Понедельник , 30 июня 2025

Шымкентте жүргізушілер ЕРЕУІЛГЕ ШЫҚТЫ

  • Кеше 3 ақпан­да Shymkent Bus авто­пар­кінің жүз­ден астам жүр­гі­зу­шісі мен кон­дук­то­ры жұмысқа шығу­дан бас тар­тып, жалақы­ла­рын көбей­туді талап етті.

«Азаттық» тіл­шісінің хабар­ла­у­ын­ша, сәр­сен­бі күні таңер­тең авто­парк маңы­на жиналған жұмыс­шы­лар жалақы­ла­ры­ның мар­дым­сызды­ғы­на, жұмыс беру­шінің «орын­сыз» талап­та­ры­на қар­сы шыққан. Олар жұмыс беру­шінің төлем кар­та­сы енгізіл­се де, қол­ма-қол ақша төлей­тін жола­у­шы­лар­дан түсетін ақшаға қаты­сты жос­пар жүк­теп қой­ға­ны­на шағымданды.

«Өз басым айы­на 150 мың тең­ге ала­мын. Қолға таза 120 мың түседі. Кон­дук­тор­лар мүл­де төмен ала­ды. Жалақы­ла­ры 70 мың болға­ны­мен, оның өзін де дұрыс бер­мей­ді. Біз төлем кар­та­сы­на қар­сы емес­піз, тек жүр­гі­зу­шілер­ге нақты жалақы бел­гілеп, көбейт­сін. Жос­пар­ды алып тас­та­сын. Жағ­дай­ды жақ­сарт­сын», ­­­– деді жүр­гі­зу­шілер­дің бірі.

Нара­зы­лар жұмыс беру­шілер авто­бу­сты жуу, түскі тамақ­пен қам­та­ма­сыз етуі тиіс бол­са да, ол мін­детін орын­да­май­ды деп те шағын­ды. Жос­пар­ды «орын­сыз» көте­ретінін де айтты.

«Кеш­ке келесің – жос­пар­ды көтеріп тастай­ды. 2–5 мың тең­ге қоса сала­ды. Не кон­дук­торға айлық жоқ, не жүр­гі­зу­шіні жарыт­пай­ды. Төлем кар­та­сын кон­дук­тор бол­ма­са, халық вали­да­торға ұрмай­ды. Біздің жан-айқай­ы­мы­зды кім естіп жатыр? 70 мың тең­гелік айлық кім­ге жете­ді? Біре­удің неси­есі бар, біре­удің пәте­рақы­сы бар. Дирек­тор «осы жер­ге қоны­ң­дар» дей­ді. Сон­да бала-шаға­мы­зды кім баға­ды?» – дей­ді кон­дук­тор­лар­дың бірі.

Ере­уіл­шілер­ге қала әкі­мі Мұрат Әйте­нов келіп, олар­ды жұмысқа шығуға үгіт­те­ген. Кеш­ке дей­ін мәсе­ле­лерін шешіп беру­ге уәде бер­ген. Бірақ жұмыс­шы­лар оған көнбеген.

Ресми БАҚ-тың хабар­ла­у­ын­ша, Shymkent Bus басқа­ру ком­па­ни­я­сын­да 450 шақты жүр­гі­зу­ші істей­ді. Соңғы бір жыл­да авто­бу­стар­дың толық жаңарға­ны хабар­ланған. Құры­л­тай­шы­сы – «СПК «Shymkent» акци­о­нер­лік қоғамы.

Бұл екі арада

ЖАҢАЖОЛ ЖҰМЫСШЫЛАРЫ жалақыны өсіруді талап етті

  • «СНПС-Ақтө­бе­мұ­най­газ» ком­па­ни­я­сы­ның Жаңа­жол кені­шін­де кли­нинг қыз­метін көр­се­тетін «Бик­кор» серік­те­сті­гінің жұмыс­шы­ла­ры 2 ақпан күні жалақы­ла­рын көбей­туді талап етіп, жұмысқа шық­пай қой­ды. Олар сәр­сен­бі күні де жұмысқа шығу­дан бас тартқан.

Желі­де тараған видео­да Жаңа­жол­дағы мұнай­шы­лар жатақ­ха­на­сы мен асха­на­лар­дың таза­лы­ғы­на жау­ап­ты жұмыс­шы­лар­дың жалақы­сы азды­ғы­на шағым­да­нып тұрға­ны байқалады.

– Біздің тала­бы­мыз – айлы­ғы­мы­зды ең бол­ма­са 100 мың қыл­сын! Өзі­ме кел­сем, осын­да істе­гені­ме 10 жыл бол­ды. Он жыл­дан бері 55 мың тең­ге айлы­қ­пен жүр­мін. Қалай ашу­лан­бай­сың?! – деді ере­уіл­шілер­дің бірі.

Жаңа­жол кені­ші Ақтө­бе облы­сы­ның Мұғал­жар ауда­нын­да орна­ласқан. Аудан әкім­ді­гі Жаңа­жол кені­шін­де ере­уіл басталға­нын рас­та­ды. Мұғал­жар ауда­ны әкі­мінің орын­ба­са­ры Ғалым Қобы­лан­дин­нің айтуын­ша, видео­дағы адам­дар – «Бик­кор» ком­па­ни­я­сы­ның жұмысшылары.

«Бик­кор» ком­па­ни­я­сы бас­шы­лы­ғы­ның өкілі Әділ­хан Итба­ев жұмыс­шы­лар нара­зы­лы­ғы­на «КМК Мұнай», «АМК Мұнай» мұнай­шы­ла­ры­ның ере­уілі себеп бол­ды деп санай­ды. Бас­шы­ның сөзін­ше, ере­уіл­ге шыққан­дар­дың мін­деті уақыт­ша өзге жұмыс­шы­ларға жүк­тел­ген. Яғни, жұмыс тоқтамаған.

– Кені­ш­те­гі таза­лы­ққа жау­ап­ты адам­дар мұнай­шы, бұрғы­ла­у­шы сияқты ақша алғы­сы келеді. Олай бол­май­ды ғой. Қолы­мы­здан кел­ген­ді істеп жатыр­мыз. Биыл­дан бастап жұмыс­шы­ла­ры­мыз үш мез­гіл тегін тамақ ішетін бол­ды, – дей­ді Әділ­хан Итбаев.

«Бик­кор» бас­шы­сы «Азатты­қтың» «50–55 мың жалақы аз ба, көп пе?» деген сау­а­лы­на «Қаза­қстан­дағы ең төмен­гі жалақы (42 500 тең­ге) мөл­шері­нен көп» деп жау­ап берді.

«Бик­кор» ком­па­ни­я­сы «СНПС-Ақтө­бе­мұ­най­газ» ком­па­ни­я­сы­ның Жаңа­жол мұнай кені­шін­де кли­нинг қыз­метін көр­се­те­ді. Ком­па­ни­яда вах­та­лық әдіспен 481 адам жұмыс істейді.

Azattyq.org

ТОҚАЕВ ХАЛЫҚТЫ АЛДАП, жерді Қытайға жалға бере ме?

  • Үкі­мет­тің кеңей­тіл­ген оты­ры­сын­да мем­ле­кет бас­шы­сы Қасым-Жомарт Тоқа­ев Жер кодексіне түзе­ту­лер енгі­зуді тап­сыр­ды. Сон­дай-ақ пре­зи­дент Жер жөнін­де­гі комис­си­я­ны қай­та жан­дан­ды­ру қажет екенін айт­ты. Билік жер тура­лы жыр­ды қай­та көтеріп жатқа­ны­на қараған­да, Қытай­ға жер­ді жалға бер­мей тын­бай­тын секіл­ді. Ал мұның арты халы­қтың жап­пай алаңға шығып, көтеріліс жаса­уы­на түрт­кі бол­май ма?

Осы­ған дей­ін Қасым-Жомарт Тоқа­ев бір емес, бір­не­ше рет «Жер шетел­дік­тер­ге сатыл­май­ды» деп айт­ты. Сарап­шы Қаз­бек Бей­се­ба­ев жер сатыл­май­ты­нын жақ­сы білетінін, алай­да жер­ді шетел­дік­тер­ге жалға беру мәсе­лесі түбе­гей­лі шешіл­ме­генін айтады.

«Негізі мора­то­рий жари­я­ланған заң­да жер­ді шетел­дік­тер­ге жалға беру­ге рұқ­сат етіл­ген. Нақты­рақ айт­сам, шетел­дік­тер­ге жер­ді 49 жылға жалға беру заң бой­ын­ша шешіліп қой­ған. Пре­зи­дент «Жер сатыл­май­ды» деп қай­та-қай­та айта бер­ген­нен гөрі «жер шетел­дік­тер­ге жалға беріл­мей­ді» деп нақты айтуы керек еді. Бұл бір.

Екін­ші­ден, заң­нан жер­ді шетел­дік­тер­ге жалға беру­ге мүм­кін­дік беретін бап­ты алып тастау керек. Тоқа­ев нақты әре­кет етпей, Жер мәсе­лесіне бай­ла­ны­сты комис­сия құрып, талқы­лай­ық деп отыр. Комис­сия құрып әуре болған­ша, Жер тура­лы заң­ды пар­ла­мент­ке қай­та­рып, жер­ді шетел­дік­тер­ге сатыл­май­тын және жалға бер­мей­тін­дей етіп бекіту керек. Басқа сөздің бәрі – бос сөз», – дей­ді сарапшы.

Қаза­қтың жеріне ірге­міз­де­гі Қытай елі қызы­ғу­шы­лық таны­тып оты­рға­ны бел­гілі. Қаз­бек Бей­се­ба­ев Қытай­ға жер­ді жалға бер­ген­нен гөрі өзі­міз одан өнім өндіріп, сатқан тиім­ді екенін айтады.

«Үкі­мет жер­ді кім­ге жалға бер­гісі келіп жаны­ғып отыр? Мәсе­лен, ірге­міз­де­гі Ресей­де ауыл шару­а­шы­лы­ғы­на қажет­ті жер жете­ді. Ал екін­ші бір алып көр­ші­міз Қытай­ға ауыл шару­а­шы­лы­ғы­на қажет­ті құнар­лы жер керек. Себебі халқы мил­ли­ард­тан асқан Қытай­ға күн­делік­ті қорек ететін азық-түлік қажет. Біздің бидай­ы­мы­здан бастап, ет, көкөнісі­міз­ге дей­ін Қытай қызы­ғып отыр. Сон­ды­қтан да жоға­ры шен­ді шене­унік­тер Қытай­ға жер беру­ге құл­шы­нып отыр деп ойлай­мын. Қытай­ға жер­ді жалға бер­ген­ше, біз неге сол жер­ге әртүр­лі өнім егіп, сол тау­ар­ды сат­пай­мыз? Неге осы жұмысты үкі­мет ұйым­да­сты­рып, жүр­гіз­бей­ді? Билік­те оты­рған адам­дар халы­қтың қамын ойлап оты­рған жоқ, өзінің қал­та­сы­ның күй­ін күйт­теп отыр», – дей­ді ол.

Иә, расын­да, қаза­қтың жеріне Қытай­дың көз алар­тып оты­рға­ны жасы­рын емес. 2009 жылы экс-пре­зи­дент Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев Қытай Қаза­қстан­нан соя мен рапс өсі­ру үшін 1 млн гек­тар жер сұраға­нын айтқан бола­тын. Бұл мәсе­ле қоғам­да пікір­та­лас туғы­зып, халық қат­ты нара­зы­лық біл­дір­ген­нен кей­ін басылған.

Әйт­се де, ара­да 10 жыл­дан астам уақыт өткен­де жер мәсе­лесі тағы да алды­мы­здан шығып отыр. Денесі­нен ет кесіп алса үнде­мей­тін халық жер деген­де алаңға алқы­нып шыға­ты­ны бел­гілі. Осы рет­те «билік неге жер сатуға құл­шы­нып отыр?» деген заң­ды сұрақ туындайды.

Қасым-Жомарт Тоқа­ев Жер мәсе­лесі жөнін­де комис­сия құра­мыз деп халы­қты алдаған­ша, неге Жер тура­лы заң­ды пар­ла­мент­ке қай­та­рып, халы­қтың көңілі­нен шыға­тын заң қабыл­дап бер­мей­ді? Егер Жер тура­лы заң халы­қтың талап-тіле­гіне сай қабыл­дан­ба­са, онда биыл нара­зы­лық оты бұрқ ете қалуы мүм­кін. Билік мұны неге есеп­ке алмай отыр? Не де бол­са, биыл «Не бел кетер, не бел­беу кетер» дей­тін жыл болмақ.

Аслан АМАНБАЙ

Аrasha.kz

Айт­пақ­шы

Пайдаланылмаған жерді ҚАЙТАРЫП АЛУ мерзімі бір жылға қысқарады

Қаза­қстан­да пай­да­ла­ныл­маған ауыл шару­а­шы­лық жер­лерін қай­та­рып алу мерзі­мін екі есе­ге қысқар­ту ұсы­ны­лу­да, деп мәлім­деді ауыл шару­а­шы­лық мини­стрі Сапар­хан Омаров.

«Пай­да­ла­ныл­маған ауыл шару­а­шы­лық жер­лерін қай­та­рып алу мерзі­мін екі жыл­дан бір жылға дей­ін қысқар­ту, кос­мо­мо­ни­то­ринг мәлі­меті негізін­де сот тәр­тібі­мен қай­та­рып алу, қағаз түрін­де хабар­ла­ма жібе­руді SMS-хабар­лан­ды­ру арқы­лы элек­трон­ды фор­матқа көші­ру бой­ын­ша заң жоба­сы әзір­лен­ді, қазір ол үкі­мет­те қара­лу­да», – деді Ома­ров сей­сен­бі­де­гі үкі­мет отырысында.

Қаз­ТАГ

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн