Пятница , 4 июля 2025

Уәлихан Қайсаров: САЙЛАУ АЛДЫНДА оппозиция БІРІГЕ АЛМАДЫҚ!

Біз, оппо­зи­ция өкіл­дері, бірін­ші­ден, бұл билік­тің халық пікірі­мен сана­спа­уды 30 жыл мирас қылған бұры­нғы билік­тің жалға­сы екенін; екін­ші­ден, бұры­нғы жалғыз адам билей­тін дара билік­тің жүй­есін одан әрмен күшей­те түс­кенін көре оты­рып, осы пре­зи­дент сай­ла­у­ын барын­ша билік­ке қар­сы пай­да­ла­на алма­дық. Назар­ба­ев­тың мұра­гері Тоқа­ев­ты жеңудің тари­хи мүм­кін­ді­гі өз қолы­мы­зда тұр­ды! Оның сая­си «кры­ша­сы» Путин­нің әлсіре­ген, оған көмек­ке келе алмай­тын ұрым­тал кезін ұтым­ды пай­да­ла­нып қалуы­мыз керек еді. Алаш қай­рат­кер­лері орыс импе­ри­я­сы әлсіре­ген сәт­тер­де: алды­мен – бірік­кен, арты­нан – рес­пуб­ли­ка құрған.

Кезек­тен тыс пре­зи­дент сай­ла­уы дегені­міз ол – сая­си пікір­сай­ы­стың ашық алаңы. Бұл кез­де халы­ққа кім­нің – кім екені тай­ға таң­ба басқан­дай айқын­да­ла түседі. Батыл ұйым­да­сты­рған жағ­дай­да билік­тің кім екенін жай уақы­тқа қараған­да, халы­ққа ашық айту­дың бар мүм­кін­ді­гі ашы­ла­ды. Қар­жы­лан­ды­ра алсақ, пре­зи­дент­тік­ке кан­ди­дат­тар­дың мың­даған сенім­ді өкіл­дері халы­қтың ішіне кіріп, ашық үгіт-наси­хат жүр­гі­зеді. Мем­ле­кет­тің қазы­на­сын тонаған­дар­дан құты­лу­дың жол­да­ры айты­ла­ды. Қаңтар тра­ге­ди­я­сы­ның кінәлілерінің кім екенін алыс ауыл­дарға жет­кі­зудің мүм­кін­ді­гі туа­ды. Өйт­кені үгіт-наси­хат кезін­де пре­зи­дент­тік­ке үміт­кер­дің өкіл­дерін билік заң­сыз көше­ден ұстап, сотқа, қамаққа сүй­реу уақыт­ша бол­са да аза­яды. Міне, осы­ның бәрін оппо­зи­ци­я­лық коа­ли­ция өза­ра ақыл­да­са оты­рып, жүзе­ге асы­руы қажет еді. Бол­май­тын әңгі­ме­ге уақыт жіберіп, коа­ли­ция осы­ның бәрі­нен айы­рыл­ды, ауыл­дың әңгі­месі­нен аса алмады.

Мен сай­ла­у­ал­ды Үнде­уім­де оппо­зи­ци­я­лық коа­ли­ци­я­ның пре­зи­дент­тік сай­ла­уды пай­да­ла­нып қалуын айтып, өзім­нің бұл сай­ла­у­ға қаты­суға бел бай­лаға­ным­ды біл­дір­ген бола­ты­н­мын. Оны оппо­зи­ция сер­ке­лері тегіс қол­дай­ды деп үміт­теніп едім. Олар­дың түсін­гісі кел­меді, құлаққа ілмеді. Өкінішті!!!

Оппо­зи­ци­я­лық сер­ке­лер деп жүр­ген біз­дер халық алдын­да: өткен­нен сабақ алмай­ты­ны­мы­зды, көп нәр­сені сая­си түсі­ну­ден гөрі, қара­пай­ым адам­дар дең­гей­ін­де түсі­нетін­ді­гі­мізді, жеке бастық тар ұғым­нан аспай­тын­ды­ғы­мы­зды, «пар­ти­я­шыл­дық» көзқа­расқа бай­ланған­ды­ғы­мы­зды, сон­ды­қтан да жал­пы ұлт­тық мақ­сатқа жұмы­ла алмай­тын­ды­ғы­мы­зды тағы да көр­сет­тік. Ол – ол ма, мен­мін деп жүр­ген оппо­зи­ция сер­ке­лері билік қой­ған талап­тар­дан өздері өте алмай­ты­нын біл­ген­нен кей­ін, ұлт­тық мақ­сат­тан бұрын «маған бол­ма­са, басқаға да бол­ма­сын» деген ұста­ным­нан аса алма­ды. Ара­мы­здан прай­ме­риз өткізіп, ашық бәсе­ке­ге түсу­ден қашып, әділет­сіз жол­ды таң­даған­дар да табылды.

Әділет­ті талап ету үшін, өзі­міз әділет­тің жолы­нан тай­мауы­мыз керек емес пе еді?! Ақы­ры ескі ауыл­дың әңгі­месі – нәти­же бер­мей­тін бой­кот­ты наси­хат­тау – қоғам тара­пы­нан оппо­зи­ци­яға деген сенім­ді күрт жой­ды. Ал бұл өз кезе­гін­де қоғам­дық бір­ле­стік­тер­дің бас­шы­ла­рын екіұ­дай сезім­де қал­ды­рып, соңы­нан олар­дың оппо­зи­ция өкіл­дері­нен «қашқақта­уы­на» алып кел­ді. Осын­дай кедер­гілер­ге бай­ла­ны­сты мен және басқа оппо­зи­ци­я­лық кан­ди­дат­тар пре­зи­дент­тік­ке үміт­кер ұсы­нуға құқы­сы бар қоғам­дық бір­ле­стік­ті қажет уақы­тын­да таба алмаған­ды­қтан, сай­ы­стан кеш қалдық.

Мен билік­тің өзі ұстатқан сая­си ашық алаң­ды пай­да­ла­на алмаған­ды­ғы­мы­зды терең түсіне оты­рып, билік­тің «итар­шы­ла­ры­на жол ашып бер­гені­міз­ге» өкіне оты­рып, пре­зи­дент­тік сай­ы­стан еріксіз шыққа­ным­ды мәлім­дей­мін. Мені қол­даған сая­си бел­сен­ділер мен қара­пай­ым аза­мат­тарға, әсіре­се менің шта­б­та­рым­ды құруға әре­кет­тен­ген адал бел­сен­ділер­ге аса риза­шы­лы­ғым­ды біл­діре­мін! Сон­дай-ақ тір­кел­ген жағ­дай­да маған сенім артып, дауыс бер­гісі кел­ген елге, жұр­тқа алғыс айтамын!

Соңы­нан айта­рым, мен сіз­дер­ді баба­ла­ры­мы­здың аңсаған арма­ны – әділ мем­ле­кет құру үшін Алаш идео­ло­ги­я­сын ұстанған, «Алаш-Орда» пар­ти­я­сын құруға тал­пы­нып жатқан біз­ге қосы­луға шақы­ра­мын! Біз­де көре­ал­мау­шы­лы­ққа жол жоқ! Біз­де – алқа­лық басқару!

«Мен жастарға сене­мін» деп, Ала­штың ұлы ақы­ны Мағ­жан айт­пақ­шы, жастар, бұл сіз­дер­дің пар­ти­я­ла­ры­ңыз! Өз пар­ти­я­ла­ры­ңы­зға келіңіз­дер! Алдағы пар­ла­мент пен мәс­ли­хат сай­ла­у­ы­на қаты­су арқы­лы халық пікірі­мен сана­спа­уды 30 жыл мұра қылған бұры­нғы билік­тің жалға­сы – бұл билік­ті әлі де бол­са өзгер­ту – сіз бен біздің қолымызда!

  •  

 

«БАЛЫҚСЫЗ КӨЛДЕ БАҚА ДА БАЛЫҚ»

  • Тоқа­евқа кон­ку­рент жоқ. Оны бәрі де бай­қап, сезіп отыр. Үміт­кер болып тір­кел­ген кәкүр-шүкір­ді тіл­ге тиек етудің өзі ұят. Ста­ти­стер. Назар­ба­ев тұсын­да кло­ун­дар бол­са, қазір дүкен сөресіне қой­ы­лған мани­кен­дер. Нелік­тен солай бол­ды? Нелік­тен 20 мил­ли­он­дық елде пре­зи­дент­ке бір аль­тер­на­ти­ва табылмады? 

1. Әрине, ең алды­мен 2016 жылы Назар­ба­ев­тың Кон­сти­ту­ци­яға пре­зи­дент­тік­ке үміт­кер­дің мем­ле­кет­тік қыз­мет­те 5 жыл­дық өтілі болуы тиіс деген нор­ма­ны енгізіп, елдің 97%-ның құқы­қта­рын шек­те­уін басты себеп деу­ге бола­ды. Бірақ шыны­мы­зды айтай­ық, дәл сол 2016 жылы бұл өзгеріс­ке ешкім аса бір кере­мет қар­сы­лық көр­сет­кен жоқ. Бір­лі-екілі шулаған­дар бол­ма­са, елдің басым көп­шілі­гі үнсіз мой­ын­сұн­ды. Бәрі тегіс «өз басым пре­зи­дент­тік­ке дәмелі емес­пін, сон­ды­қтан да маған бұл бап­тың қаты­сы жоқ» деген немқұрай­лық танытты.

Енді келіп, лай­ы­қты адам ұсы­на алмай отыр­мыз деп рен­жи­міз. Кім кінәлі? Әрине, алды­мен – заң­ды бел­ден басқан билік. Бірақ сол кез­де үнсіз қалған элек­то­рат кінәлі емес деп кім айта ала­ды? Газ қым­бат­та­са, көше­ге шыға­мыз, қант қым­бат­та­са – шулай­мыз, ал бәріне ортақ құқық тап­талған­да, үнсіз қала­мыз. Себебі кеңес дәуірі­нен қалған әдет бар біз­де. Бәріне ортақ мен­шік­тің құны жоқ. Тек жеке мен­шік қым­бат. Жеке басқа қаты­сты бол­са ғана күре­су­ге дайынбыз.

Дәл қазір­гі уақыт­та Тоқа­евқа да бұл бапқа өзгеріс енгі­зу тиім­ді емес. Логи­ка­лық тұрғы­дан мен оны түсі­не­мін. Кім­ге, қай заман­да, қай билік иесіне кон­ку­рент­тер­дің көп болға­ны керек болып еді? Сонау Алек­сандр Маке­дон­ский­дан бастап, кеше­гі Назар­ба­евқа дей­ін қай бас­шы бақта­ла­ста­рым көбірек бол­са деп арман­дап еді? Неғұр­лым аз бол­са, соғұр­лым жақ­сы. Ешбір билік, ешу­ақыт­та, ешбір заман­да ие болған пози­ци­я­ла­ры­нан өз еркі­мен шегін­ген емес. Шегін­бей­ді де. Билік­тің табиға­ты, фило­со­фи­я­сы сон­дай. Оны тек мәж­бүр­ле­у­ге болады.

Ал оны сон­дай қада­мға мәж­бүр­лей­тін кім? Әлбет­те, сая­си бел­сен­ді бұқа­ра неме­се көп­шілік­тің қол­да­уы­на ие болған оппозиция.

Осы еке­уінің қай­сысы бар біз­де? Еке­уі де жоқ. Кеше­гі Демо­кра­ти­я­лық күш­тер коа­ли­ци­я­сы­ның сиқын көр­дік. Попу­ли­стік мәлім­де­ме­лер­ден әрі­ге бар­ма­ды. Біре­се ортақ кан­ди­дат шыға­ра­мыз деді, сосын үш-төрт кан­ди­дат ұсы­на­мыз деп бөсті, аяғын­да өза­ра келісім­ге келе алмай, мүл­де қаты­спай­мыз деп шықты. Ондай іші­на­ра келісім­ге келе алмай­тын «күш» кім­ді мәж­бүр­лей ала­ды? Кім олар­дың тала­бын елей­тін? Билік пе? Түкір­ді де, қол қой­ды билік олар­дың шәңкілдегеніне. 

Кон­сти­ту­ци­я­лық хақым­ды қай­тар деп, бұқа­ра халық талап­ты қоя алар еді. Бірақ оның да басын бірік­тіретін, ортақ мақ­сатқа жете­лей­тін күш керек. Ондай күш те әзір­ге жоқ. Сая­си аре­на осы­лай кока-кола­ның бос қал­бы­ры сияқты даңғыр­лап тұрған­да, билік осы­лай аль­тер­на­ти­всіз болып қала бермек.

2. Десе де, 5 жыл­дық еңбек өтілі бар адам билік­тің өз іші­нен де шыға алар еді. Мәсе­лен, кезін­де Серік­бол­сын Әбділ­дин бол­ды. Марқұм Алтын­бек пен Заман­бек те билік іші­нен шыққан тұлға­лар бола­тын. Жар­ма­хан Тұяқ­бай да солар­дың қата­ры­нан еді. Қоса­нов та оппо­зи­ци­я­мын деп, 25 жыл шулаға­ны­мен, түп­кі шыққан тегі сол билік. Жеме-жем­ге кел­ген­де тай­қып шыққа­ны­мен, біразға дей­ін шап­ты. Қазір де, жақ­сы бол­сын, жаман бол­сын, мем­ле­кет­тік қыз­мет­те істеп кет­кен Ораз Жан­до­сов, Иманға­ли Тасмағам­бе­тов, Ғалым­жан Жақи­я­нов сияқты­лар Тоқа­евқа әжептәуір оппо­нент бола алар еді. Бірақ олар жақтан да үн шықпайды.

Нелік­тен? Ол жағын біз тек болжай ала­мыз. Сон­дай болжам­дар­дың бірі – билік­пен ымы­раға келуі. Пәлен­дей арам пиғыл­дағы ымы­ра бол­мауы да мүм­кін. Дәл қазір­гі алмағай­ып заман­да елдің ара­сы­на іріт­кі сал­май­ық деген келісім болуы да ғажап емес. Неме­се бұлар да әбден қажы­ған, амби­ци­я­ла­ры сарқы­лған сая­си «өлік­тер». Басқа себеп таба алмай отырмын. 

Соны­мен кім қал­ды аре­на­да? Ешкім. Өлі тыны­штық. Ста­ти­ст­тер ғана. Және олар­дың шығуы жасан­ды болға­ны­мен – заң­ды құбы­лыс. Солай болуы тиіс еді. «Балы­қ­сыз көл­де бақа да балық».

Мұх­тар ТҮМЕНБАЙ

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн