Суббота , 5 июля 2025

Шара ТҰРМАҒАМБЕТОВА: Өзімді-өзім ұратындай, МАҒАН НЕ КӨРІНІПТІ?!

Ақпан­ның 27-сі күні түс ауа Ақтө­бе облы­сы Алға аудан­дық «Жұл­дыз-Звез­да» газетінің бас редак­то­ры Шара Тұр­мағам­бе­то­ва­ны өзі тұрып жатқан үйдің кіре берісін­де бел­гісіз біре­улер соққы­ға жыққан. Жур­на­лист басы­на тиген соққы­дан құлап қалған. Орны­нан тұра бер­ген­де, оны беті­нен ұрған. Жур­на­лист бұл басбұ­зар­лық қыл­мысты шабуыл­ды кәсі­би қыз­меті­мен және өзінің бел­сен­ді аза­мат­тық ұста­ны­мы­м­ен байланыстырады. 

Осы қыл­мысты оқиғаға қаты­сты «Әділ сөз» қоры Шара Тұр­мағам­бе­то­ваға шабуыл жасалға­ны тура­лы ақпа­рат таратқан бола­тын. (Бұл хабар­ла­ма­ны біз сенім­ді көз­ден алдық). Шараға қоңы­рау шалып, шабуыл­дың мән-жай­ын білдік.

Алай­да науры­здың 1‑і күні таңер­тең «Әділ сөздің» кең­сесіне Ақтө­бе облы­стық поли­ция депар­та­мен­тінің өкілі Ербо­лат Сарқұ­лов хабар­ла­сып, орын алған оқиға­ны басқа маз­мұн­да хабар­лаған екен. Содан кей­ін «Әділ сөз» поли­ция депар­та­мен­ті­нен мынан­дай бас­пасөз-релизін алыпты. 

«Кей­бір БАҚ-тар­да ақтө­белік жур­на­лист Шара Тұр­мағам­бе­то­ва­ны ұрып-соғып кет­кені тура­лы ақпа­рат жари­я­ланған. Алға поли­ци­я­сы жедел тек­се­ру іс-шара­ла­рын жүр­гізіп, куә­гер­лер­дің айтуы бой­ын­ша, Ш. Тұр­мағам­бе­то­ва 27 ақпан­да өз үйінің кіре берісін­де абай­сызда құлап, бетін жарақат­тап алған­ды­ғы аны­қтал­ды. Өзі поли­ци­яға ары­зданған жоқ. Осы­ған бай­ла­ны­сты тек­серіл­ме­ген деректер­ді жари­я­ла­мауды сұраймыз».

Шара Тұр­мағам­бе­то­ва облы­стағы талант­ты редак­тор және бел­сен­ді аза­мат ретін­де таны­мал. Ол мұнай ком­па­ни­я­сын­дағы тен­дер тура­лы мате­ри­ал дай­ын­дап, аудан­дық газет­ті жеке­ше­лен­ді­ру жөнін­де Facebook ‑те жазып, жер­гілік­ті билік­тің жұмысын жиі сынға алған. Бұл кез кел­ген адам тек­се­ре ала­тын фак­тілер. Ал Алға поли­ци­я­сы қан­дай іс-шара өткіз­гені, оқиға кезін­де үйдің кіре берісін­де болған оқиға­ны көр­ген куә­гер­лер­ді, қажет­ті айғақтар­ды қалай тапқа­ны бел­гісіз. Егер поли­ци­яға ешкім хабар­лас­па­са, мұн­дай жедел іс-шара­ны жедел түр­де қашан өткізген? 

«Әділ сөз» 20 жыл­дан бері жур­на­ли­стер­ге шабуыл жасау хро­ни­ка­сын жүр­гізіп келеді. Әртүр­лі жасалған шабуы­лға қаты­сты әрқа­шан сенім­ді көз­дер­ге жүгі­не­міз. Біз Шара ханы­мға теле­фон арқы­лы хабар­ла­сып, мәсе­ленің мән-жай­ын өз аузы­нан есті­ген­ді жөн көрдік. 

– Шара ханым, әрине, соққы­ға жығы­лған әйел­ді мере­ке­мен құт­ты­қта­удың ыңғайы қиын: деген­мен ең алды­мен әңгі­мені «көк­тем мере­кесі, әйел­дер күні құт­ты бол­сын» деуден баста­масқа лаж бол­май тұр…

– Рах­мет! Сіз­дер­дің редак­ци­ядағы қыз-келін­шек­тер­ді де көк­тем­нің алға­шқы мере­кесі­мен құттықтаймын! 

– Соны­мен, мән-жай­дың анық-қаны­ғы не бол­ды: жер­гілік­ті поли­ция таратқан ақпа­ратқа алып-қоса­ры­ңыз бар ма?

– Сол күні жұмыстан ерте­рек қай­тып едім. Подъ­ез­ге кіре бер­генім сол, «осы, осы» деген сөзді естідім. Содан кей­ін біре­уі басым­нан ұрды. Құлап түстім. Бетім­нен ұрды. Айна­ла қан бол­ды. Көр­шілер шық­паған­да, өлтіріп кетер­дей екен. Осы оқиға­дан кей­ін, кім­нің не айтып жатқа­нын біл­мей­мін, жұмысқа сей­сен­бі күні шықтым. Бірақ бір жағ­дай анық: өзім­ді-өзім ұрғам жоқ.

Рас, талай қамалғам, талай фото­ап­па­ра­тым­ды тар­тып әкеткен… 
Енді… поли­ция таратқан хабарға қаты­сты айт­сам, «дежур­ный» өтірік бола­ды. Алай­да өзім­ді-өзім ұрып, көзім­ді көгер­тіп, пиар жасай­тын­дай, не басы­ма күн туды? Мен кім едім сон­ша? Мен – бар болға­ны аудан­дық газет­те редак­тор­мын. Аудан­да жаман емес­пін, аудан билі­гі­мен де бас араз­ды­ғым жоқ! Тіп­ті аудан әкі­мінің жақ­сы қыр­ла­ры тура­лы «Еге­мен Қаза­қстанға» мате­ри­ал жазғым кел­генін осы жер­де­гі бір доста­рым біледі. 

– Бұл оқиғаға сіздің жер­гілік­ті жер­де­гі қоғам­дық бел­сен­ділі­гіңіз себеп бол­ды десек, қан­ша­лы­қты қателесеміз?

– Ешкім­де алты ала­сым, бес бересім жоқ, елде­гі жағ­дай­ға бай­ла­ны­сты көп мәсе­лені айта­ты­ным рас. Өзім де соны­мен бай­ла­ны­сты­ра­мын. Бірақ мен айт­па­сам, сен айт­па­саң, кім айта­ды? Жур­на­лист ретін­де жай­ы­ма қарап жүре алмай­ты­ным рас: мұнай­дың жеке саты­лы­мы тура­лы мақа­ла дай­ын­дап жатқа­ным рас, қоңы­рау болға­ны да рас. 
Мен ешкім­ге, ешқан­дай органға арыз жаз­бай­мын, бірақ Ақтө­бе облы­стық ІІД-нің «она упа­ла по неосторж­но­сти» дегені не? Олар менің құлап жатқа­ным­ды көріп пе? Жоқ, көр­ген жоқ, олар­дың жын­да­нып оты­рға­ны – менің «поли­ция қыл­мысты ашпай­ды, жазы­қ­сыз біре­улер­ге мой­ын­да­та­ды» дегенім. Шыны­мен де солай! 

– Шара ханым, мұн­дай аза­мат­тық бел­сен­ділік­ке сіздің дәтіңіз қалай барып жүр? Бізді ғана емес, әле­умет­тік желілер­дің көп­те­ген қол­да­ну­шы­ла­ры мен оқыр­ман­да­рын осы сұрақ қызықтырады…

– Тағы жұмыс­сыз қалар­мын… Үнде­мей оты­ра алмай­мын енді… Редак­тор­лық – мини­стр­лік емес қой. Редак­тор бол­ма­сам, аспаз болар­мын. Дала­да қалмаспын…

Деген­мен, сіздің аза­мат­тық ұста­ны­мы­ңы­зға жер­гілік­ті бас­шы­лық өкіл­дері құр­мет­пен қарай­тын болға­ны ғой? Әйт­пе­ген­де, «асау Шара­ны», «ауы­зды­қ­сыз редак­тор­ды» олар бір күн де ұста­май­ты­ны анық емес пе еді?

– Газет – жекенікі. Құры­л­тай­шы маған құр­мет­пен қарай­тын аза­мат. Аудан әкім­шілі­гін­де­гі адам­дар­мен түсіністік бар. Мұнай ком­па­ни­я­сын­дағы тен­дер тура­лы мате­ри­ал дай­ын­дап, аудан­дық газет­ті жеке­ше­лен­ді­ру жөнін­де әле­умет­тік желі­ге жазып, жер­гілік­ті жер­де­гі атқа­ру­шы билік­тің жұмысын жиі сынға ала­мын. Мәсе­ле әрірек­те… Бұл жер­де Фари­за­шы­лы­ғым /Оңғарсынова/ келеді… Кей­бір інілерім­нің шәп­кесін тар­тып алып, кигім келетіні рас.

– «Мем­ле­кет­тік тап­сы­рыс» деген­нен шыға­ды: жуы­қта сіздің «Фейс­бук­те­гі» жаз­баңы­здан жер­гілік­ті газет­тер­дің мем­ле­кет­тік тен­дер­ге қаты­су мәсе­лесін көтер­геніңізді біле­міз. Сол жаз­ба­дағы бізді қызы­қты­рған сұрақ: Ақтө­бенің қой­на­уын­дағы бір газет­тің тен­дерін Алма­ты­дағы бір серік­те­стік жеңіп алған екен. Бұл не қылған қитұрқы қисап екенін біле алды­ңыз ба? 

– Тен­дер­ді тек менің ауда­ным­нан ғана емес, облы­стағы бір­не­ше газет­тің ара­сы­нан «Халық ақпа­рат» деген газет ұтып алды. Қызы­ғы сол – газет Алға ауда­ны­на әлі кел­ген жоқ. Қалай ұтып алды, енді оқыр­ман қайт­пек? Біле алмадым. 

– Ал әйел пен­десі ретін­де көп бала­лы ана­лар­дың жуы­қтағы толқуы мен нара­зы­лы­ғын сіз қалай бағалайсыз?

– Әлем­ді әйел тек тер­бетіп қана қой­май­ды, әлди­лей­ді де. Тек әлди­лей­тін әлем­нің әде­мі болға­нын қалаймын.Ұрлықсыз. Пара­сыз. Жаласыз.

Көп бала болға­ны жақ­сы, бірақ «көп бала» деген­нің неше бала екенін біле алмай отыр­мын. Егер төрт бала бол­са – көп бала, ал үш бала – қан­ша? Аз ба, көп пе? Менің­ше, бір бала бол­са да – бала! Неге бала 1 жасқа толған­ша ғана үкі­мет жәр­де­мақы төлей­ді де, тоқта­та­ды? Баяғы совет кезін­де­гі­дей ясли деген жоқ. Бала­сын тастап кетіп, өрт­теп, қуы­рып алып, тұн­шы­қты­рып, этаж­дан құла­тып алып жатқан­дар – осы­лар емес пе?!

Ал менің жур­на­ли­стік тәжіри­бем­де бір жасар бала­сын үйге тастап кетіп, ол басы­на цел­ло­фан қал­та киіп алып, шеше алмай тұн­шы­ғып қалға­ны бар. Бір жасар бала­сын тастай­тын жер тап­пай, арқа­сы­на салып алып, бір садақа­да бауыр­сақ пісіріп тұрған­да, бала басы­нан асып кетіп, қазан­дағы май­ға қуы­ры­лға­ны… Сұм­дық па? Сұм­дық!
Бір жасар бала­сын белі­нен бай­лап, жұмысқа кетіп, ол бала үйдің сәкісі­нен еңбек­теп түсіп бара жатып, беліне бай­ланған тұзақ мой­ны­на ілініп, асы­лып қалға­ны ше? 

Кешіріңіз­дер! Бірақ бір бала да – бала! Нече­го! Төрт бала туған­ша күтіп…

Бақыт­гүл МӘКІМБАЙ,

«

Республиканский еженедельник онлайн