Пятница , 4 июля 2025

ТҮРКІ ТАРИХЫ жоғары мектеп пәні БОЛУЫ КЕРЕК

Білім мини­стрінің назарына

 Бей­ім­бет Ермұқа­нов, профессор

Біздің аны­қта­ма

Бей­ім­бет Бәй­ек­тіұ­лы Ермұқа­нов 1936 жылы 10 мау­сым­да Аст­ра­хан облы­сыВоло­дар ауда­ныТюрин ауы­лын­да туған. Тарих ғылым­да­ры­ның док­то­ры (1980 ж.), про­фес­сор (1982 ж.), Қаза­қстан­ның еңбек сіңір­ген жоға­ры мек­теп қыз­мет­кері (1986 ж.). Қаз­ГУ-ды (қазір­гі ҚазҰУ) 1960 жылы және Мәс­кеу уни­вер­си­тетінің аспи­ран­ту­ра­сын (1963 ж.), КОКП ОК жанын­дағы Қоғам­дық ғылым ака­де­ми­я­сы­ның док­то­ран­ту­ра­сын (1965 ж.) бітір­ген. Алма­ты Жоға­ры пар­тия мек­тебін­де аға оқы­ту­шы, доцент, про­фес­сор (1967–87жж.), Алма­ты шет тіл­дер педа­го­ги­ка­лық инсти­ту­тын­да (Қазақ халы­қа­ра­лық қаты­на­стар және әлем тіл­дері уни­вер­си­теті) 1987–92 жыл­да­ры рек­тор, ҚазҰ­ПУ-да кафед­ра мең­ге­ру­шісі (1992–2000 ж.) болып қыз­мет істе­ді. 2000 жыл­дан осын­да про­фес­сор қыз­метін атқарады.

Педа­го­ги­ка­лық жоға­ры оқу орын­да­ры­ның оқу жос­па­ры­на жаңа тари­хи пән – түр­кі халы­қта­ры­ның тарихын енгі­зу – Қаза­қстан­ның тәу­ел­сізді­гі­мен тіке­лей бай­ла­ны­сты. Бұл про­грес­сив­тік шара­ның ғылы­ми және сая­си-қоғам­дық маңы­зы зор. Көшпе­лі түр­кі халы­қта­ры әлем­дік өрке­ни­ет­ке қомақты үлес қосты. Олар­дың шығу тегін, тарих­тағы атқарған рөлін зерт­те­удің қажет­тілі­гі ерте­ден-ақ бел­гілі бол­ды. Біз­де­гі тарих факуль­тет­терін­де бұн­дай пән бол­ма­ды. Олар­да «КСРО тарихы», «Пар­тия тарихы» (еке­уі де шын мәнін­де орыс тарихы еді), оңтүстік және батыс сла­вян­дар тарихы жүр­ді. Түр­кі халы­қта­ры­ның тарихы Қаза­қстан, яғни отан тарихын бай­ы­тып, оны дұрыс және толық зерт­теу мүм­кін­шілі­гін арт­ты­ра­ты­ны сөзсіз.

Алай­да жаңа пән­ді оқу жос­па­ры­на қосқан­да, біздің әзір­лі­гі­міз жоқтың қасы бол­ды: тиісті маман­дар жетіс­пе­ді, ғылы­ми-әдісте­мелік тұрғы­дан заман тала­бы­на сай оқулы­қтар, оқу құрал­да­ры (әсіре­се қазақ тілін­де) бол­ма­ды. 2001 ж. «Сорос-Қаза­қстан қоры» түр­кі халы­қта­ры тарихы бой­ын­ша шығарған мем­ле­кет­тік тип­тік бағ­дар­ла­ма да сапа­сыз бол­ды. Сон­ды­қтан да жаңа пән толы­ққан­ды болу үшін көп жұмыс істеу керек еді. Алай­да оқу-білім мини­стр­лі­гі бұл істі дұрыс қолға ала алмады.

2003 жылы «Мәде­ни мұра» атты мем­ле­кет­тік бағ­дар­ла­ма қабыл­да­нып, оны жүзе­ге асы­ру үшін бюд­жет­тен 5 млрд. тен­ге бөлін­ді. Бағ­дар­ла­ма отан­дық тарих­ты дамы­ту­дың өзек­ті мәсе­лесі – оның деректе­мелік негізін бай­ы­ту екеніне ерекше көңіл аудар­ды. «Мәде­ни мұра» бағ­дар­ла­ма­сын іске асы­ру­да Шығы­ста­ну инсти­ту­ты­ның (дирек­тор т.ғ.д., про­фес­сор М.Х.Абусеитова) үлесі айтар­лы­қтай. Инсти­тут өзінің ғылы­ми ұжы­мын Қытай, Моңғо­лия, Өзбек­стан­нан білік­ті бауыр­ла­ры­мы­зды шақы­рып, нығай­тып, Қаза­қстан тарихы тарихы­на бай­ла­ны­сты араб, пар­сы, қытай, түр­кі, моңғол деректер жинақта­рын жеті том етіп шығар­ды, олар­дың төр­те­уі – қазақ тілінде.

Тарих және этно­ло­гия инсти­ту­ты (дирек­то­ры М.Қойгелдиев) «Исто­рия Казах­ста­на в рус­ских источ­ни­ках» атты он том­дық жинақты жари­я­ла­ды. Бұл еңбек­тің шығуы И.В.Ерофеева мен А.И.Исиннің қажыр­лы қыз­метінің нәти­же­сі десек, артық бол­мас. Алай­да инсти­тут дирек­то­ры Батыс автор­ла­ры­ның еңбек­терін­де­гі деректер­ді құра­с­ты­ру­ды фило­лог Гар­ка­вец­ке тап­сыр­ды. Оның Батыс тарихы­нан хаба­ры жоқтың қасы еді. «Такой объ­ем рабо­ты мои пред­ше­ствен­ни­ки выпол­ня­ли в тече­ние всей жиз­ни. Мне же отве­де­но все­го два года – тако­вы тре­бо­ва­ния сего­дняш­не­го момен­та», – деп мақтан­ды кей­ін­нен Гар­ка­вец. Сон­да ол не бітір­ді? Оның бар істе­гені – орыс тілін­де­гі кітап­тар­дан құлаш-құлаш үзін­ділер­ді сұрап­та­май құра­с­ты­ру бол­ды. Сөй­тіп, ол көле­мі 1200 бет, сал­мағы 1,95 келі, ғылы­ми құн­ды­лы­ғы нөл жинақ шығарды.

Тәуел­сіздік­ке қол жет­кен­нен кей­ін, көп­те­ген сая­си-эко­но­ми­ка­лық про­бле­ма­лар­дың шешіл­ме­уі өндірістің құл­ды­ра­уы­нан болға­ны аян. Алай­да «өтпе­лі кезең» деп жүген­сіз кет­кен басты­қтар, құны­ққан алпа­уыт­тар түй­ені де, биені де түгі­мен жұтып жатқан заман­да руха­ни бай­лы­ғы­мы­зды, оның тұнық көзі –тарих­ты жете зерт­теп, дұрыс түсі­ну, ақиқатқа жету – ұлт­тық, аза­мат­тық қана парыз емес, ол адам­гер­шілік­ті сақтау, шын­ту­ай­тқа кел­ген­де, халқы­мы­зды рух­тан­ды­ру, оның сана-сезі­мін оятып, күш-жігер беру екенін түсінбеді.

Халы­қтың тағ­ды­ры, оның бүгіні мен ертеңі – сол руха­ни бай­лы­қта, егер одан айы­рыл­сақ, біз халық түгілі адам болу­дан да қала­мыз. Оры­стың бел­гілі фило­со­фы Пити­рим Соро­кин: «Есуастар­дан, я бол­ма­са дарын­сыздар­дан тұра­тын қоғам еш уақыт­та зор табысқа жет­пей­ді. Керісін­ше, дарын­ды және жігер­лі адам­дар­дан тұра­тын қоғам қалай­да өте жетіл­ген қоғам­дық құры­лы­сты жаса­май қой­май­ды», – деген еді.

Өрке­ни­еті дамы­ған ел тарих­ты қадір­леп, құр­мет­тей­ді, тарих ұлт­тың ар-ұжда­ны деп санай­ды. Ешбір ғылым тарих сияқты Отан сүюді, ұлт­тық мақта­ны­шты тәр­би­е­лей алмай­ды. Елдің, халы­қтың басы­на күн туған­да, ол жүдеп-жадап тозған­да, оған төзім­ділік, қай­сар­лық беретін – оның өткен тарихы, ата-баба­ла­ры­ның ерлігі.

Ұлт­тық сана-сезім, ана тілінің маңы­зы тура­лы көп айты­ла­ды. Алай­да адам намысы, ұлт­тық намыс, ар-ұят деген­ді жал­пы­лай айтқан­мен, іс жүзін­де ол қаси­ет­ті ақтай алмай жүр­міз. Күм­пиіп бай­ып кет­кен­дер намыс деген­нен жұрдай.

Ұлт­тық намыс деген­де, 1960 жыл­да­ры болған бір оқиға есі­ме түседі. Сири­яда көне армян тарихы­на қаты­сты қол­жа­з­ба табыл­ды. Сату­шы оны 12 мил­ли­он дол­ларға баға­ла­ды. Армян ССР‑і қол­жа­з­ба­ны сатып алуға қар­жы таба алмай, сер­гел­дең­ге түсті. Міне, сол кез­де тегі армян, ағы­л­шын мил­ли­ар­дері Вачо Манукян әлгі қол­жа­з­ба­ны сатып алып, Ере­ван­дағы атақты Мате­на­да­ран мұра­жай­ы­на сый­ла­ды (Вачо Манукян 1941 жылы Ливан­да туған, филан­троп, меце­нат, осы күн­ге дей­ін Арме­ни­яға, армян­дарға көме­гін аямай­ды. Ол талай армян қыз-жігіт­терінің Гар­вард, Окс­форд уни­вер­си­тет­терін­де оқуы­на қар­жы­лай көмек жасады).

Қазір­гі заман­да адал, тәу­ел­сіз ғалым­дарға ғылым­мен шұғыл­да­ну қиын­ның-қиы­ны екені бар­шаға мәлім: негіз­гі себеп – қара­жат­тың жоқты­ғы. Солай дей тұра, мен 1996–2018 жыл­дар­дың ара­сын­да Қаза­қстан, түр­кі халы­қта­ры­ның тарихы­на бай­ла­ны­сты 18 кітап, 200-дей мақа­ла жари­я­ла­дым. Пара алмаған, жемқор­лы­қ­пен айна­лы­спаған, шетел қор­ла­ры­нан грант­тық көмек көр­ме­ген, өкі­мет­тен қол­дау бол­маған кез­де мен осын­ша­ма кітап­ты қалай шығардым?

Қысы­л­та­яң кезең­де маған кім­дер қол ұшын бер­гені құпия емес. Елі­міз­де, тәу­ел­сіз Қаза­қстан­да сана-сезі­мі жоға­ры, шын пат­ри­от­тар, тарих­тың рөлі мен маңы­зын біліп, оны құр­мет­тей­тін мей­ірім­ді жан­дар әлі де аз емес. «Жақ­сы­ның – жақ­сы­лы­ғын айт…» дей­ді халқы­мыз. Сол жақ­сы­лар­дың есі­мін атай­ын. Олар бел­гілі мем­ле­кет және қоғам қай­рат­кер­лері – А.Ақпаев, Н.Марабаев, С.Терещенко, Т.Мансуров, А.Арыстанбекова. Қомақты көмек көр­сет­кен – Е.Мамбетказиев, М.Өтешов. Кітап­та­рым­ды өздерінің оқу орын­да­ры­на сатып алған рек­тор­лар – Т.Садықов, З.Алдамжаров, А.Құсайынов, А.Омаров, Н.Сыдықов, Г. Мута­нов, Г. Гамар­ник, Т. Еспо­лов, Н.Мамыров, Қ.Закирьянов, С. Пірә­ли­ев. Аталған аза­мат­тарға зор алғы­сым­ды біл­ді­ре оты­ра, олар­дың игілік ісі менің жеке басы­ма көр­сет­кен көмек емес, халы­қтың бола­шағы­на арналған инве­сти­ция деп түсінемін.

