Пятница , 4 июля 2025

Тәуелсіз газеттердің «СОҢҒЫ ТҰЯҒЫ» – «DАТ»-қа жазылайық!

  • Ата­уы талай рет өзгер­се де, «DАТ» деген тау­ар бел­гісі­нен айы­рыл­маған бұл газет­ті мен 1998 жыл­дан бері үзбей оқып келе­мін. Әр бей­сен­бі сай­ын Алма­ты­ны кезіп жүріп, қай жер­ден сатып алам деп, сар­саңға түс­сем де, бәрібір мен оны іздеп табам.

Бір жыл­да­ры – ұмыт­па­сам, 2001 жыл болуы керек, «СолDАТ» болып шығып жүр­ген кезін­де, ел-жұрт іздеп оқи­тын бұл газет­ті өз еркім­мен, ешқан­дай ақы алмай-ақ, шека­ра арқы­лы тасуға да көмек­те­стім. Ол кез­де «DАТ» қырғы­здың Біш­ке­гін­де басы­ла­тын. Онда қазір­гі­дей Кеден одағы жоқ бола­тын. Кеден­шілер тәр­кілеп алма­сын, шека­ра­шы­лар сыл­тау тауып, бері қарай өткіз­бей қой­ма­сын деп, Біш­кек­тің «Ала­тоо» бас­па­ха­на­сы­нан басы­лып шыққан 40 мың данаға газет­ті (әлі есім­де – 2,5 тон­на) көлік жал­дап, шека­ра­ның арғы бетін­де­гі қырғыз ауы­лы­ның маңы­на, қалың қамыстың ара­сы­на таси­мыз. Содан кей­ін Шу өзенінің Қаза­қстан жақ беті­нен шөп шауып, оны қай­ы­қ­пен қырғыз жаққа тасып жүр­ген шөп­шілер­мен келі­се­міз. Олар бір­не­ше рет ары-бері қаты­нап, сол кездің 2–3 мың тең­гесіне газеті­мізді тасып береді. Біз бер­гі бет­ке жет­кізіл­ген газет­ті тағы да қамыстың ара­сы­на тығамыз.

Содан кей­ін редак­ци­я­ның дирек­то­ры Арғы­нға­зы Мади­я­нов (оны біз «Арка­ша-бастық» деп атай­тын­быз) Қор­дай­дан Алма­ты­ға қаты­най­тын көлік іздеп кете­ді. Ол тауып әкел­ген әрбір жеңіл көлік­ке 10–15 бума­дан (шама­мен 1000–1500 дана) тиеп, Алма­ты­ға жөнел­те­міз. Бар­лы­ғын бір «КамАЗ»-ға тиеп жібе­ру­ге де болар еді, бірақ басы­лған бар­лық тираж­ды жол­да поли­ция ұстап ала­ды деген қауіп­пен бір­не­ше­ге бөліп жөнел­тіп жүрдік.

Ал Алма­ты­ға жет­кен көлік­тер­ді қала­ның шетін­де Ермұрат бастаған жігіт­тер – Нұр­лан, Болат, Дәу­лет, Айдар, Ерік, т.б. күтіп алып, темір­жол мен авто­бус бекет­теріне жет­кі­зеді. Ол жер­де жүр­ген жігіт­тер газет­ті Қаза­қстан­ның бүкіл аймақта­ры­на жөнелтеді.

Бірақ кей­ін­нен газет тасы­мал­да­удың бұл схе­ма­сын Рахат Әли­ев­тің «жен­дет­тері» біліп қой­ған соң, «Ала­тоо» бас­па­ха­на­сы газет­ті басу­дан бас тарт­ты. Бұдан соң Ермұрат пен Арғы­нға­зы газет­ті Ресей­де басты­руға әкетіп жүр­ді. Бір білетінім – газет Руб­цовск, Орен­бург, Сама­ра, Ново­тро­ицк, Аст­ра­хань қала­ла­рын­да да басы­лған күн­дер болды.

Бұның бәрін тәп­ті­ш­теп айтып оты­рға­ным – осы­ның бәрі айтар ауы­зға ғана оңай еді. Ал нақты жағ­дай­да бұл қан­ша­ма қажыр­ды, жүй­кені, ден­са­улы­қты қажет ететін еңбек еді. Қар­жы­ның қажет­тілі­гі – өз алды­на басқа сөз. Кей­ін­нен Арка­ша-бастық «DАТ»-ты шыға­рам деп жүріп, жүрек тал­ма­сы­нан қай­тыс бол­ды. «СолDАТ»-тың редак­то­ры болған жазу­шы Марат аға Қабан­ба­ев пен оның орын­ба­са­ры Ғалым­жан Мұқа­нов та осы газет­ке біраз ден­са­улы­қта­рын беріп, өмір­ден ерте кет­ті. Редак­ци­ядағы жігіт­тер бір­не­ше рет сот­ты бол­ды, газет­ке мил­ли­он­даған сома­ның айып­пұл­да­ры салын­ды. Бір­не­ше газет жабы­лып қал­ды, бірақ «DАТ»-тың аты өшпе­ді, ортақ ата­уы өлмеді.

Сон­ды­қтан өртеніп кет­се де, күл­дің ара­сы­нан қай­та­дан жара­ты­лып шыға­тын Феникс-құс сияқты «DАТ»-ты бәрі­міз қол­дай­ық, ағай­ын! Бұл бүгін­де тәу­ел­сіз газет­тер­дің «соңғы тұяғы». Елде­гі дағ­да­рыс пен қым­бат­шы­лық сал­да­ры­нан қар­жы қиын­ды­ғын көріп оты­рған басы­лы­мға жазылайық.

Мен өзім ара­ла­сып жүр­ген бір­не­ше жақын-жол­да­сы­ма айтып, «DАТ»-қа жаз­дыр­дым. Сол сияқты газет­ке жазы­луға шама­сы келетін, азды-көп­ті биз­несі бар аза­мат­тарға қолқа салып, «DАТ»-қа жаз­ды­рып, газет­ті тар­шы­лы­қтан ара­ша­лап қалуға жәр­дем жасайық!

Марат УАТҚАН,

«DАТ»-тың 21 жыл­дық жанашыры

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн