Воскресенье , 4 мая 2025

ХАЛЫҚ ӨЗІНЕ ТИЕСІЛІ 10 сотық жерді биліктен ТАРТЫП АЛУЫ КЕРЕК!

  • Өткен апта­да «Ел мен Жер» қозға­лы­сы­ның төраға­сы Бал­таш Тұр­сым­ба­ев, қоғам қай­рат­кер­лері Рыс­бек Сәр­сен­бай­ұ­лы мен Еркін Рақы­шев, «Жел­тоқ­сан» ұйы­мы­ның жетек­шісі Нұр­лы­бек Қуаң­ба­ев жер­ге қаты­сты туын­даған мәсе­ле­лер тура­лы бас­пасөз мәс­ли­ха­тын өткізді. Пар­ла­мент жер шетел­дік­тер­ге орман өсіру­ге 25 жылға жалға беріл­мей­ді деп заң қабыл­даға­ны­мен, жер­ге қаты­сты көп­те­ген про­бле­ма­лар әлі шешіл­ме­гені тура­лы пікірін ашық айтып жүр­ген қоғам қай­рат­кері, «Ел мен Жер» қозға­лы­сы­ның атқа­ру­шы хат­шы­сы Еркін РАҚЫШЕВ мыр­за­ны мәсе­ленің мәнін білу үшін сұх­батқа тар­тқан едік. 

Еркін РАҚЫШЕВ:

– Еркін мыр­за, соны­мен қоғам­да қат­ты толқу туды­рған Жер тура­лы заң­ның жоба­сы Пар­ла­мент сена­ты­нан мәжіліс­ке кері қай­та­рыл­ды. «Ел мен Жер» қоғам­дық қоға­лы­сы жіті бақы­ла­уда ұстаған бұл жоба­ның талқы­ла­у­ға қай­та­ры­лу­дағы мән-мақ­са­тын сіз қалай бағалайсыз?

– Бұл – жері­мізді Қытай­ға сатып жібе­руді көз­де­ген билік­тің жос­пар­лы сая­са­тын іске асы­ру­дың жолы бола­тын. Алды­мен мәжіліс депу­тат­та­ры бос жатқан, игеріл­ме­ген ауыл шару­а­шы­лы­ғы резервін­де­гі жер­лері­мізді шетел­дік­тер­ге 25 жылға орман өсіру­ге жалға берей­ік деген баста­ма көтер­ді. Мұн­дай ұсы­ны­сты қатар­дағы депу­тат­тар бер­гені­мен, бұй­рық жоға­ры­дан түс­кені айт­па­са да түсінік­ті еді. Бос жатқан жер­лері­міздің көле­мі шама­мен 120 млн гек­тар. Осын­ша жері­мізді орман өсіру­ге деген сыл­та­у­мен шетел­дік­тер­ге, яғни жері­міз­ге көз тігіп оты­рған Қытай­ға 25 жылға жалға беру – бұл мем­ле­кеті­міздің қауіп­сізді­гіне нұқ­сан кел­тіретін барып тұрған сатқын­дық бола­тын. Осы заң­ның жоба­сын мәжіліс депу­тат­та­ры қабыл­дап, сенатқа жібереді.

Депу­тат­тар Қытай мил­ли­он­даған гек­тар жері­мізді 25 жыл­дан кей­ін қай­тар­май­ты­нын біле оты­рып, осын­дай заң қабыл­да­уға қалай­ша дәт­тері бар­ды?! Бұған қоғам бел­сен­ділері қар­сы­лы­ғын біл­діріп, егер сенат заң­ды қабыл­дай­тын бол­са, аштық жари­я­лай­ты­нын мәлім­деді. Құра­мын­да 60 мың­дай мүше­сі бар «Ел мен Жер» қозға­лы­сы­ның бел­сен­ділері де аштық жари­я­ла­у­ға дай­ын еді. Осы нұсқа­дағы заң­ның қабыл­да­нуы­на халық нара­зы­лы­ғын біл­діріп, жер-жер­лер­де митин­гі­ге шыққан соң, сенат ол заң­ды кері қай­тар­ды. Халы­қтың қаһа­ры­нан қоры­ққан мәжіліс депу­тат­та­ры өздері қабыл­даған заң өздеріне қай­тып кел­ген соң, амал­сыз халық тала­бы­на көну­ге мәж­бүр бол­ды. Осы­лай халы­қтың нара­зы­лы­ғы­ның арты толқу­ларға ұла­сып кетуі мүм­кін екенін түсін­ген билік жер­ді Қытай­ға сата­мыз деген рай­ы­нан қайтты.

– Жоба­ны сенат пен мәжіліс ара­сын­да ары-бері жүр­гі­зудің аста­рын­да қоғам­ды алдап соғу­дың бір ама­лы жатқан жоқ па?

– Қоғам­ды алдау басын­да жос­пар­ла­нып, заң­ды қабыл­дау – сол зыми­ян сая­сат­ты іске асы­ру бола­тын. Алды­мен пре­зи­дент Тоқа­ев «ауыл шару­а­шы­лы­ғы жер­лері шетел­дік­тер­ге сатыл­ма­сын, жалға да беріл­месін» деген талап­пен заң қабыл­даң­дар деп, пар­ла­мент­ке тап­сыр­ма бер­ді. Бір қараған­да, халы­қтың көкей­і­нен шыға­тын жақ­сы заң сияқты болып көрін­гені­мен, бұл жер­де бір шикілік бар екені бел­гілі еді. Мұның артын­да ауыл шару­а­шы­лы­ғы жер­леріне жат­пай­тын басқа санат­тағы жер­лері­міздің жағ­дайы не бола­ды деген сұрақ тұрды.

Артын­ша билік жер мәсе­лесі­мен айна­лы­са­ды деп, 80 адам­нан тұра­тын Жер комис­си­я­сын құр­ды. Шын­ды­ғын­да, қолын­да ешқан­дай құзіреті жоқ бұл комис­си­я­ның мақ­са­ты – жер­дің шетел­дік­тер­ге саты­луы­нан халы­қтың наза­рын басқа жаққа ауда­ру бол­ды. Бір ай улап-шулап, бұл Жер­ком жері­міздің шетел­дік­тер­ге 25 жылға орман өсіру­ге деген сыл­та­у­мен берілетіні тура­лы жұмған ауы­зда­рын ашпа­ды. Сон­да ата-баба­ла­ры­мы­здан ама­нат болып қалған жері­мізді сата­тын­дай басы­мы­зға не күн туды?

Билік шетел­дік­тер орман егу­ге алған жер­лерін басқа мақ­сатқа пай­да­ла­на алмай­ды дей­ді. Қытай ол жер­ді қан­дай мақ­сатқа пай­да­ла­на­ты­нын 25 жыл­дан кей­ін біз­ден сұра­май­ды да. Ол кез­де біздің ұрпақта­ры­мыз сол жер­ді өңдей­тін құл бола­ды. Одан кей­ін­гі сұрақ: Қытай не үшін қаза­қты жары­лқап, бос жатқан дала­мы­зды ағаш егіп көгал­дан­дыр­мақ­шы? Оның өте­мі қан­дай болмақ?

Қаз­ба бай­лы­қта­ры­мы­зды сатып жетіс­пе­ген­де, енді жері­мізді сатып жеті­се­міз бе? Мүм­кін, билік Қытай­дан алған мил­ли­ард­таған дол­лар кре­ди­ті­мізді қай­та­ра алмаған соң, орны­на жері­мізді беріп құты­лай­ын деп жатқан шығар. Онсыз да қары­зы­мы­здың орны­на түр­лі стра­те­ги­я­лық маңы­зы бар өнер­кәсіп­тері­міз бен мұнай, газ, уран, тағы басқа да кен орын­да­рын беріп жатыр­мыз ғой. Қысқа­сы, халы­қтың нара­зы­лы­ғы­нан кей­ін жері­мізді Қытай­ға 25 жылға, яғни мәң­гі­ге беріп жібе­руді көз­де­ген билік­тің зыми­ян жос­па­ры іске аспай қалды.

– Мәсе­лен, «орман өсі­ру үшін» деген желе­удің ама­лы­мен әлдебір қитұрқы­лық жаса­луы мүм­кін деген қауіп бар ғой?

– Әлбет­те! Жер үшін күрес мұны­мен біт­пей­ді. Билік жер сатыл­май­ды дегені­мен, бұл мәсе­ле әлі де толық шеші­мін тапқан жоқ. Пре­зи­дент заңға қолын қояр, бірақ билік өздерінің арам ойы­нан айны­ған жоқ. Олар жер­ді сатып жібе­рудің басқа да жол­да­рын қарас­ты­руы мүм­кін. Орман қоры­ның жер­лері, өзен-көл­дер­дің маңын­дағы жер­лер, ерекше қорға­ла­тын аймақтар жай­лы, тағы басқа заң­на­ма­лар­да жер­дің шетел­дік­тер­ге саты­лып кету қау­пі бар. Сол үшін жер­ге қаты­сты заң­дар­дың бәрін бір жүй­е­ге кел­тіріп, рет­теу керек. Жер кодексіне халы­қтың тала­бы «Қаза­қстан­ның ешқан­дай жері ешкім­ге сатыл­май­ды, шетел­дік­тер­ге жалға да беріл­мей­ді» деп, нақты жазы­луы керек.

– Өткен апта­да «Ел мен Жер» қозға­лы­сы кезек­ті оты­ры­сын­да тағы да осы жер­ге қаты­сты тақы­рып­ты талқы­ла­ды. Онда қан­дай маңы­зды мәсе­ле­лер­ге назар аударылды?

– «Ел мен Жер» қозға­лы­сы­ның басты мақ­са­ты – жері­міз ешкім­ге сатыл­май­ды, шетел­дік­тер­ге жалға да беріл­мей­ді деген халы­қтың тала­бын билік­ке жет­кізіп, соның орын­да­луы­на ықпал ету бола­тын. Бұл мәсе­ле бір­тін­деп өз шеші­мін табу­да. Біз елдің, жер­дің бұдан басқа да мәсе­ле­лері­мен айналысамыз.

Ал жер­ге келетін бол­сақ, әлі де шеші­мін тап­паған түйт­кіл про­бле­ма­лар көп. Ол про­бле­ма­ның бар­лы­ғын шешу үшін, ең алды­мен бүкіл жер­ге реви­зия жаса­лып, бары­мыз бен жоғы­мы­зды түген­деп алуы­мыз керек. Біз бүгін­ге дей­ін нақты қан­ша жері­міз бар екенін, қан­ша­сы шетел­дік­тер­ге саты­лып неме­се жалға беріліп кет­кенін де біл­мей­міз. Қан­ша жері­міз қан­дай санатқа жата­ты­ны­нан да хабар­сыз­быз. Қай­дан біле­міз, егер оны шене­унік­тер өзінің ыңғай­ы­на қарай ауы­сты­рып жат­са? Ірі жер телім­дерін кім­дер нақты иеленіп оты­рға­нын да білмейміз.

– Неге? Ірі жел иеле­ну­ші лати­фун­ди­стер қата­рын­да Тере­щен­ко мен Кула­гин сияқты кір­ме халы­қтың өкіл­дері жүр­ген жоқ па?

– Себебі Жер кадаст­ры бой­ын­ша, жер­дің нақты иелері әлі күн­ге толық ата­лып біт­кен жоқ. Біздікі – Тере­щен­ко мен Кула­гин­ге қаты­сты дол­бар ғана. Ал олар­дың нақты иелен­ген жер көле­мі бей­мағлұм. Бәл­кім, олар бүр­кен­шік қожай­ын­дар­дың жеріне иелік ету­ші фик­тив­ті тұлға­лар шығар? Одан да бейхабармыз.

Себебі билік кадастр­ды жари­я­ла­у­ға бол­май­тын құпия деп, заң қабыл­дап қой­ған. Осы­ның бәрі ашық болуы керек. Сон­да ғана туын­даған кей­бір мәсе­ле­лер­ді шешу­ге мүм­кін­дік бола­ды. Кей­біре­улер он сотық жер ала алмай жүр­ген кез­де шене­унік­тер­дің таны­ста­ры мен лати­фун­ди­стер мил­ли­он­даған гек­тар жер­ді иеленіп отыр. Сол үшін бір ада­мға берілетін жер көле­мінің мөл­шерін шек­теу керек. Олар­дың артық жер­лерін қай­та­рып алып, иесіне – халы­ққа әділ бөліп беру қажет.

Одан кей­ін, кезін­де өкі­мет халы­қтың пай­ла­рын алдап алды да, жеке­ге сата­тын заң қабыл­дап, сатып жібер­ді. Бұл барып тұрған халық жау­ла­ры­ның халы­ққа қар­сы жасаған қия­на­ты бола­тын. Нәти­же­сін­де мың­даған тұрғын­да­ры бар ауыл-аймақтың жерін бір адам ғана иеленіп отыр. Ал ауыл тұрғын­да­ры­ның не егін егетін, не мал баға­тын жері жоқ. Бүкіл елі­міз­де осын­дай жағ­дай қалып­тасқан. Мұн­дай бас­сызды­ққа тоқтау салып, тез ара­да про­бле­ма­ны шешпе­се, мұның арты үлкен тең­селіс­ке алып келеді. Билік қала­лар­да оппо­зи­ци­я­мен күресіп жүр­ген кез­де ертең­гі күні әр ауыл­дан өзінің Аман­гел­ді Има­но­вта­ры шыға­ды. Сол үшін жер­ге қаты­сты бар­лық заң­ды қай­та қарап, Жер кодексін халы­қтың мүд­десін қорғай­тын­дай етіп, қай­та жазып шығу керек.

– Мәжіліс­ке қай­та­ры­лған заң жоба­сын­да жер­ді 49 жылға иеле­ну құқы­ғы сақта­лып отыр. Осы орай­да «Ел мен Жер» қозға­лы­сы­ның ұста­ны­мы қандай?

– Біз бұған дей­ін жер­дің шетел­дік­тер­ге саты­лып кет­пе­уі жай­лы Жер кодексіне 38 өзгеріс енгі­зу жай­лы ұсы­ны­сы­мы­зды Жер коми­тетіне, Пар­ла­мент­ке тап­сы­рған бола­тын­быз. Жер­ге қаты­сты бұдан басқа да про­бле­ма­лар көп екені бел­гілі. Бүгін­ге дей­ін шетел­дік­тер жалға алған жер­лер­ді қалай қай­та­руы керек? Банк­тер­де кепіл­дік­те тұрған жүз мың­даған гек­тар жер­дің, жай­ы­лым жер­лер­дің мәсе­лесі, тағы да басқа шеші­мін тап­паған сұрақтар­мен айналысамыз.

Жер қаты­на­ста­рын рет­тей­ді деп құры­лған Жер комис­си­я­ның Пар­ла­мент­ке жасаған бір ұсы­ны­сы – жер­ді жалға беру мерзі­мін 49 жыл жасау бола­тын. Біздің ойы­мыз­ша, бұл тым ұзақ мерзім. Жер­ді жалға 5–10 жылға ғана беру керек. Егер жалға алған адам осы уақыт­та алған жерін дұры­стап игер­се, оны ары қарай созуға болады.

Комис­си­я­ның жер­ді Қаза­қстан аза­мат­та­ры­на сатуға 5 жылға мора­то­рий жари­я­лау жай­лы ұсы­ны­сы­на да біз қар­сы­мыз. Олар халы­қтың басын қатыр­ма­сын! Жер ешкім­ге сатыл­май­ды, бол­ды – точ­ка! Біз осы мора­то­рий­ді алып таста­уды талап ете­міз. Жер­ге қаты­сты бұдан басқа да өз ұсы­ны­ста­ры­мы­зды даяр­лап, оны қорғап қалу үшін күресеміз.

– Айт­пақ­шы, «Ел мен Жер» қозға­лы­сы әрбір қаза­қстан­дық аза­матқа 10 сотық жер берілуі тиіс деген талап­тың төңіре­гін­де қан­дай әре­кет жасау керек деп есептейді?

– Алтай­дан Аты­ра­уға дей­ін ұлан бай­тақ жері­міз бар деп мақта­на­мыз. Бірақ мил­ли­он­даған адам бас­па­на салуға 10 сотық жер ала алмай жүр. Билік­тің бұл мәсе­лені шешетін ойы да жоқ. Өткен­де Жер комис­си­я­сы­ның төраға­сы болған Тоғ­жа­нов халы­ққа 10 сотық жер беру үшін 4 трил­ли­он тең­ге ақша қажет, қазір мұн­дай ақша жоқ деп мәсе­лені жылы жауып қой­ды. Сон­да ақша­ның бәрі қай­да кетіп жатыр? Ұры­лар Ұлт­тық қор­дағы 100 мил­ли­ард дол­лар­ды да ұрлап бітірді.

Жер кодексінің 50-бабын­да Қаза­қстан аза­мат­та­ры 10 сотық жер алуға құқы­лы деп жазы­лған. Сол үшін билік­те оты­рған ұры­лар­дан жал­ба­ры­нып сұра­мау керек, заң­ның орын­да­луын талап етіп, халық өзіне тиесілі 10 сотық жер­ді тар­тып алуы керек! Қала­лар мен елді мекен­дер­дің маңын­дағы жеке­ге өтіп кет­кен жер­лер мем­ле­кет­тік мұқтаж­ды­ққа жатқы­зы­лып, халы­ққа бас­па­на салуға үле­стіріліп берілуі керек. Ол жер­лер алды­мен әле­умет­тік жағы­нан аз қам­ты­лған отба­сы­ларға, үйсіз-күй­сіз жүр­ген жан­дарға, мүге­дек­тер­ге беріл­сін. Өкі­мет ол жер­лер­ге жол салып, жарық пен су тар­тып бер­сін. Ақша жоқ емес – бар. Билік ақша­ны ұрлап, дарақы­ла­нып шашқан­ша, айда­ла­дағы Афри­ка­ның кедей елдеріне үле­стір­ген­ше, өз халқы­на бас­па­на салуы­на көмек ретін­де жұмсасын.

– Агроөн­діріс сала­сын дамы­ту­дың 2021–2025 жыл­дар ара­лы­ғы­на арналған ұлт­тық бағ­дар­ла­ма­ны жүзе­ге асы­ру үшін, Қаза­қстан үкі­меті бюд­жет­тен 5 трил­ли­он тең­ге қар­жы сұрап оты­рға­ны жөнін­де күні кеше ғана Қаз­ТАГ агент­ті­гі хабар тарат­ты. Бүгін­гі жемқор билік­тің жағ­дай­ын­да осын­ша­ма орас­ан зор қар­жы агро­ке­шен­нің мүд­десіне сай жұм­са­ла­ды деп ойлай­сыз ба?

– Бұл жер­де осын­ша­ма көп ақша­ны қан­дай мақ­сатқа жұм­са­мақ­шы деген сұрақ туын­дай­ды. Билік, әрине, ауыл шару­а­шы­лы­ғын дамы­та­мыз, ауыл тұрғын­да­ры­ның тұр­мыс жағ­дай­ын жақ­сар­та­мыз, гүл­ден­діре­міз, нұр­лан­ды­ра­мыз дей­тіні бел­гілі. Бірақ бүгін­ге дей­ін бұдан да көп жұм­салған қара­жат қай­да кет­ті? Неге содан ауыл дамып, өркен­деп кет­пе­ді? Дамып та, нұр­ла­нып та жатқан тек өздері. Ал қара­пай­ым халық күнін әрең көріп, кре­дит­ке өмір сүруде.

Билік был­тыр індет кезін­де өндірісті дамы­та­мыз, жаңа жұмыс орын­да­рын аша­мыз деп 14 млрд дол­лар ақша бөл­ген. Ақы­ры аяғы не бол­ды? Не өндіріс жоқ, не жұмыс орны жоқ, не ақша жоқ. Ақша­ны өздері ұрлап, бөліп алды. Бұл жолы да дәл солай бола­ты­ны­на ешкім­нің күмәні бол­ма­сын. Себебі билік­тің алды­на қой­ған мақ­са­ты – Қаза­қстан­ды дамы­ту емес, оны құр­ту. Билік­тің бүгін­ге дей­ін­гі жасап оты­рған іс-әре­кетінің бар­лы­ғы елі­мізді тығы­ры­ққа тіреп, Қытай­ға тәу­ел­ді ету­ге бағыт­талған. Бар­лық сала­ны қам­ты­ған дағ­да­рыс кез­дей­соқтық емес, бұл жос­пар­лы түр­де жаса­лы­нып оты­рған қастандық.

– Бүкіл әлем Қытай­дың соғыс­сыз жау­лап алу сая­са­ты­нан сақта­нып оты­рған кез­де елде­гі билік­тің бұл мақ­са­тын сіз қалай түсін­діріп берер едіңіз?

– Соңғы 15 жыл­да Қытай­дан 19 млрд дол­лар инве­сти­ция алсақ, енді айна­ла­сы 1–2 жыл­да 27 млрд дол­лар алмақ­шы­мыз. Ол қарызты ертең кім қай­та­ра­ды? Немізді беріп қайтарамыз?

Бүгін­нің өзін­де біздің билік Қытай­дың айтқа­ны­нан шыға алмай, соған тәу­ел­ді болып қалған. Олар­дың тап­сыр­ма­сын орын­да­ма­са, біздің елге қысым жасай­тын мың сан жолы бар. Біре­уін ғана айтай­ын. Мыса­лы, Қытай сатып алған Шым­кент және Пав­ло­дар мұнай өңдеу завод­та­рын 1–2 жылға жөн­де­у­ге қоя­мын десе, не бола­ты­нын білесіз бе? Сұм­дық! Жанар­май­сыз қала­мыз. Содан кей­ін амал жоқ, Қытай­дың айтқа­нын орын­дай­мыз. Біздің билік­те­гі сатқын­дар осы­ны біліп, әдейі стра­те­ги­я­лық маңы­зы бар кәсі­по­рын­да­ры­мы­зды сатып жатыр.

Ал Қытай­дың сала­тын 56 кәсі­пор­ны­ның тәу­ел­сізді­гі­міз­ге қан­ша­лы­қты қауіп төн­діретінін еле­сте­тудің өзі қиын. Тағы осы­лай 3–4 жыл ұйы­қтап жат­сақ, Қытай өздерінің түр­ме, лагерь­лерін осын­да сала­тын бола­ды. Ол кез­де оян­дың не, оян­ба­дың не – бәрібір кеш бола­ды. Сон­ды­қтан жері­міздің, елі­міздің бола­шағы үшін, билік­ке қар­сы күре­сте бүкіл халық болып бірі­гу керек!

Бақыт­гүл МӘКІМБАЙ,

«

Айт­пақ­шы

Бай­қоңыр­ды Ресей­ге ЖАЛҒА БЕРУ 2050 жылға дей­ін созылады

  • Бай­қоңыр ғарыш айлағы және оған бөлін­ген жер аумағын Ресей­ге жалға беру мерзі­мі тағы да 29 жылға созы­ла­тын бол­ды деп хабар­ла­ды кеше ҚР Цифр­лық даму, инно­ва­ция және аэроға­рыш өнер­кәсібі мини­стрі Бағ­дат Мусин. Бұл жөнін­де Қаз­ТАГ агент­ті­гі былай деп хабар­ла­ды (қаз-қал­пын­да):

«Ком­плекс «Бай­ко­нур» уже более 20 лет функ­ци­о­ни­ру­ет в усло­ви­ях арен­ды Рос­сий­ской Феде­ра­ции. Реше­ние об арен­де было при­ня­то в 1994 году, когда в тяже­лой эко­но­ми­че­ской ситу­а­ции Казах­стан не имел воз­мож­но­сти содер­жать и экс­плу­а­ти­ро­вать кос­мо­дром. Соглас­но заклю­чен­но­му дого­во­ру арен­ды, Рос­сия взя­ла на себя обя­за­тель­ства по содер­жа­нию горо­да Бай­ко­нур и кос­мо­дро­ма с пра­вом исполь­зо­ва­ния его для выпол­не­ния сво­их кос­ми­че­ских про­грамм», – деген екен Мусин мыр­за кеше Пар­ла­мент­тің пле­нар­лық отырысында.

ДАТ-ақпа­рат

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн