Пятница , 4 июля 2025

ІРГЕДЕГІ ТЕРЕКТІ – көмекке зәру керекті

  • Сай­лау науқа­ны кезін­де Алма­ты­ның сол­түстік төңіре­гін жай­лаған бірқа­тар кент­ті кезіп шығуға тура кел­ді. Жер­гілік­ті тұрғын­дар аты­нан көше коми­тет­тері неме­се «КСК» жетек­шілері шақыр­ды, біз – бардық.

Мұн­дай шақы­ру­лар бұрын да, сай­ла­нуға үміт­кер бол­ма­сақ та болып тұра­тын. Жур­на­лист деген пары­зы­мыз бар, кәсіп­ке адал­дық қары­зы­мыз бар. Жер­гілік­ті бір жер­де­гі туа қалған про­бле­ма неме­се кенет­тен пай­да болған оғаш оқиғаға тәу­ел­сіз газет­тік пікірі­мізді біл­дірей­ік деп барамыз.

Өткен апта­ның сен­бісін­де Теректі ауы­лы­ның ұлар­дай шулаған тұрғын­да­ры шақыр­ды. Тағы да бар­дық. Шулай­тын­дай да жөні бар екен: Алма­ты­дан таяқ тастам жер­де – «Апорт» сауда кешенінің іргесін­де­гі Теректінің бат­паққа бөк­кен көше­лері түгілі, әр үйдің бас-басын­дағы тұр­мыстық тауқы­мет­тен аяқ алып жүр­гісіз екен.

Теректілік­тер­ге тікен­дей қадалған ұзақ-сонар про­бле­ма­ны тың­да­дық: 10 мың­ның үстін­де тұрғы­ны бар ауыл­дың жүз­ден астам үйі әлі күн­ге дей­ін заң­да­сты­рыл­маған. Себеп – бұл үйлер шаруа қожа­лы­ғы­на арналған жер­ге салы­нған, ол үйлер­ді «жеке тұрғын үй құры­лы­сы» ста­ту­сы­на ауы­сты­руға жер­гілік­ті билік­тің құзы­ры жет­пей­ді екен. Ал оның себебін біле алмаған теректілік­тер Ала­тау ауда­ны әкім­ді­гінің табал­ды­ры­ғын тозды­рып болып­ты. Бұны бір деп, қой­ын­дәп­тер­ге түр­тіп алдық.

Екін­шісі – тағы сол 10 мың халқы бар ауыл­дағы жалғыз мек­теп итарқа­сы қиянға орна­ласқан. Жауын­да – бат­пақ кешіп, қыста – қар омбы­лап, құрғақ күні топы­рақ тор­пыл­да­тып бара­тын бала­лар ол мек­теп­ке сый­май­ты­ны тағы бар. Теректінің қала жақ шетіне 2025 жылы салы­на­тын мек­теп­тің жоба­сы жасалған екен. Бірақ екі жыл­дан кей­ін ғана құры­лы­сы баста­ла­тын мек­теп­тің бітер-біт­пе­сіне дүдә­мәлі – көлі­гі бары ойқыш-ойқыш көше­мен, жоғы – жола­у­шы­сы иін тірес­кен авто­бу­спен бала­сын қалаға тасып әлек.

Мек­тебі жет­кіліксіз елді мекен­ге мешіт салы­нып жатқан ауыл­дың бұл про­бле­ма­сын тағы түр­тіп алдық. Ойы­мыз – аудан әкі­міне жет­кі­зу. Айт­пақ­шы, есесі еңкіш кет­кен елге салы­нып жатқан, күм­безі көк тіре­ген еңселі мешіт­тің құры­лы­сы да кібір­тік­теп тынған сияқты. Себебі мешіт сал­дыр­мақ болған Болат­тың бала­сы – Нұр­бол Назар­ба­ев Қаңтар­дан кей­ін қашқақтап жүр­ген сияқты. Шама­сы, оның ойы – «біз болған­да, жағ­дай­ла­ры­ңа қарай­лас едік, біз кет­кен соң, сор­ла­ры­ң­ды тар­ты­ң­дар» деген доғал дол­бар болуы керек.

Теректі­де­гі тағы бір келеңсіз жәйт – кәдім­гі жары­қтың жыры. Жар­ты ауыл­дың жары­ғы екі күн­нің бірін­де өшеді. Себебі Теректінің тең жар­ты­сы­на тар­ты­лған тоқтың қожай­ы­ны – аты-жөні бей­мағлұм жеке мен­шік иесі. Жары­қтың жалп етіп өшуі – ауыл­дың жар­ты тұрғы­ны­на арналған тариф «өлген әке­лерінің құны­на тең», қым­бат – кило­ва­ты 33 тең­ге. Ал сол бір ауыл­дың қалаға қосы­лған екін­ші жар­ты­сы 18 тең­ге­ден төлейді.

«Бұл әділет­сіздік қай­дан шыққан, жар­ты жұр­тқа қым­бат тариф тағай­ын­даған қан­дай қожай­ын?» деп, жер­гілік­ті өзін-өзі басқа­ру коми­тетінің («КМС» деп ата­ла­ды екен) өкіліне сұрақ қой­сақ, ол иығын қиқаң еткізді – қожай­ын­ның атын ата­уға қай­мы­ққан сыңай­лы. Қым­бат свет Қас­ке­лең­нен тар­ты­лған екен, шама­сы, оның да мен­шік иесі сол назар­ба­ев­тар­дың наза­рын­дағы дөкей болуы керек. Қысқа­сы – жары­қтың жырын да жады­ға түй­дік, тағы да әкім­мен «раз­бор­ка­да» айтарсыз.

Теректінің бас-аяғын тіліп өтетін тік көшенің ойдым-ойдым жағ­дай­ын жоға­ры­да айт­тық. Көше деген аты бол­ма­са, оны­мен төрт доңға­лақты көлік түгілі, екі аяқты жаяу адам жары­тып жүре алма­сы анық. Бірақ «КМС»-тің кісісі бом­ба­ла­удан бор­ша-бор­ша­сы шыққан Бахмут­тың (Укра­и­на) болжа­мын­дағы көше­сы­мақтың сырын айтып бер­ді: «Был­тыр су тар­тқы­штар құбыр тар­тып кет­кен соң, жырасы топы­рақ­пен жабы­лып қалған еді, биыл кәріз салушы­лар қай­та­дан қазып, өз құбы­рын тар­та­ды, көшені содан кей­ін ғана көше қал­пы­на кел­тіре­міз», – дей­ді ол.

Әлбет­те, бұл екі ара­да Теректінің тұрғы­ны тау-тау тасы теңки­ген көше­мен көлі­гі жүре алмаған соң, өздері ақша жинап, грей­дер жүр­гізіп, көшені тегісте­ген бола­ды екен.

«Қан­ша­дан жинай­сыздар?» – дей­міз біз тасқа бүй­ірін тіл­діріп алмау үшін ілде­бай­лап, ілбіп келе жатқан біздің штаб көлі­гі­мен көшені көр­сетіп келе жатқан жігіттен.

«30–35 мың­нан!» – дей­ді ол.

«Жалақы­ңыз қанша?».

«Мен – күзет­те­мін, жет­піс­ке жетер-жетпес».

«Түсінік­ті… жар­ты­сын жол жөн­де­у­ге жұм­сай­ды екенсіз…».

«Амал қан­ша? Бала­ла­ры­мы­здың сирағы одан қым­бат, сын­ды­рып алма­сын дейміз-дағы…».

Алма­ты­ның жиі-жиі «жылай­тын» жауы­ны қой­сын ба, 70 мың­ның жар­ты­сын грей­дер­ге жұм­сау – күз бен көк­тем­де жиілей­тінін жігіт аға­сы жылаған­дай жыр қылып: «Биыл кәріз тар­тыл­ма­са, мынау көше бізді тағы да екі мау­сым сау­а­ды», – деді демігіп.

Ақы­ры не керек, ауыл сыр­ты­на жиналған жұрт­ты жұба­ту үшін сөз айт­тық: «Дедек­теп, әкім­ге барар депу­тат­тық құзы­ры­мыз жоқ. Бірақ кан­ди­дат­тық үміт­пен емес, жур­на­ли­стік жол­мен әкім­дік­ке барай­ық, мынау жағ­дай­дың жай-жап­са­ры ертең қалай бола­рын әкім­нің өз аузы­нан естиік, ара­ла­ры­ңы­здан төрт өкіл тағай­ын­даңы­здар», – дедік.

Сөйт­тік те, «ДАТ»-тың даңқын пай­да­ла­нып, халы­ққа емес, қала­ның әкі­мі Доса­евқа бағы­на­тын Ала­тау ауда­ны­ның әкі­міне теле­фон соқтық. Жағ­дай­ды баян еткен соң, көмек­шісі қабыл­да­уға жазып қой­ды: «Сей­сен­бі күні хаба­рын бере­міз, бірақ әкім қабыл­дай­ды деп уәде ете алмаймын».

Бұған дей­ін «Көкқай­нар­дың» жағ­дай­ын айтып, ауыл­дың төрт өкілін ертіп, Доса­ев дөкей­ге бағын­са да, иман­жүзді иіні бар Аза­мат деген аудан әкі­мінің қабыл­да­уын­да болған дәме­міз бар еді. Бұл жолы да беті­мізді қай­тар­ма­ды. Сай­ла­у­ал­ды шта­бы­мы­здың басты­ғы – ол да Аза­мат атты жігіт, Теректінің төрт өкілін ертіп, әкім­нің қабыл­да­уын­да болып қайт­ты. Ауы­лға қаты­сты ауыр жағ­дай­дың оңа­лар уақы­ты мен мүм­кін­дік­тің мөл­шерін айтып, әкім-бала төрт өкіл­ді разы қылып шыға­рып салған екен.

Бірақ ол разы­лы­қтың ұза­қты­ғы қан­шаға созы­ла­рын кім біл­сін? Бізді кент­тік­тер­мен кез­де­су­ге шақы­рған келін­шек­ке теле­фон соғып: «Депу­тат болар-бол­ма­сы­мы­зды бір Құдай мен билік кие-жара арлас­па­са, сай­ла­у­шы­лар­дың дауы­сы шешер… Бірақ ман­дат бол­ма­са, алып барар сол «ДАТ» бар. Қалай болған­да да, алдағы күз­де Теректі­ге тағы бір ат басын тіре­рміз», – дедік.

Ермұрат БАПИ

  • Редак­ци­ядан: Пар­ла­мент депу­тат­ты­ғы­на кан­ди­дат Ермұрат Бапи Алма­ты қала­сы­ның Әуе­зов ауда­ны­на қарас­ты сүрілу­ге тиісті «ескі үйлер­дің» (сурет­те) тұрғын­да­ры­мен кез­де­су өткіз­ген еді. Бұл кез­де­су тура­лы мақа­ла үміт­кер­дің аудан әкі­міне жол­данған қаты­нас хаты­на берілетін жау­ап­тың мән-маз­мұ­ны­мен бір­ге газет­тің келесі санын­да жарияланады.

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн