Пятница , 4 июля 2025

Төрт жыл жазықсыз ОТЫРҒАН МАКС түрмеден шыға ма?

  • Кеше – 20 қаңтар­да Аты­ра­удағы УГ-157/9 қыл­мыстық-атқа­ру жүй­есі меке­месін­де өткен көшпе­лі сот аза­мат­тық бел­сен­ді Макс Боқа­ев пен оның адво­ка­ты­ның судья­ны ауы­сты­ру тура­лы өтіні­шін қанағат­тан­дыр­ма­ды. Істі судья Гүл­жи­ян Мүти­е­ва жүргізді.

Бұл тура­лы «Азатты­ққа» адво­кат Жанар Сүн­детқа­ли­е­ва хабар­ла­ды. «Сот­та Макс про­це­стің ашық екенін, онда мем­ле­кет­тік неме­се ком­мер­ци­я­лық құпи­я­лар талқы­лан­бай­ты­нын айтып, судья­ның сот­ты интер­нет бай­ла­ны­сы қал­пы­на кел­ген­ше шеге­руіне бола­ты­нын, бірақ ол бақы­ла­у­шы­лар­сыз тез өткізіп жібе­ру­ге тыры­сқан­ды­қтан сенім­сіздік біл­дір­генін айт­ты. Мен оны қол­да­дым. Про­ку­рор судьяға сенім­сіздік біл­діретін­дей мәсе­ле жоқты­ғын айт­ты. Судья да про­ку­рор­ды қол­дап, өтіні­шті қанағат­тан­дыр­ма­ды», – дей­ді Жанар Сүндетқалиева.

Аты­рау облы­стық қыл­мыстық-атқа­ру жүй­есі депар­та­мен­тінің Макс Боқа­евқа бостан­ды­ққа шыққан­нан кей­ін үш жылға дей­ін әкім­шілік қадаға­лау тағай­ын­дау тура­лы ұсы­ны­сы қара­ла­тын сот 19 қаңтар­да онлайн өтуі тиіс еді. Аты­рау қала­лық №2 соты­ның судья­сы Ержан Әлі­пқа­ли­ев Боқа­ев жаза­сын өтеп жатқан УГ-157/9 меке­месі­мен орта­да интер­нет бай­ла­ны­сы бол­маған­ды­қтан, сот­ты түр­ме­де өткі­зу тура­лы қау­лы қабылдаған.

Бұл сотқа бақы­ла­у­шы ретін­де Қаза­қстан­ның әр өңірі­нен қаты­сқан құқық қорға­у­шы­лар­дың нара­зы­лы­ғын туғы­зып, «сот бақы­ла­уы бол­мауы үшін әдейі жасап отыр» деп санай­тын­да­рын айтқан.

Адво­кат Жанар Сүн­детқа­ли­е­ва­ның айтуын­ша, сот сәр­сен­бі күні жібер­ген хабар­ла­ма­сын­да «коло­ни­ядағы интер­нет жүй­есі қал­пы­на кел­се, про­цесс онлайн өтуі мүм­кін» екенін хабар­лаған. Енді Боқа­евқа әкім­шілік қадаға­лау тағай­ын­дау тура­лы сот 22 қаңтар күні Аты­рау уақы­ты­мен сағат 11-де УГ-157\9 меке­месін­де өтеді.

Адво­кат­тың айтуын­ша, Макс Боқа­евқа қаты­сты Аты­рау облы­стық қыл­мыстық атқа­ру жүй­есі депар­та­мен­ті (ҚАЖД) сотқа түсір­ген ұсы­ны­сын­да оның жаза­сын өтеу мерзі­мі ішін­де «ішкі тәр­тіп­ті сақта­ма­ды, сегіз мәр­те тәр­тіп бұзу­шы­лық жаса­ды, ескер­ту алды, тәр­тіп­тік изо­ля­торға қамал­ды» деп тіз­бе­леп көр­сет­кен. Ол ҚАЖД меке­месінің «Бас бостан­ды­ғы­нан айы­ру орын­да­ры­нан боса­ты­лған адам­дар­ды әкiм­шiлiк қадаға­лау тура­лы» заң­ның 2‑бабы «а» тар­мағы­на сіл­те­ме жасап («қауіп­ті қай­та­ла­нуы кезін­де жасалған қыл­мыста­ры, сол сияқты тер­ро­ри­стік неме­се экс­тре­ми­стік қыл­мыста­ры, кәме­лет­ке тол­маған­дарға жыны­стық тиіс­пе­ушілік­ке қар­сы қыл­мыста­ры үшін»), бақы­ла­у­ға тиістілі­гін көр­сет­кенін айтады.

«Бірақ мен адво­кат ретін­де мұны­мен келіс­пей­мін. Себебі Боқа­ев Аты­ра­удағы УГ-157/9 меке­месін­де ешқан­дай ескер­ту алмаған, оның мінез-құлқы­на қаты­сты ешқан­дай сын жоқ. Оның үстіне Боқа­ев өзін «заң­сыз сот­тал­дым, кінәсіз­бін» деп санай­ды. Ол жаза­сын өтеу уақы­ты кезін­де меке­ме­ге дез­ор­га­ни­за­ция жасау тәрізді әре­кет­ке бар­маған», – дей­ді адвокат.

Еске сал­сақ, Макс Боқа­ев­тың жаза­сын өтеу уақы­ты 4 ақпан­да аяқта­ла­ды. 48 жастағы Макс Боқа­ев 2016 жылғы қара­ша­дан бері түр­ме­де отыр. Ол 2016 жылы Жер митин­гілері­нен кей­ін ұста­лып, «әле­умет­тік араз­дық тудыр­ды», «жалған ақпа­рат тарат­ты» және «митинг өткі­зу заң­да­рын бұз­ды» деген айып­пен бес жылға сот­талған.Azattyq.org

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн