Пятница , 13 марта 2026

ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МӘДЕНИЕТ ҚАЛЫПТАСЫП ҚАЛДЫ

Қаза­қстан­да қор­шаған орта­ны қорғау және елді мекен­дер­дің таза­лы­ғын сақтау мәсе­лесіне соңғы жыл­да­ры ерекше көңіл бөлініп келеді. Осы бағыт­тағы маңы­зды баста­ма­лар­дың бірі – Мем­ле­кет бас­шы­сы Қасым-Жомарт Тоқа­ев ұсы­нған «Таза Қаза­қстан» жал­пы­ұлт­тық жоба­сы. Бұл баста­ма аясын­да биыл да елі­міздің түк­пір-түк­пірін­де эко­ло­ги­я­лық акци­я­лар, сен­білік­тер мен ағар­ту шара­ла­ры тұрақты түр­де ұйым­да­сты­ры­лып келеді.

Аталған жоба қоғам­да эко­ло­ги­я­лық жау­ап­кер­шілік­ті арт­ты­ру­ды, табиғат­ты қорғау мәде­ни­етін қалып­та­сты­ру­ды және елді мекен­дер­дің сани­тар­лық жағ­дай­ын жақ­сар­ту­ды көз­дей­ді. Осы мақ­сат­та AMANAT пар­ти­я­сы­ның баста­ма­сы­мен «Таза бей­сен­бі» атты эко­ло­ги­я­лық акция тұрақты түр­де өткізіліп, көп­те­ген өңір­де кең қол­дау тауып отыр.

Өңір­лер­де­гі таза­лық жұмыстары

Эко­ло­ги­я­лық акци­я­лар елі­міздің әр өңірін­де түр­лі фор­мат­та ұйым­да­сты­ры­лып келеді. Мәсе­лен, Аты­рау облы­сы­ның Махам­бет ауы­лы аумағын­да өткен кезек­ті таза­лық шара­сы­на пар­тия бел­сен­ділері, жер­гілік­ті мәс­ли­хат депу­тат­та­ры, баста­уыш пар­тия ұйым­да­ры­ның мүше­лері және жастар қаты­сты. Олар ауыл­дың орта­лық көше­лерін, алаң­да­рын және қоғам­дық аумақта­рын рет­ке кел­тіріп, қар мен қоқы­сты таза­лау жұмыста­рын жүргізді.

Жер­гілік­ті мәс­ли­хат депу­та­ты Ерлан Қуа­ны­шев мұн­дай акци­я­лар­дың маңы­зы зор екенін атап өтті. Оның айтуын­ша, мұн­дай ортақ жұмыстар тұрғын­дар­дың эко­ло­ги­я­лық мәде­ни­етін қалып­та­сты­рып қана қой­май, ауыл­дар­дың кел­бетін жақ­сар­туға ықпал ете­ді. Соны­мен қатар адам­дар­дың қоғам­дық іске деген бел­сен­ділі­гі артады.

Елор­да­дағы эко­ло­ги­я­лық білім

Эко­ло­ги­я­лық мәде­ни­ет­ті қалып­та­сты­ру тек сен­білік­тер­мен шек­тел­мей­ді. Бұл бағыт­та білім беру сала­сын­да да маңы­зды жоба­лар жүзе­ге асы­ры­лып келеді. Мәсе­лен, Аста­на қала­сын­дағы №115 мек­теп­те «Өскін­нен фито-сыны­пқа дей­ін» атты ерекше жоба таныстырылды.

Жоба жетек­шісі Жан­на Пак өсім­дік­тер­ді күтіп-бап­тау арқы­лы бала­лар табиғатқа жау­ап­кер­шілік­пен қара­уды үйре­нетінін айта­ды. Оның пікірін­ше, мұн­дай тәжіри­белік сабақтар оқу­шы­лар­дың қор­шаған ортаға деген көзқа­ра­сын өзгертеді.

Ал AMANAT пар­ти­я­сы Нұра аудан­дық фили­а­лы­ның атқа­ру­шы хат­шы­сы Жанар Жақы­по­ва бұл баста­ма эко­ло­ги­я­лық тәр­бие берудің тиім­ді тәсілі екенін атап өтті. Оның айтуын­ша, мұн­дай жоба­лар «Таза Қаза­қстан» иде­я­сы­ның өмір­шеңді­гін көрсетеді.

Қала­лар­дағы сенбіліктер

Эко­ло­ги­я­лық акци­я­лар елі­міздің ірі қала­ла­рын­да да бел­сен­ді өткізіліп келеді. Мәсе­лен, Шым­кент қала­сы­ның Еңбек­ші ауда­ны аумағын­да өткен «Таза бей­сен­бі» акци­я­сы­на пар­тия мүше­лері­мен қатар, «Жастар Рухы» жастар қана­ты­ның бел­сен­ділері қатысты.

Шара­да көпқа­бат­ты үйлер­дің аула­сы тазар­ты­лып, қар мен мұз­дан ары­л­тыл­ды. Соны­мен қатар тұр­мыстық қал­ды­қтар шыға­ры­лып, аумақтар рет­ке кел­тіріл­ді. Мұн­дай жұмыстар тұрғын­дар­дың қауіп­сізді­гі мен жай­лы­лы­ғы үшін маңызды.

Қарт­тарға көмек көр­се­ту бастамасы

Эко­ло­ги­я­лық акци­я­лар әле­умет­тік бағыт­тағы шара­лар­мен де ұшта­сып келеді. Мыса­лы, Балқаш қала­сын­да пар­тия бел­сен­ділері жалғыз тұра­тын қари­я­ның үйі аула­сын таза­лап, көмек көрсетті.

AMANAT пар­ти­я­сы қала­лық фили­а­лы­ның кеңес­шісі Гүл­нұр Сады­қ­бек мұн­дай игі істер жастар ара­сын­да ерік­тілік мәде­ни­етін дамы­туға ықпал ететінін айт­ты. Оның пікірін­ше, қоғам­да өза­ра қол­дау мен қамқор­лы­қтың артуы – маңы­зды құн­ды­лы­қтар­дың бірі.

Тари­хи орын­дар­ды абаттандыру

Эко­ло­ги­я­лық акци­я­лар тари­хи нысан­дар маңын­да да ұйым­да­сты­ры­лып жатыр. Мәсе­лен, Сай­рам ауда­ны аумағын­дағы Қожақорған ауы­лын­да өткен сен­білік ІІ Дүни­е­жүзілік соғыс арда­гер­леріне арналған алле­я­да өтті.

Сон­дай-ақ Кеңес Одағы­ның Баты­ры Таш­те­мір Рүсте­мов ескерт­кі­шінің маңайы тазар­ты­лып, жол­дарға құм мен тұз себіл­ді. Бұл шараға пар­тия мүше­лері, әкім­дік қыз­мет­кер­лері және мек­теп ұжы­мы қатысты.

Шығыс өңір­де­гі жұмыстар

Шығыс Қаза­қстан облы­сы аумағын­да да таза­лық жұмыста­ры жүй­елі түр­де жүр­гізіліп жатыр. Мыса­лы, Самар ауы­лы аумағын­да «Самарға – 100 жыл» көше­сінің бой­ын­дағы тро­туар­лар қар­дан тазар­тыл­ды. Арнайы тех­ни­ка­ның көме­гі­мен шама­мен 10 тон­на қар шыға­рыл­ды. Бұл жұмыстар жаяу жүр­гін­шілер­дің қауіп­сіз қозға­лы­сын қам­та­ма­сыз ету­ге мүм­кін­дік береді.

Жастар­дың белсенділігі

Эко­ло­ги­я­лық қозға­лы­стың басты қозға­у­шы күші – жастар. Мәсе­лен, Өске­мен қала­сын­да Жастар ресур­стық орта­лы­ғы сту­дент­тер­ге арналған арнайы семи­нар ұйым­да­стыр­ды. Кез­де­су­де жастарға эко­ло­ги­я­лық акци­я­лар­дың маңы­зы түсін­діріліп, алдағы жос­пар­лар таны­сты­рыл­ды. Сту­дент­тер­дің пікірін­ше, таза­лық мәде­ни­еті мек­теп­тен бастап қалып­та­суға тиіс.

Эко­ло­ги­я­лық қозға­лы­стың нәтижелері

Эко­ло­ги­я­лық баста­ма­лар Қоста­най өңірін­де де жақ­сы нәти­же­лер беріп жатыр. Был­тыр өңір­де өткен акци­я­ларға мың­даған ерік­ті қаты­сып, қағаз қал­ды­қта­ры мен пла­стиктер­ді қай­та өңде­у­ге тапсырды.

Ал Ақтө­бе облы­сы­ның аумағын­да өткен таза­лық шара­ла­ры­на 400 мың­нан аса адам қаты­сқан. Нәти­же­сін­де ондаған мың аула мен әле­умет­тік нысан­дар­дың аумағы тазартылды.

Бұл жұмыстарға «Жасыл ел» еңбек жасақта­ры мен ерік­тілер ерекше үлес қосып отыр. Олар тұрғын­дарға эко­ло­ги­я­лық мәде­ни­ет тура­лы ақпа­рат тара­тып, аумақтар­ды абат­тан­ды­ру жұмыста­ры­на бел­сен­ді қаты­сып келеді.

Жаңа фор­мат­тағы эко­ло­ги­я­лық жобалар

Жам­был облы­сы аумағын­да «Таза Қаза­қстан» акци­я­сы жаңа фор­мат­тағы жоба­лар­мен толы­қты­рыл­ды. Тараз қала­сын­да өткен «Эко­ло­гия IQ: Жасыл келе­шек үшін» атты интел­лек­ту­ал­ды ойын­да жастар эко­ло­ги­яға қаты­сты білім­дерін сына­ды. Соны­мен қатар аудан­дар­да түр­лі квиз­дер мен эко­ло­ги­я­лық симу­ля­ци­я­лық ойын­дар өткізілді.

Бола­шаққа бағыт­талған жоспарлар

Эко­ло­ги­я­лық мәде­ни­ет­ті дамы­ту мақ­са­тын­да өңір­лер­де ұзақ мерзім­ді жос­пар­лар қабыл­данған. Соған сәй­кес алдағы жыл­да­ры энер­гия мен суды үнем­деу, қал­ды­қтар­ды сұрып­тау және жасыл желек­тер­ді көбей­ту бағы­тын­да бірқа­тар шара­лар жүзе­ге асырылады.

2026 жылы көп­те­ген өңір­де жүз­де­ген мың ағаш оты­рғы­зу жос­пар­ланған. Қазір­дің өзін­де жылы жер­лер­де көк­тем­гі көгал­дан­ды­ру жұмыста­ры­на дай­ын­дық жүр­гізіліп жатыр.

Қоғам­дық қол­дау артып келеді

Эко­ло­ги­я­лық акци­я­лар Батыс Қаза­қстан облы­сы аумағын­да да кеңі­нен өткізіліп келеді. Орал қала­сын­да өткен сен­білік­тер кезін­де саябақтар мен Жай­ық өзенінің жаға­ла­уы тазар­ты­лып, ағаш оты­рғы­зу жұмыста­ры жүргізілді.

Бұл шара­ларға сту­дент­тер, мек­теп оқу­шы­ла­ры және қала тұрғын­да­ры бел­сен­ді қаты­сып жатыр. Мұн­дай акци­я­лар халы­қтың эко­ло­ги­я­лық сау­ат­ты­лы­ғын арт­ты­рып, табиғат­ты қорғау мәде­ни­етін қалып­та­сты­руға ықпал етеді.

P.S. Биыл жыл басы­нан бері қолға алы­нған іс-шара­ларға жасаған қысқа­ша шолуы­мыз әзір­ге осы­мен тәмам. Жал­пы алған­да, «Таза Қаза­қстан» баста­ма­сы елі­міздің әр өңірін­де кең қол­дау тауып отыр. Эко­ло­ги­я­лық акци­я­лар­дың тек таза­лық жұмыста­ры­мен ғана шек­тел­мей, қоғам­дағы жау­ап­кер­шілік мәде­ни­етін қалып­та­сты­руға бағыт­талған ауқым­ды қозға­лы­сқа айналға­ны рас. Акци­я­ны қол­дау жұмыста­ры енді биыл көк­тем­де, яғни наурыз айы­ның соңы мен сәуір айын­да қар еріп, жер қарай­ған шақта қызады.

Ерік ЕЛЕУСІЗ

Республиканский еженедельник онлайн