Четверг , 3 июля 2025

ШЫҢҒЫС ХАНДЫ «моңғол»  ДЕП ЖҮРГЕНДЕРГЕ

  • «Шыңғыс хан­нан бастап, бір әулет­тің төрт мүше­сі осы өңір­де – Ұлы­та­уда жер қой­ны­на тап­сы­ры­лып­ты. Қалай десек те, Шыңғыс хан­ның бөтен жұрт­та емес, өзі құрған Алаш елінің орта­сын­да өз ажа­лы­мен өлгені көңіл­ге қонымды.
  • Кей­ін­гі кез­де про­фес­сор Әлі­мға­зы Дәу­лет­ханұ­лы, ШҚМУ доцен­ті Марат­бек Аха­нов, т.б. «моңғол­шыл» ғалым­дар бас­пасөз­де жари­я­лаған мақа­ла­ла­ры арқы­лы Шыңғыс қаған­ның түр­кілік тегін жоққа шыға­руға тыры­су­да. Олар­дың хұн­дар­ды про­то­моңғолға жатқы­зуын, түр­кілер мен моңғол­дар ежел­ден ара­лас-құра­лас, құдан­да­лы елдер бола­тын, сон­дай-ақ «Шыңғыс хан – моңғол» деген ұста­ным­да­рын ғылы­ми негіз­сіз деп тануға қол­да бар шежірелік және тари­хи деректер толық мүм­кін­дік береді екен.

Шәкәрім Құдай­бер­діұ­лы «Түрік, қырғыз-қазақ, һәм хандар шежіресі» атты кіта­бын­да: «Жоғарғы хун­ну­лар хан­ның қаты­нын «иэн-ши» деуші еді. Біздің қаза­қтың өзі­нен үлкен кісінің қаты­нын жеңе­ше деуі сол сөз болар» деп, хун­дар­дың тұр­мыс-сал­ты­нан қаза­қтық бел­гілер­ді ізде­уі өз дәуірі үшін соны әре­кет екені сөз­сіз. Тек­ті кісі бұны­мен де шек­тел­мей, хун­дар­дың шежіре­лер­де­гі бала­ма­сы моғұл­дар екенін анық аңғар­тып, олар­дың Оғыз ханын қоңы­рат­тар­дың түп­кі ата­сы деп сана­уы, сон­дай-ақ тай­па­ның ежел­гі мекені Қалқа өзенінің Бұй­ра көліне құяр саға­сы деп көр­се­туі осы сала­да көп сұрақтар­дың шеші­мін табуға жол аша­ды екен.

Міне, енді қараңыз – Хун­ну, Түрік қаға­на­ты, Көк түрік­тер қаға­на­ты, Шыңғыс хан­ның Алтай­да құрған «Алты Алаш» мем­ле­кетінің орда­ла­ры сол қаси­ет­ті Қалқа дала­сын­да тігілуі атал­мыш құры­лым­дар­дың түп негізі бір екенін бай­қа­тып тұрған жоқ па?! Қалқа­дағы Көк түрік­тер қаға­на­ты дәуіріне жата­тын тари­хи нысан­дар – «Орхон-Ени­сей» ескерт­кі­ш­тер кешен­дерінің сыры­на толық қаны­қтық па? Көп том­дық үлкен ғылы­ми еңбек – Қазақ Совет Энцик­ло­пе­ди­я­сын­дағы: «Алпа­мыс батыр­дың түп негіз­дерінің пай­да болға­ны­на 1200–1300 жыл тол­ды», деген тұжы­рым Көк түрік­тің бас қол­бас­шы­сы Алып Елет­міш­ке арнап соғы­лған ескерт­кі­штің эпи­ка­лық жыр түрін­де ел жадын­да сақталған қоңы­рат баты­ры­на тән екенін анық дәй­ек­теп тұр емес пе?

Оғыз ханы­мыз бен Алпа­мыстай баты­ры­мы­здың ерлік істері өріл­ген Қалқа өңіріне ата­ла­ры­мы­здың қашан кел­гені және оған не себеп болға­ны кім­ді де бол­са қызы­қты­ра­ры анық. Ұлы көштің мән-жай­ын Л.Гумилевтің «Хун­ну» атты кіта­бын­дағы: «По-види­мо­му, хун­ское коче­вое ско­то­вод­ство раз­ви­лось уже настоль­ко, что хун­ны в поис­ках паст­бищ дви­ну­лись на север, при­чем это же самое ско­то­вод­че­ское хозяй­ство обес­пе­чи­ло их доста­точ­ной тяг­ло­вой силой» (М. 2003 ж. 35-бет.) деген жол­дар­дан аңға­рып едік. Л.Гумилев ары қарай: «… когда пра­хун­ны пере­сек­ли пес­ча­ные пусты­ни, на рав­ни­нах Хал­хи воз­ник­ли исто­ри­че­ские хун­ны» (сон­да, 21-бет) деп, тай­па­ны сол дәуір­де­гі жаңа мекеніне қоныс теп­тіреді. Бай­сын­нан қоныс аударған он мың отба­сы­ның қиыр­дағы қал­мақ дала­сы­на барып қоны­станға­ны тура­лы «Алпо­миш» жырын­дағы дерек Гуми­лев­тің тари­хи тұжы­рым­да­ры­мен толық қабы­са­ты­ны көз­ге ұрып тұр.

Тай­па­ның мем­ле­кет ретін­де тарихқа ену мерзі­мін қытай­лық тарих­шы Сыма Цянь­ға сіл­те­ме жасаған фран­цуз ғалы­мы Дегинь б.д.д. 1200 жыл деп есеп­тей­ді екен. Одан да әрірек­те, яғни б.д.д. 1764 жылы хұн­дар­дың Қытай тарихын­да төбе көр­сет­кені тура­лы дерек бар. Бұл Л.Гумилевтің шама­мен 4000 жыл бұрын жер шарын­да кли­мат­тың өзге­руі көшпе­лі мал шару­а­шы­лы­ғы­мен айна­лы­са­тын елді қоныс ауда­руға мәж­бүр еткен болуы мүм­кін деген пай­ы­мы қисын­ды екенін көр­сетіп тұр. Оңтүстік­тен кел­ген бұл тай­па­ның тегі тура­лы жоға­ры­да айты­лған деректер­дің ғылы­ми негізділі­гін Моңғо­ли­ядағы «Эйгин гол» некро­по­лын­дағы Хун­ну жұр­ты­ның мола­сын­дағы сүй­ек ДНК-сы «Y» ерлер хро­мо­со­ма­сы С2с1а1а1-М407 фор­му­ла­сын көр­се­туі тия­нақтай түседі. Бұл бүгін­гі қазақ қоңы­рат­та­ры­ның қан құра­мы­м­ен сәй­кес келеді.

Оңтүстік отар­шы­ла­ры­ның тұр­мыс-сал­ты мен тіліне кел­сек, мұн­да түр­кілік бел­гілер жетіп-арты­ла­ды. Тари­хи деректер­де хұн­дар­дың 24 рудан тұра­ты­ны және бұл рулар құдан­да­лық жол­мен өза­ра бай­ла­ны­сып жата­ты­ны айты­ла­ды. Л.Гумилев: «Жен пола­га­лось брать исклю­чи­тель­но из чужо­го рода», дей­ді. Ал Н.Я.Бичурин тай­па­ның әмең­гер­лік сал­ты тура­лы былай деп­ті: «Вдо­ва стар­ше­го бра­та ста­но­ви­лась женой млад­че­го, кото­рый обя­зан был о ней забо­тить­ся, как о сво­ей люби­мой жене». Бұл тұр­мыс-салт­тық деректер хұн­дар­дың біз­ге жат емес екенін анық көр­сетіп тұрған жоқ па?

Ал хұн­дар­дың тілі жөнін­де Әлкей Марғұлан былай дей­ді: «Мы видим сход­ство мно­гих гун­ских слов с казах­ски­ми. Одна­ко сло­ва эти пере­да­ны китай­ской тран­скрип­ци­ей в иска­жен­ной фор­ме. Это преж­де все­го каса­ет­ся имен и титу­лов пле­мен­ных вождей. Так, сло­во би в китай­ской пере­да­че ми, т.е. в китай­ских источ­ни­ках гунн­ско­го Күн би – Кун­ми, соот­вет­ствен­но Унгар би – Унгуй­ми, Төле­ке – Тулехэ, Күл­ке – Хул­хэ, төре – доле, тар­хан – дагян, дүй – дуйю»(Ә. Марғұлан. Толық жинақ, 15-том, 29-бет). Бұл үзін­ді­де хұн­дар­дың тілі­мен қатар мем­ле­кет­тік құры­лы­мы да көрініс тауып тұр.

Ғұн­дар­мен ара­лас-құра­лас болған тай­па­лар қата­рын­да татар­лар-дун­ху, қырғы­здар-цигу, қып­шақтар-кюе­ше, ұйғыр­лар-чиди, үйсін­дер мен қаңлы­лар екенін де тарих­тан біле­міз. Бұлар­дың өза­ра тығыз қарым-қаты­на­сы, тыныс-тір­шілі­гінің жақын­ды­ғы нәти­же­сін­де ағай­ын­дас түр­кі тіл­ді тай­па­лар тобы қалып­тасқа­нын көріп отыр­мыз. Моңғо­лия үстір­тін­де ата­ла­ры­мы­здан қалған көп­те­ген тас бел­гілер­дің тағы бірін – Түрік қаға­на­ты дәуірі­нен қалған мола­ның қорға­ны маңын­дағы кін­дік­та­ста қашалған алпы­сқа жуық түр­кілік тай­па­лар­дың таң­ба­ла­ры­ның суретін ғалым Қаржау­бай Сар­тқо­жаұ­лы наза­рға ұсы­нып­ты. Солар­дың қата­рын­да қал­мақ тіл­ді бүгін­гі моңғол­дар­дың ата­ла­ры­нан қалған таң­ба тура­лы әңгі­ме жоқ. Шыңғыс хан­ның түр­кілік тегі тура­лы бел­сен­ді жұмыс жүр­гізіп келе жатқан про­фес­сор Қай­рат Заки­рья­но­вқа сен­сек, моңғол ғалым­да­рын­да тай­па таң­ба­сы тура­лы түсінік те жоқ екен. Олар­дың ойын­ша, тай­па­лар­дың таң­ба­ла­ры көне жазуға жатады-мыс.

Моғол­шыл ғалым­дар қата­рын­дағы ШҚМУ доцен­ті Марат­бек Ақа­нов «Жас Алаш» газетін­де (12.12. 2019 ж.) жари­я­ланған «Шыңғыс ханды қазақ деп жүр­ген­дер­ге…» атты мақа­ла­сын­да Шыңғыс хан­ның тегі моңғол екенін қаған ата­ла­ры атта­ры­ның моңғол тілін­де­гі мағы­на­сы­мен дәлел­де­мек болып­ты. Оның жазуын­ша, Шыңғыс хан­ның әкесі «Есүх­эй­дің» аты «тоғыз тамыр», ата­сы Бар­дан батыр­дың есі­мі «мақтан­шақ», «өркөкірек»; ары қарай Қабыл хан – «күшті тірек», Түм­бине хан – «дома­ла­ну», «дүр­дию», Бай­сұңқар – «ашу­лы үй», Қай­ду хан – «өсек­ші», Қашы­құлық – «тозған бай­ла­у­ыш», Менен­ту­ды – «жары­мес», «ақы­мақ» … деген мағы­на­ларға ие екен.

Сон­да қалай болға­ны, моңғол­дар­да ел биле­ушілеріне осын­дай жағым­сыз есім­дер беру дәстүрі бар ма екен? Олар­да хандық лау­а­зым болып­ты деген дерек те тарих­та жоқ қой. Шыңғыс хан ата­ла­ры­ның Есу­кей, Бар­дан батыр, Қабыл хан, Түм­бине хан, Қай­ду хан, Қашы­құлық, Менен­ту­ды деген атта­рын қаза­қ­шаға ауда­ру қажет пе? Жоқ, әрине. Шыңғыс хан­ның түп негізі моңғол емес, түр­кі­ден екені Марат­бек кел­тір­ген осы кісі есім­дерінің түр­кі­ше-моңғол­ша салы­стыр­ма­лы бала­ма­ла­ры­нан-ақ көрініп тұр.

Қаған отба­сы қай тіл­де сөй­леді деген сұраққа жау­ап іздеп көрей­ік. Жал­пы­ға бір­дей мәлім деректер­ге қараған­да, хандар әулеті атам­за­ман­нан бері қоңы­рат­тар­мен құдан­да­ласқан. Әрі­ге бар­май-ақ, қаған­ның ана­сы Ұлын да, бәй­бі­ше­сі Бөр­те де қоңы­рат қызда­ры екені мәлім. Шыңғыс хан­ның екін­ші әйелі Құлан да, Есу­ген, Есуқат деген ханым­да­ры да түр­кі қызда­ры ғой. Бәй­бі­ше­ден туған төрт ұлы­ның да бәй­бі­ше­лері қоңы­рат­тан, қала бер­ді бүгін­гі қазақ елі құра­мын­дағы тай­па­лар­дан. Сәй­кесін­ше әулет­тің отба­сы­лық тілі моңғол­ша емес екені анық қой. Шыңғыс хан дәуірін­де­гі хандар әулеті мүше­лерінің қал­мақ тіл­ді бүгін­гі моңғол­дан алған ханым­да­ры, құдан­да­лы­ғы тура­лы нақты дерек жоқ. Моңғол ғалым­да­ры, оларға қосам­жар­ланған қаза­қтың «моңғол­шыл­да­ры» қоңы­рат­тар бұрын «хоң­хи­рат» аты­мен моңғол болған, Шыңғыс хан олар­ды Орта­лық Ази­яға көшіріп апарған соң түр­кі­леніп кет­кен дей­ді екен. Сон­да қалай, Хұн дәуірі­нен түр­кі болған тай­па екін­ші рет «түр­кі­леніп» пе?

Шежірелік дереккөз­дер­дің бар­лы­ғын­да дер­лік Моғұл (қытай­ша­сы Хун­ну) биле­ушісі Оғы­здан бастау алған хандық дәстүр Шыңғыс ханға келіп тіре­леді. Түр­кілік ежел­гі тай­па­ның пер­зен­ті Шыңғыс хан ата­ла­ры қалып­та­сты­рған отба­сы­лық қағи­дат­ты арнайы өз жар­лы­ғы­мен бекітіп­ті. Орыс тілін­де жария болған жар­лық мәтіні мынан­дай: «Когда в роде хун-цзи-ла (кун­грат) рож­да­ют­ся девоч­ки, они из поко­ле­ния в поко­ле­ние ста­но­вят­ся импе­ра­три­ца­ми; когда рож­да­ют­ся маль­чи­ки, они из поко­ле­ния в поко­ле­ние женят­ся на прин­цес­сах. Пусть непре­рыв­но из поко­ле­ния в поко­ле­ние объ­яв­ля­ют этот жалу­е­мый указ в первую луну четы­рех вре­мен каж­до­го года»(цит. по: Мэн-да бэй-лу). Бұл жар­лы­қтың шынай­ы­лы­ғы қаған әулетінің отба­сы­лық қаты­на­сы­мен де дәлел­деніп тұр ғой.

Баз біре­улер қолы­ңы­здағы мақа­ла авто­рын «қоңы­рат­шыл» деп айып­тай­ды екен. Петер­бург Ғылым ака­де­ми­я­сы­ның ака­де­ми­гі, шығыс зерт­те­ушісі, тіл білім­па­зы, түр­ко­лог, этно­граф, архео­лог В.В.Радлов: «Қай халы­қтың бол­ма­сын шығу тегін оның рулық құра­мы арқы­лы аны­қта­уға бола­ды», – деп­ті. Сон­ды­қтан қазақ елін құраған іргелі тай­па­лар­дың бірі – Қоңы­рат тура­лы сөз қозға­удың еш сөкет­ті­гі жоқ деп біле­міз. Керісін­ше, бұл деректер­дің бар­лы­ғы Шыңғыс хан­ның шыққан тегін дәл аны­қта­уы­мы­зға мүм­кін­дік беріп отыр ғой.

Шыңғыс ханды ақы­рын қазақ дала­сы­нан алы­ста­ту, оның Ұлы­та­уда жер­ле­нуін жасы­ру мақ­са­ты­мен қол­дан құра­с­ты­ры­лған аңы­здар­дың бірі – «Таңғұт жоры­ғын» алқа­лаған Әлі­мға­зы Дәу­лет­ханұ­лы қаған өлі­мі төсек­те жұп­та­су кезін­де Таңғұт пат­ша­сы жесірінің сіл­те­ген кезді­гі­нен орын алды деген сан­ды­рақты елдің құлағы­на құй­ып жүр­гені өкін­діреді. Ал шын мәнін­де алақан­дай ғана Таңғұт уәла­я­тын Шыңғыс хан ең әдеп­кі жоры­қта­ры­ның кезін­де-ақ тізер­летіп, оған өз әкі­мін қой­ға­ны бел­гілі («Түрік шежіресі», 61-бет). Жошы қаза­сы­нан кей­ін көп кешік­пей, ары салған­да алты айда о дүни­елік болған Шыңғыс хан­ның қан­дай да бір жоры­ққа қаты­суы ақы­лға сыйымсыз.

«Түрік шежіресін­де» Шыңғыс хан­ның өмір­ден өтуі жөнін­де былай делін­ген: «Шыңғыс хан бұл дүни­е­мен алты жүз жиыр­ма төр­тін­ші тауық жылы (жаңа­ша 1227 ж. ) қошта­сты… Үш ай бойы жан-жақтан халық келіп, аза тұтып, хан­за­да­лар­дың қай­ғы­сы­на ортақ­та­сты. Аза тұту аяқталған соң, әркім өз жұр­ты­на кет­ті, мем­ле­кет­тің бола­шақ құры­лы­сы жай­ын­да ешкім ешнәр­се ойлаған жоқ». Мұны шын­ды­ққа ең жақын дерек деп қабылдадық.

Жошы қаза­сы­нан кей­ін Шыңғы­стың неме­ресі Батуға «Сай­ын хан» лау­а­зым­дық атын бер­гені бел­гілі. Ата­сы­ның Алтын орда­сын иеле­нуі­нен «Алтын орда» ханы атанған жас қол­бас­шы батыс жоры­ғы қар­саңын­да бір­не­ше жыл бойы әкесі Жошы ханға және ата­сы Шыңғыс қағанға өз дәре­же­леріне сай кесе­не­лер сал­ды­ра­ды. Қаған­ның Алтын орда­сын көздің қара­шы­ғын­дай сақтаған екін­ші ханы­мы Құлан қатын да Ұлы­та­уда қай­тыс болып­ты. Оның кесе­несі Жошы­ның қызы Болған ана кесе­несі­мен қатар тұр. Шыңғыс хан­нан бастап, бір әулет­тің төрт мүше­сі осы өңір­де – Ұлы тауда жер қой­ны­на тап­сы­ры­лып­ты. Қалай десек те, Шыңғыс хан­ның бөтен жұрт­та емес, өзі құрған Алаш елінің орта­сын­да өз ажа­лы­мен өлгені көңіл­ге қоным­ды. Сол өңір­дің тума­сы, ұлы ғалым Қаныш Сәт­ба­ев Ала­ша хан кесе­несі Шыңғыс ханға тән деп айтқан екен деген әңгі­ме бар. Қаза­қтың тағы бір дана­сы Мәшһүр Жүсіп Көпе­ев те солай депті.

Шыңғыс ханды дүни­е­ге әкел­ген моңғол­дар емес, ол түстік­тен келіп, Алтай­дың шығы­сын мың­даған жыл­дар бойы мекен еткен түр­кілік тай­па­ның пер­зен­ті екенін мақа­ла­ның өн бой­ын­да дәлел­дей алдық деп ойлай­мыз. Хұн дәуірі­нен бер­мен келе жатқан хандық дәстүр­ді жалға­сты­рып, Алаш елін дүни­е­ге әкел­ген Шыңғыс хандай ары­сы­мы­здың рухын бүкіл ел болып ардақ тұту – ортақ пары­зы­мыз деген шешім­ге тоқтаға­ны­мыз жөн деп білдік.

Оңғар НАҚЫП

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн