Шәмілдің «Қубас тұлпар» күйі Ұлықтау рәсімінде орындала ма?

Қараша айының басындағы әлемдік саяси оқиға – АҚШ-тағы президент сайлауы болды. Алып мемлекеттің 47-ші президенті болып, 2016–2020 жылдары осы лауазымда болған 45-ші президент, Республикалық партияның өкілі Дональд Трамп сайланды. Ол 75 492 424 сайлаушы, 312 таңдаушының дауысын жинап, қарсыласы – Демократиялық партия үміткері, АҚШ-тың қазіргі вице-президенті, 72 350 340 сайлаушы, 226 таңдаушы дауыс берген Камала Харристі айқын басымдықпен жеңді. Әлемдік саясаткерлер мен сарапшылар мұны «Трамптың тарихи жеңісі» деп бағалап отыр.

Қалыптасқан дәстүр бойынша, АҚШ-тың жаңа сайланған президентін ұлықтау рәсімі 2025 жылдың 20 қаңтарында өтеді. Оған көптеген елдердің көшбасшылары, көрнекті мемлекет қайраткерлері, әйгілі өнер жұлдыздары шақырылуы мүмкін. Трамптың таққа отыру рәсіміне қатысуға қазақтың даңқты күйші-композиторы, Құрманғазы атындағы Ұлттық консерваторияның құрметті профессоры Шәміл Әбілтай да үмітті.

Көпшілік көріпкелдер сияқты, АҚШ-тағы президент сайлауында Дональд Трамптың жеңіске жететінін алдын ала болжаған дәулескер күйші одан екі апта бұрын, 21 қазан күні хат жолдап, қазақ халқының тарихындағы айтулы тұлға – Қабанбай батыр бабамызға арнаған «Қубас тұлпар» күйін орындағысы келетінін жеткізіпті. Енді Құдай қолдап, Қыдыр ата жолдас болса, қазақтың қоңыр домбырасының үні Парижде ән салған Әміре атамызға ұқсап, мұхиттың арғы жағындағы Америка құрлығын күңірентпек!

Dear Mr. Donald Trump.

Greetings from Shamil Abiltay, Honorary Professor at the Kurmangazy Kazakh National Conservatory.

We have no doubt that you will win. I have been openly expressing this in Kazakhstan. I would like to perform my musical work on dombyra (kazakh national instrument) «Kübas Tulpar», which embodies the image of a sacred steed that served the legendary Kazakh Warrior Kabanbai for 32 years, at your inauguration.

I have not consulted anyone in my country about this; it is a revelation that has come to me from Almighty.

If the hour of success arrives, my spiritual journey to the USA would be a golden bridge for the great friendship that will be established between our peoples. Amen!

I am a Kazakh Composer, Shamil Abiltay, who regards you as «The Giant of Humanity».

October 21, 2024

Республиканский еженедельник онлайн