Воскресенье , 4 мая 2025

ЭКОНОМИКАНЫ «КӨЛЕҢКЕДЕН» қашан ШЫҒАРАМЫЗ?

Мем­ле­кет бас­шы­сы Жол­да­уда көлең­келі эко­но­ми­ка үлесінің жоға­ры дең­гей­де қалуы қар­жы сала­сын­дағы аху­ал­ды ушы­қты­рып тұрға­нын атап өткен болатын.

Осы бағыт­та Үкі­мет ауқым­ды жұмыстар жүр­гізіп жатыр. Үш жыл ара­лы­ғын­да ішкі жал­пы өнім­де­гі көлең­келі эко­но­ми­ка­ның үлесін 27 %-дан 20 %-ға дей­ін қысқар­тып, бюд­жет­ке 2 трлн тең­ге қосым­ша кіріс түсірткен.

Бүгін­де көлең­келі эко­но­ми­ка­ның үлесі 17 % шама­сын­да бол­са, бұл кем деген­де бюд­жет­ке әлі де 2−2,5 трлн тең­ге салық түс­пей­ді деген сөз (120 трлн тең­ге жал­пы ішкі өнім – ВВП). Бұл үлес – ресми ста­ти­сти­каға сүй­еніп, мем­ле­кет­тік орган­дар­дың бер­ген ақпа­ра­ты. Ал біз біл­мей­тін, ресми ста­ти­сти­ка­ның наза­ры­нан тыс қала­тын қыз­мет түр­лері қаншама?

Бір заң жоба­сын зер­де­леу кезін­де келеңсіз жай­тқа тап бол­дым. Елі­міз­де көлең­келі эко­но­ми­каға қар­сы іс-қимыл сала­сын­да біры­ңғай сая­сат­ты қалып­та­сты­руға және басқа ведом­ство­лар­ды үйле­стіру­ге жау­ап­ты мем­ле­кет­тік орган жоқ болып шықты. Әр мем­ле­кет­тік орган бір-біріне сіл­тей­ді. Әрбір мем­ле­кет­тік орган өз құзы­реті шегін­де шара­лар қабыл­дай­ды, бірақ құзы­рет­ті нақты бөлетін, жау­ап беретін тұтас жүйе жоқ. Аталған про­бле­ма бой­ын­ша кешен­ді жос­пар­лар­мен бар­лық сала­лар қам­тыл­маған. Бұл – бір.

Екін­ші. «Көлең­келі» эко­но­ми­каға көбірек үлес қоса­тын сала, бұл – сауда. Ал сауда­ның жүй­есі – базар. Әлбет­те, база­рдың аты – базар. Ондағы еркін сауда­ны қадаға­лау қиын. Бірақ дұрыс ұйым­да­сты­руға мүм­кін­шілі­гі­міз бар ғой. Елі­міз­де қол­ма-қол ақша­сыз айна­лым коэф­фи­ци­ен­ті жыл сай­ын өсіп келеді. Яғни, көлең­келі эко­но­ми­ка­ның бір көрінісі – салық төле­уден жал­та­ру. Оның бір­не­ше себебі бар. Солар­дың бірі салы­қтық әкім­ші­лен­дірудің әлсіздігі.

​Мем­ле­кет­тік кірістер коми­тетінің ақпа­ра­тын­да Орта­лық Азия елдерінің аза­мат­та­ры Қаза­қстан­да үш жыл ішін­де 136 млрд тең­ге табыс тапқан. Алай­да Ұлт­тық банк­тің ақпа­ра­ты бой­ын­ша, осы уақыт ішін­де олар Ота­ны­на жал­пы 1 трлн тең­ге аударған. Яғни, «көлең­келі» тау­ар­лар­ды неме­се қыз­мет­тер­ді өнді­ру ықти­мал­ды­ғы жоға­ры деген сөз. Уақыт тығы­зды­ғы­на бай­ла­ны­сты мен кел­тіріп оты­рған ұсы­ны­стар – тек кіріс­пе­сі. Білек түріп, май­шам­мен қарай­тын бол­сақ, бюд­жет­тің кірісін тол­ты­руға мүм­кін­шілі­гі­міз жетіп артылады.

Осы айты­лған­ды наза­рға ала оты­рып, алды­мен келесі мәсе­ле­лер­ді қарас­ты­ру­ды ұсынамыз.

1. Көлең­келі эко­но­ми­каға қар­сы іс-қимыл сала­сын­да біры­ңғай сая­сат­ты қалып­та­сты­ра­тын және үйле­стіріп, жүр­гі­зетін бір мем­ле­кет­тік орган­ды анықтау.

2. Жалған келісім­шар­ттарға қар­сы тұру үшін, тау­ар­ды жет­кі­зу тіз­бе­гі бой­ын­ша қосы­лған құн салы­ғы (НДС) мен құжат­тар қатар жүретін нақты бір жүйе құру қажет. Бұл жүйе толы­қтай цифр­лан­ды­ры­лған болуы шарт. Нәти­же­сін­де бюд­жет­ке төле­нуі тиіс салы­қты Үкі­мет авто­мат­ты түр­де есеп­теп беруі керек. Бұл әсіре­се шағын және орта биз­неске үлкен көмек болар еді.

3. Халы­қты банк­тік кар­та­лар арқы­лы төлем­дер жаса­уға ынта­лан­ды­руы­мыз қажет. Оған әртүр­лі іс-шара­лар бары­сын ұсы­нуға бола­ды. Олар­дың бірі – төле­ген құн салы­ғы­ның (упла­чен­ный НДС) бір бөлі­гін бонус (кэш­бек) ретін­де қай­та­руға бола­ды деп санаймын.

Депу­тат­тық сау­алға заң­да бел­гі­лен­ген мерзім­де жау­ап беруіңізді сұраймыз.

«AMANAT» пар­ти­я­сы фрак­ци­я­сы­ның депу­тат­та­ры аты­нан Мар­ха­бат ЖАЙЫМБЕТОВ

Республиканский еженедельник онлайн