Понедельник , 19 мая 2025

Шынайы ерлік, әлде жасанды қойылым ба?

Оқиға­ның мән-жайы. 2025 жыл­дың 7 науры­зын­да Алма­ты халы­қа­ра­лық әуе­жай­ын­да бел­гісіз бір ер адам әуе­жай қыз­мет­керін кепіл­ге алып, қыз­мет­кер­леріне пышақ­пен сес көр­сет­ті. Бұл оқиға 7 минутқа созы­лып, Мұса Әбдірай­ым деген аза­мат ерлік таны­тып, кепіл­де­гі қызды қорға­уға көмек­те­сті. Қауіп­тің алдын алға­ны үшін ол бір­не­ше мем­ле­кет­тік мара­патқа ие болды.

Қарап тұр­сақ, қалып­ты жағ­дай, қоғам­да орын алған тәр­тіп­сіздік, оған қарым­та­сы беріліп жата­ды. Бұл да сон­дай оқиға, төтен­ше жағ­дай­дың алдын алды, күдік­ті қамал­ды, қаһар­ман мара­пат­тал­ды. Алай­да қоғам­да осы оқиғаға қаты­сты екі түр­лі пікір қалып­та­сты: Мұса Әбдірай­ым­ды нағыз батыр санай­тын­дар мен оқиға­ның шынай­ы­лы­ғы­на күмән келтіретіндер.

М. Әбдірай­ым­ды батыр санай­тын­дар «Ол өзінің өмірін қатер­ге тігіп, ешкім­нің баты­лы жет­пе­ген іске бар­ды», «Қыз бала­ны құтқарға­ны – ерлік», «Ерлік дер кезін­де жасал­ды» десе, оқиға­ны «қой­ы­лым» деп санай­тын­дар «қыл­мыс­кер әуе­жай тер­ми­нал­да­ры­нан суық қару­мен қалай өтіп кет­кен?», «Ойдан құра­с­ты­ры­лған сәт­сіз қой­ы­лым», «Бір тәулік­те бір­не­ше мара­пат алу күдік туды­ра­ды» дейді.

Жур­на­лист Жеңіс Құс­пан бұл оқиға­ны алдын ала дай­ын­далған «қой­ы­лым» десе, Арнұр Асқар оқиға­ның шынай­ы­лы­ғын атап, Мұса Әбдірай­ым­ның ерлі­гіне лай­ы­қты баға берілуі керек деп есептейді.

 Бұл оқиғаға бай­ла­ны­сты көп­шілік­тің көкей­ін­де түр­лі сұрақтар туын­да­ды. Оқиға шын ержүрек­тік пе, алдын ала ескер­тіл­ген қой­ы­лым ба? Осы сұраққа жау­ап іздеп, тал­дау жасап көрейік.

1. Оқиға­ның тех­ни­ка­лық жағы. Әуе­жай­да болған оқиға­ның бей­не­жа­з­ба­сын қарап, бір­не­ше маңы­зды жайт­тарға назар ауда­руға бола­ды. Бірін­ші­ден, күдік­ті аса қауіп­ті қыл­мыс­кер сияқты әре­кет етпе­гені­мен, қолын­да ас үй пышағы болға­ны рас. Оның нақты қан­дай талап­тар қой­ға­ны бел­гісіз. Кепіл­ге адам алған қыл­мыс­кер қан­дай да бір шарт қой­ып, сол арқы­лы ойын жүзе­ге асы­ру­ды талап ете­ді. Бұл күдік­тің нақты не қалаға­ны бел­гісіз күй­ін­де қалып отыр.

Күдік­тінің жеке басы да жұм­бақ күй­де. Ол кім? Бұрын қан­дай да бір құқы­қбұ­зу­шы­лы­қтар тір­кел­ген бе? Сау ма, ауру ма? Бұл сұрақтарға да жау­ап жоқ. Ең таңға­лар­лық жағ­дай – 7 минут бойы әуе­жай­дың қауіп­сіздік қыз­меті мен құқық қорғау орган­да­ры­ның әре­кет­сізді­гі. Ерекше түр­де арнайы жасақ жыл­дам әре­кет ете­ді. Бірақ бұл оқиға­да мұн­дай әре­кет байқалмады.

Тағы бір күмән туды­ра­тын жайт – қатар­дағы қара­пай­ым аза­мат М. Әбдірай­ым­ның ара­ла­суы. Әлбет­те, қару­лы қыл­мыс­кер­ге қар­сы жалаң қол­мен қар­сы тұру, кепіл­де­гі адам үшін өз өмірін кепіл­ге тігу оңай шаруа емес. Бірақ мұн­да күдік­тінің кепіл­де­гі қызды боса­тып, оның орны­на М. Әбдірай­ым­ды алға­ны қан­ша­лы­қты қисын­ды? Қалай­ша қыл­мыс­кер өз еркі­мен кепіл ауы­сты­руға көнеді? Кей­бір жағ­дай­лар болуы да мүм­кін, бірақ өте сирек және көп жағ­дай­да қыл­мыс­кер өзінің баста­пқы кепілі­нен айы­ры­лып қал­мауға тырысады.

2. Мара­пат­та­удың жыл­дам­ды­ғы. Оқиға­дан кей­ін көп өтпей, М. Әбдірай­ы­мға бір­ден мем­ле­кет­тік мара­пат­тар­дың үсте­ме­ле­те берілуі де көп­шілік­ті таңғал­дыр­ды. Мұн­дай жоға­ры баға­лар арнайы комис­си­ядан өтіп, ұзақ уақыт бойы рәсім­де­леді. Ал бұл жолы бар­лы­ғы тым тез шешілді.

Әле­умет­тік желілер­де мұн­дай асы­ғы­сты­қтың артын­да бел­гілі бір мақ­сат болуы мүм­кін деген пікір­лер бар. Қазір­гі халы­қа­ра­лық жағ­дай мен ішкі сая­си жағ­дай­лар­ды ескеріп, бұл оқиға қоғам­дық наза­рды басқа арнаға бұру үшін ұйым­да­сты­ры­лған қой­ы­лым деп есеп­тей­тін­дер де жоқ емес. Ресей мен Укра­и­на ара­сын­дағы қақты­ғы­сқа бай­ла­ны­сты Ұжым­дық қауіп­сіздік тура­лы шарт ұйы­мы­ның (ҰҚШҰ) рөлі жиі талқы­ла­нып жатқан тұста Қаза­қстан­ның ұста­ны­мы көп­тің наза­рын­да. Бір сарап­шы­лар бұл оқиға­ның дәл осы тақы­рып­тар­дан қоғам наза­рын ауда­ру үшін жасалған ақпа­рат­тық қадам болуы мүм­кін деп болжайды.

Ал оқиға­ның шынайы неме­се жасан­ды екенін нақты айту қиын­дау. Қауіп­сіздік қыз­метінің тым жай­ба­рақат­ты­ғы, әре­кет­сізді­гі, қыл­мыс­кер­дің түсініксіз талап­та­ры, кепіл­дік­те­гі адам­ды өзгер­тудің қисын­сызды­ғы, сон­дай-ақ мара­пат­та­удың тым жыл­дам берілуі – бар­лы­ғы осы оқиғаға сын­мен қара­уға себеп.

Қалай болған­да да, бұл оқиға көп­шілік­тің пікірін екі­ге бөл­ді. Бірі – бұл нағыз ерлік деп сана­са, екін­шілері – қоғам­ды басқа­ру­дың кезек­ті сая­си тех­но­ло­ги­я­сы деп есеп­тей­ді. Уақыт өте бұл оқиға­ның шынайы мән-жайы ашы­лар, бірақ қазір­гі таң­да оның артын­да көп сұрақ тұрға­ны анық.

Шын­дық қайда?

Қара­пай­ым аза­мат­тар ерлік жаса­са, ол ерлік таса­да қала­ды. Егер қоғам­да аты бел­гілі біре­улер ерлік жаса­са, жар­на­ма­сы жер жара­ды. Мұн­дай жағ­дай қоғам­дағы теңсіздік­тің бір көрінісі іспет­тес. Көп жағ­дай­да батыл­дық таны­тқан қара­пай­ым аза­мат­тар көлең­ке­де қалып, олар­дың ерлі­гі тек шек­те­улі орта­да ғана баға­ла­на­ды. Ал атақ-абы­ройы бар адам­дар­дың әре­кет­тері бір­ден ақпа­рат­тық кеңістік­ке шығып, қоғам­ның наза­рын аударады.

М. Әбдірай­ым – про­дю­сер Е. Әбдірай­ым­ның бауы­ры, әнші Б. Әбдірай­ым­ның аға­сы екені айтыл­ды. Бұл факт оқиға төңіре­гін­де түр­лі пікір­лер­дің туын­да­уы­на себеп бол­ды. Қоғам­да билік «қой­ы­лым» ұйым­да­стыр­са – көнетін, жұм­са­уға ыңғай­лы адам­дар­ды таң­дап ала­ды деген пікір жиі айты­лып жүр. Оқиға кей­іп­керінің билік­пен бай­ла­ны­сы, оның ерекше мара­пат­та­луы, шоу-биз­нес өкіл­дерінің жыл­дам реак­ция біл­діруі қоғам сені­міне күмән ұяла­та­ды. Егер ерлік шыны­мен жасал­са, ол әділ баға­ла­нуы керек, ал жасан­ды наси­хат қоғам­ның күді­гін қоюлатады.

Қауіп­сіздік қыз­метінің оқиға орнын­да сыл­быр әре­кет етуі, күдік­тінің пси­хи­ка­лық жағ­дайы, мара­пат­тар­дың жыл­дам берілуі – оқиғаға жасан­ды реңк бер­генін жоққа шыға­руға бол­май­ды. Шын мәнін­де, қауіп­сіздік шара­ла­ры күшей­тіл­ген қоғам­дық орын­дар­да мұн­дай жағ­дай­лар­дың алдын алу жүй­есі толы­ққан­ды жұмыс істе­уі тиіс. Алай­да осы оқиға қауіп­сіздік қыз­метінің осал тұста­ры көп екенін аңғарт­ты. Қыз­мет­кер­лер­дің әре­кет ету жыл­дам­ды­ғы, күдік­тіні қару­сыздан­ды­ру әдістері мен оның пси­хи­ка­лық жағ­дай­ын ескеріп, оқиға­ның мән-жай­ын егжей-тег­жей­лі зерт­теу маңызды.

Қоғам оқиға­ның шынай­ы­лы­ғы­на толық сен­бей отыр, батыр­лы­қтың өзі маңы­зды болға­ны­мен, оның қалай мара­пат­та­ла­ты­ны да халы­қтың билік­ке деген сенім­сізді­гін туды­руы мүмкін.

Бұл жағ­дай әуе­жай сияқты үлкен қоғам­дық орын­дар­дың қауіп­сіздік қыз­метінің тиім­ділі­гіне, оны жақ­сар­ту жүй­есіне және БАҚ арқы­лы қоғам­дық пікір қалып­та­сты­ру әдістеріне қаты­сты сұрақтар­ды басы ашық қал­дыр­ды. Қауіп­сіздік қыз­меті нақты іс-әре­кет­тер арқы­лы өзінің кәсі­би­лі­гін дәлел­де­уі тиіс, ал оқиға тек шоуға айна­лып кет­пе­уі керек. Керісін­ше, билік­тің жал­да­ма­лы бот­та­ры ақта­уға білек сыба­на кірісіп, әле­умет­тік желі­де қоғам­ды өздері қалып­та­сты­рған сце­на­рий­ге сен­діру­ге тыры­са­ды. Шын­дық қай­да? Халы­қтың көкей­ін­де­гі сұрақ осы. Оқиға­ның артын­да қан­дай мүд­де­лер тұрға­нын түсі­ну үшін тәу­ел­сіз зерт­теу қажет. Жалған наси­хат пен асы­ғыс мара­пат­тау қоғам­ның сені­мін арт­тыр­май­ды, керісін­ше, күдік пен нара­зы­лық тудырады.

Асқар АҚЫМБЕТ

Республиканский еженедельник онлайн