Пятница , 4 июля 2025

Түрік маршы

Шека­ра­сы Ұлы дала – құлыпсыз,

Тап-таза ұлт – өмір кеш­кен былықсыз,

Сан­сыз ғасыр Батыс, Шығыс сескенген

«Түр­кі» емес­піз, қахар­ман ұлт TURK-піз.

«KULTEGIN»-де жазы­лған­дай: «TURK»-піз!

Судың таза мөл­дірін­дей тұнықпыз!

Қиын сәт­те жол бастаған КӨКБӨРІ

Қай дұшпан­нан бол­са-дағы Ұлықпыз!

ҰМАЙ АНА – бесі­гін­де жөргектен,

Қаси­ет­ті Алтай тауы тербеткен,

Ер Түрік­тей тек­ті ұрпақты кім көрген,

Ұлы жорық, шай­қастар­да ержеткен…

Қаһа­ры­нан қас дұшпа­ны жасқанған,

Асқан Түрік небір асу-асқардан,

Сен­бе­сеңіз, «Алаш мар­шы» кешегі

«Арғы ата­мыз – Ер Түрік» – деп басталған!

Қай­ран жүрек ұлты болып тулаған,

Оның үнін Ұлы Дала тыңдаған.

Жүсі­п­бек­тей қай­сар ұлы «Ала­штың»,

«Алаш мар­шын» – «Ер Түрік» – деп жырлаған.

Дүбір қосып, Ұлы Далам төсіне,

Ұлы тарих ой сала­ды есіме…

Ұмыт­пай­ды Тәу­ел­сіз Ел тарихын,

«Түр­кі­міз» деп жал­тақтай­мыз несіне?..

Дүбір­летіп кісі­не­ген тар­лан көк,

Ұлт ертеңін арман­даған жан­дар көп…

«Ер ТURK-піз» – деген бар­ша TURK-тің

Мар­шы ойнаған күн­ді көр­сем, арман жоқ!!!

Жұмаш Кене­бай-Көк­бөрі,ақын

Республиканский еженедельник онлайн