Дубайдағы ахуал және Қазақстандықтарды эвакуациялау шаралары
2026 жылдың наурыз айының басында Таяу шығыста жағдай шиеленісіп кетті.Дубай және оның көршілес елдеріндегі әскери және саяси жағдайдың ушығуына байланысты көптеген рейстер тоқтап, шиеленіскен жағдайдың ортасында отандастарымыз қалып қалды. Дубайға қыдырып немесе жұмыс бабымен барған қазақ азаматтары елге орала алмай қалып, қауіп үстінде қалды.Жалпы әскери-саяси жағдай бүткіл әлемдегі қызу талқыландуың, ал шет елдегі отандастарымыздың жағдайы қазақ қоғамында қызу пікірталастың пайда болуына себеп болды.
Оқиғаның басталуы
2026-шы жылдың 28-ші ақпанында Таяу Шығыстағы әскери шиеленіс күшейіп, әуе қатынасы мәжбүрлі түрде уақытша тоқтады.Осының нәтижесінде барлық халықаралық рейстер тоқтатылып, Дубай арқылы ұшатын жолаушылардың бір бөлігі транзиттік аймақтарда қалып қойды.
Осылайша Қазақстандық туристер мен жұмыс бабымен барған азаматтарымыз елге қайта орала алмай, қызу жағдайдың дәл ортасында қалып қалды. Барлық әуе компаниялары қауіпсіздік мәселесімен Таяу Шығысқа, әсіресе Дубайға бағытталған шетелдік рейстерді уақытша тоқтатуға мәжбүр болды. Мәселен еліміздің Air Astana компаниясы Дубай және басқа да бірнеше қалаға рейстерін 10 наурызға дейін тоқтататынын хабарлады. Сол себепті еліміздің азаматтары қауіпті жағдайға тап болып, елге қайтуды аңсады.
Қазақстан билігінің әрекеті
Қалыптасқан жағдай мен ахуалдың тығыздығына байланысты Қазақстан билігі бірден іс әрекетке көше бастады. Қазақстан республикасының сыртқы істер министрлігі эвакуациялық рейстер ұйымдастыру туралы шешім қабілдап, еліміздің азаматтарын өз қорғанына алды.
Бұл мәселе жөнінде Қазақстан Республикасының прзеиденті Қасымжомарт Кемелұлы Тоқаев: “Қазақстан Республикасының әлемнің кез келген нүктесіндегі кез келген азаматы мемлекетіміздің қорғанында болып қала бермек. Біз өзіміздің тұрғындарымызды ешқашанда қиын жағдайда қалдырмаймыз.Кез келген уақытта, шет елдік аймақтағы тұрғындарымыздың қауіпсіздігіне күмән туатын болса, біз бірден шұғыл шаралар қолданатын боламыз” ‚- деп Таяу Шығыстағы отандастарымыздың мемлекет қалқанының астында екенін мәлімдеді
2026 жылдың 3‑ші наурызынан бастап Дубайдан Қазақстанға арнайы рейстер орындала бастады. Сол күні FlyDubai әуе компаниясының Дубай – Алматы және Дубай – Астана бағытындағы рейстері жоспарланып, алғашқы қазақстандық жолаушылар елге қайтарылды.
Одан бөлек, қажет болған жағдайда Air Astana және SCAT компанияларының бірнеше ұшағын эвакуация үшін пайдалануға дайын екенін Қазақстан билігі батыл түрде жеткізді.
Ахуалдың ушыққан алғашқы күндерінен бастап Қазақстан билігі бірден әрекет етіп, Таяу Шығыс елдерінен Қазақстанға бірнеше эвакуациялық рейс жасалып, жүздеген отандастарымыз қарқынды түрде елге орала бастады.Міне, қазіргі таңда, қысқа уақыт ішінде 12 рейс арқылы 2000-нан астам қазақстандық азаматтардың елге жеткізілгені хабарланды.
Шулаған әлеуметтік желі
Қазақстан Республикасы жүргізген мұндай батыл қадамдар Таяу Шығыстағы басқада шетелдік туристтердің әлеуметтік желіде қызу талқылауы мен қызғанышына себеп болды. Әлеуметтік желіде Таяу Шығыс елдерерінде қалып қалған туристтер қазақ елі билігінің осындай батыл қимылдарын баяндап, тәнті болды.
Мәселен Денис атты Катар қаласында қалып қалған Ресей азаматы қазақстандықтардың эвакуациясы жайлы өз парақшасында баяндайды. Оның айтуынша, қазақстандықтарға Біріккен Араб Әмірлігіне виза жасатып, Джиддаға дейін автобус арқылы қатынас ұйымдастырады. кейін оларға Алматыға тегін рейс берілетінін айтады. Оған қоса видео авторы қазақ азаматтарына 35 доллардан берілітінін атап өтті. Осы жағдайға тәнтті болғаны соншалық Денис әзілмен “мама почему я не казах” немесе анашым, мен неге қазақ емеспін? деп сұрақ қояды.
Бұл еліміздің кез келген жағдайда өз азаматтарына қорған бола алатынын тағыда дәлелдеп, Таяу Шығыстағы отандастарымызда басқада туристтердің алдында мақтаныш сезімін тудырды.
Халық мақтанышы
Жалпы алғанда, Қазақстан билігінің Таяу Шығыстағы ахуал кезінде қабылдаған жедел шешімдері мемлекет үшін ең басты құндылық – азаматтардың қауіпсіздігі екенін тағы бір рет дәлелдеді. Қысқа уақыт ішінде ұйымдастырылған эвакуациялық рейстер жүздеген қазақстандықтың елге аман-есен оралуына мүмкіндік берді. Бұл жағдай мемлекет пен халық арасындағы сенімнің маңызын айқын көрсетті. Әлемнің кез келген нүктесінде жүрген қазақстандықтар үшін өз елінің қамқорлығы мен қолдауы үлкен сенім мен мақтаныш сезімін тудыратыны анық.