Пятница , 4 июля 2025

Шейхтардың атына МЕКТЕП БЕРУ – Назарбаевтың нұсқауы

Өткен айдың соңын­да жари­я­ланған­дай, ел аста­на­сын­дағы екі мек­теп­ке араб шейх­та­ры­ның атын беру жөнін­де­гі шешім қаза­қстан­дық қоғам­да қаға­жу қалған ақпа­рат бол­ды. Оның себебі бел­гілі жәйт: №84 және 85-мек­теп­тер­ді Араб Әмір­лі­гінің пре­зи­ден­ті шейх Хали­фа бен Заид аль-Наха­ян мен Катар әмірі шейх Тами­на бен Хама­да аль-Тани­дың аты­мен атау – Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев­тың тіке­лей өзі­нен түс­кен нұсқау; ал бүгін­де «бас кіта­п­ха­на­шы» атанған елба­сы­ның бұй­ры­ғын бұра тар­ту – бай­ла­удағы БАҚ біт­кен­ге тый­ым салы­нған тақырып.

Нұр-Сұл­тан қала­сы­ның Тіл­дер­ді дамы­ту және мұрағат ісі басқар­ма­сы­ның бас­шы­сы Тіле­уға­ли Қышқаш­ба­ев­тың аты­мен ресми рет­те тара­ты­лған ақпа­рат бой­ын­ша, Хали­фа бен Заид аль-Наха­ян атын­дағы гума­ни­тар­лық қор №84 мек­теп-лицей­інің құры­лы­сын толы­қтай қар­жы­лан­ды­рған, ал №85 мек­теп­тің құры­лы­сын Катар мем­ле­кетінің даму қоры қар­жы­лай қам­та­ма­сыз еткен.

Әлбет­те, араб шейх­та­ры­ның аты басқа, мәсе­лен, қоғам­дық меке­ме­лер неме­се өндірістік нысан­дарға беріліп жат­са, ала­бө­тен сөз бол­мас еді. Ал ел ішіне етек жай­ған уаһа­бизм мен сала­физ­мнің бір ота­ны сана­ла­тын Әмір­лік шейх­та­ры­ның атын мек­теп­тер­ге беру – жас ұрпақтың бетін бесі­гін­де дүдә­мәл дін ағы­мы­на бұра­тын әпер­бақан әре­кет бол­са керек.

Тағы сол Қышқаш­ба­ев­тың айтуы­на қараған­да, бұл ұсы­ныс көп­шілік­тің сұра­ны­сы бой­ын­ша, аталған мек­теп­тер­дің бас­шы­лы­ғы­нан келіп түс­кен екен. Оған «көп­шілік­тің» жапа­тар­мағай қол қой­ған құжа­ты қай­сы? Ол «көп­шілік» Ақмо­ла өлкесін­де құры­лып, Екін­ші дүни­е­жүзілік соғы­стың май­дан дала­сы­на атта­нып, «Харь­ков қазан­ды­ғы» қор­ша­уын­да тегіс қыры­лған 106-шы атты әскер бри­га­да­сы­ның аты­на мек­теп беруді неге ұмыт­ты екен?

Ал осы хабарға қай­ран қалып оты­рған қаза­ққа бұл шейх­тар не бер­ді? Олар мұн­дай құр­мет­ті шаш етек­тен шашы­лған ақша­сы­мен сатып алған­нан басқа Қаза­қстанға қан­дай үлес қосты?

«Кіта­п­ха­на­ның» тілі­мен сөй­ле­ген Қышқаш­ба­ев осы сұрақтарға дәй­ек­ті әрі дәлел­ді жау­ап бер­ген­де, бәл­кім, шейх­тар­да шатағы­мыз бол­мас па еді? Ал біздің білетіні­міз – шейх Хали­фа бен Заи­да аль-Наха­я­на аста­на­дағы «Абу-Даби пла­за» кешенін қар­жы­лан­ды­руға үлес қосқан. Бірақ Мой­ы­нқұм­да мал бағып жүр­ген неме­се темір жол­дың төңіре­гін­де «тәш­кі» сүй­реп жүр­ген қаза­ққа ол «пла­за­ның» пай­да­сы шама­лы. Есесіне интер­нет­те­гі инсай­дер­лік хабар­ларға қараған­да, бұл кешен­нің келе­ше­гі – «кіта­п­ха­на­ның» бірін­ші келін­ше­гіне тиесілі…

Ермұрат БАПИ

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн