Пятница , 10 октября 2025

Фермерлерге қарыз ЖЕДЕЛ ӨТЕЛУІ ТИІС

Кеше ҚР Пар­ла­мен­ті Мәжілісінің жал­пы оты­ры­сын­да «Ауыл» пар­ти­я­сы» фрак­ци­я­сы мен Аграр­лық мәсе­ле­лер коми­тетінің мүшелері​ Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Пре­мьер-мини­стрі Олжас Бек­те­нов­ке екі депу­тат­тық сау­ал жолдады.

  • Мен 10 қыр­күй­ек­те Сіздің аты­ңы­зға суб­си­дия төңіре­гін­де­гі қары­здар мен қар­жы­лық қиын­ды­қтар тура­лы депу­тат­тық сау­ал жол­даған бола­ты­н­мын. Алай­да бүгін­гі күн­де қары­здар­ды төлеу тура­лы қозға­лыс байқалмайды.

1 қазан­дағы жағ­дай бой­ын­ша жал­пы бере­шек 341 млрд тең­ге­ге өсті. Бұл мәсе­ле кеше Мәжілістің Аграр­лық мәсе­ле­лер коми­тетінің оты­ры­сын­да қызу талқы­ла­нып, яғни жау­ап­ты құзыр­лы орган­дар – Қар­жы, Ұлт­тық эко­но­ми­ка және Ауыл шару­а­шы­лы­ғы мини­стр­лік­тері тара­пы­нан нақты шешім қабыл­дан­баға­ны­на көзі­міз жетті.

Қар­жы мини­стр­лі­гінің мәлі­меті бой­ын­ша, өңір­лер 9 айдың қоры­тындыс­ын 800 млрд тең­ге табыспен аяқта­ды. Соған қара­ма­стан, өңір­лер бере­шек­терін өте­мей отыр: Қоста­най – 72 млрд, Ақмо­ла – 54 млрд, Сол­түстік Қаза­қстан – 47 млрд, Алма­ты – 36 млрд, Шығыс Қаза­қстан – 35 млрд теңге.

Сон­ды­қтан тағы да қай­та­лап, Сіз­ге тіке­лей жүгі­ну­ге мәж­бүр­міз: Үкі­мет бас­шы­сы ретін­де өзіңіз пәр­мен беріп, бұл мәсе­лені шешу­ге жау­ап­ты орган­ды нақты­ла­ма­саңыз, мәсе­ле сөз­бұй­даға салы­нып орын­дал­мауда. «Сен салар да мен салар, атқа жем­ді кім салар?» деген­дей, шару­а­ның күй­ін кешуде!!!

Фер­мер­лер­дің алдын­дағы мін­дет­те­ме­лер­ді орын­дау – атқа­ру­шы билік өкіл­дерінің тіке­лей мін­деті, жау­ап­кер­шілік болуға тиіс. Ауа рай­ы­ның қолай­сызды­ғы­на қара­ма­стан, бүгін­де елі­міз­де егін ору науқа­ны жүріп жатыр. 13,6 млн гек­тар жер­ден 21,3 млн тон­на астық жинал­ды. Еңбек өнім­ділі­гі жаман емес, ағым­дағы жылы тағы да жоға­ры өнім алуға мүм­кін­дік бар.

Осы орай­да айта кету керек, Азық-түлік келісім­шарт кор­по­ра­ци­я­сы­ның асты­қты сатып алуға қой­ған баға­сы фер­мер­лер­дің ойы­нан шығып оты­рған жоқ. Соны­мен қатар бұл ұйым­ның көп көлем­де астық сатып алуға қауқа­ры да жоқ, себебі қара­жа­ты жет­кіліксіз. Керісін­ше, дәл осын­дай науқан кезін­де бұл ұйым негіз­гі ұйым­да­сты­ру­шы-ойын­шы болуы керек емес пе? Был­тыр Пре­зи­дент солай тап­сыр­ма бер­ген жоқ па?

Фер­мер жинаған асты­ғын өткізу­ге ешқан­дай басы ауыр­мауы керек. Өнім­ді сату­ды және қабыл­да­уды ұйым­да­сты­ру – атқа­ру­шы билік­тің тіке­лей міндеті!

Мем­ле­кет бас­шы­сы Ақмо­ла облы­сы­ның еңбек­кер­лері­мен кез­де­суін­де егін орағы аяқталған­нан кей­ін Ауыл шару­а­шы­лы­ғы қыз­мет­кер­лерінің рес­пуб­ли­ка­лық екін­ші фору­мын өткі­зетінін жари­я­лаған бола­тын. Сон­ды­қтан сол фору­мға дей­ін фер­мер­лер алдын­дағы төлен­бей жатқан, қор­да­ланған қары­здар­ды толық өтеп, Пре­зи­дент алдын­да ауыл еңбек­кер­лерінің жүзі жарқын болға­нын қалар едік.

  • Мәжілісте­гі «Ауыл» пар­ти­я­сы фрак­ци­я­сы­ның депу­тат­та­ры және Аграр­лық мәсе­ле­лер коми­теті мүшелері​ аты­нан
  • Жигу­ли ДАЙРАБАЕВ​​​
Республиканский еженедельник онлайн