Понедельник , 30 июня 2025

Шымкентте НАН қымбаттады

  • Шым­кент­те нан баға­сы өсіп кет­ті, нан қауым­да­сты­ғы түсінік беру­ден бас тарт­ты, деп хабар­ла­ды «Хабар 24».

«Жаңа баға сатып алушы­лар­ды да, сату­шы­лар­ды да қуант­па­ды. Енді әле­умет­тік нан­ның баға­сы 80 тең­ге. Яғни, 5 тең­ге­ге қым­бат­таған. Нан қауым­да­сты­ғы түсінік беру­ден бас тарт­ты», – делін­ген кеше тара­ты­лған хабарда.

Әкім­дік те нан баға­сын көте­ру­ге мәж­бүр болған­да­рын айтып отыр. «Себебі база­рда ұн, ашы­тқы, өсім­дік майы және ЖЖМ баға­сы қым­бат­таған. Нан пісіру­шілер үне­мі шығы­нға ұшы­рап келе жатқан­да­рын, тіп­ті нан пісіруді тоқта­туға дай­ын екен­дерін айтып шағым­данған. Олар бір нан­ның баға­сын Т87 деп бел­гіле­уді сұраған. Алай­да бүгін­нен бастап, оларға тұрақтан­ды­ру қоры­нан ұн жет­кізіл­ген, оның әле­умет­тік баға­сы Т132/кг», – делін­ген хабарда.

Қаз­ТАГ

93 КҮН ТҰРҒАН нара­зы­лар­ды поли­ция ҰСТАП ӘКЕТТІ

  • Қытай­дың Алма­ты­дағы кон­сул­ды­ғы алдын­да Шың­жаң­дағы туы­ста­рын боса­ту­ды талап етіп, 93 күн бойы нара­зы­лық өткізіп жүр­ген бір топ адам­ды 11 мамыр күні поли­ция ұстап әкеткен.

«Қытай­да қалған жақын­да­рын ізде­ген ана­лар әдет­те­гі­дей Қытай кон­сул­ды­ғы­ның алдын­да пикет өткізді. Ол жер­ден тіке­лей эфир түсіріп, екін­ші нысан Қытай бан­кіне бар­дық. Біз кон­сул­дық алды­нан кет­кен соң, үш адам­ды – Ақиқат Қалиол­лаұ­лы, Нұр­зат Ермек­бай­қы­зы және Гүл­пия Қазы­бекқы­зын поли­ция алып кет­ті. Қытай бан­кінің алдын­да іс-шара өткіз­ген соң, Жеңіс Зарқанұ­лы үйіне барған, оны сол үйі­нен алып кетіп­ті. Банк­тен шыққан соң, үшін­ші жер – Қытай­дың Sinooil жанар­май құю стан­ци­я­сы­на бар­дық. Ол жер­де нара­зы­лы­қты тіке­лей эфир­ге түсір­дім. Эфи­рім­ді аяқтаған­нан кей­ін көлі­гі­міз­ге барып отыр­мақ болып едік, көлік­тің айна­ла­сын поли­цей­лер қор­шап тұр екен. Сол жер­ден бәрі­мізді алып кет­ті. Қай­та эфир­ге шығуға мүм­кін­дік бол­ма­ды, теле­фо­ным­ды бір­ден тар­тып алды. Мені­мен бір­ге тағы төрт адам – Алма­хан Мыр­за­нқы­зы, Тұр­сын­гүл Нұрақай, Хали­да Ақы­тқанқы­зы және Бика­мал Кәкенқы­зын ұстап әкет­ті. Мені Медеу аудан­дық поли­ция бөлім­ше­сіне алып бар­ды. Ал қалған­да­рын қай­да әкет­кенін біл­мей­мін, – деді Бай­бо­лат Күн­бо­латұ­лы Медеу аудан­дық поли­ция бөлім­ше­сі­нен шыққан соң.

Күн­бо­латұлы­ның айтуын­ша, поли­ция бөлім­ше­де Қытай кон­сул­ды­ғы алдын­дағы нара­зы­лық шара­ла­ры жай­лы сұраған. «Бөлім­ше­де маған бір видео­ны көр­сет­ті. «Кон­сул­дық алдын­да нара­зы­лы­ққа шыққан­дар­мен бір­ге сөз сөй­ледің» дей­ді. Мені ұстап алды да, қан­дай айып таға­рын біл­мей, бір­не­ше сағат жүр­ді. Хат­та­маға қол қой­ма­дым және түсінік­те­ме жаз­бай қой­дым. Кей­ін кеш­кі тоғы­здан аса «ертең келіңіз» деп қолы­ма шақыр­ту беріп, босат­ты, – дей­ді ол.

Күн­бо­латұ­лы поли­ци­я­ның мұн­дай әре­кетін сес көр­се­ту деп санай­ды. «Азаттық» тіл­шісі ұсталған­дар­дың бірі Тұр­сын­гүл Нұрақай­дың боса­ты­лға­нын аны­қта­ды. Қалған­да­ры жай­лы әзір­ге ақпа­рат жоқ, теле­фон­да­ры өшіп тұр.

Қытай­дағы туы­ста­рын қай­та­ру­ды талап етіп жүр­ген адам­дар­ды поли­ция ұстаға­ны тура­лы «Ар.Рух.Хақ» құқық қорғау ұйы­мы­ның жетек­шісі Бақыт­жан Төреғо­жи­на мен құқық қорға­у­шы Ерлан Қали­ев те жаз­ды. Олар­дың сөзін­ше, поли­ция ұсталған­дар­ды Медеу және Алма­лы аудан­дық поли­ция бөлім­ше­сіне жеткізген.

Алма­ты қала­лық поли­ция депар­та­мен­ті­нен бұл жағ­дай тура­лы ком­мен­та­рий алу мүм­кін болмады.

Azattyq.org

Жалған тарих КІМГЕ КЕРЕК?

10–11-сыныпқа арналған «Қаза­қстан тарихы» оқулы­ғын­да «Қаза­қстан-2030», «Қаза­қстан-2050», «Нұр­лы жол – бола­шаққа бастар жол» бағ­дар­ла­ма­ла­ры жай­лы, экс-пре­зи­дент Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев­тың рөлі, елдің «демо­кра­ти­я­лық жолға түс­кені» жай­лы жазы­ла­ды. Бірақ оқулы­қтар­да тең­генің құн­сызданға­ны, Шаңы­рақ пен Жаңаө­зен оқиға­сы, сая­си қай­рат­кер­лер­дің қаза­сы тура­лы айтыл­май­ды. Осы орай­ды «Азаттық» тарих оқулы­қта­ры­на енбей қалған 30 жыл ішін­де­гі елде­гі негіз­гі оқиға­лар­ды тізіп шығыпты:

Совет Одағын сақтап қалу

Жоғарғы Кеңе­сті тарқату

Пре­зи­дент билі­гін күшейт­кен Конституция

Тең­ге мен оның құнсыздануы

Жас түр­кілер құрған ҚДТ қозғалысы

Шаңы­рақ оқиғасы

Нұрқа­ді­лов пен Сәр­сен­ба­ев­тың аты­луы және «Рахат­гейт»

Назар­ба­ев­тың елба­сы­на айна­лу тарихы

Жаңаө­зен оқиғасы

Ұлта­ра­лық жанжалдар

Сөз бостан­ды­ғын шектеу

Жемқор­лық мәселелері

Елдің жаңа тарихын­да болған осы еле­улі оқиға­ларға «ДАТ» топ­таған тізім­ді қосайық:

Экс-вице-пре­мьер Ғалым Әбіл­сей­ітов бастаған «Аза­мат» қозға­лы­сын жабу (1995−96 ж.);

Елде­гі бірін­ші оппо­зи­ци­я­лық пар­тия «РНПК»-ның құры­луы мен жабы­луы және Әке­жан Қажы­гел­дин­ді қуда­лау (1998–2000);

Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев­тың қаты­сы бар «Қаза­қ­гейт» жемқор­лық шырға­лаңы (1999–2008);

Ғалым­жан Жақи­я­нов пен Мұх­тар Әбі­ля­зо­втың сот­та­луы (2002);

Жер дауы­на қаты­сты мәсе­ле­лер және Макс Боқа­ев пен Талғат Аян­ның сот­та­луы (2003–2021);

«Ақ жол» пар­ти­я­сын бөл­шек­теу тарихы, «Азат» пар­ти­я­сы­ның жабы­луы (2004–2006);

«Алға!» және «Алға, ДВК!» пар­ти­я­сын қуда­лау (2006–2011);

Болат Әбі­ло­втың сая­си қыз­меті және оның оппо­зи­ци­ядан кету­ге мәж­бүр болуы (2006–2013);

Әділет­сіз және өрес­кел заңбұ­зы­лу­шы­лы­қ­пен өткен Қаза­қстан сай­ла­у­ла­ры (1998–2021);

Иманға­ли Тасмағам­бе­то­втің билік­тен кетуі (2017);

«Арыс» поли­го­нын­дағы жары­лыс (2018);

Бес бір­дей сәбидің өртеніп кетуі және көп бала­лы ана­лар қозға­лы­сы (2018–2021).

Дат-ақпа­рат

Еуро­пар­ла­мент қара­ры ОРЫНДАЛУЫ ТИІС

  • 11 мамыр­да құқық қорға­у­шы­лар Әли­ма Әбдіро­ва (сурет­те) мен Оль­га Кли­мо­но­ва Ақтө­бе облы­сы әкім­ді­гінің алды­на барып, пикет өткізді. Құқық қорға­у­шы­лар­дың сөзін­ше, бір адам­дық пикет өткі­зу үшін олар қала әкім­ді­гіне биыл­ды­ққа 22 рет хабар­ла­ма берген.

Ақтө­бе­де­гі Әбілқай­ыр хан ескерт­кі­шінің жаны­на алды­мен құқық қорға­у­шы Әли­ма Әбдіро­ва барып, «Сот­тар мен Назар­ба­евқа санк­ция салу­ды талап ете­мін!» деген жазуы бар пла­кат көтер­ді. «Бүгін Еуро­пар­ла­мент­тің Қаза­қстан­дағы адам құқы­қта­ры тура­лы қарар қабыл­даға­ны­на тура үш ай бол­ды. Еуро­пар­ла­мент­те қаза­қстан­дық кей шене­унік­тер­ге санк­ция салу тура­лы да айтыл­ды. Мен де Қаза­қстан сот­та­ры мен Назар­ба­евқа санк­ция салы­нуын талап ете­мін! Өйт­кені тура 37-жылғы­дай шешім шыға­ра­тын сот­тар­ды Назар­ба­ев тағай­ын­дап отыр. Сол жыл­да­ры қазақ зия­лы­ла­ры түгел қаза болған еді. Тірі қалға­ны ГУЛАГ-қа жіберіл­ген. Дәл сол кез­де­гі­дей мына адам­дар құқық қорға­у­шы­лар тура­лы мәлі­мет жинап, үне­мі басқан ізі­мізді аңди­ды», – деді Әбдіро­ва өзін бей­не­тас­паға түсіріп тұрған бей­та­ныс жігіт­ті нұсқап.

Әли­ма Әбдіро­ва­дан соң Әбілқай­ыр хан ескерт­кі­шінің жаны­на құқық қорға­у­шы Оль­га Кли­мо­но­ва шықты. Кли­мо­но­ва мен Әбдіро­ва алты жыл бұрын кәме­лет­ке тол­маған­дар­ды бей­ім­деу орта­лы­ғы­ның тәр­би­е­ле­ну­шілерін қорғай­мыз деп жүріп істі болға­нын айт­ты. Сон­ды­қтан олар «Қаза­қстан­да бала­лар­ды азаптан қорға­удың сал­да­ры – өмір­лік жаза!» деген жазуы бар пла­кат ұстап шықты.

«Адам құқы­қта­ры мен заң­ды­лы­қты сақтау бюро­сын­дағы он жыл­дық тәжіри­бе­ме сүй­ене айтар бол­сам, Қаза­қстан­да осын­дай аза­мат­тық акци­я­лар­мен ғана бір­деңе өзгер­ту­ге бола­ды. Өйт­кені біз­де­гі мем­ле­кет­тік меке­ме­лер, соның ішін­де заң­ның орын­да­луын қадаға­ла­уы тиіс про­ку­ра­ту­ра да, сот­тар да жұмыс істе­мей­ді», – деді құқық қорға­у­шы Климонова.

Azattyq.org

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн