Четверг , 4 сентября 2025

«ХАЛЫҚ БИЛІГІ» сайлауды кейінге шегеруді ТАЛАП ЕТТІ

  • Осы жылғы күз­де құры­лған «Халық билі­гі» қозға­лы­сы­ның (баста­пқы ата­уы «Ел бір­лі­гі») өкіл­дері билік­ке үндеу жол­дап, 10 қаңтарға бел­гі­лен­ген мәжіліс және мәс­ли­хат сай­ла­у­ын кей­ін­ге шеге­руді талап етті.

Сей­сен­бі күні Алма­ты­да өткен бас­пасөз жиы­ны кезін­де қозға­лыс мүше­лері «тек билік­ті сақтап қалу­дың ама­лы­мен қабыл­данған сай­лау мен сая­си пар­ти­я­лар тура­лы заң­на­ма халы­қтың қоғам­дық мүд­десіне қай­шы келетін­дік­тен, сай­лау өткі­зуі заң­сыз бола­ды» деп мәлім­деді. «Бұл заң­дар­ды түзет­пей­ін­ше, сай­лау әділ өтпей­ді» дей­ді қоғам бел­сен­дісі Рыс­бек Сәрсенбайұлы.

Бас­пасөз мәс­ли­ха­ты­на қаты­сқан мем­ле­кет қай­рат­кері Бал­та­шТұр­сым­ба­ев, ғылым док­то­ры Есенға­зы Қуан­дық, елге етене таны­мал жур­на­лист Гүл­жан Ерға­ли­е­ва, Дем­пар­тия құру­шы­лар­дың өкілі Ыры­с­бек Тоқ­та­сын, елде­гі жастар қозға­лы­сы­ның өкілі Бір­жан Төле­убекұ­лы, қоғам бел­сен­дісі Сәкен Шаб­да­ров алдағы сай­ла­у­ға бой­кот жари­я­ла­уды құп­тай­ты­нын айтып, «кім қар­сы­лы­ғын қалай біл­дір­се де, оның түп­кі нәти­же­сі аза­мат­тық нара­зы­лық бел­гісі болуы тиіс» деді.

Билік­ке жол­данған үнде­уде қоғам­шыл аза­мат­тар ара­лас сай­лау жүй­есін енгі­зуді, тәу­ел­сіз кан­ди­дат­тар­дың сай­ла­у­ға қаты­суы­на мүм­кін­дік беруді, қоғам­дық ұйым­дар­ды тір­ке­уді жеңіл­де­ту, сая­си пар­тия құру шар­тта­рын оңай­ла­ту­ды талап етті. Бұл үнде­у­ге қол қой­ған аза­мат­тар­дың толық тізі­мі мынадай:

«Халық билі­гі» қозға­лы­сы аты­нан – Бал­таш Тұр­сым­ба­ев, Гүл­жан Ерға­ли­е­ва, Рыс­бек Сәр­сен­бай, Ермұрат Бапи, Есенға­зы Қуан­дық, Мар­жан Аспан­ди­я­ро­ва, Ыры­с­бек Тоқ­та­сы­нов, Құдаб­ай Қаржа­у­ов, Бір­жан Төле­бе­ков, Әсет Оңал­ба­ев, Марат Тұрым­бе­тов, Даная Қали­е­ва, Айжан Ами­ро­ва, Сакен Шардаров.

Демо­кра­ти­я­лық пар­тия аты­нан – Жан­бо­лат Мамай, Қуа­ныш Бәкір­ла­нов, Инга Иман­бай, Айгерім Тіле­ужан, Абзал Достияров.

Қоғам бел­сен­ділері аты­нан – Талғат Айт­бай­ұ­лы, Марат Тоқаш­ба­ев, Бақыт­жан Төреғо­жи­на, Абзал Құс­пан, Күл­паш Өте­мі­со­ва, Ерлан Қали­ев, Шынқу­ат Бай­жа­нов, Жанат Нұрқы­шев, Ғалым Нұр­пей­і­сов, Жана­ра Балға­ба­е­ва, Серік Зия­тов, Той­ған Әубе­ке­ро­ва, Жұма­мұрат Шәм­ші, Медет Ары­ста­нов, Сұңғат Сар­сем­ба­ев, Жанат Есен­та­ев, Әсел Нұрғазиева.

Республиканский еженедельник онлайн