Четверг , 3 июля 2025

ХАЛЫҚТЫҢ ҚАЛАУЫҚАШАН ҚАБЫЛ БОЛАДЫ

Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Президенті,

Пар­ла­мент пала­та­ла­ры­ның төрағалары

Үкі­мет бас­шы­сы­ның назарына

Қаза­қстан­да батыр­ла­ры мен ақын­да­рын, халы­ққа еңбе­гі сің­ген қай­рат­кер­лерін, дара тұлға­лар­ды құр­мет­теп, солар­ды үлгі тұту мақ­са­тын­да есім­дерін елді мекен­дер­ге, білім орын­да­ры­на, т.б. беру дәстүрі қалып­та­сты. Жоңғар шапқын­шы­лы­ғы, Ресей отар­шыл­ды­ғы, кеңе­стік билеп-төстеу дәуір­лерін­де­гі жер-су, елді мекен­дер мен аудан­дар ата­у­ла­рын ұлт­тық бол­мысқа, тәу­ел­сіздік талап­та­ры­на сай жаңғыр­ту – маңы­зды мәсе­ле. Алма­ты облы­сын­да әлі де бол­са өзгер­тілуі тиіс ата­у­лар бар. Солар­дың қата­рын­дағы Кеген, Еңбек­шіқа­зақ, Ұйғыр аудан­да­ры­ның, Қызы­л­ше­ка­ра, Нары­нқол, Шон­жы, Кеген ауыл­да­ры­ның ата­у­ла­ры­на қаты­сты пікір біл­діріп, ұсы­ныс айтамыз.

Кеген ауда­нын Мұқаға­ли ауда­ны деп өзгер­ту туралы

2017 жылы 17 тамыз күні Кеген ауы­лын­да аудан жұрт­шы­лы­ғы­ның өкіл­дері, облы­стық, аудан­дық мәс­ли­хат­тар­дың депу­тат­та­ры, тарих­шы ғалым­дар, ел аза­мат­та­ры қаты­сқан жиын­да Рай­ым­бек ауда­ны­нан бөлін­ген аудан­ның атын бел­гілеу мәсе­лесі талқы­лан­ды. Жаңа аудан­ды қаза­қтың көр­нек­ті ақы­ны Мұқаға­ли Мақа­та­ев­тың есі­мі­мен Мұқаға­ли ауда­ны деп атау жөнін­де біра­уы­здан ұйға­рым жасал­ды. Жина­лыс хат­та­ма­сы Тал­ды­қорғанға, облы­стық әкім­дік­ке табыс етіл­ді. Алай­да оның бұры­нғы Кеген ата­уы қал­ды­рыл­ды. Облы­стағы­лар солай ұйғар­са керек. Уәж­дері: «Бөлі­ну кезін­де үйрен­шік­ті атау қолай­лы екен, Мұқаға­ли есі­мін кей­ін­ге қал­ды­ра тұрған абзал». Одан бері жеті жыл­дан аса уақыт өтті. Халы­қтың қала­уы әлі орын­далған жоқ.

Жоңғар шапқын­шы­лы­ғы зама­ны­нан қалған «Кеген» (Гэг­эн) деген сөздің ұғы­мы ескір­ген. Оның келе­шек ұрпақ үшін ешқан­дай мәні қал­ма­ды. Кеген өзені, Кеген ауы­лы бар. Оған аудан атын үсте­ме­леу тіп­ті артық. Кеген ауда­ны енді Мұқаға­ли ауда­ны атан­са, ақы­нға деген сүй­іспен­шілік екі өңір­дің халқын бұры­нғы­дан да жақын­да­сты­ра түседі, ақын есі­мі жаңа ауданға тың күш береді. Оны бүкіл Қаза­қстанға әйгілі ете­ді. Аудан «Мұқаға­ли еліне» айна­ла­ды, елі­міз­ден, алыс-жақын шетел­дер­ден Мұқаға­ли ауда­нын көр­гісі келетін­дер көбей­еді. Бұл – ішкі және сыр­тқы туриз­мнің дамуы­на ықпал етеді.

Абай ауда­ны, Жам­был ауда­ны, Мағ­жан Жұма­ба­ев ауда­ны қата­ры­на ақы­нын ардақтаған елдің бел­гісі ретін­де Мұқаға­ли ауда­ны қосыл­са, қан­дай жара­сым­ды және лайықты!

Мұқаға­ли Мақа­та­ев­ты бүгін­гі қазақ қоға­мы өте жақ­сы біледі. Жыр­ла­ры мил­ли­он­даған жүрек­тер­ді бау­раған ақын­ның есі­мі айры­қ­ша құр­мет­пен ата­ла­ды. Мұқаға­ли­дың дауы­сы – азатты­ққа ұмты­лған Ала­штың дауы­сы. Оның жыры күрес­кер­лік рух пен махаб­бат­тан өріл­ген, ізгілік пен иман­ды­лы­ққа үнде­ген. Мағы­на­лы сөз­дері ой тереңіне бой­ла­та­тын, асыл мұрат­тарға жете­лей­тін өмір­шең өлеңі кеше мен бүгін­ді, бүгін мен ертеңді жалғай­ды. Сон­ды­қтан да ол – «ХХІ ғасыр­дың құр­да­сы», сон­ды­қтан да ол – бола­шаққа жыл­жып бара жатқан қазақ көшінің алдын­да, сон­ды­қтан да ол – «миы­на ұлт­тың коды жазы­лған ақын».

Мұқаға­ли – ұлтқа және ұрпаққа керек тұлға. Халы­қтың ұста­зы­на айналған ағар­ту­шы. Ұлы ақын­ды ұлы­қта­удың мәнісі мен маңы­зын осы тұрғы­дан түсін­гені­міз жөн.

Ұлан-ғай­ыр дары­ны­мен бір елдің аясы­нан асып, бүкіла­дам­заттық биік­ке көтеріл­ген М.Мақатаевты өмір сүр­ген зама­ны дер шағын­да баға­лап үлгер­меді. Поэ­зия көгін­де көрі­нуді пеше­несіне жазға­нын анық ұғы­нған, өз еңбе­гінің қай­та­ры­мы­на сен­ген хас талант қала­мы­нан өшпес, өлмес өлең туды. «Ақын­ның ақын­ды­ғы атақта емес, Ақын­ның ақын­ды­ғы арда ғана». Мұқаға­ли­дың бұл аны­қта­ма­сы дәл өзі үшін де айты­лған­дай. Ақын­ды ары­ның таза­лы­ғы, адам­дарға адал­ды­ғы, шын­шыл­ды­ғы мен табиғи­лы­ғы, боя­ма­сыз бол­мысы кей­ін үлкен құр­мет­ке бөледі. Ол қоғам­дық құбы­лы­стар­ды, табиғат тыл­сым­да­рын, пен­де­лер­дің пиғы­лын тамыр­шы­дай тап басып, сана- сезім­нің без­беніне сал­ды. Ақын жыр­ла­рын­дағы алтын таға­дай шеге­лен­ген астар­лы ойлар, жан толқы­тар толға­у­лар иірі­мі оны әлем­дік ойшыл­дар­дың қата­ры­на қосты.

Мұқаға­ли – ұлт­тық мақта­ны­шы­мыз. Оның кін­дік қаны Жеті­су­дың топы­рағы­на там­ды. Тал бесі­гі тау­лар­дың аясын­да тер­бел­ді. Ақын даңқы жер­ле­стерінің бәріне ортақ. Хан тәңірі шыңы­на көз салған биік өңір­дің өр тұлға­лы тұрғын­да­ры Мұқаға­ли өлең­дерін жатқа айта­ды, әнге қосып шырқай­ды. Ақы­ны­мен сыр­ла­са­ды, мұң­да­са­ды. Арты­на қал­ды­рған тең­десі жоқ руха­ни қазы­на­сы­нан сусындайды.

Мұқаға­ли десек, аспан­та­у­лар­дың бар­лық аймағы көз алды­ңа келеді. Мұқаға­ли десек, баба­ла­ры­мы­здың бей­не­лері еске түседі. Осын­дай дара талант иесін кеңе­стік кезең лай­ы­қты баға­ла­ма­ды, мара­па­тын қима­ды. Жыр тар­ла­ны дүни­е­ден озған соң кет­кен қателік­тер түзеті­ле баста­ды. Тәу­ел­сіз елі, туған халқы тұл­парға лай­ық ер-тұр­ма­нын түген­деді. Атап айтқанда:

1983 жылы Қаза­қстан Жазу­шы­лар одағы әде­би сый­лық тағай­ын­да­ды. Оның ішін­де М.Мақатаев атын­дағы сый­лық та бол­ды. Бұл сый­лы­қ­пен 1985–1990 жыл­дар ара­лы­ғын­да бір­ша­ма қалам­гер­лер марапатталды.

1991 жылы «Жазу­шы» бас­па­сы «Тұл­пар» сый­лы­ғын бел­гілеп, оның алға­шқы жүл­де­гері М.Мақатаев бол­ды. «Жыр­лай­ды жүрек» кіта­бы лау­ре­ат атанды.

2000 жылы Қаза­қстан Жазу­шы­лар одағы басқар­ма­сы­ның шеші­мі­мен екі тұлғаға – Мағ­жан Жұма­ба­ев пен Мұқаға­ли Мақа­та­евқа «Ғасыр ақы­ны» атағы берілді.

2000 жылы «Ама­нат» жыр кіта­бы үшін М.Мақатаевқа Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы Мем­ле­кет­тік сый­лы­ғы берілді.

Алма­ты облы­сы, Жам­был облы­сы, Оңтүстік Қаза­қстан облы­сы және Алма­ты қала­сын­да бірқа­тар мек­теп­тер­ге ақын­ның есі­мі беріл­ді. Алма­ты мен Тал­ды­қорған­да ескерт­кі­ш­тер ашыл­ды. Ақын­ның Қара­саз­дағы мемо­ри­ал­дық музейі бүгін­гі заманға сай қай­та жаңғыртылды.

Ақын өмір­ге кел­ген 9 ақпан – «Мұқаға­ли күні» ретін­де ата­лып жүр. Бұл күні Қаза­қстан­ның бар­лық аймағы Мұқаға­ли жыры­мен сусын­дай­ды. Оның рухын еске ала­ды. Бұл – қазақ поэ­зи­я­сы­на зор үлес қосқан ақиық ақы­нға арналған қалың қауым­ның құрметі.

2005 жыл­дан бастап әде­би-мәде­ни, рес­пуб­ли­ка­лық таным­дық «Мұқаға­ли» жур­на­лы шығып келеді. 2016 жылы «Мұқаға­ли» энцик­ло­пе­ди­я­сы жарық көр­ді. Әділ Медет­ба­ев «Мұқаға­ли және Моцарт» деген деректі фильм түсір­ді. Әлем­дік екі тұлға­ны бір-бірі­мен салы­стыр­ды. Серік Жан­бо­лат жасаған осын­дай фильм де көп­шілік­тің көңілі­нен шықты. Әкім Тара­зи, Ораз­бек Боды­қов, Серік Тұрғын­бекұ­лы секіл­ді дра­ма­тург­тер Мұқаға­ли тұлға­сын сахна­да сомдады.

70-жыл­дар­дың соңын­да Мұқаға­ли жыр­ла­ры «Зов души» деген атпен орыс тілін­де шықты. Сол үрдіс одан әрі жалға­сты. Орыс оқыр­ман­да­ры Мұқаға­ли­мен қай­ы­ра қауы­шты. 2011 жылы ақын өлең­дерінің хан­зу тілін­де­гі аудар­ма­сы қытай жұр­тын там­сант­ты. 2014 жылы түрік тілін­де шыққан қабы­рға­сы қалың кіта­бы тез тара­лып кет­ті. Қазақ жыры Мұқаға­ли арқы­лы екін­ші жар­ты шарға өтіп, 2015 жылы Нью-Йорк қала­сын­дағы «Metropoliten Classics» ком­па­ни­я­сы ақын өлең­дерін ағы­л­шын тілін­де шығар­ды. ТМД-ның әде­би­ет сүй­ер қауы­мы үшін Мұқаға­ли Мақа­та­ев таны­мал ақын.

Бүгін­гі мәнер­мен бей­не­ле­сек, Мұқаға­ли есі­мі – бренд. Мәсе­лен, оның аты­мен аталған оқу орын­да­ры білім дары­тқан құт­ты шаңы­рақтарға айнал­ды. Осын­дай мүм­кін­дік­ті туған жұр­ты­ның да пай­да­ла­на­тын сәті туып тұр.

Кеген ауда­ны деген­ді өзгер­тіп, оны Мұқаға­ли ауда­ны деп атау – біздің ұлт­тық таны­мы­м­ы­зға жақын келетін, дәстүр­ге айналған баста­ма­лар­дың жалға­сы болмақ.

Еңбек­шіқа­зақ ауда­нын Достық ауда­ны деп өзгер­ту туралы

Қазір­гі Еңбек­шіқа­зақ ауда­ны 1928 жылы Сөгеті ауда­ны деген ата­у­мен құры­лған. 1929 жылы тап­тық сана үстем­дік құрған идео­ло­ги­я­ның ықпа­лы­мен Еңбек­шіқа­зақ атан­ды­ры­лған. Бұл – бай­лар мен ауқат­ты­лар­ды тәр­кіле­ген, кедей-кеп­шік­ті көтер­ме­ле­ген қилы заман­дағы қызыл сая­сат­тың жемісі. Про­ле­та­ри­ат пен шару­а­лар­дың үстем­ді­гін аңғар­ту үшін қаза­қты топқа, тапқа бөліп, «еңбек­ші» деп ен салған­дай бөлек­ше ата­ды. Еңбек етпей­тін ел жоқ, қазақ ұлтын «еңбек­ші», «еңбек­ші емес» деп жік­те­у­ге бол­ма­са да, ком­пар­тия соған бар­ды. Ерсілік­ке еті үйрен­ген жұрт бұған да көн­ді. Тіп­ті селт етпей­тін жағ­дай­ға жет­ті. Енжар­лық енді етек­тен тарт­па­сын. Бүгін­гі таным, жаңа­ша көзқа­рас одан ары­лу қажет­ті­гін күн тәр­тібіне қой­ып отыр.

Аудан­да қаза­қтан басқа бір­не­ше ұлт өкіл­дері өмір сүреді. Қаза­қтар халы­қтың 60 пай­ы­зын құра­са, ұйғыр­лар – 18, оры­стар – 13, түрік­тер – 5, әзір­бай­жан­дар мен күрд­тер – 3 пай­ы­зды құрай­ды. Бұдан басқа да этнос өкіл­дері бар. Бәрі де ортақ Ота­ны – Қаза­қстан­ның игілі­гі үшін еңбек етіп жүр. Мекені­міз – қазақ ауда­ны, онда да «еңбек­шіқа­зақ» ауда­ны деп, қай­да тұра­ты­нын айт­са, шетел­дік­тер таң­дан­бай қал­май­ды. «Мем­ле­кет­ті құраған, оған қастер­леп аты жазы­лған ұлтқа бір аудан­ды телі­гені қалай, оған еңбек ететін­дер аны­қта­ма­сын қоса тір­ке­гені несі?» дей­тін сұрақтарға жау­ап қатуға ұяласың.

Аудан­дағы әр кезең­дер­де келіп қоны­станған қыры­қтан астам ұлт өкіл­дерінің тату-тәт­ті тір­лі­гі, мақ­сат-мүд­десінің ортақты­ғы, достық пей­ілі – өте маңы­зды құн­ды­лық. Алға­шқы ата-баба­ла­ры 1854 жыл­дан бастап шұрай­лы Жеті­су жеріне бекініс салып, отар­лау арқы­лы кір­ген оры­стар, олар­мен іле­се жет­кен татарлар,1881 жылғы Қытай мен Ресей ара­сын­дағы келісім­нен кей­ін, Цин импе­ри­я­сы­на қар­сы көтеріліп, қуда­ла­удан соң бас сауға­лаған, қазақ жеріне қоныс аударған ұйғыр­лар мен дұнған­дар, 1906 жыл­дар­да Сто­лы­пин реак­ци­я­сы кезін­де көшіріл­ген укра­ин­дар, қара­шек­пен­ділер, 1937 жылы Қиыр Шығы­стан жер ауда­ры­лған кәрістер, 1940 жылы Батыс Укра­и­на мен Бело­рус­си­ядан жер ауда­ры­лған поляк­тар, одан соң Еділ жаға­ла­у­ы­нан көшіріл­ген немістер,1944 жылы Гүр­жістан­нан, Кав­каз­дан жер ауда­ры­лған ақы­сқа түрік­тері, чешен­дер, әзір­бай­жан­дар, күрд­тер ұрпақта­ры – Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның аза­мат­та­ры, осы аудан­ның тұрғындары.

Жер­гілік­ті қазақ халқы тағ­дыр айдап кел­ген сол ұлт өкіл­дерінің бәрін кең құшағы­на алды, ешқай­сысын кеудесі­нен итер­меді, қамқор­лық жаса­ды. Шынайы досты­қтың баста­уы – қазақ халқы­ның ақ пей­іл­ділі­гі, сабы­ры, төзім­ділі­гі, толе­рант­ты­лы­ғы. Бей­біт, мамы­ра­жай елдің орта­сы­на келіп орны­ғып, оны мәң­гілік мекен еткен қоны­ста­ну­шы жұрт­тың екі ғасы­рға жуық уақыт ара­сын­да бай­ла­ны­ста­ры бекіді, түсіністік­тері арт­ты, достық, туы­стық қарым-қаты­на­ста­ры қалып­та­сты. Ел тәу­ел­сізді­гі, оның дамуы мен гүл­де­нуі – бәріне ортақ мұрат. Еңбек­шіқа­зақ ауда­нын ДОСТЫҚ ауда­ны деп өзгерт­се, жаңа­ша ата­са – әбден жара­сым­ды болар еді.

Қаза­қстан ата­уы рес­пуб­ли­ка­ның, мем­ле­кет­тің ата­уы ретін­де Кон­сти­ту­ци­яға, халы­қа­ра­лық құқы­қтық құжат­тарға жазыл­ды, әлем­ге солай таныл­ды Оған Қазақ ұлты негіз етіл­ді. Сон­ды­қтан қазақ ата­уын ұсақта­тып, керексіз аны­қта­уыш қосып, аудан­ды, елді мекен­дер­ді атау – қисын­сыз әрі ерсі. Соны­мен қатар елі­мізді мекен­де­ген көп­те­ген этно­стар­дың қай-қай­сысы­ның ата­уы­мен аудан­дар­ды, ауыл­дар­ды айшы­қтау, бөлек­теу үлкен қателік. Оны түзет­кен абзал. Жеке біре­улеріне арты­қ­шы­лық жасап, өзге­лерін еле­усіз қал­ды­ру – ұлт­тар­дың теңді­гін қам­та­ма­сыз еткен­дік емес, керісін­ше, ала­лаған­дық болып шыға­ды. Кәріс ауда­ны, неміс ауда­ны, орыс ауда­ны, татар ауда­ны, әзір­бай­жан ауда­ны, т.б. деп қоя бер­се, бөлек­те­ну, бөл­шек­те­ну баста­ла­ды. Ал бұл ел мен жер­дің, мем­ле­кет­тің тұта­сты­ғы­на қатер төн­діреді. Сон­ды­қтан ешкім­ге де арты­қ­шы­лық жасал­май, бәріне тең қарау тәр­тібі орна­ты­луы тиіс!

Ұйғыр ауда­нын Қара­да­ла ауда­ны деп өзгер­ту туралы

Мұн­дай ұсы­ны­стың жасалға­ны­на бір­ша­ма уақыт өтті. Алай­да бұры­нғы облыс бас­шы­ла­ры сөз­бұй­даға салып, ерік-жігер таныт­пай, халы­қтың орын­ды қала­у­ы­на қырын қарап кел­ді. Бұл – қоғам­да түсін­бес­тік тудыр­ды. Ұлта­ра­лық мәсе­ле­ге сызат түсір­мей ме деген әсі­ре сақтық пен жөн­сіз жасқан­шақты­қтан ары­ла­тын уақыт жет­ті. Қаза­қстан­дағы аудан­дар­дың, елді мекен­дер­дің бір­де-біре­уі өзге этно­стар­дың, диас­по­ра­лар­дың аты­мен атал­май­ды, неге тек ұйғыр­ларға ерекше арты­қ­шы­лық беріледі деген орын­ды сұраққа жау­ап беріл­меді. Егер ежел­ден тари­хи мекені бол­са, осы аймақты сыр­тқы жаудан қорғап, ата-баба­ла­ры қан төк­се – бір сәрі.

Жасы­рып жабуға кел­мей­тін ақиқат­ты ашық айтай­ық: аудан атын ием­ден­ген­дерін азсы­нған­дай, авто­но­ми­я­лық ұйғыр облы­сы неге бол­май­ды, жер біздікі деп, «Шығыс Түр­кістан­ды» құру иде­я­сын жақта­у­шы­лар тіп­ті ашық кете баста­ды. «Шығыс Түр­кістан рес­пуб­ли­ка­сы» туын көте­ру­шілер оны сим­во­ли­ка ретін­де көлік­тері мен киім­деріне жап­сы­рған жағ­дай­лар да бол­ды. Адам­дар ара­сын­да бөлек­те­ну­шілік­тер бай­қал­ды. Деген­мен, мұн­дай ұлта­ра­лық араз­ды­қты туды­ра­тын сепа­ра­ти­стік пиғыл­дар­дың өршуіне жол беріл­меді. Алай­да ұшқын тастай­тын ұшқа­ры ойлар­дың, қатер­лі түсінік­тер мен қау­е­сет­тер­дің пай­да болуы­ның негіз­гі себебі жой­ыл­ма­ды. Сон­ды­қтан да «Ұйғыр ауда­ны ата­уы өзгер­тіл­сін!» деген талап­тар жиі қай­та­лан­ды. Бір­де басы­лып, бір­де қай­та бас көте­ретін сепа­ра­ти­стік арам­за­лы­қты мүл­де тый­ып тастау үшін, тари­хи ақиқатқа жүгін­ді­ру, түсінік, тәр­бие жұмыста­рын жүй­елі жүр­гі­зу, заң­дық шара­лар­ды қол­да­ну қажет. Бөлек­те­нудің басты сипа­ты­на айналған диас­по­ра атын аудан­нан алып тастау – ең тиім­ді шара!

Шығыс Түр­кістан – ежел­ден көк түрік­тің қоныс еткен жері, жағра­пи­я­лық атау. 1860–1870 жыл­да­ры Үндістан­ды отар­ла­уды азы­рқанған ағы­л­шын­дар Орта Ази­яға ұмтыл­ды, Шығыс Түр­кістан­да Ман­жур пат­шаға қар­сы көтеріл­ген ұйғыр шару­а­ла­ры­ның күресіне қол­дау жаса­ды, ал Орыс импе­ри­я­сы да қарап қал­ма­ды, өз әскерін кір­гізіп, Ілені басып алды, Қытай­ға дем бер­ді. 1867 жылы «Жеті­шар мем­ле­кеті» құрыл­ды, бірақ ғұмы­ры ұза­ққа бармады,1877 жылы Шығыс Түр­кістан­ды Қытай өзіне қара­тып алып, Шин Жияң деген – «жаңа аумақ» ата­уын бер­ді. Пат­ша­лық Ресей ұлы дер­жа­ва­лар­дың қысы­мы­м­ен Лива­дий шар­ты бой­ын­ша Шығыс Түр­кістан­нан кету­ге тиіс бол­ды. Санкт-Петер­бург­те қол қой­ы­лған шарт бой­ын­ша көтеріліс­ші ұйғыр­лар мен дүн­ген­дер­ді Жеті­су жеріне көшіріп, қоныстандырды.1884 жылы 9572 таран­шы отба­сы – 45 373 ұйғыр Жеті­суға орны­қты. 1897 жылы 56 мың ұйғыр, 14 мың дұнған санаққа ілін­ді. Оларға Жар­кент­тен, Шон­жы­дан, Ақсу-Шарын­нан, Малы­бай­дан, Қорам­нан қазақ жері тегін беріл­ді. Яғни, ұйғыр­лар мен дүн­ген­дер – Қаза­қстан­да бұрын бол­маған, сыр­тқы жау­лар­дан бұл жер­лер­ді қорға­маған, Ресей отар­ла­у­шы­ла­ры­ның итер­ме­ле­уі­мен жер ауып кел­ген­дер. Бодан елге жасалған көп зор­лы­қтың бірі – қаза­қты осы­лай­ша одан әрі жері­нен айы­ру, азшы­лық ету, көп­тің бірі жасау еді. Диқан­шы­лы­қты кәсіп қылған ұйғыр­лар мен дүн­ген­дер жер иесі­нен, яғни қаза­қтан ешқа­шан қысым көр­ме­ген, тір­лі­гін жасап күнін көр­ген, қатар өмір сүрген.

1931 жылы Қытай биле­ушілерінің озбыр­лы­ғы­на шыда­маған Құмыл­дағы ұйғыр, қазақ шару­а­ла­ры­ның көтерілісі бастал­ды, Ақсу, Қашқар халқы да жап­пай көтерілді.1933 жылы Қашқар­да Шығыс Түр­кістан Ислам рес­пуб­ли­ка­сы құрыл­ды. Кеңе­стер Одағы өз мүд­десін ойла­ды. Бір­де қытай билі­гін, бір­де халық көтерілісін жақта­ды. Қытай биле­ушісінің бірі Шың Шы Сай Ста­лин­нен көмек сұра­ды, Кеңес Одағы әскер кір­гізді. Ком­пар­ти­яға мүше болып, соци­а­лизм орна­та­мыз деген ол соңын­да Гомин­дан­нан қол­дау күт­ті, қызыл әскер­ді қуып шықты. КСРО 1949 жылы Шығыс Түр­кістан рес­пуб­ли­ка­сын орны­қты­руға болы­сты. Ондағы жос­пар – төң­керістер мен соғы­стар­ды бастан өткеріп жатқан көр­ші елді, қан­дай мем­ле­кет құра­ры­на қара­ма­стан, оны өзіне қара­тып, шека­ра ара­лық бел­деу жасап, өз қауіп­сізді­гін қам­та­ма­сыз ету. Ста­лин осын­дай сая­сат­ты жыл­дар бұрын ойла­сты­рып, Шығыс Түр­кістан аймағын мекен­де­ген, сан­дық жағы­нан басым­дау ұйғыр­лар­ды пай­да­ла­ну­ды көз­де­ген. Оларға дер­бес мем­ле­кет иесі бола­сы­ң­дар, біз қашан да қол­дау жасай­мыз деген сенім­ді орны­қты­ру үшін, шека­ра­лас жер­де­гі Қаза­қстан­ның бір ауда­ны­на Ұйғыр диас­по­рас­ы­ның атын бер­гізді. Екін­ші жағы­нан алған­да, олай жасау – Қытай­ға көр­сетіл­ген сес, ескер­ту. «Жаңа аумағы­ң­ды», қажет етсек, көтеріліс жаса­тып, бөлек­те­те­міз, «Шығыс Түр­кістан – қап түбін­де жатқан қан­жар» дегені бол­са керек.

Кеңе­стік сой­қан сая­сат­тың кері айна­лып соғар соққы­сын Тәу­ел­сіз Қаза­қстан енді сезініп отыр: сыр­тқы күш­тер сепа­ра­тиз­мнің улы ұры­ғын төгетін жер ретін­де осы аудан­ды бекер­ге таң­да­май­ды. 1935 жылы айла­кер­лік­пен ауданға беріл­ген ата­удың осын­дай сыры бар. Қазір мұны түсі­нетін, ашып айта­тын жағ­дай­да­мыз. Арам­за ойдан, жаман­ды­қтан, теріс пиғыл­дан ада ұйғыр ағай­ын­да­ры­мыз кеше­гіні, бүгін­гіні, ертеңді қатар сара­лап, ортақ үйі­міздің – қаси­ет­ті Ота­ны­мы­здың тыны­шты­ғын, халы­қта­ры­мы­здың сый­ла­сты­ғын қадір­лей­ді, мем­ле­кеті­міздің мызғы­ма­сты­ғын, жері­міздің тұта­сты­ғын қорғай­ды деп сене­міз. Сол сенім Ұйғыр ауда­ны ата­уын Қара­да­ла ауда­ны деп ауы­сты­руға сеп­ті­гін тигі­зері даусыз.

Қара­да­ла – осы өңір­дің тари­хи ата­уы. Ал оны қай­та жаңғыр­ту арқы­лы жасалған қия­нат­ты түзе­те­міз, оған толық хақы­лы­мыз. Ерте ме, кеш пе солай болуы тиісті еді. Сәті туды, енді созбақта­удың жөні жоқ. Сая­си себеп­тер­мен өзгер­тіл­ген, сана­дан өшіріл­мек болған, баба­лар­дың кей­ін­гі ұрпақтарға қал­ды­рған мұра­сын сақтап қалуға, қал­пы­на кел­тіру­ге біз мін­дет­ті­міз. Бұл – қазақ халқы­на құр­мет­пен қарай­тын бар­ша адал ниет­ті тұрғын­дар­дың ұлт­тық тегіне қара­ма­стан қол­дау көр­се­тетін, құп­тай­тын ортақ ісі болмақ.

Қызы­л­ше­ка­ра неме­се Нары­нқол ауыл­да­ры­ның бірін

Бер­ді­бек ауы­лы деп атау туралы

Қазақ әде­би­етінің клас­си­гі, даңқты бала­лар жазу­шы­сы Бер­ді­бек Соқ­пақ­ба­ев­тың 100 жыл­ды­ғы был­тыр ЮНЕСКО көле­мін­де ата­лып өтті. Нары­нқол ауы­лын­да Жастар­дың дема­лыс пар­кі ашы­лып, оған Бер­ді­бек Соқ­пақ­ба­ев­тың аты беріл­ді, ескерт­кіш қой­ыл­ды. Ұлы жазу­шы­ның «Менің атым Қожа», «Бала­лық шаққа сая­хат», «Чем­пи­он», «Қай­да­сың, Гаухар?» атты хика­ят­та­ры мен «Өлген­дер қай­тып кел­мей­ді» рома­ны әлем­де­гі үздік шығар­ма­лар­дың қата­ры­на қосыл­ды. Жазу­шы­ның кіта­бы Нью-Йорк қала­сын­да ағы­л­шын тілін­де жарық көр­ді. «Менің атым Қожа» дүние жүзі халы­қта­ры­ның алпыс сегіз тіліне ауда­ры­лға­нын, осы аттас фильм­нің 1963 жыл­дан бері экран­нан түс­пей келе жатқа­нын ескер­сек, бұл жазу­шы­мы­зды қалай құр­мет­те­сек те, әбден лай­ы­қты екен­ді­гін көреміз.

Бер­ді­бек Соқ­пақ­ба­ев Қостө­бе ауы­лын­да туған, Нары­нқол, Қызы­л­ше­ка­ра – бала­лық шағы өткен, оқы­ған ауыл­да­ры, әде­би шығар­ма­ла­ры­ның кей­іп­кер­лері де осы өңір­лер­дің адам­да­ры. Соғыс жыл­да­рын­дағы, кеңе­стік кезең­де­гі оқиға­лар да, жер, су ата­у­ла­ры да өскен, өмір сүр­ген орта­сы­ның ақиқа­тын қам­ты­ған. Сон­ды­қтан Бер­ді­бек есі­мін жоға­ры­дағы ауыл­дар­дың біре­уіне беріп, «Бер­ді­бек ауы­лы» деп ата­сақ, қан­дай жара­сым­ды! Бұл ара­да Қостө­бенің көле­мі өте шағын болған­ды­қтан, ол аса таны­мал қалам­гер­ге лай­ы­қты бол­мас дей­міз. «Сүм­бе», «Нары­нқол» ата­у­ла­ры жоңғар ойрат­та­ры­нан, ал «Қызыл шека­ра» кеңе­стік сая­сат­тан қалған ата­у­лар. Олар­дан ары­лған абзал. Алға­шқы екі ата­у­мен өзен­дер­дің аталға­ны аздық етпес.

Шон­жы ауы­лын Әлме­рек ауы­лы деп атау туралы

«Шон­жы» ата­уы жоңғар шапқын­шы­лы­ғы кезін­де пай­да болған. Оған дей­ін­гі деректер­де, кар­та­лар­да кез­дес­пе­ген. «Цин­дин хуан юй си юй ту чжи» («Пат­ша бекіт­кен Батыс өлке кар­та­ла­ры мен сипатта­ма­ла­ры») деген ең соңғы нұсқа­сы 1782 жылы бас­па­дан (Қытай­да) шыққан еңбек­те «Шон­жы» тура­лы дерек бар және кар­та­лар бөлі­мін­де оның нақты орны сол маң­дағы жер­лер­мен қоса көр­сетіл­ген. Шон­жы – Жеті­су жеріне ойран салған жоңғар­дың қол­бас­шы­сы. Ол Әлме­ректі жек­пе-жек­ке шақы­рып, қазақ баты­ры­ның қолы­нан қаза тапқан. «Қал­мақ қыры­лған» деген жер ата­уы сияқты оқиға­дан кей­ін жұрт жадын­да сақта­лып қалған көп ата­удың бірі осы – Шон­жы. Қас­ке­лең, Шамалған, Борал­дай, Аға­нас, т.б. жер ата­у­ла­ры жоңғар қон­тай­шы­ла­ры мен қол­ба­сы­ла­ры­ның, батыр­ла­ры­ның жеңіліс­ке ұшы­раған, мерт болған жер­лерінің аты­мен тіке­лей бай­ла­ны­сты. Мұн­дай мысал­дар көп. Шон­жы сөзінің моңғол неме­се ұйғыр тіліне қаты­сы жоқты­ғын, ата­лу мерзі­мінің тари­хи оқиға­лар­дан кей­ін дерек ретін­де көрініс тапқа­нын ескер­сек, оның басқын­шы­лар қата­рын­да болған адам есі­мі­мен үйле­сетінін көре­міз. Қысқа­сы, Шон­жы – жоңғар- ойрат есі­мі, қазақ жерін жау­ла­у­шы­ның аты. Оны сақтап қалай­ық, өзгерт­пей­ік деу – өзіңді сый­ла­мау­шы­лық, баба­лар­дың жан беріп, қан төгіп қорғаған жерін қор­лаған­дық. Әу баста «Шон­жы жеңіл­ген», «Шон­жы өлген» ата­нып, кей­ін қысқар­ты­лған түрі­мен бүгін­ге жет­кен, мағы­на­сы­на мән беріл­ме­ген келеңсіздік­тен ары­лай­ық. Бұл елді мекен­ді – Шон­жы ауы­лын Әлме­рек баба аты­на ауы­сты­ру жөнін­де­гі халық ұсы­ны­сы өте орынды.

Әлме­рек Жан­шы­құ­лы 1658–1756 жыл­да­ры өмір сүр­ген. Қаза­қстан ұлт­тық энцик­ло­пе­ди­я­сын­да былай делін­ген: «Әлме­рек – батыр, шешен, көріп­кел, әулие, ат жалын тар­тып мін­ген­нен бастап қазақ жаста­ры­нан жоңғарға қар­сы жасақ ұйым­да­стыр­ды. Сар­ба­з­дар­дың қата­ры көбей­іп, соғы­стың әдіс-айла­сын мең­гер­ген­нен кей­ін, жоңғар­ларға тұтқиыл шабуыл жасап, Сөгеті тауы, тағы басқа жер­лер­де оларға соққы бер­ген қазақ халқы­ның жадын­да Әлме­рек абы­здың есі­мі көріп­кел әулие ретін­де көбірек сақталған. Одан Қан­гел­ді, Бақай, Малай, Рай­ым­бек батыр­лар бата алған». Тари­хи тұлға – Әлме­ректің ауыз әде­би­етінің мате­ри­ал­да­рын­да әрі батыр, әрі абыз, әрі баба деп ата­лы­нуы оның өмірінің кезең­дерін көр­се­те­ді. Жас сар­баз күре­стер­де шың­да­лып, қол бастар батыр бол­ды, жасы ұлғай­ған­да жеке басын­дағы қаси­ет­тері мен қабілет­терінің арқа­сын­да абыз атан­ды. Ғұмы­рын ат үстін­де өткіз­ген ол ел мен жер­ді қорға­удың, ерлік­тің, ақыл-пара­сат­тың өне­гесін көр­сет­ті. Халы­қтың бір­лі­гіне, ынты­мағы­на, рухы­ның күшті болуы­на қыз­мет етті.

Әлме­рек Жан­шы­құ­лы Алма­ты іргесін­де­гі өзінің есі­мі беріл­ген ауыл­да жер­лен­ген. Кешен­ді кесене тұрғы­зы­лған, мешіт, мей­ман­ха­на салы­нған. Ұйғыр ауда­ны Шон­жы ауы­лын­да үлкен ескерт­кіш тұрғы­зыл­ды. Бүгін­гі ұрпаққа жет­кен аңы­здар мен жыр-дастан­дар­да Әлме­рек есі­мі құр­мет­пен ата­ла­ды. Ә.Құрманбектің «Қай­ран елім» рома­нын­да, Қауға­бай Ораз­дың «Әлме­ректің бес бала­сы және Еділ-Жай­ық. Эссе-хикая, тари­хи таным» кіта­бын­да, Т.Қаупынбайұлының «Баба­лар ама­на­ты» кіта­бын­да және бас­пасөз­де жари­я­ланған жүз­де­ген мақа­ла­лар мен зерт­те­улер­де, ғылы­ми кон­фе­рен­ци­я­лар­да жасалған баян­да­ма­лар­да Әлме­рек – батыр, әулие, абыз ретін­де көр­сетіл­ген. 2024 жылы «Әлме­рек абыз және оның ұрпақта­ры», «Әлме­рек абыз Жан­шы­құ­лы және Қара­да­ла өңірі тарихы» кітап­та­ры бас­па­дан шықты. Тарих­шы ғалым­дар­дың, жазу­шы­лар­дың, жур­на­ли­стер­дің тари­хи тұлғаға қаты­сты деректері, зерт­те­улері қоға­мға кеңі­нен таны­мал бол­ды. Қазақ елінің азатты­ғы мен тәу­ел­сізді­гі жолын­да сіңір­ген зор еңбе­гін баға­лаған бүгін­гі қалың қауым Әлме­рек есі­мін ескерт­кі­ші тұрған Шон­жы ауы­лы­на беруі керек деп санай­ды! Жеңіл­ген жауды емес, ел қорғаған Батыр­ды құрметтейік!

Кеген ауы­лын Заман­бек ауы­лы деп атау туралы

«Кеген» ата­уы – асуға, ауданға, ауы­лға және өзен­ге, жал­пы төрт жер­ге қой­ы­лған. Ол – сон­ша­лы­қты маз­мұн­ды, қастер­лі сөз бол­са, бір сәрі. Қаза­қтың «кел­ген» сөзі­нен шық­паған, ондай мағы­на­ны біл­дір­мей­тін «кеген» тура­лы негіз­гі болжам, ол – ойрат-қал­мақтар­дың «гэг­эн» сөзі­нен түр­леніп жет­кен­ді­гі. «Қал­мақтан қалған мұра­дан», тари­хи деу­ге кел­мей­тін ата­удан құты­лған абзал болар. Кеген ауда­нын Мұқаға­ли ауда­ны, ал Кеген ауы­лын Заман­бек ауы­лы десек, өзен мен асу­ды да ауы­сты­рар мүм­кін­дік туар. Жоңғар басқын­шы­лы­ғы, Ресей импе­ри­я­сы­ның отар­ла­уы, кеңе­стік үстем­дік заман­да­ры­нан қалған жер, су, елді мекен ата­у­ла­рын өшіріп, олар­ды бай­ы­рғы қал­пы­на кел­ті­ру неме­се жаңар­ту тура­лы нақты қадам жасайық!

 Заман­бек Қала­бай­ұ­лы Нұрқа­ді­лов – Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сын­дағы таны­мал тұлға, мем­ле­кет және қоғам қай­рат­кері. Инже­нер-құры­лыс­шы маман­ды­ғы бой­ын­ша жиыр­ма жыл­дан астам уақыт Алма­ты қала­сы мен облы­сы­ның құры­лыс ұйым­да­рын­да еңбек еткен. Алма­ты қала­сын сел­ден қорғау мақ­са­тын­да салы­нған «Медеу» алып пло­ти­на­сын салуға үлес қосқан. Алма­ты қала­лық атқа­ру коми­тетін басқарған. 1990 жылы Алма­ты қала­сы­ның бас­шы­сы бола тұрып, Жоғарғы Кеңе­стің депу­та­ты болып сайланды,1991 жылы халық депу­тат­та­ры қала­лық кеңесінің төраға­сы қыз­метін атқа­руға кірісті, 1995 жылы жаңа пар­ла­мент­ке – Мәжіліс депу­тат­ты­ғы­на өтті, 1997–2001 жыл­да­ры Алма­ты облы­сы­ның әкі­мі бол­ды, одан кей­ін­гі үш жыл­да Төтен­ше жағ­дай­лар жөнін­де­гі агент­тік­ті басқар­ды. Жоға­ры лау­а­зым­дық қыз­мет­тер­де жүр­ген­де қала мен облы­сты көр­кей­ту, халы­қтың әле­умет­тік жағ­дай­ын жақ­сар­ту мәсе­ле­лерін қолға алды. Ауыл­дан қалаға шоғыр­ланған мың­даған аза­мат­тар­дың Алма­ты маңы­нан жер алып, бас­па­на­лы болуы­на қарай­ла­сты. Елде­гі жемқор­лық пен мем­ле­кет­ті басқа­ру­дағы қиға­шты­қтар­ды, пре­зи­дент­тің, үкі­мет­тің қыз­метін ашық және өткір сынаған З. Нұрқа­ді­лов оппо­зи­ция қата­ры­на қосыл­ды. Қуда­лан­ды, әкім­шілік жаза­ға тар­тыл­ды. Бірақ күресін тоқтат­па­ды. 2005 жылы оның өміріне қастан­дық жасал­ды. Халық оны ел мүд­десі жолын­да шахид болған баты­ры­мыз дей­ді. Кеген­дік­тер осы өңір­ден шыққан Заман­бек Нұрқа­ді­ло­вті мақта­ныш тұта­ды, есі­мін қастер­лей­ді. Кеген ауы­лы­ның кіре берісіне оның ескерт­кі­шін орна­та­ды. Енді бұл ауыл­ды Заман­бек ауы­лы десе, тіп­ті үйле­сер еді.

***

Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Оно­ма­сти­ка тура­лы заңын­дағы 14-бап, 4‑тармақшада «тиісті аумақ халқы­ның пікірін еске­ре оты­рып, облы­стық оно­ма­сти­ка комис­си­я­сы­ның қоры­тындысы негізін­де осы елді мекен­дер­дің құрам­дас бөлік­теріне атау беру, олар­ды қай­та атау, сон­дай-ақ олар­дың ата­у­ла­ры­ның тран­скрип­ци­я­сын нақты­лау мен өзгер­ту жөнін­де­гі мәсе­ле­лер­ді шешеді» деп көр­сетіл­ген. Аумақ халқы­ның қала­у­ын және айқын пікірін – Кеген ауда­нын Мұқаға­ли ауда­ны, Еңбек­шіқа­зақ ауда­нын Достық ауда­ны, Ұйғыр ауда­нын Қара­да­ла ауда­ны, Нары­нқол, Қызы­л­ше­ка­ра ауыл­да­ры­ның бірін Бер­ді­бек ауы­лы, Шон­жы ауы­лын Әлме­рек ауы­лы, Кеген ауы­лын Заман­бек ауы­лы деп қай­та ата­уды назар­ла­ры­ңы­зға ұсы­на келіп, көп­шілік­тен қол­дау күте­міз және оно­ма­сти­ка­лық комис­си­я­ның заман тала­бы­на сай кемел шешім қабыл­дай­ты­ны­на зор сенім артамыз.

Осы сені­мі­міз ақта­лып, Әлме­рек, Мұқаға­ли, Бер­ді­бек, Заман­бек есім­дері мен Қара­да­ла, Достық ата­у­ла­ры аудан­дар мен елді мекен­дер­ге беріл­се – халық қала­у­ы­ның қабыл болғаны!

Ста­хан Белғо­жа­ев – «Бір­лік» акци­о­нер­лік қоға­мы­ның президенті,

Кеңес Үшба­ев – «Фар­ма­ция» ком­па­ни­я­сы­ның пре­зи­ден­ті, меди­ци­на ғылым­да­ры­ның докторы,

Аман­гел­ді Ерме­ги­я­ев – «Алма­ты­құры­лыс» хол­дин­гі ком­па­ни­я­сы­ның президенті,

Босатқан Ұлдар­бе­ков – Рай­ым­бек ауда­ны­ның бұры­нғы әкімі,

Аян Айт­жа­нов – Рай­ым­бек ауда­ны­ның бұры­нғы әкімі,

Бай­ғо­жа Нұрғо­жа­ев – Рай­ым­бек ауда­ны­ның бұры­нғы әкімі,

Әрмен Рысмен­ди­ев – меди­ци­на ғылым­да­ры­ның док­то­ры, академик,

Тұрар­бек Төлен­ди­ев – Қаза­қстан­ның еңбек сіңір­ген дәрігері,

Есмұ­хан Оба­ев – режис­сер, Қаза­қстан­ның еңбек сіңір­ген қайраткері,

Дәу­лет Жел­дік­ба­ев –Қаза­қстан­ның құр­мет­ті журналисі,

Тыныш­бек Алма­бе­ков – тарих­шы, еңбек ардагері,

Жақы­п­жан Нұрғо­жа­ев – жур­на­лист, Қаза­қстан­ның мәде­ни­ет қайраткері,

Марат Тоқаш­ба­ев – қоғам қай­рат­кері, жазушы-публицист,

Батық Мәжи­тұ­лы – ақын, жур­на­лист, «Құр­мет» орденінің иегері,

Рыс­бек Сәр­сен­бай­ұ­лы – қоғам қай­рат­кері, Қаза­қстан­ның құр­мет­ті журналисі,

Бей­біт Дәл­ден­бай – саз­гер, Қаза­қстан­ның еңбек сіңір­ген қайраткері,

Бек­жан Тұрыс – театр артисі, Қаза­қстан­ның еңбек сіңір­ген қайраткері,

Ермұрат Үсен – композитор,

Рама­зан Ста­мға­зи­ев – Қаза­қстан­ның еңбек сіңір­ген әртісі,

Сағат­бек Меде­убек – ғалым-ұстаз, фило­ло­гия ғылым­да­ры­ның кан­ди­да­ты, өнер зерттеушісі,

Сай­лау Ағы­ба­ев – заң­гер, өлкетанушы,

Тоққо­жа Қожағұ­лов –сурет­ші, педа­го­ги­ка ғылым­да­ры­ның кан­ди­да­ты, «Дарын» жастар сый­лы­ғы­ның лауреаты,

Маға­у­ия Әде­нов – суретші,

Сығай Дүй­сен­бай – тарихшы,

Бақыт Бедел­хан – ақын,

Жарас Сәр­сек – ақын

Республиканский еженедельник онлайн