ни мұра және тури­стік инфрақұры­лым нысан­да­рын ара­ла­ды. Әсіре­се, ЮНЕ­СКО-ның Бүкіләлем­дік мұра­лар тізі­міне енген Қожа Ахмет Яса­уи кесе­несіне ерекше назар аударылды.

Ермек Көшер­ба­ев рестав­ра­ци­я­лық жұмыстар­мен таны­сып, ескерт­кі­штің тари­хи кел­бетін сақтау аса маңы­зды екенін атап өтті. Қал­пы­на кел­ті­ру жұмыста­ры рес­пуб­ли­ка­лық бюд­жет есебі­нен жүр­гізілу­де және оны жыл соңы­на дей­ін аяқтау жоспарланған.

«Күл­тө­бе» архео­ло­ги­я­лық қала­шы­ғын­да Пре­мьер-мини­стр­дің орын­ба­са­ры нысан­ды тари­хи сәу­лет­ке сай жары­қтан­ды­ру­ды және кеш­кі экс­кур­си­я­лар ұйым­да­сты­ру­ды тапсырды.

«Түр­кістан — бұл тек руха­ни орта­лық емес, соны­мен қатар зама­на­уи туриз­мнің маңы­зды орта­лы­ғы. Біздің мақ­са­ты­мыз — біре­гей тари­хи ескерт­кі­ш­тер­ді сақтай оты­рып, келу­шілер­ге сол дәуір­дің атмо­сфе­ра­сын сезі­ну­ге жағ­дай жасау», — деді Ермек Көшербаев.

Сапар бары­сын­да өңір­дің көлік қаты­на­сы­на да ерекше көңіл бөлін­ді. Вице-пре­мьер лоуко­стер­лер­ді тар­та оты­рып, әуе рей­стерінің гео­гра­фи­я­сын кеңей­тудің маңы­зын атап өтті.

«Әуе қаты­на­сын дамы­ту – тури­стер ағы­ны­на тіке­лей әсер ете­ді. Қол­жетім­ді рей­стер Түр­кістан­ды Қаза­қстан халқы мен шетел­дік қонақтар үшін одан әрі жақын ете түседі», — деді Пре­мьер-мини­стр­дің орынбасары.

Түр­кістан облы­сы әкі­мінің бірін­ші орын­ба­са­ры Зұл­пы­хар Жол­да­сов өңір­де тари­хи нысан­дар­ды абат­тан­ды­ру жұмыста­ры жалға­сып жатқа­нын баяндады.

«Бүгін­де Қожа Ахмет Яса­уи кесе­несінің жанын­дағы көне Күл­тө­бе қала­шы­ғын абат­тан­ды­ру жұмыста­ры жүр­гізілу­де. Бұл жұмыстар­ды жыл соңы­на дей­ін аяқтау жос­пар­ланған. 2025 жылы өңір инфрақұры­лы­мын жақ­сар­ту аясын­да 11,3 млрд тең­ге­ге 6 жоба жүзе­ге асы­ры­ла­ды. Олар­дың қата­рын­да тури­стік нысан­дарға апа­ра­тын жол­дар­ды рекон­струк­ци­я­лау мен Сау­ран қала­шы­ғы­на дей­ін айнал­ма алаң салу жұмыста­ры бар. Жал­пы, тари­хи-мәде­ни мұра­ны рестав­ра­ци­я­лау және сақтау – біздің негіз­гі басым­ды­қта­ры­мы­здың бірі», — деді облыс әкі­мінің бірін­ші орын­ба­са­ры Зұл­пы­хар Жолдасов.

 Бұл рет­те Қоста­най­дан кел­ген турист Қани­за Зали­е­ва өз әсері­мен бөлісті.

«Қызым­ның ұсы­ны­сы­мен Түр­кістанға кел­дік. Бізді бұл жер­дің ерекше атмо­сфе­ра­сы таңғал­дыр­ды. Мұн­да тірі тарих­ты сезі­несің, соны­мен қатар зама­на­уи қыз­мет, таза­лық пен жай­лы­лық бар. Тури­стер­ге деген қамқор­лық анық бай­қа­ла­ды. Мұн­дай мекен­нің елі­міз­де бар екеніне қуа­ны­шты­мын», – деді ол.

Бүгін­де Түр­кістан облы­сын­да Қожа Ахмет Яса­уи кесе­несін қосқан­да 1700-ден астам тари­хи-мәде­ни ескерт­кіш тір­кел­ген. 2024 жыл­дың қоры­тындысы бой­ын­ша өңір­ге 430 мың­нан астам турист кел­ген, бұл өткен жыл­мен салы­сты­рған­да 8%-ға көп. Ал 2025 жыл­дың сегіз айын­да Түр­кістан облы­сы­на 859 мың адам сапар­лап кел­ген. Олар­дың 736 мыңы – тари­хи орын­дар­ды, ал 123 мыңы – табиғи парк­тер мен қоры­қтар­ды тамашалаған.

Туриз­мнің дамуы инве­сти­ция көле­мінің артуы­на да себеп болып отыр. 2025 жыл­дың қаңтар-тамыз айла­рын­да салаға 65,7 млрд тең­ге инве­сти­ция тар­тыл­ды. Өңір­де қазір­гі уақыт­та тури­стік инфрақұры­лым­ды дамы­ту және сая­хат­шы­ларға жаңа мүм­кін­дік­тер ұсы­ну мақ­са­тын­да жал­пы құны 49,4 млрд тең­гені құрай­тын 47 жоба жүзе­ге асырылуда.

#Ермек Көшер­ба­ев#Мәде­ни­ет#Пре­зи­дент­тің тап­сыр­ма­сы#Туризм#Өңір­лер

Республиканский еженедельник онлайн