Пятница , 4 июля 2025

Ғаббас ҚАБЫШҰЛЫ: МАҒАН ТАҢСЫҒЫСОЛ БАЯҒЫ ЛЕПІРУ

Жуы­қта қай­рат­кер-жазу­шы Ғаб­бас Қабы­шұ­лы­мен бір­ге қоғам­дағы анау-мынау жәйт­тер­ді сөз еткен едік. Ойын ашық, кінәрәт­ті күлбіл­те­ле­мей ақта­ра­тын аға­ның айтқан­да­рын оқыр­ман қауы­мға да ұсы­ну­ды жөн көрдік.

– Сұх­ба­ты­мы­зды соңғы еле­улі жаңа­лы­қтан бастай­ық, аға. Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев орнын боса­тып, пре­зи­дент билі­гін Қасым­жо­март Тоқа­евқа уақыт­ша, алдағы сай­ла­у­ға дей­ін бер­генін білесіз…

– Біл­ген­де қан­дай! Бірақ мен бұл өзгері­стен елге, халы­ққа шара­пат бола­ды деп ойла­май­мын. Күні кеше, пре­мьер-министр болып оты­рға­нын­да «Қаза­қстан­ның демо­кра­ти­я­лық таң­да­уы» қоғам­дық қозға­лы­сын: «Или – я, или – они!» деп сызда­нып, түті­гіп айып­тап, жас демо­крат­тар тобын тоз-тоз еткен Тоқа­ев­тан не қай­ыр, не үміт?! 

Біздің билік­шіл­дер «әлем» деп бастап, мақта­нуға машы­қта­нып алды ғой: ал енді Тоқа­ев­тың уақыт­ша пре­зи­дент болған күнін Назар­ба­ев­тың жеке басы­на көзін жұмып, құлағын бітеп алып табы­нуы, әсіре­се облы­стар­дың орта­лы­қта­рын­дағы бас көше­лер­ге атын қою тура­лы жар­лы­ғы – сол әлем­нің алдын­дағы масқа­ра­шы­лық! Назар­ба­ев мыңқ етпе­ді, пар­ла­мент қыңқ етпе­ді. «Баяғы жар­тас – бір жар­тас». Бақыт­гүл, бұл сорақы­лы­қтар­ды жазу ойым­да бар, күте тұрыңдар… 

– Енде­ше кеше ғана «кет­тім» деген Назар­ба­ев­тың бұдан бұры­нғы «Ұлы дала­ның жеті қыры» мақа­ла­сын оқы­ды­ңыз ба?

– Е, пре­зи­дент­тің айтқан­да­рын да, жазған­да­рын да еңбек­те­ген бала­дан еңкей­ген кәрі­ге дей­ін оқы­тып жатыр ғой. Қаза­қстан­ды дамы­ту жөнін­де­гі «хика­я­тын» таққа оты­ра сала, 2030 жыл­ды меже­ле­умен баста­ды. Одан бері­де: 2020, 2030… 2050 жыл­дарға «ен тағыл­ды». Пәлен бағыт, түг­лен баста­ма, жүз қадам, жол­да­у­лар, анау тап­сыр­ма, мынау нұсқау… «Нұре­кеңнің нұр­лы жолы» осы­лай созы­ла берді…

Аға, деген­мен «Жеті қыры­на» атап-атап тоқталсаңыз…

– Қазақ дала­сы­ның тарихы, сақ, ғұн, қазақ тура­лы арғы дәуір­лер­де жазы­лған зерт­теу еңбек­тер аз емес. Алыс-жақын шетел­дер­дің ерте­де­гі ғалым, сая­хат­шы-тарих­шы­ла­ры­ның, жағра­фи­я­шы­ла­ры­ның тия­нақты жол­жа­з­ба­ла­рын, мақа­ла­ла­рын, сызған кар­та­ла­рын қоя тұрған­да, мыса­лы, кеше­гі Лев Гуми­лев­тің, Мұрад Аджидің тари­хи-ғылы­ми том-том кітап­та­рын­да көне зама­на­лар­дағы баба­ла­ры­мы­здың көшпен­ділік өмір-тір­лік­тері, тұр­мыс мәде­ни­еті, білі­мі, ғылы­мы, әдет-ғұрып­та­ры, салт-сана­ла­ры, ел билеу қағи­да­ла­ры, сал­тат­ты жауын­гер­лік жоры­қта­ры жан-жақты сипатталған. Ән-күй әуен­дері, дом­бы­ра мен сыр­най-кер­нейі, киіз үйі, ат-арба­сы, алмас қылы­шы, садағы Еуро­паға ғажап жаңа­лық болға­ны дәлел­ді баяндалған. 

1969 жылы осы Алма­ты­да Ерке­бо­лат Бек­мұ­ха­ме­тов деген ақсақал­мен таны­стым. Ресми маман­ды­ғы – кен инже­нері. Әрі әде­би­ет­ші бол­ды. Ағыл-тегіл әңгі­ме­шіл. Араб, пар­сы тіл­дерін­де­гі кітап­тар­ды бөгел­мей оқи­ды. «Сәкен Сей­фул­лин­нің құй­ыр­шы­ғы» деген айып­пен Сібір­ге он жылға айда­лып, сегіз жыл оты­рып кел­ген. Бір күні үйіне барға­ным­да, сөресі­нен көлем­ді ескі кітап­ты алып келіп: «Ғаб­бас-жан, мына кітап­та «Алтай­да сона-а-ау екін­ші ғасыр­да металл қоры­тыл­ды» деп жазы­лып­ты, жазған кісі – араб, міне, пешінің суреті, біздің қаза­н­пеш­ке ұқсай­ды» деп мені таңқал­дыр­ды. Ары­да Герод­от пен Мах­мұт Қашқа­ри­дың, бері­де Лев Гуми­лев пен Мұрад Аджидің еңбек­тері­мен таны­спын, мыса­лы, маған «Жеті қыр­дағы» әлхисса­лар таң­сық емес.

Маған таң­сы­ғы – біздің біраз зия­лы­ла­ры­мы­здың Назар­ба­ев не айт­са да іліп алып, мақтай жөне­летін әдет­тері, билік­шіл газет-жур­нал­дар­дың оның суретін­сіз, дәріп­теу мақа­ла­лар­сыз шық­пай­ты­ны. Дәріп­те­уі жетіп-арты­лып жатқан «Жеті қыры» бер­гі қаза­қтың қыры түгілі, шетел­дер­ді кезіп кет­кен шығар.

– Иә, бетал­ды лепір­гені­міз сон­дай, эко­но­ми­ка­мыз да әлем­нің алдын­да кетіп бара­ды екен… 

– Лепір­ген­де: «Біздің эко­но­ми­ка­лық жетістік­тері­міз бүкіл әлем­ді қызы­қты­рып.., таң­дан­тып.., үлгі болып.., Қаза­қстан қысқа мерзім­де әлем­нің елу елін басып озып, ең бай оты­зды­ққа кіру­ге тақау» десіп көсіледі. Менің қара­пай­ым ойым айта­ды: ел эко­но­ми­ка­сы­ның дамуы, оның нәти­же­сі ең алды­мен неден көрі­ну­ге тиіс? Ең алды­мен халқы­ның алдын­дағы асы­ның, үстін­де­гі киі­мінің арзан­даға­ны­нан көрі­нуі керек. Біздің елде тәу­ел­сіздік алған­нан бер­гі мерзім­де қай жылы не, қан­ша пай­ыз арзан­да­ды? Керісін­ше, «арзан­да­ды» деген сөз ұмы­тыл­ды, тір­шілі­гі­міз үздіксіз қым­бат­шы­лы­қтың құр­са­уын­да. Ресми дереккөзі биы­лғы ақпан айын­да біз­де қым­бат­шы­лы­қтың төрт пай­ыз көтеріл­генін паш етті. Осын­дай­ды «міне!» деп нұқып көр­се­тер қолы­мыз бай­лан­ды, айтар аузы­мыз жабыл­ды. Өйт­кені әу бастағы Кон­сти­ту­ци­я­мы­зға бер­тін­де енгізіл­ген көп түзе­тудің бірі – жұрт­шы­лы­қтың алаңға, көше­ге топ­та­сып шығу­ла­ры­на ресми тый­ым салы­нға­ны. Ол – біз­де ой еркін­ді­гінің, сөз бостан­ды­ғы­ның тіл ұшын­да, қағаз бетін­де екені, демек, аза­мат­тық құқы­мы­здың заң­мен шек­тел­гені. Тәу­е­кел­мен ашық нара­зы­лық біл­ді­ру үшін көше­ге шыққан аза­мат­та­ры­мы­зды поли­ция бас­са­лып, апа­ра­ды да қамай­ды. Кеше, құдай-ау, Ұлы­стың ұлы күні – Науры­здың 22-сін­де бір­не­ше қала­мы­зда сон­дай сорақы­лық, бет­пақтық тағы да қай­та­лан­ды! Адам құқын қорға­уды қадаға­лай­тын халы­қа­ра­лық ұйым­дар қан­ша­ма ресми ескер­ту жаса­са да, өзің көріп жүр­сің, біздің күштілер «диір­мен­дерін тар­та» береді.

Аға, осы біздің сахна­ла­ры­мыз бен теле­ар­на­ла­ры­мы­здың мәде­ни­етіне нара­зы қауым аз емес. Сіз де бұл жөн­сіздік­ті біраз көтер­ген едіңіз…

Иә, ашық-шашық әнші-биші­сы­мақтар және ескі әсем әндері­мізді ту-талақай «өңдеп» беру­ші саз­гер­сы­мақтар көбей­іп бара жатқа­ны тура­лы 2014 жылы мәде­ни­ет және спорт мини­стрі Ары­стан Мұха­ме­диұлы­на «Жас Алаш» газеті арқы­лы «Қазақ сахна­сы­ның сырқа­ты» деп ашық хат жаз­дым. Министр «ары­стан­ды­ғы­нан» айны­ма­ды, былқ етпе­ді. Оған сөзі өтетін бір адам бол­са, ол атақты әнші­міз Бибі­гүл Төле­ге­но­ва шығар деп ойлап, Бибі­кеңе «Қазақ үні» газеті арқы­лы 2015 жылы «Сахна сорасы, теле­ар­на дода­сы» деп ашық хат жол­да­дым. Бірақ бұдан дұры­ста­лып кет­кен көп ештеңені көрмедім…

Деген­мен, биы­лғы жыл «Жастар жылы» деп жари­я­лан­ды, қаза­қтың мінез-құлқы­на жарас­пай­тын бұл жағ­дай оңа­ла­тын шығар.

– Біз­де пәлен жыл, түг­лен жыл деп атау анау бір жыл­да­ры «мода» болып, сон­соң тоқтап қалып еді, қай­та­дан бастал­ды. Алай­да, мәсе­лен, «Мәде­ни­ет жылы» бол­ды, одан нен­дей жақ­сы­лық көр­дік? Сахна­ла­ры­мы­зды, радио­те­ле­ар­на­ла­ры­мы­зды еркін­ше жау­лап алған бүгін­гі сұры­қ­сыздық сол «Мәде­ни­ет жылын­да» өршіді. Нәти­же қайсы?

Ал ғылым-білім­де­гі, әде­би­ет­те­гі нәти­же қан­дай деп ойлайсыз?

– «Нәти­же» деген­де, ағы­л­шын тілін 1‑сыныптан бастап оқы­ту арқы­лы шәкірт­ті Ана тілінің уызы­на жарыт­па­уға жол беріл­месін деп, соңғы жыл­да­ры екінің бірі айт­ты да, жаз­ды да. Билік басын­дағы­лар мыңқ етті ме? Жоқ! Енді ағы­л­шын тіліне қытай тілін мін­ге­стір­мек сыңай­да. Ғылым десек, был­тыр ма еді, жет­піс шақты ада­мға «ака­де­мик» атағы бір тізім­мен беріл­ді ғой қой тоғы­тқан­дай етіп. Осы орай­да айта­рым: біздің экс-пре­зи­дент­тің ерке­то­тай үш мини­стрі бол­ды: мәде­ни­ет пен спорт; ғылым-білім және ішкі істер мини­стр­лері. Жұмыста­рын­дағы бере­кесіздік үшін бас­пасөз­де көп сыналған да, «бор­сық ұрған сай­ын семіреді» деген­ге куәлар да – солар. Әйте­уір ғылым-білім мини­стрі Саға­ди­ев көлең­ке­ге кетіп тын­ды, оның «тари­хи еңбе­гін» әлгі «ака­де­ми­к­тері» ұмыт­пай жүрер. Ал ішкі істер мини­стрі Қасы­мов, өзің білесің, жоға­ры­лап кет­ті. Мәде­ни­ет­те­гі Мұха­ме­диұлы­ның «мұр­тын шабар бал­та» табы­ла қоймас.

Ал әде­би­ет­ке кел­сек, бұл жақта да сөз жүзін­де бәрі­міздің жағ­дай­ы­мыз бір­кел­кі жақ­сы, ал іс жүзін­де соңғы жиыр­ма жыл шама­сын­да «өзі жақ­сы» мен «көзі жақ­сы­ның», «жол тапқы­штың» аты озып жүр­ді. Шын мәнін­де­гі дарын­ды тану кем­шін бол­ды. Бір ғана мысал: қысқа да бол­са жарқын өмір сүре біл­ген, халқы­ның аза­ма­ты, ақы­ны дәре­же­сіне көтеріліп өткен, «Мөл­дір тұма» жыр жинағы­нан бастап, оннан астам кітап­тың авто­ры болған, поэ­зи­я­мы­зға да, әде­би сыны­мы­зға да, про­за­мы­зға да, әде­би аудар­ма­мы­зға да мол еңбек сіңір­ген, Махам­бет, Жам­был атын­дағы сый­лы­қтар­дың иегері болған, «Дәстүр, поэ­ти­ка және аудар­ма мәсе­ле­лері» еңбе­гіне ғылым кан­ди­да­ты, «Қазақ әде­би­етінің ежел­гі дәуір­де­гі көр­кем­дік жүй­есі» еңбе­гіне ғылым док­то­ры атағы беріл­ген про­фес­сор, ақын Асқар Құр­ма­шұ­лы Еге­убай­дың кім болға­нын ұста­зда­ры: М.Қаратаев, З.Ахметов, Р.Сыдық, С.Қирабаев, М.Әлімбаев, Р.Бердібаев сүй­сіне айт­ты да, жаз­ды да. Алай­да Асқар­дың қыру­ар еңбе­гі, өкініш­ке қарай, ресми лай­ы­қты баға­ланған жоқ.

2002 жыл­дың рес­пуб­ли­ка­лық Мем­ле­кет­тік сый­лы­ғы­на Асқар­дың жаңа өлең­дер кіта­бы ұсы­ныл­ды. Ол бір ғана жинақ емес еді, оның қап­та­лын­да ұлы баба­мыз Жүсіп Бала­сағұн­ның «Құт­ты білік» даста­ны тұрған. 700 бет кітап! Көне түр­кі тілі­нен қаза­қ­ша­лаған – Асқар. Сый­лық беріл­меді. Асқар кей­ін­де сол тари­хи дастан­ның құры­лы­мы, мәні жай­ын­да «Кісілік кіта­бы» деп ғылы­ми мақа­ла, одан соң «Жүсіп Бала­сағұн» атты роман-эссесін жазды.

2004 жылғы сый­лы­ққа Асқар­дың келесі жаңа жыр­лар жинағы ұсы­ныл­ды. Ол да бір ғана кітап емес еді, оның қап­та­лын­да ұлы баба­мыз Мах­мұд Қашқа­ри­дың «Түрік тілі сөзді­гі» тұрған. 3 том. 1710 бет кітап! Көне түр­кі тілі­нен қаза­қ­ша­лаған – Асқар. Сый­лық берілмеді. 

Асқар­дың ақын­дық, ғалым-сын­шы­лық, шебер аудар­ма­шы­лық, таза аза­мат­тық қадір-қаси­етіне Мем­сый­лық жөнін­де­гі комис­си­я­ның бір­де-бір мүше­сі – «клас­сик­тер» мен ака­де­ми­к­тер бірін­ші жолы да, екін­ші жолы да назар аудар­ма­ды. Сый­лық үшін жан­пи­да­лап, алды-арт­та­рын орап, қол­паштаған пысы­қай­лар­дың жете­гін­де кетті. 

2006 жыл­дың сый­лы­ғы­на Асқар­дың тың өлең­дер жинағы ұсы­ныл­мақ еді. Ол да жалғыз кітап емес-ті, оның қап­та­лын­да жауын­гер жыр­шы­мыз Махам­бет Өте­місұ­лы шығар­ма­ла­ры­ның 4 томы тұр еді. Оны ака­де­ми­я­лық басы­лым тала­бы­на сай етіп, тұтас бір ғылы­ми-зерт­теу орта­лы­ғы­ның мін­детін бастан-аяқ жалғыз өзі атқарған – Асқар! Сірә, бұл жолы Жазу­шы­лар одағы анау комис­си­ядан кем түс­пе­уді көк­се­се керек, оның кіта­бын өздері­нен жоғарғы талқы­ға жібер­меді де. Ондағы әлдекім­нің де «ішкі есебі» бол­са керек. 

Аталған үш кезең­де сый­лық алған ақын­дар­дың ешқай­сысы­ның дарын-дең­гейі Асқар­дың өресі­нен асып жатқан жоқ! Мұны қай ақын­ның, қай сын­шы­ның алдын­да бол­сын екі жер­де екінің төрт екенін­дей дәлел­деп бере аламын! 

– Ал, аға, өзіңіздің шығар­ма­шы­лық шару­аңы­зда нен­дей жаңа­лық бар? Әзіл-сықағы­ңыз… саябыр­лап тұрған сияқты.

Ол солай. Мақа­ла деген мықты алды­на шығып кет­ті, бірақ онда кінә жоқ, заман, қоғам шығарды.Ойымызда жоқта бұй­ы­рған тәу­ел­сіздік той­ын­да аспанға атқан бөр­кі­міз қай­тып жер­ге түс­пе­ді, қай бұлт­тың үстін­де жатқан­да­рын кім білсін.

Рах­мет, аға, есен-сау болы­ңыз! Қарт­ты­қты мой­ын­да­май, біз­ге мақа­ла­ны әлі де жиі жол­дап, сер­гек жүріңіз!

Рах­мет, әрқа­шан­дағы­мыз­ша бір­ге жүрейік!

Әңгі­ме­ле­с­кен –

Бақыт­гүл МӘКІМБАЙ,

«D»

Республиканский еженедельник онлайн