Суббота , 5 июля 2025

Тұңғыш редактор АЛҒАШҚЫ қиындықтар туралы

  • Соны­мен, 2023 жыл­мен бір­ге «біздің ауы­лға» да той­дың кезе­гі кел­ді: алдағы сәуір­дің 15‑і күні «ДАТ» газетінің бірін­ші нөмірі жары­ққа шыққа­ны­на 25 жыл толады.

Ширек ғасыр! Кім­ге – қай­дам, ал біз үшін бұл Ұлы мере­ке! Бір ұрпақтың ғұмы­ры­на пара-пар 25 жылғы қай­ран уақыт­ты осы газет­ті шыға­руға арнадық!

Бұл – ат төбелін­дей ғана редак­ция қыз­мет­кер­лері үшін ғана емес, қан­дай да бол­ма­сын тәу­ел­сіз басы­лым­ды жер­дің жер түбі­нен іздеп оқи­тын газет жана­шыр­ла­ры үшін де айту­лы дата деген ойда­мыз. Себебі біздің «ДАТ» – Қаза­қстан­дағы тәу­ел­сіз газет­тер­дің жыл­на­ма­лық тарихы деп біле­міз! Бұған «тыр­нақ асты­нан кір ізде­у­ге» бей­ім қаза­қтың дауы бола қоймас…

«Шығар­дық» деген айтар ауы­зға ғана оңай сөз, әйт­пе­се алақұй­ын қуғын көр­ген, қысы­л­та­яң­да қиналған, шет­те басы­лған газет­ті кезін­де шека­ра арқы­лы қол­мен тасып, елде­гі оқыр­манға жет­кіз­ген жан­ке­шті күн­дері­мізді еске алсақ, ете­гі­мізді жасқа тол­ты­рып айтар әңгі­ме туа­ды. Алдағы күн­дері оның да сәтін салып айтармыз.

Ал газет­тің бүгін­гі саны­нан бастап, 25 жыл­да «ДАТ» медиа-жоба­сы­ның 9 нұсқа газетін­де шыққан, мән-маз­мұ­ны әлі күн­ге дей­ін қыты­мыр заман­ның тақы­ры­бын сақтаған жеке­ле­ген жари­я­ла­ным­ды жаңғыр­тып тұру­ды жөн көр­дік. Осы ширек ғасыр­да шыққан мың­нан астам нөмір­ден үзіп алған үзін­ділер жариялаймыз.

Егер газет автор­ла­ры мен жана­шыр ағай­ын­дар тара­пы­нан естелік­ке жарам­ды сөз бол­са, оны да газет бетіне шыға­рып тұр­мақ ойдамыз.

Соны­мен газеті­міз апта сай­ын шығып тұра­тын жағ­дай­ға жет­кен сияқты. «Аузы күй­ген үрлеп ішеді» деген­дей, газет­тің пилот­тық санын шыға­ру бары­сын­да көр­ген тауқы­мет­тері­мізді әлі ұмыт­паған­ды­қтан, «сияқты» деген сөзді де әдейі қол­да­нып отыр­мыз. Бола­шақта да осы бағыт­пен, осы қалып­пен апта сай­ын тұрақты жарық көріп тұра ала­мыз ба деген де күді­гі­міз әлі толық жой­ы­лған жоқ.

Өйт­кені алды­ңғы 2 сан­да көр­сет­кен редак­ци­я­лық тұрағы­мы­здан да көшіп кету­ге мәж­бүр бол­дық (дәлірек айт­сақ, мәж­бүр етті). Сон­ды­қтан жаңа қоны­сы­мы­здың мекен-жайы бел­гілі болға­ны­мен, әзір­ге теле­фон орна­та алмай жатыр­мыз. Бірақ мұны да уақыт­ша қиын­дық деп санаймыз.

Газеті­мізді баса­тын бас­па­ха­на да тым алы­ста болып, тасы­мал­дау біраз уақы­тқа созы­лып кетіп жүр­ген­дік­тен, теле­ар­на­лар бағ­дар­ла­ма­сын газет­ке бере алмай жүр­міз. Сәл кей­інірек бұл мәсе­ле де оң шешім таба­ты­ны­на сенімдіміз…

Шәріп ҚҰРАҚБАЕВ, бас редак­тор

«ДАТ», 29 сәуір, 1998 жыл

ҚАЗАҚ КӨШІП БАРАДЫ

  • «Ықы­лым заман­нан бер­гі кәсібі­міз ғой. Көш­сек несі айып дер­сіз. Рас, ата-баба­мыз «қара қазан, сары бала­мен» алдын­дағы малы­ның қамын ойлап, тір­шілік­ке жай­лы жер­дің құй­қа­сын іздеп ауа көш­кен. Бірақ ол кез­де­гі қоныс іздеп мамы­ра­жай көшу мен қазе­кеңнің бүгін­гі таң­дағы көшуі – еке­уі екі түр­лі жағ­дай. Өткен өтті дей­ік, бүгін­гісі несі дей­тін бол­сақ, оған да жау­ап табуға бола­тын сияқты.

Өткен күз­де жасы жет­пі­стен асқан Төлеп ақсақал кін­дік қаны тамған ауы­лын тастап, өзге жаққа көшті. «Қай­тей­ін, ата-баба қоры­мы мен қара орма­ным­ды сен­дер­ге қиып кетіп бара­мын. Қатқан сүй­е­гім­ді сал­дыр­ла­тып көшей­ін деген ойым бол­мап еді, әттең, заман қиын­ды­ғы. Қала­дағы балам «мұн­да жағ­дай әжептәуір жақ­сы» деген соң, солай бет түзедім», – деп көз жасын көл етті.

Артын­да кіш­кен­тай бау-бақ­ша­сы мен қара шаңы­рағы қал­ды. Үйді сатып ала­тын да адам табыл­ма­ды. Өйт­кені ауыл­да көшіп жатқан­дар көп болған­ды­қтан, қаңы­рап бос қалған үйлер жет­кілік­ті. Ақсақал кетісі­мен, айна­ла көр­ші-қолаңы тар­па бас салып, есік-тере­зесін, шаты­рын, оны-мұны­сын шыға­рып әкетіп, үйі үңірей­іп қалды.

Содан ара­да екі айдай уақыт өткен соң, Төлеп ақсақал кем­пірі еке­уі жылап-еңіреп елге қай­та орал­ды. Сөйт­се, басын­да қыз­ба­лы­ққа салы­нып, «кел-кел» деген ұлы мен келін бала­сы қари­я­лар көшіп бары­сы­мен қала­дағы қуы­қтай екі бөл­ме­ге сый­ы­спай, «түр­лі-түр­лі әңгі­ме­лер» айт­са керек. Ақы­ры, қаға­жу көр­ген кем­пір мен шал «біз көр­ген қиын­ды­қты өзге де көріп отыр. Алла таға­ла­дан бір қай­ыр болар» деп елге бет түзеп­ті. Ұяты бар көр­ші-қолаңы баяғы өздері жұлып-жұлып алған есік-тере­зе­лерін орны­на салып, көмек­тес­кен бол­ды. Кей­бірі алмаған сыңай таны­тып, теріс айналды.

Жарай­ды, мәсе­ле дөкір ұл мен келін­де де емес, көр­ші-қолаң­да да емес, мәсе­ле ауыл­дағы халы­қтың туған жерін тастап, «жай­лы жер» іздеп, өзге жаққа көше бастаға­нын­да болып отыр.

Ауыл­да 600-ден астам шаңы­рақ бар. Соңғы екі жыл­да 150-дей үй түп-қазы­ғын тастап көшіп кет­ті. Осы орай­да нақты деректер­ге сүй­е­нетін бол­сақ, рес­пуб­ли­ка­мы­здың 44 про­цен­ті шөл, 23 про­цен­ті шөлейт болып келеді екен. Осын­дай тір­шілік ету­ге қиын­дау маң­нан сулы-нулы жер­ге бет түзе­ген халы­қтың көшін құп­та­уға бола­ды. Ал өте құй­қа­лы жер­де оты­рған, бір емес, үш өзені қатар аққан Елтай ауы­лы­нан мұн­ша адам­ның көшіп, өзге жаққа бет түзе­уін немен түсін­діру­ге бола­ды? Бұған «науқан» ретін­де жүр­гізіл­ген жеке­ше­лен­ді­ру кінәлі ме деп қала­мын. Кезін­де бұл Елтай ауы­лы мал мен егін шару­а­шы­лы­ғын қатар дамы­тып, аудан, қала бер­ді облы­сқа әйгілі еді.

Амал нешік, соңғы екі-үш жыл­да шұғыл жүр­гізіл­ген жеке­ше­лен­дірудің кесірі­нен маң­дайы жарқы­раған ауыл­дың тоз-тозы шықты. Тех­ни­ка­ны былай қой­ған­да, 30 мың­ның үстін­де­гі қой мен 4 сиыр фер­ма­сы­нан дым қал­ма­ды. Осын­ша­ма мал қай­да кет­ті? Мұны ешкім біл­мей­ді. Еңбек дүбірін қоз­датқан тех­ни­ка да рет­сіз тара­тыл­ды, не бол­ма­са әркім­нің есі­гінің алдын­да тұрып шіріп, қау­са­уға айнал­ды. Аздаған жағ­дайы бар ауыл тұрғын­да­ры­ның 3 про­цен­ті қол­да­ры­нан кел­ген­ше шаруа қожа­лы­қта­рын құрып, итшілеп тір­лік жаса­уға көшті. Ал қалған 97 про­цен­ті дал болып дала­да қал­ды. Еңбек етей­ін десе – жұмыс жоқ, «отыр­саң опақ, тұр­саң сопақ» заман бастал­ды. Жұмыс­сызды­қтың сал­да­ры­нан еңбе­кақы деген аты­мен жоғал­ды, зей­не­тақы қолға екі-үш айда бір тиеді. Ол да кез кел­ген­ге емес, үйін­де қари­я­ла­ры бар­ларға ғана. Ел ішін ұрлық пен қыл­мыс кеулеп тұр.

Алдын­дағы азын-аулақ малын сатып тауы­суға айналған жұрт «бәлен­бай жер­де алтын бар» деген мақам­ды бет­пер­де қылып, өзге жаққа жап­пай көше бастаған. Тіп­ті кей­бірі басын­да мысалға кел­тір­ген Төлеп ақсақал­дың кебінін кешіп, кері оралған­да­ры да бар. Сол көш­кен­дер­дің бәрі барған жері­нен жағ­дай­ын түзеп алды дей­сіз­дер ме? Кезін­де айран­дай ұйып оты­рған ауыл өстіп шала-жан­сар адам­ның кей­пін кешіп, бір­тін­деп өліп бара жатыр. Ауыл­дың бет­ке ұстар аза­мат­та­ры ауыз тол­ты­рып құр сөй­ле­гені­мен, қол­да­ры­нан дәнеңе де кел­ме­у­ге айналған. Нақты дерекке үңілетін бол­сақ, рес­пуб­ли­ка ішін­де өткен жылы 110 мың­дай адам бір жер­ден екін­ші жер­ге орын алма­сты­рған екен. Ал соның 80 мыңға жуы­ғы ауыл­ды тастап, үлкен қала­ларға бет түзеп­ті. Біздің ауыл соның бір көрінісі іспет­ті. Ауыл шару­а­шы­лы­ғын жеке­ше­лен­ді­ру асы­қ­пай, ойла­нып барып, бір­тін­деп іске асы­ры­луға тиіс іс еді. Амал қан­ша, өте жедел жүр­ген­дік­тен, науқан­шы­лы­ққа ұры­нып, ауыл жан­сызда­нып, құрып-біту­ге айнал­ды. Бұл ащы шын­дық. Үлкен трагедия…

Сей­сен ӘМІРБЕКҰЛЫ,

Шығыс Қаза­қстан облысы,

«ДАТ». 22 сәуір, 1998 жыл

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн