Среда , 7 мая 2025

Тұңғыш қазақ ғарышкері 75 ЖАСТА: өмір белестері не дейді?

  • Қаза­қтан шыққан тұңғыш ғарыш­кер, кеңе­стер кезін­де Батыр атағын алған, Гин­нес­стің рекорд­тар кіта­бы­на енген сына­у­шы-ұшқыш, авиа­ция гене­рал-май­о­ры Тоқтар Әубәкіров 75 жасқа тол­ды. Тәу­ел­сіз Қаза­қстан тарихын­да «ғары­шты иге­ру» тақы­ры­бын мақта­ныш қылып айта­тын Ақор­да билі­гі бұл дата­ны әдет­те­гі­дей даб­ы­ра ете алмады.

Шама­сы, бұл үнсіздік­тің екі себебі бар: бірін­ші­ден, коро­на­ви­рус пен құрғақ­шы­лық ала­па­ты алдын­да дағ­да­рып қалған билік «той­дан бұрын, ой баққан» кес­пір көр­сет­ті. Оры­стың «пир во вре­мя чумы» дегенін сыл­тау еткен сыңайлы.

Екін­ші­ден, ең басты сыл­тау бұл да емес еді. Бүгін­де билік­ке бір табан тақау жүр­се де, Тоқтар-ғарыш­кер­ге сол билік «өгей өкіл­дің» кей­пін киін­діріп қой­ған. Себеп түсінік­ті – 2000-жыл­дар­дың басын­да Тұңғыш-Тоқаң билік­ке қар­сы оппо­зи­ци­яға шығып, Назар­ба­ев­тың режи­мін сол кез­дер­де іреп-сой­ып жүр­ген пар­ти­я­лар қата­рын­да болған. Ол – ол ма, 2005 жылғы пре­зи­дент­тік сай­лау кезін­де оппо­зи­ци­я­ның біре­гей кан­ди­да­ты Жар­ма­хан Тұяқ­бай­ды жақтап, Назар­ба­ев­тың тақы­мын­дағы таққа қауіп тақатқа­ны тағы бар.

Ал кек­шіл­ді­гі кене­ресі­нен асқан Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев бол­са, жеке дара ерт­теп мін­ген билі­гіне қауіп төн­дір­ген тұлға­ны ешқа­шан кешір­мей­ді. Оның осын­дай оспа­дыр­лы­ғы озбы­ры­лы­ққа айналға­нын дәлел­дей­тін жағ­да­ят жет­кілік­ті: 90-жыл­дар­дың орта­сын­да бас көтер­ген Ғалым Әбіл­сей­ітов бастаған «Аза­мат» бір­ле­сті­гі­нен бер­гі Серік­бол­сын Әбділ­дин, Ғазиз Алдам­жа­ров, Марат Оспа­нов, Әке­жан Қажы­гел­дин, Заман­бек Нұрқа­ді­лов, Алтын­бек Сәр­сен­бай­ұ­лы, Ғалым­жан Жақи­я­нов, Болат Әбілев, Төлен Тоқ­та­сы­нов, Гүл­жан Ерға­ли­е­ва, Зәу­реш Бат­та­ло­ва, Мұх­тар Әблязов…

Ал осы тізім­нің іші­нен табы­ла­тын Тоқаң­ның мерей­лі дата­сы неге атал­май қалу себебін бел­гілі жур­на­лист Асыл­хан Мама­шұ­лы дәл­ме-дәл жазыпты:

«Тоқ­са­нын­шы жыл­да­ры билік те жеке­ше­лен­ген соң талай қай­рат­кер­дің потен­ци­а­лы күй­іп кет­ті… Тұңғыш ғарыш­кері­міз де соның бірі. Әр нәр­сенің тура­сын айта­тын, қулық-сұм­ды­ғы жоқ аңғал батыр бір­тін­деп шет­тей беріп­ті. Дауы­сы қат­ты шыға бастаған­да бала­сы­ның үсті­нен ком­про­мат жинап, қоты­ра­штар тобы­қтан қағыпты. 

Был­тыр каран­тин кезін­де бір сер­пілей­ін деп, иен далаға шыққан­да «ойбай, Тоқтар Әубәкіров бра­ко­ньер екен, рұқ­сат­сыз қасқыр атай­ын деп жүр екен» деп, бас­пасөз бен әле­умет желі құй­қы­л­жы­ды. Сот­тап жібе­ру­ге сәл-ақ қал­дық. Тоқтар­дан бір ит артық болды. 

Сон­да баты­рға жаным ашып еді. «Мыл­ты­қ­сыз, қан­жар­мен ғана шығып едім, қасқыр­да шару­ам жоқ» деп олай ақтал­ды, бұлай ақтал­ды. Ақыр соңы «екі мәр­те Батыр атағын алған адам­мын, қалай өтірік айтам, неге сен­бей­сің­дер?» деп қинал­ды. Кесіп алы­ң­дар десе де жара­са­тын еді.

Қай күні сөй­ле­стім. 75-те бол­са да тың екен. Бір сұрағым бар, соны қой­сам ұрса­ты­ны­ңы­зды біліп тұр­мын дедім. Ұрса­мын деді. Не сұрай­ты­нымды бір­ден түсін­се керек. Қоя қой­дым…». 

Жур­на­ли­стің қан­дай мәсе­ленің мәнін сұрай­ты­ны, Тоқаң­ның оған жау­ап беру­ге қалай қина­ла­ты­ны Қаза­қстан­ның жаңа тарихы­нан құлағ­дар ада­мға мәлім еді. Сол себеп­ті Батыр аға­мы­зды мерей­лі жасы­мен құт­ты­қтай оты­рып, Азатты­қта жари­я­ланған, Тоқаң жау­ап бере алмай­тын біраз мәсе­ле­лер қам­ты­лған сұх­бат­ты оқыр­ман­дар наза­ры­на ұсы­нып отырмыз.

90-жыл­да­ры жоға­ры билік­те қыз­мет істе­ген ол кей­ін оппо­зи­ци­я­лық пар­ти­яға кір­ді. Бірақ көп ұза­май оппо­зи­ци­ядан кетіп, өзі сынаған авто­ри­тар билік жүй­есін орнатқан бас­шы­ны мақта­ды. Оппо­зи­ци­яда бір­ге болған­дар «билік оны мәж­бүр етті» дей­ді. Сая­сат жай­лы сөй­ле­у­ге құлы­қ­сыз ғарыш­кер­дің өзі қоғам­ның «оян­баға­нын» айтады.

Тоқтар Әубәкіров ғары­шқа ұшпай тұрып-ақ, 1988 жылы 32 жасын­да бей­біт заман­да сирек берілетін Совет одағы­ның баты­ры атағы­на ие бол­ды. Бұл атақ оған әске­ри қыз­мет­те­гі ерен еңбе­гі үшін беріл­ген. Әубәкіров СССР тарихын­да әске­ри крей­сер палу­ба­сы­нан жой­ғыш ұшақты алғаш рет ұшы­рып, қон­ды­рған сынақ­шы ұшқыш ретін­де танылған.

Совет кезін­де әрбір ғарыш­кер Жер­ге оралған соң үкі­мет­тен ең жоға­ры награ­да – Совет одағы­ның баты­ры атағын алып, үлкен сый-құр­мет­ке бөле­нетін. Ғарыш­кер­лер ара­сын­да мұн­дай атақты екі мәр­те алған­дар да бол­ды. Бірақ СССР тарқар қар­саң­да ғарыш­кер­лер­ге ең жоға­ры атақты екі рет беруді тоқтат­ты. Сөй­тіп 1991 жылы 2 қазан­да ғары­шқа ұшқан Тоқтар Әубәкіров Жер­ге оралған соң «Октябрь рево­лю­ци­я­сы» ордені­мен ғана мара­пат­тал­ды. Ғары­штан қай­тқан сәтін еске алған­да ол «халық қол-аяғым­ды жер­ге тигіз­беді» деп сипаттайды.

Ал Қаза­қстан тәу­ел­сіздік алған­нан кей­ін, 1995 жылы Тоқтар Әубәкіров­ке ең жоға­ры мем­ле­кет­тік награ­да – «Қаза­қстан­ның халық қаһар­ма­ны» атағы берілді.

Тоқтар Әубәкіров ғары­шқа ұшқа­нын «сая­си оқиға» деп санай­ды. «Бай­қоңыр­дан әркім ұшты. Бірақ зымы­ран зардаб­ын тар­тып оты­рған қаза­қтан ешкім ұшпа­ды. [Қазақ ССР‑і пре­зи­ден­ті] Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев «Рос­кос­мо­стан» ғары­шқа ұша­тын қазақ бар ма деп сұраған­да олар «ертең-ақ ұша ала­тын адам бар деп» мені атап­ты. Әске­ри зей­нет­ке шығуға жақын қалған кезім­де маған ғарыш­кер болуға ұсы­ныс осы­лай түсті», – дей­ді ол.

Ол басқа да сұх­бат­та­рын­да «ғары­шқа ұшу тура­лы ұсы­ны­сты алғаш рет [совет­тік Қаза­қстан­ды көп жыл басқарған] Дін­мұ­ха­мед Қона­ев жаса­ды. Ол ғары­шқа ұша­тын қазақ іздеді. Менің сынақ­шы-ұшқыш оқуы­на түсуі­ме Қона­ев көмек­тес­кен еді» деп еске ала­ды.

Адам­зат бала­сы­нан ғары­шқа алға­шқы болып, Юрий Гага­рин­нің ұшуы СССР үшін айры­қ­ша мақта­ныш бол­са, Тоқтар Әубәкіро­втің де ғары­шқа ұшқа­нын Қаза­қстан билі­гі мен халқы мақтан тұт­ты. Әубәкіров ғары­шқа ұшар сәт­те Қазақ ССР‑і бас­шы­лы­ғы Әзер­бай­жан, Өзбек­стан, Тәжік­стан, Қырғыз­стан мен Арме­ния пре­зи­дент­терін Бай­қоңы­рға шақырды.

Ширек ғасыр­дан соң бер­ген сұх­ба­тын­да тұңғыш қазақ ғарыш­керінің «Қаза­қстан мені ғары­шқа ұшы­ру үшін СССР-ден де кеш шықты« деп айтқа­ны бар. «Қаза­қстан СССР-дан ең соңғы болып шықты. Назар­ба­ев­тың рес­пуб­ли­ка тәу­ел­сізді­гін жари­я­ла­уды нелік­тен ұза­ққа созға­нын жақын­да ғана түсін­дім. Ерте шығып кет­кен­де, ғары­шқа ұшпа­уым да мүм­кін еді», – деді ол 2016 жылы.

Сол 25 жыл­дың ішін­де Тоқтар Әубәкіров сая­си көзқа­ра­сын бір­не­ше рет өзгер­тіп, билік­тен оппо­зи­ци­яға, оппо­зи­ци­ядан билік­ке қай­та өтіп үлгер­ген еді.

«Қаза­қстан тәу­ел­сізді­гін жари­я­лау мәсе­лесі Тоқтар Әубәкіро­втің ғары­шқа ұшуы­на қарап тұр­ды дей­тін» өзге дерек кез­дес­пей­ді. Әубәкіров ғары­шқа 1991 жылы 2 қазан­да ұшып, сегіз күн­нен соң Жер­ге орал­ды. Қаза­қстан тәу­ел­сізді­гін одан кей­ін тағы екі айдан соң жари­я­ла­ды. Кей­бір естелік­тер­де тәу­ел­сіздік­тің кеш жари­я­ла­нуын Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев­тың 1991 жыл­дың 1 жел­тоқ­са­ны­на бүкіл­ха­лы­қтық пре­зи­дент сай­ла­у­ын өткі­зуді бел­гілеп қой­ға­ны­мен де байланыстырады.

Осыдан он жыл­дай бұрын Азатты­ққа бер­ген сұх­ба­тын­да Тоқтар Әубәкіров ғары­шқа екін­ші рет ұшқы­сы кел­генін, бірақ Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев­тың «Қаза­қстанға бір Гага­рин жете­ді деп мені аман сақтағы­сы кел­ді» деп тоқтатқа­нын айтқан еді. Оның есесіне Әубәкіров бір­ден жоға­ры қыз­мет­ке тағай­ын­да­лып, сол кез­де­гі Қорға­ныс коми­теті (қазір­гі Қорға­ныс мини­стр­лі­гі) бас­шы­сы­ның орын­ба­са­ры қыз­метіне кірісті. Қаза­қстан пре­зи­ден­тінің ғарыш сала­сын­дағы кеңес­шісі, Ұлт­тық ғарыш агент­ті­гінің алға­шқы дирек­то­ры болды.

Ғарыш­кер­дің өзі бұл кезді «ыды­раған совет арми­я­сы­ның қал­ды­қта­ры­нан Қаза­қстан әскерін құруға атса­лы­стым, Ресей­де жүр­ген қазақ офи­цер­лерін жина­дым, кей­ін олар қол­бас­шы бол­ды» деп сипаттайды.

Тоқтар Әубәкіров екі рет Қаза­қстан Жоғарғы кеңесінің, бір рет пар­ла­мент мәжілісінің депу­та­ты болып сай­лан­ды. Бірақ үше­уін­де де заң шыға­ру­шы орган мерзі­мі­нен бұрын тарап кет­ті. «Тағы түс­сем, тағы да тарап кетер деп, бір­жо­ла қой­дым» деп еске ала­ды өзі.

2004 жылы өткен сай­ла­у­ға тәу­ел­сіз кан­ди­дат болып қаты­сып, пар­ла­мент­ке өтті. Осы сай­ла­удан кей­ін­гі сая­си жағ­дай­ға бай­ла­ны­сты билік құрған демо­кра­тия және аза­мат­тық қоғам жөнін­де­гі ұлт­тық комис­си­я­ның мүше­сі болып та көр­ді.Қаза­қстан билі­гі мұн­дай комис­си­я­ны оған дей­ін де, мұнан кей­ін де бір­не­ше рет құрған еді. Сарап­шы­лар комис­сия көп болға­ны­мен, демо­кра­ти­я­ның ауы­лы жақын­да­маға­нын айтады.

Пар­ла­мент­те билік­ті қат­ты сынай­тын депу­тат­тар­дың біріне айналған Әубәкіров 2007 жылы мәжіліс өз-өзін таратқан соң қай­та сай­ла­у­ға түс­пей, пра­пор­щик­тің жалақы­сы­мен тең зей­не­тақы алып, жылқы бағып кет­ті. Ол мұны­сын пар­ти­я­лық сай­лау жүй­есіне көш­кен Қаза­қстан­да «ешқан­дай пар­ти­яға мүше болғы­сы кел­ме­ген­ді­гі­мен» түсін­дір­ді. Ғарыш сала­сын­да ірі жоба­лар­ды іске асы­руға кіріс­кен билік те тұңғыш ғарыш­кер­ге қыз­мет ұсы­на қой­ма­ды.

Пар­ла­мент мерзі­мі­нен бұрын тараған соң (2007 жылы), қыз­мет­сіз қалып, қоғам­дық өмір­ден шет­теті­ле бастаған Тоқтар Әубәкіров 2009 жылы бірік­кен «ЖСДП – Азат» пар­ти­я­сы­ның съезіне қаты­сып, пар­ти­яға өтті. «Екі ірі оппо­зи­ци­я­лық пар­ти­я­ның бірі­гуін, халы­қтың пар­ти­я­сы пай­да болға­нын көп күт­тім. Өз пар­ти­ям­ды ақы­ры тап­тым», – деді ол.

Қаза­қстан оппо­зи­ци­я­сы мұны ірі сая­си оқиға ретін­де көр­сет­ті. Билік­тің реак­ци­я­сы да көп­ке ұза­ма­ды. Ара­да бір жыл­дан соң Қарқа­ра­лы­ға кел­ген Тоқтар Әубәкіров, Бал­таш Тұр­сым­ба­ев, Болат Әбілев бастаған оппо­зи­ци­о­нер­лер­ден «кел­ген ізі­мен кері қай­ту­ды» талап етті.

Қаза­қтың тұңғыш ғарыш­кері «Мені өз ауы­лым­да дәл осы­лай қар­сы ала­ды деп ойла­ма­дым. Бір кез­дері мен кел­ген­де ине шан­шар орын бол­май­тын еді. Өздері жүгіріп шығып, күтіп ала­тын» деп ашу­лан­ды.

Әубәкіров оппо­зи­ци­яда жүріп билік­ті қатаң сына­у­шы­лар­дың бірі бол­ды. «Қаза­қстан Кон­сти­ту­ци­я­сын 4‑сыныптың жаман дәп­теріне айнал­ды­руға бол­май­ды» деп сына­ды.

Тоқтар Әубәкіров 2012 жылы қаңтар­да өткен кезек­тен тыс пар­ла­мент сай­ла­у­ы­на ЖСДП кан­ди­дат­та­ры­ның бірі ретін­де ұсы­ныл­ды. Алай­да пар­тия 7 пай­ы­здық меже­ден өте алма­ды. Сол жылы сәуір айын­да оппо­зи­ци­о­нер Әубәкіров «Азат» ЖСДП қата­ры­нан шыға­ты­нын, «тұңғыш пре­зи­дент коман­да­сын­да болғы­сы келетінін» мәлімдеді.

«Азат» пар­ти­я­сы­ның стра­те­ги­я­сын­да қара­пай­ым халы­қтың жағ­дай­ын жақ­сар­тып, мем­ле­кет­ті дамы­ту­дың нақты жос­па­ры болған жоқ деген ол өзін «үлгі етіп, осы пар­ти­яға өткен аза­мат­тар­дың бәрі­нен» кешірім сұрады.

Әубәкіров сол кез­де­гі пре­зи­дент Назар­ба­ев­тың «еңбе­гі ерен» екенін айта келе: «Халық өз көш­бас­шы­сын жақ­сы көреді. Бұған пре­зи­дент­тің және пар­ла­мент мәжілісі депу­тат­та­ры сай­ла­у­ла­ры­ның қоры­тын­ды­ла­ры дәлел бола­ды. Сай­лау кезін­де халық тұңғыш пре­зи­дент­тің бағы­тын қол­дап, зор сенім біл­дір­ді«, – деп мәлімдеді.

Бір айдан соң ол «Қаза­қстан темір жолы» ұлт­тық ком­па­ни­я­сы пре­зи­ден­тінің кеңес­шісі болып тағай­ын­да­лып, бұл қыз­мет­те 2018 жылға дей­ін істеді.

Бір­не­ше жыл­дан кей­ін­гі сұх­бат­та­рын­да ол «Қаза­қстан­да оппо­зи­ция жоқ, бәрі билік­тің айтқа­ны­мен жүреді» деп сөйледі.

Оппо­зи­ция жетек­шілері «билік Әубәкіров­ке қысым жасап, оппо­зи­ци­ядан кету­ге мәж­бүр­леді» деп сана­ды. Бірақ нақты қан­дай қысым жасаға­ны жөнін­де әлі күн­ге айтыл­май­ды. Ғарыш­кер­дің өзі де ол жай­лы айтуға құлықсыз.

2009 жылы Тоқтар Әубәкіров­пен бір­ге «ЖСДП-Азат» пар­ти­я­сы­на өткен оппо­зи­ци­ядағы жур­на­лист Гүл­жан Ерға­ли­е­ва­ның пікірін­ше, билік Тоқтар Әубәкіро­втің бала­сы­на қысым жасағанға ұқсайды.

«Елдің мақта­ны­шы­на айналған нағыз батыр, Қаза­қстан­ның сим­во­лы Тоқтар Әубәкіро­втің оппо­зи­ци­яға кел­гені үлкен құбы­лыс бол­ды. Ол халы­қ­пен еркін, ашық әңгі­ме­ле­сті, әділін айт­ты. Оппо­зи­ци­ядан кет­кені өте ауыр тиді. Оның ұлы­на билік­тің нақты қан­дай қысым жасаға­ны бел­гісіз. Оның өзіне кысым жасай алмай­тын еді, өйт­кені тым ірі тұлға. Билік өзіне ұна­маған ада­мға туы­ста­ры арқы­лы қысым жасай­ты­ны бұрын­нан бар әдіс», – дей­ді Ерғалиева.

