Пятница , 12 декабря 2025

Экономика мен инфляция НЕГЕ ҚАТАР ӨСЕДІ ?

Енді Қаза­қстан­да бар­лы­ғы жақ­сы бола ма?

Бәрі­міз­ге қаты­сты, біздің өмірі­мізді басқа арнаға түсі­ре ала­тын бір сұрақ бар. Ол – Қаза­қстан­да қым­бат­шы­лық тоқтай ма, бәрі­міз­ге жұмыс бола ма, біз қинал­май өмір сүре­міз бе деген сұрақ. Осы мәсе­лені шешу үшін, өткен апта­да Үкі­мет, Ұлт­тық банк пен Қар­жы нары­ғын рет­теу және дамы­ту агент­ті­гі үш жақтан бір­лесіп, ортақ жұмыс жос­па­рын жари­я­ла­ды. Енді әр орган өз жеке мақ­са­тын орын­дау үшін жан-жаққа тарт­пай, ортақ эко­но­ми­ка­лық мақ­сат­ты – инфля­ци­я­ны түсі­ру, эко­но­ми­ка­ны сапа­лы өсі­ру мен халы­қтың жағ­дай­ын жақ­сар­ту үшін жұмыс істей­тін бола­ды. Және осы үш тап­сыр­ма бір мез­гіл­де орын­да­луы тиіс.

Қаза­қстан­да эко­но­ми­ка­ның өсуі мен инфля­ци­я­ны ауы­зды­қтау – бір-біріне қара­ма-қай­шы бағыт­талған про­це­стер болып кел­ді. Біз бәлен­бай жыл­дан бері осы эко­но­ми­ка­лық пара­док­сты шеше алмай отыр­мыз. Егер инфля­ци­я­ны тұн­шы­қты­рғы­мыз кел­се, онда эко­но­ми­ка­лық өсім­нің де тамы­ры­на бал­та шауып тастай­мыз. Егер эко­но­ми­ка өссін десек, онда инфля­ция да қатар өсе бастай­ды. Негізі Үкі­мет пен билік­тің асыл арма­ны – эко­но­ми­ка­ны өсіріп, дәл сол кез­де инфля­ци­я­ны төмен түсі­ру. Неге біз­де ол мүм­кін бол­май кел­ді? Және енді­гі бір­лес­кен жұмыс жос­па­ры осы пара­док­сты өзгер­те ала ма?

Алды­мен неге эко­но­ми­ка­ны өсіріп, дәл сол кез­де инфля­ци­я­ны түсі­ру мүм­кін бол­ма­ды деген сұраққа жау­ап іздейік.

Қаза­қстан­дағы эко­но­ми­ка­ның өсу себебі интен­сив­ті фак­тор­дан құралған. Басты себеп осы. Біз­де­гі эко­но­ми­ка мем­ле­кет ақша бөл­се ғана өсе бастай­ды. Яғни, мем­ле­кет­тік шығын­дар­дың есебі­нен. Мыса­лы, мем­ле­кет қыру­ар ақша бөліп, үлкен жоба бастай­ды. Жол, көпір, зауыт салып жатыр дей­ік. Адам­дарға жұмыс бола­ды, түр­лі фир­ма­лар заказ ала­ды, айна­лы­ста ақша пай­да бола­ды, сол арқы­лы бел­сен­ділік артып, ішкі жал­пы өнім­нің, яғни эко­но­ми­ка­ның өсуі тір­ке­леді. Бірақ ақша сырт­тан кел­ме­ген­дік­тен, жасалған жұмыс пен сырт­тан келетін валю­та­ның балан­сы бол­маған­ды­қтан, бұл ішкі ақша мас­са­сы­ның өзі­мен-өзі өсуіне алып келеді. Және ол мін­дет­ті түр­де импорт­тың артуын туды­ра­ды. Осы­лай­ша ақша көп, ал өзі­міз өндіретін тау­ар аз болған­ды­қтан, ақша мас­са­сы импор­тқа жұм­са­ла бастай­ды және ішкі сұра­ныс ұсы­ны­стан бір­не­ше пункт­ке артып, ақша құн­сызда­на береді. Ақша құн­сыздан­ды деген – тау­ар­лар мен қыз­мет­тер қым­бат­та­ды, яғни инфля­ция өсті деген сөз.

Осы кез­де Ұлт­тық банк қина­ла­ды. Себебі оның басты мін­деті – инфля­ци­я­ны бел­гілі бір дәліз аясын­да ұстау. Демек, эко­но­ми­ка­ның өсе оты­рып, осы кез­де инфля­ци­я­ның төмен болуы үшін, Үкі­мет пен Ұлт­тық банк етене жұмыс істеп, әрқай­сысы өз шешім­дерін бір­ле­се қабыл­да­уы тиіс.

Енді­гі бір­лес­кен жұмыс стра­те­ги­я­сы осы жағ­дай­ды өзгер­те­ді деген үміт бар. Басты­сы – біз осы олқы­лы­қты кеш те бол­са түсін­дік. Түсініп қабыл­даған­нан кей­ін, оны­мен жұмыс істе­сек, түбі нәти­же шыға­ры сөзсіз.

Айбар ОЛЖАЕВ

Республиканский еженедельник онлайн