Алай­да қай­ы­рым­сыз, сана-cезі­мі қара басы­ның қамы­нан аспаған­дар да бол­ды – Чер­даб­а­ев, Сәр­се­нов, Тұры­с­бе­ков, Сапар­ба­ев, рек­тор­лар – Алша­нов, Ома­ров, Сызды­қов, Балы­қ­ба­ев. Аталған­дар­дың соңғы­сы Абай атын­дағы ҚҰПУ-дың рек­то­ры. Бұл уни­вер­си­тет­те мен 20 жыл адал қыз­мет жаса­дым. Оның 70 және 80 жыл­ды­ғы­на арнап екі кітап шығар­дым, 90 жыл­ды­ғы­на қазақ тілін­де­гі деректер жинағын уни­вер­си­тет шығар­са деп, рек­торға 2018 ж. басын­да хат жол­да­дым. Жау­ап бол­маған соң, қабыл­да­уы­на барып сөй­лес­сем, ол хат­ты ұмы­тып кет­кенін бай­қа­дым. Сол жылы «К вопро­су о про­ис­хож­де­нии казах­ско­го наро­да и его госу­дар­ствен­но­сти» атты еңбе­гім (632 б.) жарық көр­ген-ді. Кітап­тың ең бол­ма­са 50 дана­сын уни­вер­си­тет сатып алса деп едім, мің­гір­леп ештеңе айта алма­ды. Ішім­нен: «Жасым­ды да (80-нен асқан­мын) еле­ме­ген, ғалым екенім­ді де баға­ла­маған көр­ген­сіз екен­сің» деп, үнде­ме­стен орным­нан тұрып, кетіп қалдым.

Он сегіз кітап­тың он бесі 2012 ж. дей­ін басы­лып шыққан еді. Енді рек­тор­лар кітап сатып алу­дан ат-тонын алып қаша­тын бол­ды. 2014 ж. «Мате­ри­а­лы по исто­рии древ­них тюрк­ских наро­дов» атты жинақты орыс тілін­де жазып болып, қазақ тіліне аудар­дым. Сөй­тіп, екі қол­жа­з­ба­ны дай­ын­да­дым. Енді не істей­ін деп қат­ты абыржыдым.

Тәуел­сіздік алған­нан кей­ін, бірін­ші рет ҚР білім және ғылым мини­стрі Сары­н­жі­пов­ке хат жол­дап, орыс, қазақ тілін­де екі деректер жинағы­ның әзір екенін, олар­дың ғылы­ми, әсіре­се қазақ тілін­де­гі нұсқа­сы, олар­ды мини­стр­лік басып шыға­рып, ЖОО-тарат­са деген өтіні­шім­ді біл­дір­дім. Жау­ап: «Сіз ҚР Жоға­ры оқу орын­да­ры­ның ассо­ци­а­ци­я­сы­мен хабар­ла­сы­ңыз» (ФЛ-И-1012 03.09.2014 ж.).

Аспан­нан тіле­генім жер­ден табыл­ды: 2015 ж. қаза­қтың екі аза­ма­ты: Д.Алиев пен А.Бабахановтың көме­гінің арқа­сын­да «Мате­ри­а­лы по исто­рии древ­них тюрк­ских наро­дов» деген еңбе­гім жарық көр­ді. Бай бол­ма­са да, ұлт­тық намысы жоға­ры, қай­ы­рым­ды аза­мат­тарға алғы­сым шексіз. Қай­та­лап айтай­ын – бүгін­гі таңға дей­ін (2021 ж.) «Көне түр­кі халы­қта­ры­ның тарихы­нан деректер» атты жинақ жары­ққа шық­пай жатыр.

Бұл жинақтың тағ­ды­ры бел­гісіз. Өкі­мет шетел автор­ла­ры­ның кітап­та­рын қазақ тіліне ауда­рып, мил­ли­он­даған қар­жы төлеп, әуре болып жүр­ген­де, кәсі­пқой тарих­шы­ның ана тілін­де жазған еңбе­гі өз елін­де жарық көр­ме­уі – масқа­ра емес пе?! Соңғы үш кіта­бым­ды 250 дан­амен шығар­сам да, жар­ты­сы­нан арты­ғын тара­та алмадым.

Қазір­гі өкі­мет пе, әлде бола­шақ өкі­мет пе, аталған жинақты басып шыға­рып, оны тара­ту­ды өз мін­детіне алма­са, түр­кі халы­қта­ры­ның қазақ тілін­де­гі тұңғыш деректер жинағы жарық көр­ме­уі әбден ықтимал.

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн