Пятница , 4 июля 2025

Шайтаннан емес, сақалдыдан қорқатын заман болып тұр

Қаңтар­дың 27-сінен 28-іне қараған түні Қараған­ды қала­сы­ның Май­құ­дық ауда­нын­да «жедел жәр­дем» көлі­гінің жүр­гі­зу­шісі соққы­ға жығы­лға­ны жөнін­де­гі бей­не­жа­з­ба әле­умет­тік желілер­де тез тарап, бұл құқы­қбұ­зу­шы­лы­қты бүкіл қоғам қара­ла­уда. Сол түні кіш­кен­тай нәре­сте ауы­рып, шақыр­ту бой­ын­ша дәрі­гер­лер­ді көпқа­бат­ты үйлер­дің біріне алып кел­ген көлік­тің жүр­гі­зу­шісіне аула­да бір жігіт бір­не­ше рет ауыр соққы жасай­ды. Бұл оқиға әле­умет­тік желілер­де тараған және бір­не­ше теле­ар­на­лар­дан көр­сетіл­ген бей­не­жа­з­ба­да анық көрініп тұр. Соның сал­да­ры­нан бас миы шай­қа­лып, мұрын сүй­ек­тері сынған, кеуде қуы­сы мен бет­тің жұм­сақ тін­дерін ауыр­тып алған жәбір­ле­ну­ші қазір ауру­ха­на­да ем алып жатыр.

Қоғам­да үлкен шу мен нара­зы­лық туды­рған бұл көрініс­ке құзыр­лы ұйым­дар шұғыл назар ауда­рып, жедел іске кірісті. Күдік­ті­ге қаты­сты қыл­мыстық іс қозға­лып, 2‑санатты іздеу жари­я­лан­ды және жағ­дай ерекше бақы­ла­у­ға алын­ды. Нәти­же­сін­де поли­ция 1987 жылы туған Нұр­бо­лат Дәке­ба­ев дей­тін аза­матқа іздеу жари­я­ла­ды. Поли­ция жари­я­лаған сурет­ті көр­ген адам­ның бір­ден наза­рын аудар­та­тын жайт – күдік­тінің қою қара сақа­лы! Шашы қысқа, мұр­ты білі­нер-білін­бес болған­мен, бұл жігіт­тің түр-түсі­нен қатал­дық қана көрін­бе­се, мей­ірім­ділік­тің ұшы­ғы да бай­қал­май­ды. Біздің де баса айтқы­мыз келіп тұрға­ны осы жайт.

Әрине, бұрын да «жедел жәр­дем» көлік­теріне жол бер­меу, жүр­гі­зу­шілеріне қоқан-лоққы көр­се­ту, была­пыт сөз­дер айту болға­ны рас. Мұн­дай келеңсіз жайт­тар соңғы бес жыл­да жиі тір­келіп жатыр. Деректер­ге сүй­ен­сек, бұдан төрт жыл бұрын осын­дай 13 жағ­дай орын алса, үш жыл бұрын – 17, екі жыл бұрын – 19, ал был­тыр – 55 заң бұзу­шы­лық анықталыпты.

Бай­қа­саңыз, мұн­дай дерек жыл сай­ын өсіп, 4 есе­ден артық көбей­іп отыр. Мұның бәрі – тәр­би­есіздік, өркөкірек­тік, мен­мен­дік, мәде­ни­ет­тің төмен­ді­гі­нен ғана емес, біздің пай­ы­мы­м­ыз­ша, көп­шілі­гі – тәр­тіп­тің төмен­ді­гі, ұрпақты, ұлт­ты, қоғам­ды тәр­би­е­лей­тін мәде­ни, руха­ни шара­лар­дың кем­шін­ді­гі­нен, оған бағыт-бағ­дар сіл­тей­тін үгіт-наси­хат, ұйым­да­сты­ру жұмыста­ры­ның, бір сөз­бен айтқан­да, идео­ло­ги­я­лық жұмыстар­дың әлсізді­гі мен жүй­есізді­гі­нен болып отыр!

Қарағанды­дағы мына келеңсіз жайт біздің ерекше наза­ры­мы­зды тар­тып тұрға­ны – күдік­тінің сақа­лы мен бей­не­жа­з­ба­дағы көріні­сте жәбір­ле­ну­шіні кәсі­би бокс­шы­дай кеудесі мен аузы-мұр­ны­на, самай тұсы­на дәл бағыт­тап, нық және ауыр соққы жасаға­ны болып тұр. Естеріңіз­де бол­са, қай­ғы­лы Қаңтар оқиға­сы­ның негіз­гі «кей­іп­кер­лері» де сақал­ды­лар болған еді. Сол кез­де қан­ша­ма қару, оқ-дәрі ұрлан­ды. Орта­лық ком­му­ни­ка­ци­я­лар қыз­метін­де­гі бри­финг бары­сын­да Бас про­ку­ра­ту­ра­ның 1‑қызмет басты­ғы­ның орын­ба­са­ры құқық қорғау ұйым­да­ры­ның ғима­рат­та­ры­на шабуыл­дау нәти­же­сін­де 1 259 табель­дік қару ұрланға­нын, оның ішін­де авто­мат­тар, тапан­ша­лар мен гра­на­то­мет­тар болға­нын, атап айтқан­да, Алма­ты облы­сын­да поли­ция депар­та­мен­ті ғима­ра­ты­нан 53 авто­мат, 367 тапан­ша, 1 гра­на­то­мет, сон­дай-ақ 23 мың­нан астам патрон ұрланға­нын, ал Жам­был облы­сын­да 200 авто­мат, 148 тапан­ша, 11 гра­на­то­мет, бір пуле­мет және 40 мыңға жуық патрон қол­ды болға­нын айтып еді. Ол сон­дай-ақ Алма­ты­да Рези­ден­ци­ядағы қира­ту­лар­дан кей­ін 130 дана қару мен оқ-дәрілер­дің жетіс­пе­ушілі­гі аны­қталға­нын, оның ішін­де 80 гра­на­та, 17 тапан­ша, 11 авто­мат, 21 гра­на­то­мет және снай­пер мыл­ты­ғы болға­нын да айтқан еді.

Олар­дың біра­зы табы­лға­ны­мен, біра­зы әлі күн­ге дей­ін ізде­стіріліп жатыр. Осы­дан екі күн бұрын ғана Ұлт­тық қауіп­сіздік коми­теті Алма­ты қала­сын­да қару арсе­на­лы жасы­ры­лған орын­ды аны­қта­ды. «Қаза­қстан» ұлт­тық арна­сы­ның хабар­ла­у­ын­ша, «Калаш­ни­ков» авто­мат­та­рын, тапан­ша­лар мен мыл­ты­қтар­ды қоса алған­да, 30 бір­лік қару-жарақ, сон­дай-ақ 5 гра­на­та, 10 түтін­де­ту құты­сы және әртүр­лі калибр­де­гі 200-ден астам патрон табы­лған. Алдын ала деректер бой­ын­ша, табы­лған қару Қаңтар оқиға­сы кезін­де ұрланған.

Сол заңға қай­шы, қоға­мға қауіп­ті қыл­мыстық істер­ді істе­ген­дер­дің көбі сақал­ды­лар неме­се солар­дың бұй­ры­ғын орын­даған­дар емес пе?! Мем­ле­кет бас­шы­сы­ның алды­на қой­ы­лған мәлі­мет­ке сәй­кес айты­лған 20 мың тер­ро­рист тура­лы дерек қай­дан шықты?! Жалған бол­са – неге 238 адам қаза тауып, бір­не­ше ондаған ғима­рат­тар қира­ты­лып, елі­міз мил­ли­ард­таған шығы­нға бат­ты?! Рас бол­са – олар қай­да кетті?!

Сөз жоқ, олар сіз бен біздің қасы­мы­зда жүр, қалың көп­тің ішіне ара­ла­сып кет­ті және жай жүр­ген жоқ, соңғы кез­дері сая­сат­та­ну­шы­лар мен сарап­шы­лар, елінің ертеңі мен ұрпағы­ның бола­шағы­на бей­жай қарай алмай­тын қоғам бел­сен­ділері, қара­пай­ым көзі ашық, көкіре­гі ояу аза­мат­тар айтып, жазып, шырыл­дап жатқан­дай – қолай­лы сәт­ті күтіп отыр. Оған Қаңтар қасіретіне жау­ап­ты негіз­гі күдік­тілер мен қыл­мыс­кер­лер­ді толық тауып, заңға сәй­кес тиісті жаза­сын бере алмай оты­рған билік­тің өзі де бел­гілі бір дәре­же­де үміт ұшқы­нын «сый­лап» отыр. Ал мұның басты себебі – билік­тің бар­лық тар­мақта­ры мен про­ку­ра­ту­ра, сот, поли­ция және басқа құқық қорғау ұйым­да­рын­да әлі күн­ге дей­ін «ескі Қаза­қстан­ның» кадр­ла­ры оты­рған­ды­ғын­да деп ешбір күмән­сіз айтуға болады.

Қазір қоғам­да дін­ге деген көзқа­рас өте күр­делі, соның ішін­де бұры­нғы билік­тің қол­да­уы­мен ерекше етек алып, оның сар­ба­з­да­ры іспет­ті дәре­же­ге жет­кен сақал­ды­лар ұста­на­тын ағы­мға деген қорқы­ны­шты көзқа­рас қалып­та­сты. Олар қалай пай­да бол­ды, кім­дер­ге сүй­ен­ді десек, көп­шілік­тің есіне ең алды­мен бұры­нғы пре­зи­дент­тің неме­ре інісі Қай­рат Саты­бал­ды түсетіні анық. Ол да, оның пре­зи­дент аға­сы да мешіт салу­мен құл­шы­на айна­лы­сқа­нын бүкіл ел біледі. Солар­дың ішін­де өз басым Түр­кістан облы­сы­ның Сары­ағаш ауда­нын­да салы­нған Саты­бал­ды Әбі­шұ­лы атын­дағы Ислам орта­лы­ғын бөліп айтар едім. 2019 жылы қара­ша айы­ның соңын­да «ҚазА­қ­па­рат» агент­ті­гі діни орта­лы­қтың ашы­лу рәсі­міне 10 мыңға жуық адам жиналға­ны жай­ын­да хабар­ла­ды. Агент­тік­тің жазуын­ша, мәр­те­белі мей­ман­дар қата­рын­да Түр­ки­ядан кел­ген Нежмет­дин Ердоған Біләл мен Шешен­стан Рес­пуб­ли­ка­сы бас­шы­сы­ның кеңес­шісі Амруд­дин Эди­л­ге­рев, Түр­кістан облы­сы­ның сол кез­де­гі әкі­мі Өмір­зақ Шөке­ев, елі­міздің дін қай­рат­кер­лері мен зия­лы қауым өкіл­дері және жамағат қатысқан.

Бұл Ислам орта­лы­ғын­да 10 мың адам бір мезет­те құл­шы­лық ете ала­ды. Мешіт ішін­де мед­ре­се-кол­ледж шәкірт­теріне арналған 29 сынып бар. Орта­лы­қта бір мезет­те 600 бала дәріс тың­дай ала­ды. 69 жатын орын­ды қам­ты­ған орта­лы­қта 1000 ада­мға арналған асха­на салынған.

Келес өзенін қол­дан бұрып, жан-жағы сумен қор­шалған жасан­ды арал­да орна­ласқан бұл мешіт­те мен 2020 жыл­дың ақпан айын­да бол­дым. Сол кез­де-ақ: «Бұл орта­лы­қта шәкірт­тер­ге дұрыс бағыт көр­сетілер ме екен?!» – деген сұрақ көкей­ім­де қылт еткен еді.

Әрине, мен ата-баба­ла­ры­мыз ұстанған, даны­шпан Абай «Алла­ның өзі де рас, сөзі де рас» деп баға­лаған асыл діні­міз­ге айып таққа­лы оты­рған жоқ­пын. Бірақ сол дін­нің сан-саққа, жік-жік­ке, түр­лі ағы­мға бөлін­гені мені ғана емес, бүкіл қазақ қоға­мын алаң­да­та­ды. Халқы­ның 80 пай­ы­здан аста­мы ислам­ды ұста­на­тын елде діни бір­тұ­та­стық жоқ. Соның сал­да­ры­нан руха­ни-адам­гер­шілік тұрғы­да азып-тозып бара жатыр­мыз. Шыным­ды айт­сам, шай­тан­нан емес, сақал­ды­дан қорқа­тын заман болып тұр! Өйт­кені олар қазақ халқы ғасыр­лар бойы қалып­та­сты­рып, ұрпақтан ұрпаққа ама­нат­тап келе жатқан ең асыл қаси­ет­тері­міз бен әдет-ғұрып, салт-дәстүрі­міз­ге қар­сы шығу­да. Сол арқы­лы ұлт­тық бір­лі­гі­міз­ге, елдік тұта­сты­ғы­мы­зға қауіп төн­діру­де. Қаңтар қасіреті кезін­де олар­дың тіп­ті мем­ле­кет­тілі­гі­міз­ге де қатер төн­дір­генін әлі көп адам ұғы­на алмай отыр!

Осын­дай қателік­тер­ге жол бер­ген бұры­нғы пре­зи­дент өз кінәсін мешіт­тер салу арқы­лы жуғы­сы келетін сыңай­лы. Менің ойым­ша, бұл да алдам­шы нәр­се. Бірін­ші­ден, ол мешіт­тер өзі күрек ұстап күреп тапқан қар­жы­ға салы­нып жатқан жоқ, бәрі – халы­қтың аузы­нан жырып, заң­сыз табы­лған «бай­лы­қтың» есебі­нен. Оның үстіне, сақал­ды­лар­дың көбі сол мешіт­тер­де «тәр­би­е­леніп» жатқа­ны ешкім­ге сыр емес. Екін­ші­ден, Халық деген – Құдай­дың бір есі­мі! Жер­де­гі Халық кешір­ген­де ғана Көк­те­гі Құдай кешіруі мүм­кін! Ол үшін өзі ғана емес, айна­ла­сын­дағы қара халы­қты 30 жыл бойы зар жыла­тып, заң­сыз бай­ы­ған жан­дар­дың бар­лы­ғы­ның дүние-мүл­кі ел игілі­гіне түгел қай­та­ры­луы тиіс!

Міне, содан кей­ін бұры­нғы пре­зи­дент бүкіл ел халқы­нан кешірім сұра­са, ежел­ден «иіл­ген басты қылыш кес­пей­ді» дей­тін қазақ қоға­мы оның біліп, біл­мей істе­ген қателік­терін кешіруі ықти­мал. Сон­да ғана Көк­те­гі Құдай да көп тіле­гін қабыл ала­ды деп ойлай­мын. Менің­ше, басқа­ша болуы мүм­кін емес!

Құт­мағам­бет ТАЛАПБАЙҰЛЫ

Республиканский еженедельник онлайн