Оппо­зи­ци­ядағы сая­сат­кер Рыс­бек Сәр­сен­бай «Тоқтар Әубәкіров сая­сат­тың ыңғай­ы­на қарай сөй­лей­тін сая­сат­кер емес» деп санай­ды. «Ол қай бағыт­та кетіп бара жатқа­нын көр­ген­дік­тен билік­тен кет­ті. Билік­тің жақ­сы­лы­ғын да, жаман­ды­ғын да көр­ді. Қан­ша батыр бол­са да өз жақы­нын құр­бан­ды­ққа шалып жібе­ру қиын. Бала­сы­на қысым жасаған­ды­қтан оппо­зи­ци­ядан тар­ты­на тұру­ды ойлаған болуы керек. Әрине, оны ғарыш сала­сы­на емес, темір­жолға жібер­геніне рен­жідік», – дей­ді Сәрсенбай.

Ал 1993 жылы Ұлт­тық аэроға­рыш агент­ті­гі құры­лып, оның бас­шы­лы­ғы­на тағай­ын­далған Тоқтар Әубәкіро­втің орын­ба­са­ры болған, осы қыз­мет­те көп жыл істеп, зей­нет­ке шыққан Мей­ір­бек Мол­дабе­ков ғарыш­кер­дің темір­жолға бару себебін басқа­ша түсін­діреді. «Ол кісі зерт­те­уші ғарыш­кер болға­ны­мен ғарыш тех­ни­ка­сы­ның мама­ны емес. Назар­ба­ев өзіне қар­сы шық­са да, Әубәкіров­ке кеңдік таны­тып, тиіс­пе­ді. Аэроға­рыш агент­ті­гі бюд­жет­те оты­рған, жалақы­сы аз меке­ме. Сон­ды­қтан оны тәуір жалақы­сы бар «Қаза­қстан темір­жо­лы» ком­па­ни­я­сы­на жібер­ген болар», – дей­ді ол.

Мол­дабе­ков Әубәкіро­вті «қаза­қтың маң­дай­ы­на біт­кен жарық жұл­дыз, жүре­гінің түгі бар, ақпей­іл, ешкім­ге жаман­ды­ғы жоқ батыр» деп сипаттай­ды. «Жұрт «билік халы­қты тонап жатыр» деп баты­рға бара­ды. Сосын ол қыз­ба­лы­қ­пен айтып қала­ды. Оппо­зи­ци­яға да қыз­ба­лы­қ­пен кетіп, көңілі қалған­да кет­ті. Ол – сая­сат­кер емес», – дей­ді Мей­ір­бек Мол­дабе­ков бұры­нғы бас­шы­сы туралы.

Тоқтар Әубәкіров оппо­зи­ци­ядан кет­кені­мен оппо­зи­ция жетек­шілері­мен бай­ла­ны­сын және қоғам­дық-сая­си өмір­ден бір­жо­ла қол үзбе­гені бай­қа­ла­ды. 2017 жылы бір топ оппо­зи­ция бел­сен­ділері­мен бір­ге пре­зи­дент Назар­ба­ев­тан оппо­зи­ци­я­лық «Три­бу­на. Сая­си қалам» газетінің бас редак­то­ры, жур­на­лист Жан­бо­лат Мамай­ды қуда­ла­уды тоқта­туға шақы­рған ашық хатқа қол қой­ды.

Ал 2019 жылы мау­сым­дағы пре­зи­дент сай­ла­уы қар­саңын­да аста­на­да өткен оппо­зи­ция жиы­ны­на қаты­сып, онда сөй­ле­ген сөзі жұрт­ты екіұ­дай ойда қал­дыр­ды. 1 мау­сым­да елдің әр түк­пірі­нен жиналған бел­сен­ділер «Халық құры­л­тай­ын» өткізіп, сай­ла­у­ға бой­кот жари­я­ла­у­ға шақыр­мақ болған­да жиын өтетін зал­дың жары­ғы мен интер­неті аяқ асты­нан ажы­рап қалған еді.

Құры­л­тай­ға кел­ген­дер­дің басым көп­шілі­гі «сай­лау заңын өзгерт­кен соң ғана пре­зи­дент сай­ла­у­ын өткі­зуді, оған дей­ін бой­кот жари­я­ла­уды» талап еткен­де «сай­ла­у­ға барып, кім­ге бол­са да дауыс беру керек» деп сөй­ле­ген бір­не­ше адам­ның ара­сын­да Тоқтар Әубәкіров те бол­ды. Баста­пқы­да оның кел­геніне қуанған жиы­нға қаты­су­шы­лар­дың көбі ол сөй­лей бастаған­да сәл­ден соң ысқы­рып, сөзін бөліп жіберді.

Жиы­нға қаты­сқан Гүл­жан Ерға­ли­е­ва «өте ыңғай­сыз жағ­дай болға­ны, оған билік қолқа салып, халық алдын­да аран­датқан­дай көрін­генін» айта­ды. Құры­л­тай­ды ұйым­да­сты­ру­шы­лар­дың бірі Рыс­бек Сәр­сен­бай да осы­ған ұқсас пікір­де. «Бәл­кім жеке пікірі шығар, бәл­кім билік сұраған болар. Батыр аңғал, әркім әрқа­лай пай­да­ла­нуы мүм­кін. Көңілі таза адам. Бел­гілі бір мақ­сат­пен пай­да көріп, билік­тің тап­сыр­ма­сын орын­дай­тын адам емес», – дей­ді ол.

Сол құры­л­тай­да сөй­ле­ген Бал­таш Тұр­сым­ба­ев «ол халы­қты қол­дай­ын деп кел­ді. Ол тек заңға, Кон­сти­ту­ци­яға сай жүру керек деп есеп­тей­тін адам. Сон­ды­қтан заң­ды түр­де барып, сай­ла­уда қалаған кан­ди­датқа дауыс беру керек дегені көп­шілі­ке ұна­ма­ды. Халық оны билік жібер­ді деп ойлап қал­ды. Бірақ ол билік­тің қол­ба­ла­сы бола­тын адам емес. Тоқтар­дың ештеңені жасыр­май жари­я­лай сала­ты­нын білетін билік ештеңе айт­па­уға тыры­са­ды» дейді.

Тоқтар Әубәкіров 2019 жылы мау­сым айын­да Қасым-Жомарт Тоқа­ев Қаза­қстан пре­зи­ден­ті болып сай­ланған кез­де оның елді демо­кра­ти­я­лан­ды­ру жөнін­де­гі бағ­дар­ла­ма­сын құп­тап, жемқор­лы­қ­пен күрес күшей­еді деп үміт­те­нетінін, бірақ елді «екі пре­зи­дент басқар­са» өзгеріс жаса­уға кедер­гі бола­ды деген күді­гі барын айтқан еді.

Азаттық тіл­шісі Тоқтар Әубәкіро­втен Қаза­қстан­дағы билік тран­зи­ті жай­лы қазір­гі ой-пікірін сұрап көр­ді. «Айт­па­са да түсінік­ті, билік тран­зи­тінің қалай жүріп жатқа­нын бәрі көріп отыр» деп жау­ап бер­ді қаза­қтың тұңғыш ғарышкері.

«Бәрі «ояну керек» дей­ді. Бірақ ешкім оян­бай­ды. Әркім өз қамын ойлай­тын заман бол­ды. Сау­сақ­пен санар­лы­қтай адам ғана көше­ге шыға­ды, айғай­лай­ды, соны­мен біт­ті. «Сая­сат – халық үшін» деген сөз қазір ерте­гі боп кет­ті», – дей­ді Тоқтар Әубәкіров.

Асыл­хан МАМАШҰЛЫ,

Azattyq.org

«DАТ». 05.08.2021.

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн