Четверг , 3 июля 2025

«ХАЛЫҚ СЕНІМІ» қозғалысы құрылды

  • Елі­міз­де шынайы сая­си рефор­ма­лар­ды жүзе­ге асы­руға мүд­делі, ел ара­сын­да таны­мал бір топ қоғам бел­сен­ділері «Халық сені­мі» қозға­лы­сын құрға­нын жария етті. Бұл жөнін­де кеше – 23 мау­сым­да Алма­ты­да бас­пасөз мәс­ли­ха­ты өтті.

Дипло­мат, эко­но­мист, жазу­шы, ақын, ауған соғы­сы арда­гер­лері мен заң­гер­лер­ден жасақталған ынта­лы топ­тың ішін­де Қаз­бек Бей­се­ба­ев, Марат Уатқан, Талғат Айт­бай­ұ­лы, Бай­дәу­лет Дәр­кем­бай, Ғаби­ден Жәкей, Болат Шарахым­бай және басқа да бел­сен­ді аза­мат­тар бар. Сөз алған спи­кер­лер­дің мәлім­де­уін­ше, қозға­лыс қоғам­нан қол­дау тап­са, ол бола­шақта сая­си пар­ти­яға айнал­мақ. Осы мақ­сат­та қозға­лыс өкіл­дері алдағы уақыт­та аймақтар­ды ара­лап, өздеріне жақ­та­стар іздемек.

Бас­пасөз мәс­ли­ха­тын­да Қаз­бек Бей­се­ба­ев пен Ғаби­ден Жәкей «Халық сені­мі» қозға­лы­сы­ның тең төраға­сы ретін­де таныстырылды.

 «Баға шары­қтап, адам­дар­дың күн көруі күн санап қиын­дап бара­ды. Пан­де­мия осы­ған дей­ін жасы­рып кел­ген бар­лық про­бле­ма­ла­ры­мы­зды ашып бер­ді. Билік бол­са, өзек­ті мәсе­ле­лер­ді шеше алмай­тын, дәр­мен­сіз екенін көр­сет­ті. Осы­ған дей­ін біздің атқа­мі­нер­лері­міз туын­даған мәсе­ле­лер­ді ақша­мен шешіп кел­се, енді ол ақша да біту­ге таяу қал­ды. Тығы­ры­қтан шығу үшін, билік Ұлт­тық және зей­не­тақы қор­ла­ры­на қол сал­ды. Осы­ған дей­ін айты­лып кел­ген бір­де-бір мем­ле­кет­тік жоба іске асқан жоқ. Жоба­ны орын­да­маға­ны үшін бір­де-бір шен­ді жау­а­пқа тар­тыл­ма­ды. Өтел­ме­ген сыр­тқы қарыз бар. Бұлай кете бер­се, мем­ле­кет­ті­гі­міз­ден айы­ры­лу қауі­пі төніп тұр. Сол себеп­ті «Халық сені­мі» қозға­лы­сын кей­ін­нен пар­ти­яға айнал­ды­ру­ды мақ­сат еттік. Жағ­дай­ды қолы­мы­зға алма­сақ, келе­шек ұрпақ алдын­да кешіріл­мес күнәға бата­мыз», – деп, Қаз­бек Бей­се­ба­ев ойын ортаға салды.

«Халық сені­мі» қозға­лы­сы­на қаты­сты толы­ққан­ды мәлі­мет­ті газеті­міздің келесі санын­да оқи аласыздар.

«D»

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн