Пятница , 4 июля 2025

Халықтың ақшасына қатысты МӘЛІМЕТ НЕГЕ ҚҰПИЯ?

Қызы­лор­да қала­сын­дағы жола­у­шы­лар тасы­мал­дау қыз­меті Қ.Көшербаев облыс әкі­мі болып кел­ген­нен кей­ін жедел қолға алы­нып, сый­ым­ды­лы­ғы жоға­ры үлкен авто­бу­стар­дан тұра­тын 200 орын­дық авто­бус пар­кі салы­нып, халы­ққа қыз­мет көр­се­те бастаған еді. Амал­сыздан тар көлік­тер­ге бүк­шең­деп мініп жүр­ген жұрт­шы­лық қала деген аты­на сай үлкен авто­бу­стар­ды пай­да­ла­нып, бойы тік­теліп, көңілі көтеріліп қалған болатын.

Бірақ ол көлік­тер Қытай­дан қым­бат баға­мен алы­нып, әрі сапа­сыз болған­ды­қтан, олар­дың біра­зы көп ұза­май тоқта­ды. Кепіл­дік мерзім­деріне жет­пей, мотор­ла­ры істен шыққан­да­ры да бар. Жоба­ның тиім­сізді­гі білін­ді. Оның үстіне парк­ті салу мен авто­бу­стар­ды сатып алу үшін Еуро­па даму бан­кі­нен алған неси­ені төлеу мерзі­мі де алқым­нан ала бастады. 

Біз­де нары­ққа көш­кен­нен бер­гі жыл­да­ры қыз­мет көр­се­ту мен халы­қтың тұр­мысы­на қажет­ті тау­ар­лар­дың қым­бат­тап, халы­қтың қал­та­сы­на сал­мақ сала­тын үрдіс айна­лып келіп, авто­бус баға­сы­на да жет­ті. Сөй­тіп, 2017 жылы көп­шілік­тің қар­сы­лы­ғы­на қара­ма­стан, баға 70 тең­ге­ден 90 тең­ге­ге бір-ақ секірді. 

Бұған жұрт әлі де риза бол­май жүр­ген. Сол себеп­ті болар, Қ.Ысқақов облыс әкі­мі болып тағай­ын­да­лы­сы­мен, өзінің алға­шқы жұмысын осы авто­бус пар­кінің қыз­меті­мен таны­сып, жола­у­шы­лар­мен кез­де­су­ден баста­ды. Жұрт оның «кезін­де жолақы­ның өсуіне қар­сы болған жалғыз мен едім» дегені­нен жолақы арзан­дар деп үміт­теніп қалған еді.

Бұл қада­мы­нан авто­бус баға­сы­на бай­ла­ны­сты жақ­сы­лық бола ма деген оймен авто­бус пар­кінің бас­шы­сы­на, онан соң Қызы­лор­да қала­сы­ның әкі­міне қала­лы­қтар бірқа­тар сау­ал­дар жол­даған бола­тын. Жеті сұрақтан тұра­тын біздің сұра­ны­сы­мы­зға авто­бус пар­кі бас­шы­лы­ғы­нан, қала әкім­ді­гінің аты­нан осы сала­ның бөлім бас­шы­сы Е.Рахматулаевтан жау­ап алдық. Бір қызы­ғы, жеті сұрақтың алға­шқы бесе­уіне олар бұл мәсе­ле­лер «парк­тің ком­мер­ци­я­лық құпи­я­ла­ры болып табы­ла­ды» деген жау­ап­ты алға тар­тқан. Бұл сау­ал­дар халы­қа­ра­лық банк­тен алы­нған несие мөл­шері, парк­тің кірісі мен шығы­сы, кре­дит­тің қай­та­ры­луы­на қаты­сты қар­жы­лық мүм­кін­дік, неси­ені өте­у­ге бай­ла­ны­сты бюд­жет­тен суб­си­дия алы­нып отыр ма деген мәсе­ле­лер­ге бағыт­та­лып еді. 

Ал олар шын мәнін­де ком­мер­ци­я­лық құпия болып табы­ла ма? Тура­сын айт­сақ, ешқан­дай да құпия болуы мүм­кін емес. Өйт­кені бюд­жет – халы­қтың қазы­на­сы. Егер авто­бус пар­кі осы­ған жеке қар­жы­сын жұм­сап отыр­са – мәсе­ле басқа­ша. Өкініш­ке орай, бар­лы­ғы бюд­жет қар­жы­сы­на тіреліп отыр. Бірін­ші­ден, парк авто­бу­стар­ды бюд­жет­тің неси­есі есебі­нен сатып алды. Екін­ші­ден, қар­жы­ны қай­та­руға парк­тің мүм­кін­ді­гі жете ме деген сау­ал қызы­лор­да­лы­қтар үшін қазір өте маңы­зды. Несін жасы­ра­мыз, бәл­кім, жет­пей жатқан шығар? Ал жет­пе­се, халы­қа­ра­лық банк мүсір­ке­мей­ді. Ол бюд­жет­ті тырп еткіз­бей­ді. Есеп­ті жаба­ды. Қары­зды өте­мей, бюд­жет есебі тағы ашыл­май­ды. Елдің басқа мүд­десіне керекті ақша осы­лай­ша біры­ңғай сол авто­бус пар­кінің неси­есін өте­у­ге жұм­са­лып, жұрт­ты сабы­л­тып қоюы әбден мүм­кін. Сон­да елге қаты­сты түйт­кіл­ді мәсе­лені сон­ша­лы­қты құпи­я­лап не кере­гі бар? 

Қиы­ны сол – қазір­дің өзін­де парк­те­гі авто­бу­стар­дың тең жары­мы­на жуы­ғы істен шығуға жақын­дап қал­ды неме­се жөн­деу кезе­гін күтіп тұр. Бұл – ұқып­сызды­қтың сал­да­ры. «Мем­ле­кет жақ­сы мене­джер бола алмай­ды» демек­ші, мем­ле­кет­тің неси­есіне сатып алы­нған, ешкім жау­ап бер­мей­тін тір­шілік­тің дәл осы­лай бола­ты­нын әу бастан болжаған едік. Қысқа­сы, бүгін­гі құпия ертең­гі күні-ақ ащы шын­ды­ққа айна­лып, қалың жұрт­шы­лы­ққа жария болуы да ғажап емес. 

Бұл тұрғы­да мынан­дай мәсе­ле тағы ушы­ғып тұрған көрі­неді. Жөн­де­у­ге тұрған авто­бу­стар­дың қосалқы бөл­шек­тері қиян­нан, сон­дай-ақ қым­батқа сатып алы­на­тын сыңай­лы. Маман­дар мұн­дай қым­бат, соны­мен бір­ге пай­да­ла­нуы өте күр­делі авто­бу­стар­ды сатып алған кез­де қай­да қараған? Бірқа­тар аты-жөн­дерін ата­мауды өтін­ген маман­дар: «бізді тың­да­ма­ды, айтуын-ақ айтқан­быз» дейді.

Олар соны­мен бір­ге отан­дық семей­лік өндіріс өнім­дерін, әрі кет­кен­де пай­да­ла­нуға қолай­лы ресей­лік өнім­дер­ді қапер­ге алмаға­ны­на өкініш біл­діреді. Қысқа­сы, осы сау­ал­дар­дың бар­лы­ғы тағы да күмән­ді ойларға жетелейді. 

Несие халы­қтың жолақы­сы есебі­нен өтеліп жатыр. Бұл ақиқат. Бірақ ол қар­жы жет­пей­ді. Жет­пей­тіні – парк­тің шығы­ны көп. Ол орас­ан зор құры­лым. Олар­дың айлы­қта­ры­на, көлік­теріне қан­ша жұм­са­лу­да? Шығын неге көп? 

Шағын «Газель­дер» жолақы­сы 90 тең­ге­ге көтеріл­ген­де, олар­дың қожай­ын­да­ры бала­ша қуан­ды. Олар­дың кей­бір марш­рут­та­ры бой­ын­ша табысы 200% рен­та­бель­ділік­ке жет­кен. Ал қым­бат бағаға сатып алы­нған үлкен авто­бу­стар пай­даға кел­ген­де, олар­мен бәсе­ке­ле­се алмай­тын дәре­же­де қалып отыр. Олай бол­са «Газель­дер­де» жүру баға­сын көтеріп, жұрт­тың қал­та­сын қағу­дың қажеті қан­ша еді?

Ком­мер­ци­я­лық құпия деген­ге келей­ік. Біз­де Кон­сти­ту­ци­ядан жоға­ры тұрған заң жоқ. Оның 20-бабын­да… «Әркім­нің заң жүзін­де тый­ым салын­баған кез кел­ген тәсіл­мен ақпа­рат алуға және тара­туға құқы­ғы бар. ҚР-ның мем­ле­кет­тік құпи­я­сы болып табы­ла­тын мәлі­мет­тер тіз­бесі заң­мен бел­гі­ле­неді» делін­ген. Біз сұраған мәлі­мет мем­ле­кет­тік құпия емес. Біз тый­ым салын­баған, жұрт­тан жиналған бюд­жет пен жүру ақы­сы­нан жиналған қар­жы­ның қай­да жұм­салға­нын сұрап отыр­мыз. Ал оның не мақ­сатқа жұм­са­лып оты­рға­нын ел білу­ге мін­дет­ті. Бар­лық өрке­ни­ет­ті елдер­де солай. Тіп­ті бюд­жет қар­жы­сын жеке мақ­са­ты­на пай­да­ланған­дар қыз­меті­нен кететіні бел­гілі. Ал біз алақан­дай Қызы­лор­да­да бюд­жет қар­жы­сы­ның не үшін жұм­са­лып жатқа­ны жөнін­де мәлі­мет ала алмай­мыз. Парадокс! 

Беріл­ген жау­ап­тың 7‑тармағы бой­ын­ша «Қазір­гі таң­да жола­у­шы­лар тасы­ма­лы­мен айна­лы­сып оты­рған Қызы­лор­да авто­бус пар­кі бар­лық бағыт­тар­ды толы­ққан­ды қам­та­ма­сыз ете алмауы­на бай­ла­ны­сты жеке тасы­мал­да­у­шы кәсіп­кер­лер­мен жалға алу келісім­шар­тқа оты­рған. Олар қазір­гі таң­да 75%-ын құрап отыр» делінген. 

Бұл ара­да тағы да сұрақ туын­дай­ды. Егер авто­бус пар­кі қала­ның бүкіл қыз­мет көр­се­ту аясы­ның 75%-ын қам­тып оты­рған жеке­лер­мен келісім­шар­тқа отыр­са, онда жал­пы авто­бус пар­кі қыз­метінің қажет­тілі­гі де шама­лы болып қалға­ны ғой. 

Беріл­ген жау­ап­та «Қалаі­шілік қоғам­дық көлік­тер­дің қыз­мет көр­се­ту сапа­сын жақ­сар­ту мақ­са­тын­да жаңа­дан авто­бу­стар алуға облы­стық жола­у­шы­лар көлі­гі және авто­мо­биль жол­да­ры басқар­ма­сы­на бюд­жет­тік өтінім жол­данған бола­тын» делініпті. 

Ия, өтінім беру оңай. Үш жыл­да бір авто­бус пар­кі бере­кесіздік­тен тұра­ла­у­ға айнал­са, оны қай­та қал­пы­на кел­ті­ру үшін тағы бюд­жет қар­жы­сы­на жүгі­нуі­міз керек пе? 

Енді осы жау­ап­тар­дың қисы­нын жұр­тқа облыс әкім­шілі­гі түсін­дір­ме­се, біз түсін­ді­ре алар емеспіз?!

Е. ТОЙБАЗАР,

Қызы­лор­да қаласы

Республиканский еженедельник онлайн