Пятница , 4 июля 2025

«ТӨБЕЛЕСКІШ» Мәжіліске де керек

Ромин деген бір депу­тат­тың сотқа роман-роман хат жазып, «Тасжарған­ды» тығы­ры­ққа тіре­ген кезі. Газет шығып жатқан. Ере­кең редак­ци­яға кел­ді де, бірін­ші бет­ті быт-шыт қылып сызып, апыл-ғұпыл бір­деңе жазуға отыр­ды. Сосын қай­дан тауып алға­ны бел­гісіз, «Мына­ны сал» деп Кен­же­ге әлдебір сурет­ті нұсқады.

Сон­дағы сурет не дей­сіз ғой, сұқ сау­сақ пен ортан теректің ара­сы­нан сой­диып шығып тұрған бас бар­мақ. Оның үстіне жай сурет емес, «Мә саған!» дей­тін ниет­ті мең­зей­тін жұды­ры­қтың осы қалып­тағы қола­дан құй­ы­лған мүсіні. Бұл аздай, «Біз періс­ке дай­ын­быз!» деген тақы­рып қойыпты. 

Мақа­ла­да не жазы­лға­ны есім­де жоқ. Бірақ басы­лым­дағы біраз адам кәдім­гі­дей абы­р­жы­дық. Сот газет­ті онсыз да депут­та­тың аяғы­на жығып беріп жатқан­да, қай­дағы періс дей­міз ғой баяғы. Бірақ Ере­кең саспайды.

Сөй­те-сөй­те үйрен­дік. Абжы­лан­нан (Ере­кеңнің өз сөзі) бірер саты төмен тұрған­дар­мен (бақа-шаян­дар­мен) білек­ті түріп тастап, өзі­міз де пері­се беретін бол­дық. Бұл кісінің бір қаси­еті сол ғой, «ДАТ»-қа жуып кет­кен жур­на­ли­стің қала­мы­на батыл­ды­қтың сия­сын аямай құй­ып береді. Деген­мен өзін­дік сти­лін ешкім қай­та­лай алмай­ды. Ере­кеңнің перісі – бөлек­ше періс!

Тебісі де бір керім. Бірер жыл бұрын ба, ТВ «31-дің» сту­ди­я­сын­да «… қысып тұр, ұқтың ба?!» деп қой­ып, бір айтқан­ды ұға қой­маған қар­сы­ла­сын жұды­ры­қ­пен жақтан бір салып, ыңқ еткізіп бір теп­кен. Көп адам бұған риза бол­ды. «Кере­мет бағ­дар­ла­ма шықты» деп, жур­на­ли­стер де мәз. Құдай­шы­лы­ғым­ды айтай­ын, бұған менің көңілім тол­ма­ды. Өйт­кені мен білетін Ере­кеңнің тебісі бұдан әлдеқай­да жой­қын болуы тиіс-тін. 

…Кей­ін түсін­дім ғой, шал­ба­ры тар­лық қылған сияқты. Арна­дағы әріп­те­стер де қызық, әңгі­мені ақы­рын­дап төбе­ле­с­ке апа­ра­тын болған соң, «спорт­тық кәстөм­мен келіңіз­дер» десе де, болар еді ғой.

Мұны неге айтып отыр­мын? Періс пен тебістің жеті ата­сын мең­гер­ген Ере­кең Мәжіліс­ке үміт­кер екен. Ойлан­бай дауыс берер ем – облы­ста тұра­мын. Ел-жұрт бар ғой, Пар­ла­мент­те де періс бол­сын десе, неғы­лар деп қоям…

Сан­сыз­бай МОЛДАЖАНОВ,

«ДАТ»-тың 2011–2013 жыл­дарғы шолушысы

Кез­де­су­лер­де не айтылды?

«Люстрация туралы заң қабылдаймыз»

«Сұға­нақ қол­дарға заң­мен тый­ым салу керек». Бұл – ҚР Пар­ла­мен­ті мәжілісінің депу­тат­ты­ғы­на кан­ди­дат, тәу­ел­сіз жур­на­лист Ермұрат Бапидің Алма­ты­дағы Әуе­зов ауда­ны­ның ақын-жазу­шы­ла­ры­мен кез­де­су­де айтқан уәжі.

Мәжіліс депу­тат­ты­ғы­на үміт­кер Ермұрат Бапи үгіт-наси­хат жұмысы аясын­да Алма­ты­дағы бір топ қалам­гер­мен кез­де­сті. Әуел­гі сөз халы­қтың ақша­сы­на қол салған Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев пен қоғам­ды жегі құрт­тай жеген оның отба­сы­на ойы­сты. Түр­лі зерт­те­улер­ге сүй­ен­сек, Назар­ба­ев 200 млрд дол­лар көле­мін­де­гі елдің қар­жы­сын қал­та­сы­на басқан. Басқа­ша айт­сақ, бұл Қаза­қстан­ның 8 жыл­дық бюд­жеті екен. Ал оның сұға­нақ қол отба­сы­ның қылғы­тқан қар­жы­сы 1 трлн дол­ларға жуықтаған.

«Бұл тең­десі жоқ тонау! Өз халқын бей­ша­ра қылып тона­удың бұдан асқан сорақы түрі жоқ. Тіп­ті бұл әлем­дік тарих­та кез­дес­пей­ді, Пино­чет­тің кезін­де де бол­маған. Депу­тат бол­сам, люст­ра­ция тура­лы заң қабыл­да­уға ұйы­тқы бола­мын. Бұл ел тарихы­на баға беру, сара­лау және билік биші­гін біле­гіне ілген аза­мат­тар­ды тек­се­ру. Қылғы­тқан қар­жы­сы­ның анық-қаны­ғын аны­қтау. Комис­сия құрып, шетел­ге кет­кен капи­тал­ды қараған­нан түк өнбей­ді. Елде қалып­тасқан заң болу керек, заң­ның негізін­де жұмыс істеу керек», – деді Е.Бапи.

Мәжілі­стен үміт­ті кан­ди­дат­тың үгіт-наси­хат жұмыста­ры кезін­де қалам ұстаған қауым да ағы­нан жарыл­ды. Ақын Баян Беке­то­ва өзін маза­лаған бір­не­ше мәсе­лені тіз­бек­те­ді. Жазу­шы қала­мақы­сы, Жазу­шы­лар одағы мәсе­лесі­нен басталған сөз Алма­ты­дағы рет­сіз құры­лы­спен аяқтал­ды. Ақын Аманға­зы Кәрі­п­жанұ­лы да армия, қорға­ныс, жастар сая­са­ты, сту­дент­тер жатақ­ха­на­сы тап­шы­лы­ғы, т.б. қор­да­ланған түйт­кіл­ді жет­кізді. Ал өнер адам­да­ры­на өкпе­лі жазу­шы Нұр­дәу­лет Ақыш тәу­ел­сіз жур­на­лист Ермұрат Бапиді қол­дай­ты­нын ашық айтып, дауыс беру­ге шақырды.

«Қоғам өкілдері Парламентке баруы керек»

  • ҚР Пар­ла­мен­ті мәжілісі депу­тат­ты­ғы­на кан­ди­дат, тәу­ел­сіз жур­на­лист Ермұрат Бапи Алма­ты­дағы №3 сай­лау окру­гіне қарас­ты Ала­тау ауда­нын­дағы №209 мек­теп-гим­на­зи­я­ның ұста­зда­ры­мен және қыз­мет­шілер ұжы­мы­м­ен кездесті.

Кез­де­су­ге сәл кеші­гіп кел­ген Е.Бапи сөзін алма­ты­лы­қтар­дың мұңы­на айналған кеп­теліс мәсе­лесі­нен баста­ды. Бұған дей­ін бұл про­бле­ма­ны «Дат» оппо­зи­ци­я­лық газетін­де бір­не­ше рет қау­за­ған үміт­кер Алма­ты­дағы көлік қозға­лы­сын рет­теу, эко­ло­ги­я­лық аху­ал­ды жақ­сар­туға қаты­сты ой-пікірін жет­кізді. Әрі бұл сая­си ала­манға не үшін ат қосып жатқа­нын түсіндірді. 

«30 жыл өзгерісті күт­тік. Қазір халық елде­гі сіресіп қалған сая­си жүй­ені өзгер­ту­ге құштар. Билік «Жаңа Қаза­қстан­ды» халы­қ­пен бір­ге құруы керек», – деді үміткер.

Топ­та­ма­ны дайындаған –

кан­ди­дат­тың сай­ла­у­ал­ды штабы,

Толық нұсқа: https://fb.watch/iRjIgEvAJE/

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн