Воскресенье , 11 мая 2025

ХАЛҚЫҢА АРҚА СҮЙЕ!

Қадір­лі Қасым-Жомарт інім!

Мен көп­ті көр­ген басым бар, көп жасаған жасым бар, қаза­қтың 80 жастағы Қаза­қ­бай­ұ­лы Дәу­лет есім­ді ақсақа­лы­мын. Өзіңе Алла міне­кей бақ бер­ді, асты­ңа тақ бер­ді. Енді алда өзіңді екі жол күтіп тұр: бірі – саған мұраға қалған «Нұр­сұл­тан­ның нұр­лы жолы», екін­шісі – қазақ халқы­ның еркін даму жолы. Екін­ші жол­мен жүріп, халы­ққа қарай бет бұр­саң, тарих­та жақ­сы аты­ң­мен қаласың!

Әрине, бұл жол оңай емес – ауыр да, қиын­ды­ғы мол жол екені рас. Алай­да халқы­ңа арқа сүй­е­сең, бар­лық қиын­шы­лы­қтар­ды жеңіп, бәрін де ойдағы­дай түзе­те ала­ты­ны­ңа сене­мін! Алды­ң­да орас­ан зор және жау­ап­ты, әрі қазақ халқы үшін өте маңы­зды істер күтіп тұр.

Атап айтқан­да, ең басты­ла­ры: халқы­мы­зға өзінің мем­ле­кет­тік қазақ тілін қай­та­руың қажет. Билік­тің бар­лық тар­мақта­ры (пар­ла­мент, мини­стр­лік­тер, әкім­дік­тер…) – бәрі де қазақ тілін­де сөй­леп, жұмыс істе­улері керек! Бұған дей­ін озбыр­лы­қ­пен саты­лып, жеке­ше­леніп кет­кен жер­лерін, кәсі­по­рын­да­рын халы­ққа қайтар!

Халық билік­тің емес, билік – халы­қтың қыз­мет­шісі екенін билік­те оты­рған­дар­дың сана­сы­на жет­кі­зуің керек! Жемқор­лар­дың шет­ке тыққан ақша-қара­жа­тын елге қай­та­руын қолға алуың керек. «Қаза­қстан халқы­на» қоры­на түс­кен қара­жат­ты – шағын және орта кәсіп­кер­лік­ті дамы­туға, яғни әртүр­лі кәсіп­тер­ді (ет, сүт, тері өңдеу, тағы басқа шағын зауыт­тар­ды) елді мекен­дер­де, ауыл­дар­да ашып, халы­қтың жұмыспен қам­та­ма­сыз етілуіне баса назар ауда­руың керек!

Айта бер­сем, алды­ң­да өте көп жұмыстар күтіп тұрға­ны өзіңе де бел­гілі. «Мен халы­қтың жағын­да­мын, халы­қ­пен бір­ге­мін» – деп, бұры­нғы өзінің жеке мүд­десін ғана ойлай­тын әкім­дер­ді билік­тен тай­ды­рып, жаны жомарт жаңа, таза адам­дар­ды билік басы­на әке­лу­ге күш жұм­са­уың керек! Міне, осы керектер­дің тезірек орын­да­луы­на аян­бай еңбек етуің керек!

Қасым-Жомарт інім! Халық өзің­нен осын­дай істер­ді асы­ға күтіп отыр. Сон­ды­қтан да өте маңы­зды халы­қтық жұмыстар­дың тезірек шешілуіне шын ниетің­мен көңіл бөлетініңе және осы жұмыстар­ды орын­дай ала­ты­ны­ңа сене­мін! Осы өте жау­ап­ты жұмыстар­ды адал, ойдағы­дай орын­да­уың үшін Алла өзіңе зор ден­са­улық, қажы­мас қай­рат бер­сін деп тілеймін!

Өзіңе деген құр­мет­пен, Арда­гер-ақсақал Қаза­қ­бай­ұ­лы Дәулет

ЕРТЕҢ КЕШ БОЛАДЫ

  • Бірен-сараң тәу­ел­сіз газет­тер мен әле­умет­тік желілер­де сөз болып жатқан тоқ­сан ауыз сөздің тобы­қтай түй­іні ретін­де айта­рым: жеке басқа табы­ну­дың қаза­қстан­дық нұсқа­сын бір-бір­леп тал­дап, сая­си баға беру керек.

Екін­ші­ден, жеке басқа табы­нуға алғы­шар­ттар жасап бер­ген жағым­паз, қуыр­шақ пар­ла­мент­ті тарқа­тып, жаңа сай­лау өткі­зу арқы­лы жасақталған жаңа пар­ла­мент 1995 жылы қабыл­данған Кон­сти­ту­ци­я­ны қал­пы­на кел­тіруі керек. Ата заңға зор­лап енгізіл­ген 1100 түзе­ту нақақ түзетім­паз­дық (реви­зи­о­ни­стік) сая­си өзгеріс ретін­де айып­та­лып, жаңа Кон­сти­ту­ция жаса­луы қажет.

Үшін­ші, «Нұр Отан­нан» құры­лған «қуыр­шақ пар­ла­мент» қабыл­дап, іске асы­рған бар­лық қала, көше, оқу орын­да­ры мен мем­ле­кет­тік меке­ме­лер­дің ата­у­ла­рын өзгер­тіп, өзінің тари­хи, жара­ты­лы­стық жер­гілік­ті ата­у­ла­рын қал­пы­на кел­ті­ру керек. Сол қатар­да қазақ халқы­ның қас жауы Рома­но­втар пат­ша­лы­ғы атын­дағы «Пав­ло­дар», «Пет­ро­павл» және т.б. жер-су ата­у­ла­ры өзгер­тілуі керек.

Төр­тін­ші, 1986 жыл­дан бері, әсіре­се тәу­ел­сіздік­тің 30 жылын­да қан­ды қырғы­нға ұшы­раған «Қаңтар қырғы­ны­на» және «Жаңаө­зен тер­ро­ры­на» анық та айқын сая­си баға беру қажет. «Жаңа Қаза­қстан» құруға уәде бер­ген пре­зи­дент Қасым-Жомарт Тоқа­ев әр дәре­же­де­гі мем­ле­кет­тік орган­дар бас­шы­лы­ғы­на «үлкен жемқор­дың» орны­на «кіш­кене жемқор­лар­ды» ауы­сты­рып, тағай­ын­дау арқы­лы ешнәр­се істей алмай­ты­нын бүгін түсі­нуі керек! Ертең кеш болады.

Әлі­мға­зы ДӘУЛЕТХАН

Бай­ы­ған­дар АШЫҒЫП қал­май ма?

Қаза­қстан­ның бай «тұлға­сы» Тимур Құлы­ба­ев қыз­меті­нен босап, өзіне «сенім көр­сет­кен» халы­ққа рах­метін айтып­ты деген­ді есті­ген­де, әйелі Дина­ра Нұр­сұл­танқы­зы еке­уінің жиып-тер­ген­дері жаңа жұмыс тауып алған­ша ашы­ғып қал­мау­ла­ры­на жетер ме екен деп, маза­сызда­нып, бәрін білетін интер­неті­міз­ден сұрап едім. Ол айт­ты: «Сас­паңыз, еке­уінің әрқай­сысын­да 3,2 мил­ли­ард дол­лар бар, әзір­ше жете­ді», – деп жұбат­ты. Бәсе! Бұл еке­уінің шаруа­сы шатқа­яқтар бол­са, басқа мил­ли­о­нер-мил­ли­ар­дер­лер­дің халі не болмақ?..

«Бай­ы­ған қыз төр­кінін таны­мас» деген­дей, Т.Құлыбаев өзін ықы­лық атқы­за жем­дей­тін жоға­ры да жай­лы оры­нға оты­рғы­зған қай­ы­на­та­сы­на – Н.Назарбаевқа рах­мет айт­пай, өзінің ықпыл-жық­пыл жолы­нан хабар-оша­ры бол­маған халы­қтың «сенім көр­сет­кенін» жазып­ты. «Менің әке­тай­ым­ды неге ұмыт­тың?!» деп дол­да­нуға мін­дет­ті Дина­ра­сы қайда?..

Назар­ба­ев­тың басқа күй­еу бала­ла­ры – Қ.Шәріпбаев пен Д.Досанов та жылы каби­нет­терін боса­тып­ты, енді қай­да бара­ды екен, күн­көрістері қалай бол­мақ?.. Бірақ олар­дың да «әзір­ше жететін­дері» жет­кілік­ті шығар.

Пре­зи­дент Қ.-Ж.Тоқаев айтқан­дай, «Назар­ба­ев­тың тұсын­да бай­ы­ған­дар бары» жұр­тқа мәлім. Олар – елу шақты мил­ли­о­нер мен оннан астам мил­ли­ар­дер. Солар­дан екін­ші топ­ты бастап тұрған В. Ким, Б. Өте­мұра­тов деген шылқа­бай­ла­ры­мыз есі­ме түс­кенін қара­шы! «Форбс» жур­на­лы­ның мәлі­меті бой­ын­ша, әуел­гісінің жеке бай­лы­ғы 4,6 мил­ли­ард, соңғы­сы­нікі – 3,4 мил­ли­ард дол­лар екен. Олар да тимур­шы­лап, қол­да­рын ұзар­тқан көке­лері Нұр­сұл­тан мыр­за­ны ұмы­тып, өздеріне «сенім көр­сет­кен» халы­ққа риза болып жүр-ау, ә?..

«Ұзын сөздің қысқа­сы»: менің­ше, жаңа билік Н.Назарбаевтың кім­ді қалай бай­ы­тқа­нын тек­се­ретін комис­сия құрып, қай­сысы­ның адал еңбек­пен, қай­сысы­ның ала­яқты­қ­пен бай­ы­ға­нын аны­қтау керек. Және бір комис­сия көзі тірісін­де Н.Назарбаевтың аты неше көше­ге, мек­теп­ке, инсти­тутқа, уни­вер­си­тет­ке, ака­де­ми­яға, вок­за­лға, алаңға, қалаға қой­ы­лға­нын, неше ескерт­кі­ші қай­да орна­ты­лға­нын аны­қ­та­са, жөн болар. Бұл екі жәйт­тен толық хабар­дар болған соң, халық төрелі­гін айта жатар еді.

Өткен 30 жыл­да халқы­мы­здың осы­лай­ша тала­пай­ға ұшы­раған нәпақа­сын қай­та­ру­дың реті кел­се, рес­пуб­ли­ка­мы­здың, менің дол­ба­рым­ша, кемін­де 30 жыл­дық мем­ле­кет­тік бюд­жеті орны­на келер еді. Осы­ны жаңа билік еске­ретін болар деп ойлаймын.

Бақыт ЕЛШІБЕКОВ,

Семей қала­сы

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн