Суббота , 5 июля 2025

Шәріп ҚҰРАҚБАЕВ: Біз келесі сайлауға дейін ЖЫЛ ТОСА АЛМАЙМЫЗ!

  • Газет­тің 25 жыл­дық мерей­той­ы­на бай­ла­ны­сты «ДАТ»-тың архиві­нен алы­нған жари­я­ла­ным­дар сери­я­сы­ның кезек­ті авто­ры – Шәріп Құрақ­ба­ев. Тәу­ел­сіздік тарихын­да қазақ тіл­ді оппо­зи­ци­я­лық газет­тер­дің біре­гейі болған басы­лым­ның ең алға­шқы редак­то­ры Шәріп аға 2018 жылы 62 жасын­да дүни­е­ден өтті. Жатқан жері жұмақ болғыр марқұм­ның төмен­де жари­я­ла­нып оты­рған сұх­ба­ты Қаза­қстан­дағы қазір­гі сай­лау науқа­ны­мен үндес және ара­да 24 жыл өтсе де, мән-маз­мұ­ны бүгін­ге дей­ін күн тақы­ры­бы­нан түспеген.
ДАТ”-тың ең алға­шқы редак­то­ры Шәріп Құрақбаев

– Шәке, 1998 жыл­дың аяғын­да үкі­мет «Датқа» 35 млн тең­ге айып салып, банк­рот деп жари­я­лап, жауып тастаға­нын БІЗ біле­міз. Сіз содан кей­ін сая­си «гори­зонт­тан» жоға­лып кетіп, тек 1999 жыл­дың ақпан айын­да «Арна» газетінің бір-ақ санын шыға­рып, жылт етіп көрін­діңіз де, тағы да біраз уақыт «үнсіз» жатып алды­ңыз. Ақы­ры, үсті­міз­де­гі жыл­дың мау­сым айын­да «Дат-Коле­со» газетіңіз­бен бұры­нғы «Дат» сияқты сая­си сахнаға атой­лап шығып, елді елең еткізіп, бас­шы-шене­унік­тер­дің үрей­ін ұшыр­ды­ңыз. Бірақ 8 саны­нан кей­ін ол да шық­пай қал­ды, ал өзіңіз мәжіліс депу­тат­ты­ғы­на түсіп жатыр деп естідік. Мұны батыл­дық дей­міз бе, әлде сіз де «жылы» жер ізде­у­ге кірістіңіз бе?

Менің тарихым­ды жақ­сы біледі екен­сіз, рах­мет! «Дат» газеті қазақ қауы­мы үшін сая­си мәні бар үлкен құбы­лыс бол­ды. Оның маңы­зын ешкім кемі­те алмас. Тіп­ті сол газет­тің жау­ла­ры да. «Дат­тың» 3–4 айда 50 мың тара­лым жина­уы­ның өзі соны дәлел­деп тұрған жоқ па?! Бүгін­де бір­де-бір қазақ басы­лы­мы ондай тираж­бен мақта­на алмайды.

Оған сол кез­де Салық поли­ци­я­сы, Ақпа­рат мини­стр­лі­гіне қарас­ты «Қаз­бас­пасөз», «Дауыс» сияқты (газет-жур­нал тара­ту­шы – Ред. «ДАТ-ОП») ком­па­ни­я­лар жасаған тосқа­уыл­да­ры мен қуда­ла­у­ын қосы­ңыз. Ол аз десеңіз, пор­но­гра­фия, секс тақы­рып­та­ры­на жақын жола­маға­ны­ңы­зды есеп­ке алсаңыз, газет­тің тара­лы­мы­ның 50 мыңға жет­кенін ерлік деп сана­уға бола­тын шығар.

«Ерлік» деген­де, бұл сөзді оның редак­то­ры­на қаты­сты ғана айтып оты­рған жоқ­пын. Қазақ халқы­ның батыл да, ашық та, ащы айты­ла­тын шын­ды­ққа шөлір­кеп қалған мағы­на­да айтып отыр­мын. Әйт­пе­се сол кез­дері жоға­ры жақтан «қазақ басы­лым­да­рын ешкім оқы­май­ды, ондай газет-жур­нал­дар­ды ұстап кере­гі қан­ша?» деген қаңқу сөз­дер шыға бастаға­ны жасы­рын емес. Оның анық көрінісін биыл жаз­да 20-ға жуық мем­ле­кет­тік басы­лым­дар­ды қар­жы жоқ деп бір айға жауып тастаған­да, айқын көр­дік емес пе? Олар­дың біра­зы бір ай өтсе де, әлі ашы­лған жоқ.

«Дат» газетінің де әсері болар, қазақ халқы­ның біраз бөлі­гінің ақиқатқа, сая­си жүй­е­ге, сая­сатқа, пре­зи­дент пен үкі­мет­ке деген көзқа­рас­та­ры өзгеріп, сана­сы оянып, ақ пен қара­ны ажы­ра­та баста­ды десем, артық айтқан­дық бол­мас. Әрине, бұл біздің ғана еңбек емес. Жал­пы елі­міз­де­гі демо­кра­ти­я­лық үрдістің жемісі. Қазір сіз 1990 жылғы мен 1999 жылғы қоғам­дық сана­ны, дүни­е­та­ным­ды салы­сты­ра алмай­сыз. Бұл жер­де үлкен про­гресс бар. Бірақ біздің елдің биле­уші эли­та­сы­на осы үрдіс ұна­май отыр. Сол себеп­ті де олар сөз жүзін­де оны қол­данға­ны­мен, істің шын мәнін­де демо­кра­ти­я­лық про­це­стер­ді бая­у­ла­тып, тоқта­тып, керек десеңіз, кері дөң­ге­ле­ту­ге тыры­су­да. «Дат­ты» жабу – сөз бостан­ды­ғы­на кісен салу. Әке­жан Қажы­гел­дин сияқты оппо­зи­ция лидер­лерін қуда­лау – соның айқын көрінісі.

Бірақ демо­кра­ти­яға тосқа­уыл қою неме­се оны жой­ып жібе­ру еш мүм­кін емес. Ол таңер­тең ата­тын күн сияқты. Тек кей­де көк­тем секіл­ді кеш шығуы мүм­кін. Қаза­қстан үкі­меті де демо­кра­ти­я­ны кеш шыққан көк­тем сияқты 2030 жылға дей­ін соза тұруға неме­се «біз әлі оған дай­ын емес­піз», «алды­мен оның меха­низмдерін әзір­леп алуы­мыз қажет» деген қитұрқы­лар­мен бәрін бұр­ма­лап, тежеп, тосқа­уыл­дар қой­ып жатыр. Бұлай ұзақ созы­луы мүм­кін емес. Егер осы­лай жалға­са бер­се, бұл про­цесс күрт сынып кетуі мүм­кін, 2030 жылға жетпей-ақ.

Біздің пре­зи­дент те ақыл­ды адам. Бірақ ол кісі он жыл ел басқарған тәжіри­бесін­де әртүр­лі адам­дар мен ағым­дар­ды көріп-бақты. Бірақ содан шығарған қоры­тындысы қын­жы­л­та­ды. Жеке адам­дар­ды қорқы­тып, үркітіп, түр­ме­де ұста­уға бола­ды, бірақ халы­қтың сана­сын­да басталған про­це­сті ешкім, ешбір айла­мен тоқта­та алмай­ды. Қай кеңес­шінің ақыл қосқа­нын біл­мей­мін, бірақ адам­ның шын­ды­ққа, әділет­тілік­ке деген тал­пы­ны­сын 2030 жылға дей­ін тежеу мүм­кін емес.

Сон­ды­қтан «адам билік­ке кел­ген күн­нен бастап, кетер кезін де ойла­уы керек» деген сияқты халы­ққа толы­ққан­ды құқы­қтар беруді, ізба­са­рын ізде­уді ойла­сты­ру керек қой. Ресей­де ол анық көрініп отыр. Ал біз­де оның ізі де, исі де сезіл­мей­ді. Олай бол­са, халық ондай жол­ды өзі ішкі сезім­мен іздей­ді. Мұның арты жақ­сы­лы­ққа апармайды.

Сол себеп­ті қауіп­ті аху­ал­дың алдын алу үшін, елдің де пікірі­мен сана­су қажет. Ондай мүм­кін­дік – қазан айын­да өтетін пар­ла­мент­тік сайлау.

Егер үкі­мет оны да өз «сце­на­рийі» бой­ын­ша өткіз­се және кеңес­ші-ақы­л­шы­ла­ры: «Тама­ша, демо­кра­ти­яға дөп сәй­кес өтті» десе де, халы­қтың нара­зы­лы­ғын оны­мен жасы­ра алмай­мыз. Бұл – бүгін­гі күн­нің онсыз да ауыр жағ­дай­ын одан әрі ушы­қты­ра түседі. Ал мұн­дай нара­зы­лық 2030 жылға дей­ін созы­ла беруі мүм­кін емес. Оны бас­шы­лар ұғы­нуы керек. Мұн­дай аху­ал сақта­ла бер­се, халы­қтың өкпе-назы әрі кет­кен­де 2002, 2003 жылға дей­ін-ақ әрең жете­ді. Билік басын­дағы­лар оны біл­ме­уі, сезбе­уі мүм­кін емес.

Олай бол­са, өкі­мет­ке Юго­сла­вия керек пе, әлде «жаман» бол­са да, Ресей дума­сы сияқты «жау» бол­са да, заң­ды мой­ын­дай­тын пар­ла­мент керек пе? Осы жағын қат­ты ойлаға­ны жөн. Ал менің сай­ла­у­ға түс­келі жатқан­дағы ойым – «жылы» орын іздеу емес, кезін­де газет бетін­де айтқан­да­рым­ды енді мін­бер­ден айту еді.

– Ұзын құлақтан естуі­міз­ше, Алма­ты облы­сы­ның әкі­мі қол астын­дағы ірі-уақ әкім­дер­ді жинап, сай­ла­уда кім­ді өткі­зу, кім­ді өткіз­беу керекті­гі жөнін­де тап­сыр­ма беріп­ті. Сіз демо­кра­ти­я­ны ту еткен тәу­ел­сіз басы­лым­ның редак­то­ры­сыз… оппо­зи­ци­о­нер­сіз. Демек, әлгі «ұзын құлақтың» айтқа­ны дәл кел­се, онда «алы­сқа шап­пай­ты­ны­ңыз» белгілі…

– Мұның шет жаға­сын мен де естіп жатыр­мын. Бір қара­саң, солай да болу керек сияқты. Өйт­кені қазір­гі режим­нің өзі, оны тіз­гін­деп оты­рған билік басын­дағы­лар демо­кра­ти­я­ны, әділ сай­лау деген­ді жетік түсі­нетін жан­дар емес. Бұлар тек баяғы кеңе­стік жүй­е­мен жұмыс істе­у­ге дағ­ды­ланған­дар. Демо­кра­тия, сөз бостан­ды­ғы деген олар үшін тек шетел­ден инве­сти­ция тар­ту үшін, ОБСЕ, АҚШ, БҰҰ, т.б. өрке­ни­ет­ті елдер­дің алдын­да жақ­сы көрі­ну үшін керек те, ал мем­ле­кет­тің ішіне кел­ген­де, бәрі керісін­ше. Қазір­гі билік басын­дағы­лар халы­қ­пен сана­сқы­сы кел­мей­ді, құл санай­ды. Үне­мі бұлай жаса­уға бол­май­ды, әр нәр­сенің бір шегі бар.

Сон­ды­қтан бүкіл жүй­ені өзгер­ту­ге тиіс­піз. Халық мені «Дат» тәу­ел­сіз газетін шығарға­ным­ды жақ­сы біледі. Өмір сүріп оты­рған қоға­мы­м­ы­здың көлең­келі тұста­рын жасқан­бай, сол басы­лым­ның бетін­де ашық айт­тық. «Пат­шаға қар­сы сөз айту – ұлы­лық» дей­ді екен баяғы­лар. Пре­зи­дент­тің де кей­бір істерін әшке­ре еттік. Мен адал, ардың сөзін айтқан­ды қалай­тын жан­мын. Сай­ла­у­ға түсіп жатқан­да, билік басын­дағы­лар мені жау ретін­де көр­се­тетін­дей, аяғым­нан шала­тын­дай сұрқия қылы­қта­рын жасай қой­мас деп ойлай­мын. Өйт­кені төң­керіс жасай­ын, үкі­мет­ті бұзып-жан­шиын деп жатқан жоқ­пын. Нені де бол­са, заң­мен жүзе­ге асы­рай­ық деп, осы сай­ла­у­ға түсіп отыр­мын. Бір округ­тан 8 адам түсу­де­міз. Оның ішін­де «Аза­мат» та, «Отан» да, өзге­лер де бар. Алай­да үкі­мет­тің бүй­ре­гі кім­ге бұра­ты­нын сеземін…

Деген­мен, соңғы сөзді халық айтуы тиіс. Ел ама­на­тын қай аза­мат қай­ы­спай көте­ре ала­ды, оны халық өзі біледі. Сон­ды­қтан самарқау, енжар­лы­қты тастап, сай­лау науқа­ны кезін­де халық бел­сен­ділік таны­туы қажет.

– Халық қол­дап, мәжіліс депу­та­ты бола қал­саңыз, бұқа­ра­лық ақпа­рат құрал­да­ры­на қан­дай жағ­дай жаса­уға бел буар едіңіз? Өйт­кен, ең басты­сы жур­на­литссіз, әрі Қаза­қстан­дағы тұңғыш тәу­ел­сіз басы­лым­ның редак­то­ры­сыз, сон­ды­қтан БАҚ-тың қыр-сырын өте қанық білесіз деп ойлай­мын.

– Мәде­ни­ет, ақпа­рат және бұқа­ра­лық келісім мини­стрі Алтын­бек Сәр­сен­ба­ев­ты депу­тат­тар алды­на есеп беру­ге шақы­рар едім. Кеше «Дат­ты» жапқан кез­де неге ара түс­пе­ді, қай­да қарады?

Енді келіп «Нач­нем с поне­дель­ни­ка» газетінің басы­на сәл қара бұлт үйіріліп еді – «бұл – дұрыс емес, бұрыс» деп шыр-шыр ете­ді. Неге ол кез­де Алтын­бек мыр­за «Дат­ты» қуда­ла­у­ға алған билік иелеріне басу айт­па­ды. Қалай десек те, бұл басы­лым әлі де бол­са шала сау­ат­ты (сая­си жағы­нан айта­мын – Ш.Қ.) қазақ ұлтын оята біл­ді, ақ пен қара­ны ажы­ра­тып бер­ген демо­кра­ти­я­ның алға­шқы қар­лы­ға­шы емес пе еді.

– Алдағы уақыт­та депу­тат­тар қата­ры­нан кім­дер­ді көр­гіңіз келеді?

– Әрине, көр­гім келетін бел­гілі адам­дар көп. Көр­гім кел­мей­тіні қазір­гі пар­ла­мент мүше­лері. Тек Зем­ля­но­вты бұл топқа қосуға бол­май­ды. Сей­дах­мет Құт­ты­қа­дам, Бал­таш Тұр­сын­ба­ев, Серік­бол­сын Әбділ­дин, Петр Сво­ик, Ғазиз Алдам­жа­ров, т.б. бел­ді-бел­ді қоғам қай­рат­кер­лері пар­ла­мент­ке еніп жат­са, онда талай нәр­се­ге қол жет­кізу­ге болар еді-ау! Сон­да кім­нің кім екенін, кім­нің ақ сөй­лей­тінін халық білер еді.

Бұл жер­де басты мәсе­ле сай­ла­удың әділ өтуіне тіреліп тұр. Егер «жол­би­ке­лер» алды­мы­зға түсіп кетіп, «қал­та­дағы пар­ла­мент» қай­та дүни­е­ге кел­се, қоғам­дағы жағ­дай тіп­ті ушы­ғып кетуі мүм­кін. Ал оның соңы жақ­сы­лы­ққа апар­ма­сы белгілі.

Сұх­бат­тасқан – Сей­сен ӘМІРБЕКҰЛЫ,

«ДАТ – Иртыш», 1999 жыл, қазан, №16 (28)

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн