Вторник , 1 июля 2025

ШЫМКЕНТТІК АНАЛАР НАРАЗЫЛЫҚ ТАНЫТТЫ

Шым­кент­те 12 науры­зда отыз шақты көп бала­лы ана­лар Мем­ле­кет­тік қыз­мет істері және сыбай­лас жемқор­лы­ққа қар­сы іс-қимыл депар­та­мен­ті ғима­ра­ты­ның алдын­да жиналды.

Шым­кент әкі­мі Ғаби­дол­ла Әбдірахы­мов­пен кез­де­суді талап етіп тұрған олар «Бір сағат­тың ішін­де әкім кел­ме­се, Тәу­ке хан көше­сін (Шым­кент­те­гі орта­лық көше­лер­дің бірі – Ред.) жаба­мыз!» – деді. Нара­зы­лар ара­сын­да бала­сы­мен кел­ген­дер де бар. «Азаттық» сөй­лес­кен ана­лар «әкім­дік­ке қан­ша кел­сек те, мәсе­ле­міз шешіліп жатқан жоқ» деді. Олар бас­па­на мәсе­лесін шешуді, мүге­дек бала­лы отба­сы­ларға берілетін жәр­де­мақы­ны көбей­туді талап етеді.

Әкім­дік пен про­ку­ра­ту­ра ана­лар­ды сол маң­дағы ғима­рат ішіне кіріп сөй­ле­су­ге шақы­рға­ны­мен, нара­зы­лар келіс­кен жоқ. «Азаттық» тіл­шісі айна­ла­да поли­ци­я­ның күзетіп жүр­генін хабарлады.

Шым­кент­те көп бала­лы ана­лар бұған дей­ін де бір­не­ше рет қала әкі­мінің өздері­мен кез­де­суін талап етіп жиналған. 25 ақпан­да Шым­кент­те қала әкім­ді­гіне ондаған көп бала­лы ана келіп, қала әкі­мі Ғаби­дол­ла Әбдіраxы­мо­втың шығып, сұрақта­ры­на жау­ап беруін талап еткен. Бірақ әкім кез­де­су­ге шықпаған. 

Нара­зы ана­лар­дың бірі «бас­па­на, мүге­дек бала­сы бар көп бала­лы ана­лар­дың жайы сияқты бір­не­ше мәсе­лені айт­пақ едік» деді. Оның айтуын­ша, 16 ақпан­да қала әкім­ді­гінің қыз­мет­кер­лері көп бала­лы ана­лар­дың ары­зын қабыл­дап алға­ны­мен, еш нәти­же болмаған.

Ал 16 ақпан­да 300-ге жуық ана қала әкі­мі­мен кез­де­су үшін жер­гілік­ті әкім­дік ғима­ра­ты­на жиналған. Бірақ кез­де­су­ге қала әкі­мі Ғаби­дол­ла Әбдірахы­мов кел­ме­ген. Олар­ды қала әкі­мінің орын­ба­са­ры Гүл­жан Құр­ман­бе­ко­ва және өзге де шене­унік­тер қар­сы алды. Бірақ жиналған топ бұған нара­зы­лық таны­тып, әкім­нің келуін талап етті. Көп бала­лы ана­лар­дың нара­зы­лы­ғы­нан соң, түстен кей­ін Шым­кент қала­сы­ның әкі­мі Ғаби­дол­ла Әбдірахы­мов ана­лар­ды жеке қабыл­дай бастаған. Бірақ бұл уақыт­та ана­лар­дың көбі шағым­да­рын жаз­ба­ша қал­ды­рып, үйлеріне тарап кет­кен еді.

Azattyq.org

Республиканский еженедельник онлайн