Суббота , 5 июля 2025

Ғазиз АЛДАМЖАРОВ: ПРЕЗИДЕНТТІК АҚЫСЫН миллиардтармен төлеген халыққа НАЗАРБАЕВТЫҢ ӨКПЕСІ ЖОҚ

Апта басын­да Сағын­та­ев­тың үкі­меті доға­ры­сқа кетіп, жаңа – Мамин­нің үкі­меті жасақталды. 

Жаңа­сы – үкі­мет бас­шы­лы­ғы­на кел­ген Асқар Мамин мен бір-екі министр, қалға­ны «ескі көз­дер». Осы өзгерістер мен елде­гі сая­си-эко­но­ми­ка­лық жағ­дай төңіре­гін­де мем­ле­кет және қоғам қай­рат­кері Ғазиз Алдам­жа­ро­вты «ДАТ» айда­рын­дағы сұх­батқа тарт­тық. Сұраққа төтесі­нен төпеп жау­ап бер­ген Ғазиз Кама­шұлы­ның ашық әңгі­месі оқыр­ман­ның да ойы­нан шыға­ры сөзсіз. 

– Ғазе­ке, үкі­мет­ке жаңа бас­шы кел­генін естідіңіз: ол – Асқар Мамин сіз үшін кім? Мем­ле­кет­тік дәре­же­де­гі мене­джер ме, жоқ әлде Назар­ба­ев­тың кезек­ті қол­ба­ла­сы ғана бола ма?

– Үкі­мет бас­шы­сын тағай­ын­да­уда әуел басы­нан қателік жасалған. Қан­дай пре­мьер-мини­стр­ді алсаңыз да, бәрінің өзін­ше шешім қабыл­даған, өзін­ше рефор­ма жасаған ешқай­сысы бол­ма­ды. Ал кезін­де рефор­ма­тор-пре­мьер атанған Қажы­гел­дин­нің жөні бөлек. Өйт­кені пре­мьер-мини­стр­лер­дің қолын­да эко­но­ми­ка­ны дер­бес басқа­ру теті­гі жоқ. Заң бой­ын­ша, үкі­мет атқа­ру­шы билік­тің құзы­ретін атқа­ра­ты­ны жазы­лған. Ал іс жүзін­де пре­зи­дент өзі қалаған адам­ды пар­ла­мент талқы­сы­на салған түр көр­сет­кені­мен, пре­мьер­ді өзі таң­дай­ды, өзі Жар­лық шыға­рып, өзі бекі­те­ді және эко­но­ми­ка­ны өзі басқа­ра­ды. Ал бар­лық кем­шілік­тер үшін пре­зи­дент емес, Мини­стр­лер каби­неті жау­ап береді. Соны­мен бір­ге үкі­мет құра­мы­на кіретін коман­да да пре­зи­дент­тің қала­у­ы­мен тағайындалады. 

Жаңа­дан тағай­ын­далған үкі­мет бас­шы­сы Асқар Мамин­нің оңды­рып атқарған шаруа­сын есті­меп­пін. Ғалам­тор­дағы деректер­дің айтуын­ша «Қаза­қстан темір жолын» (КТЖ) мем­ле­кет­ке бере­шек еткені жөнін­де­гі дерек жетер­лік.  Сон­ды­қтан пре­мьер-мини­стр­де, өзіңіз айтқан­дай, пре­зи­дент­тің «қол­ба­ла­сы» болу­дан басқа таң­дау қалмайды. 

Мәсе­лен, өрке­ни­ет­ті елдер­де үкі­мет басы­на келетін тұлға өзінің бағ­дар­ла­ма­сын ұсы­на­ды, әрі өзі­мен бір­ге істей­тін коман­да­сын ала келеді. Ал біздің пре­мьер­лер ондай бағ­дар­ла­ма ұсын­бақ түгілі, өзі­мен бір­ге істей­тін коман­да­сын да жасақтай алмай­ды, пре­зи­дент­тің тағай­ын­дап бер­ген мини­стр­лері­мен жұмыс істе­у­ге мәж­бүр бола­ды. Өйт­кені бар­лық кадр мәсе­лесін пре­зи­дент­тің өзі ғана шешеді. Сон­ды­қтан осы қалып­тасқан жағ­дай­да пре­зи­дент­ті мем­ле­кет­тің бас­шы­сы ғана емес, соны­мен бір­ге әрі атқа­ру­шы билік – үкі­мет­тің де бас­шы­сы деп қабыл­дау керек. Тіп­ті үкі­мет­тің өзі бел­сен­ділік таны­тып, рефор­ма жүр­гіз­гісі кел­се де, оған дәт­тері жет­пей­ді. Өйт­кені ондай бел­сен­ділік пре­зи­дент­ке ұна­мауы, көңілі­нен шық­па­уы мүм­кін. Ең сорақы­сы – пре­мьер-министр жақ­сы қыз­мет атқар­са, «орны­ма тала­сып жүр» деген пре­зи­дент­тің пен­делі­гі­нен ары аса алмай­ды. Ал есесіне пре­мьер-министр елде­гі атқа­рыл­маған жұмыс, орын­дал­маған тап­сыр­ма үшін «таяқ» жей­ді. Шын мәнісіне кел­ген­де, ел эко­но­ми­ка­сы үшін үкі­мет­ті жеке-дара тағай­ын­даған пре­зи­дент­тің өзі жау­ап беруі керек қой. 

Деген­мен бүгін­гі жап­пай әле­умет­тік-эко­но­ми­ка­лық дағ­да­рыс жағ­дай­ын­да үкі­мет­тің пре­мьер-мини­стрі қан­дай тұлға болуы керек еді деп ойлайсыз?

– Егер елі­міз­де пре­мьер-министр жоға­ры лау­а­зым­ды жау­ап­ты тұлға бол­са, дағ­да­рыс жағ­дай­ын­дағы шеші­мін тап­паған мәсе­ле­лер бой­ын­ша халы­қтың алдын­да есеп беруі керек қой! Тіп­ті күні кеше орны­нан кет­кен Бақыт­жан Сағын­та­ев пре­зи­дент­ке алғыс айтқан­ша, қыз­мет атқарған уақы­тын­да не істе­генін неме­се қан­дай жұмыстың атқа­рыл­маға­ны жөнін­де есеп беруі керек еді. Сон­дай-ақ пар­ла­мент депу­тат­та­ры да үкі­мет­тің қыз­метіне өз баға­сын бер­се, келесі үкі­мет бас­шы­сы­на сабақ бола­тын еді. Сол себеп­тен де үкі­мет бас­шы­сы­ның, мини­стр­лер­дің пре­зи­дент­тен басқа ешкім­нің алдын­да жау­ап­кер­шілі­гі жоқ. Бұған дей­ін бір­де-бір пре­мьер-мини­стр­дің қыз­метін атқа­ра алмаға­ны үшін кет­кенін естідіңіз бе? Жоқ! Яғни, пре­мьер­дің келу-кету кри­те­риін тағы да пре­зи­дент қана аны­қтай­ды деген сөз. 

Егер Сағын­та­ев үкі­мет бас­шы­сы ретін­де қыз­метін атқа­ра алма­са, оның коман­да­сын­да болған мини­стр­лер­дің қай­та­дан тағай­ын­далға­ны қалай? Үкі­мет бас­шы­сы­ның қыз­меті – қара­уын­дағы мини­стр­лер­дің жұмысы­мен баға­лан­бай ма? Сағын­та­ев жаман да, басқа мини­стр­лер жақ­сы болға­ны ма? 

Демек, ел эко­но­ми­ка­сы­на қаты­сты сая­си билік­тің де, үкі­мет­тің де, пар­ла­мент­тің де халық алдын­да жау­ап­кер­шілі­гі жоқ. Оның түп-тамы­ры – билік­тің бар­лық саты­сы бір адам­ның құзы­ры­на ғана тәу­ел­ді болуын­да. Ондай елдің жасам­паз бола­шағы бол­май­ды. Біре­уі кет­се, екін­шісі келеді, ал өзгер­ген ештеңе жоқ. Өйт­кені қыз­мет­ке ұсы­на­тын, тағай­ын­дай­тын, бекі­тетін бір адам. Ол адам ешкім­ге жау­ап бермейді. 

– Өзіңіз «жөні бөлек» деген экс-пре­мьер Әке­жан Қажы­гел­дин­ді елге қай­та­ру керек деген сөз бар. Сіз бұл пікір­ге қалай қарайсыз?

Әке­жанҚа­жы­гел­дин – сая­си да, эко­но­ми­ка­лық жағы­нан да ең сау­ат­ты пре­мьер-министр болған аза­мат. Оны­мен бір­ге «РНПК» пар­ти­я­сын­да әріп­тес болға­ным үшін мақтап отыр деген ой тума­сын: мен әділін айтам – Қаза­қстан­ның тарихын­да үкі­мет басқа­ру­да дер­бес­ті­гін сақтаған бір­ден-бір пре­мьер – Қажы­гел­дин ғана бол­ды. Оны жеке­ше­лен­ді­ру кезеңін­де­гі кем­шілік­тер­мен кінәла­удың сая­са­ты жасалған. Ал түп­теп кел­ген­де, жеке­ше­лен­дірудің сая­са­ты мен қор­тындыс­ын шығарған Қажы­гел­дин емес қой, нәти­же­сіне жау­ап беретін кім? Осы­ның ара-жігін айы­рып алу керек. Ол эко­но­ми­ка­ның бар­лы­ғын жеке­ше­лен­діріп жатқан­да, сауы­сқан­нан сақ пре­зи­дент Назар­ба­ев ай бағып отыр­ды ма? 

Ал Қажы­гел­дин­ді елге қай­та­ру қажет­тілі­гі тура­лы айтар бол­сам, ол соңғы жиыр­ма жыл­дай уақыт­та елден кету­ге (кетір­ген кім екені тағы бел­гілі), Еуро­па­да тұруға мәж­бүр бол­ды, баты­стық және әлем­дік эко­но­ми­ка­ның орта­сын­да жүр­ді. Өрке­ни­ет­ке ұмты­лы­стың нәти­же­сін көр­ді, Баты­стың эко­но­ми­ка­лық ілі­мі мен білі­мін игер­ді. Ал Баты­стың сая­си-эко­но­ми­ка­лық даму заң­ды­лы­ғын, эко­но­ми­ка­ны басқа­ру құры­лы­мын елі­міз­де пай­да­лан­сақ, біз де өрке­ни­ет жолы­на түсері­міз анық. Ондай өрке­ни­ет­ті даму­дың үлгісін Қажы­гел­дин елге әкел­се, оның пай­да­сы тиер еді. 

Алай­да бүгін­гі таң­да оған қар­сы­лас тек қана Назар­ба­ев емес, пре­зи­дент болғы­сы келетін­дер­дің бәрі өре тұра­ты­ны бел­гілі. Қажы­гел­дин­нің жиыр­ма жыл­дан бер­гі өткен мек­тебі­нен алған білік пен білім – елді басқа­рып оты­рған, басқарғы­сы келетін ешбір шене­унік­тің бой­ы­на шақ кел­мей­тін тәжіри­бе. Егер билік білім тәжіри­бесі мол маман­ды құр­мет­тей­тін бол­са, оны баяғы заман­да елге алды­ра­тын еді. Әке­жан сияқты шет­ке кет­кен ақыл­ды аза­мат­тар­ды жинай­тын бол­сақ, елі­міз бүгін­гі дағ­да­ры­сқа тап бол­мас еді. 

– «Дағ­да­рыс» демек­ші, елдің қазір­гі эко­но­ми­ка­лық аху­а­лын сіз қалай баға­лар едіңіз: пре­зи­дент Назар­ба­ев айтқан­дай, өркен­деу үстін­де ме, жоқ әлде халық айтқан­дай, шынын­да да бар­лы­ғы жар­на­ма мен пиар-акци­яға құры­лған «Потём­кин дерев­ня­сы­ның» көрінісі ме?

– Бір сәт ойла­нып көрелік: Қаза­қстан­да біз мақта­на қоя­тын­дай қан­дай іс атқа­рыл­ды? Егер мем­ле­кет­ті басқа­ру құры­лы­мы­на баға беретін бол­сақ, бұл жүйе Назар­ба­ев билік­тен кет­кен күні-ақ құлай­ды. Өйт­кені бар билік бір адам­ның уысын­да. Назар­ба­ев­ты құдай­дай көріп, ол кет­се, елдің күні қараң қала­ды деген ұғым тумауы керек. Ол құрған сая­си жүйе, өзі кет­се, іргесі­нен сөгіледі. Еуро­па­да үш билік – тік бұры­шты үшбұрыш сияқты таба­ны­мен тұр­са, біз­де керісін­ше, үшбұры­штың төбесі ұшы­мен төмен қарап тұр. Сол себеп­ті де төмен­гі жағы жоға­ры екі бұры­шын ұстай алмайды. 

Екін­ші­ден, мем­ле­кет­тік қыз­мет­те­гі лау­а­зым иелері өз қыз­метіне лай­ық деп айта ала­мыз ба? Елім деп, жерім деп, жарғақ құлақта­ры жасты­ққа тимей, қыз­мет етіп жүр­ген­дер бар деп айта ала­сыз ба? Әрине, жоқ! Бір ғана білім беру сала­сын алай­ық, жал­пы білім беретін орта мек­теп­тер­де­гі білім дең­гей­інің төмен екенін айт­сақ, жаңа­лық ашып оты­рған жоқ шығар­мыз. Мұғалім­нің айлы­ғы төмен, аудан­нан, облы­стан, рес­пуб­ли­ка­дан кел­ген тек­се­ру комис­си­я­сы­на қажет­ті құжат тол­ты­ру­мен уақыт­та­ры өте­ді. Білім беру, тәр­бие беру жұмыста­ры толық жүр­гізіл­мей­ді. Ақша­сы бар ата-ана­лар бала­ла­рын қосым­ша сабаққа беріп, ақы­лы қыз­мет­ке жүгінеді. 

Қай сала­ны алсаңыз да, бәрін­де де осы жағ­дай. Сол себеп­тен де халы­қтың билік­ке деген сені­мі жоғал­ды: пре­зи­дент­ке де, пре­мьер-мини­стр­ге де, депу­татқа да сен­бей­ді. Мәсе­ленің негізі сая­си жүй­е­ге келіп тіре­леді, ал сая­си жүйе – эко­но­ми­ка­лық инсти­тут­тар­ды жасақтай­ды. Бұл бар­лық мем­ле­кет­тер­де қалып­тасқан жағ­дай, одан өзге­ше басқа­ру үлгісі табы­лған жоқ. Ал Назар­ба­ев билік басы­на кел­ді де, өзіне ғана құзыр­лы эко­но­ми­ка­лық инсти­тут­тар құр­ды. Олар­ды «инсти­тут» деп ата­удың өзі ұят! Деген­мен тәу­ел­сіздік­тің 27 жылын­да осы жасан­ды инсти­тут­тар елдің қоғам­дық-сая­си өміріне бат­пан­дап еніп алды. Бүгін­гі елді эко­но­ми­ка­лық дағ­да­ры­сқа душар еткен осы сая­си инсти­тут­тар жүй­есі екеніне ешкім­нің дауы жоқ. Сол жүйе тек бір адам­ның басы­мен, соның ақы­лы­мен (ақыл­ды-ақыл­сызын кім білетіні тағы бел­гісіз) ғана жұмыс істей­ді. Демек, жан-жағы­ңы­зға қара­уға, өзіңіз­ше жүру­ге ешқан­дай мүм­кін­ді­гіңіз жоқ. Ақыр аяғы билік­тің құл­ды­ра­уы – біздің сана­мы­зға да өз таң­ба­сын салу­да. Бүгін­гі сая­си жүй­енің кей­пі – Назар­ба­ев­тың өзі­нен айны­май қалған көшір­месі сияқты, отыз жылға жуық уақыт­та жасы сек­сен­ді алқым­даған шал сияқты бұл жүйе де қар­тай­ып, божы­рап кет­ті. Осы­дан кей­ін ел эко­но­ми­ка­сын­да қан­дай өркен­деу болуы мүмкін? 

– «Өркен­деу» демек­ші, сіз Қаза­қстан­ның батыс аймағы­ның тума­сысыз ғой: мұнай­лы елдің бүгін­гі аху­а­лы қан­дай? Мұн­дағы халық мұнай мен газ­дың раха­тын көріп жатыр ма?

Әу бастан елде­гі мұнай бен газ бір адам­ның айна­ла­сын­дағы топ­тың қолы­на түсті. Қызы­ғын көріп оты­рған да солар. Там-тұм­даған бөлі­гін аштан қырыл­ма­сын деп елге бер­ген болады. 

Сол мұнай мен газ бол­маған­да, басқа­дай өмір сүрер ме едік, бай­лы­ққа үйме­ле­ген­дер бол­мас па еді? Еңбекқор­лық, адал­дық деген ұғым­дар ұмыт қал­мас па еді? Басқа өндіріс, өнер­кәсіп орын­да­рын ашып, жұмыс­сыз қал­мас па едік? 

Ал қазір мұнайы бар жер­ді кедей­лік жай­лаған. Бұл да бір кереғар­лық. Билік­тен құзыр алған­дар бір-бір құбыр­ды ием­деніп, үстіне шығып алып, ешкім­ге бер­мей, қызы­ғын көреді. Бұл бүгін­гі батыс өңір­де­гі жағ­дай деп түсініңіз. 

– Жаңаө­зен­де­гі жұмыс­сыз жастар­дың толқуы елдің басқа аймақта­рын­да да қай­та­ла­нуы мүм­кін бе?

Елде дәл осын­дай әле­умет­тік әділет­сіздік тауқы­меті шешіл­мей­тін бол­са, кез кел­ген қала­да, облыс орта­лы­қта­рын­да осын­дай нара­зы­лы­қтар орын алуы әбден мүм­кін. Үкі­мет қағаз жүзін­де нешетүр­лі бағ­дар­ла­ма қабыл­даға­ны­мен, олар орын­дал­май қала­ды. Сол сияқты Жаңаө­зен­нің мәсе­лесі де түбе­гей­лі шешіл­ген жоқ. Тұрғын­дар­ды алдап-сулап, әле­умет­тік мәсе­ле­лер­ге мән бер­ген­сіп, бәрі шешіл­ді деп, Жаңаө­зен­ді ұмыт­ты­руға тырыс­са да, халы­қтың ішін­де­гі бітеу жара асқы­нып кет­ті. «Жаңаө­зен қырғы­ны» кезін­де басқа өңір­де­гі қоғам бел­сен­ділері­мен, аға буын өкіл­дері­мен кез­дескенім­де, «олар ақша­ны күреп тауып жатыр» деген­дер бол­ды. Бұл – билік­тің ойлап тапқан есебі­нен туын­даған мәсе­ле: «Несіне нара­зы, айлы­қта­ры 120–150 мың тең­ге?» деп көпір­тіп, сая­сат­тың сай­қал тех­но­ло­ги­я­сы­мен басқа аймақтар­ды Жаңаө­зен­ге қар­сы қоюға тыры­сты. Алай­да батыс өңір­де­гі азық-түлік­тің, күн­делік­ті тұты­ну тау­ар­ла­ры­ның баға­сы басқа өңір­ге қараған­да 5–6 есе қым­бат екені бел­гілі. Ауыз суды сатып алу үшін айлық жалақы­сы­ның 30–35 пай­ы­зы жұм­са­ла­ды, басқа азы­қты айт­паған­да. Енді, міне, бұл қым­бат­шы­лы­ққа жұмыс­сыздық мәсе­лесі қосы­лып отыр.

– Сіз есті­ген болар­сыз: әле­умет­тік желілер­де «жұмыс­сыз жастар­ды қол­дай­ық, «Жаңаө­зен­ге тағы да сатқын­дық жаса­май­ық» деген пікір­лер пай­да болуда… 

– Қай­дам, Жаңаө­зен­ді қол­дай­тын халық көріп тұрған жоқ­пын… АҚШ-тағы бір инсти­тут біздің ел бой­ын­ша Қаза­қстан­дағы жастар қоғам­да қалып­та­сып оты­рған жемқор­лық, жұмыс­сыздық мәсе­лесіне аса мән бер­мей­ді деп әле­умет­тік зерт­теу қоры­тындыс­ын жасап­ты. Тіп­ті билік­тің халы­қты басқа­ру қыз­метіне де көңіл аудар­май­ты­ны­на таң қалып­ты. Қай буын­дағы жастарға қаты­сты зерт­теу жүр­гіз­ген­дерін біл­мей­мін, бірақ елде­гі жал­пы жастар­дың енжар­лы­ғы­на мен де қай­ран қалам. 

Деген­мен қоғам­дағы жағ­дай­ға бей-жай қарай­ды, бел­сен­ділік таныт­пай­ды деп қаза­қтар­ды кінәла­удың табиға­тын түсі­не­мін. Тәу­ел­сіздік­тің 27 жылын­да ел аза­мат­та­рын қорқы­тып, атып-асып, қуда­лап, бой­ы­на үрей кір­гізді. Уақыт­ша қорқы­ны­штан құты­луға болар-ау, ал жыл­дар бойы, ширек ғасыр қорқы­та бер­се, бұл әдет­ке, мінез-құлы­ққа айна­лып, бой­ға сіңеді. Менің күді­гім де сол – қорқақтық қаны­мы­зға ден­деп кіріп алған сияқты. Елдің бәрін­де сол мінез қалып­та­сып қал­ды демес­пін, бірақ басым бөлі­гі­міз үрей­ден көз аша алмай отырмыз… 

– Ал елде­гі осы жап­пай дағ­да­рыс пен үрей­ден құты­лу үшін бірін­ші кезек­те не істеу керек деп ойлайсыз?

– Бар­лық кеса­пат Назар­ба­евқа тіреліп тұр ғой… Ең алды­мен пре­зи­дент өзінің қыз­метін бөле-жарып, екі тақта оты­рғы­сы келетін­дей сыңай таны­тып жатқа­ны күмән туды­ра­ды. Қауіп­сіздік кеңесіне бас­шы­лық ете жүріп, өзінің орны­на келетін пре­зи­дент­ке құзы­рын жүр­гіз­бек. Деген­мен егер ол дәл осы қада­мға бар­са, Назар­ба­ев­тың билі­гі тіп­тен тезірек ыды­рай­ды. Сырт­тай қараған ада­мға бүгін­гі билік­те оты­рған бір топ адам ғана ақыл­ды да, дүй­ім ел ақы­мақ сияқты. 

Пре­зи­дент­тің айна­ла­сын­да оты­рған ат төбелін­дей ғана адам бірінің орнын бірі алма­сты­рып, лау­а­зым­ды қыз­мет­тің де қадірін кетір­ді. Кеңес кезін­де егер бір министр қыз­метін алып жүре алма­са, кем­шілік жібер­се, қай­та­дан лау­а­зым­ды қыз­мет­ті маңай­ла­уы қиын бола­тын. Біз­де ешкім­ге баға беріл­мей­ді, жұмыстан шыға­рып тастай­ды, жар­ты неме­се бір жыл­дан соң қай­та­дан бір мини­стр­лік­ке қон­жи­та­ды. Қаза­қстан­ның оңбай оты­рға­ны сол – жоғарғы билік­тің өзін­де жау­ап­кер­шілік жоқ. Осы­лар­дың кесірі­нен қор бола­тын пре­зи­дент емес, біз­дер – қара­пай­ым қазақтар. 

– Сіз бұры­ны­рақта елде­гі бір­не­ше сая­си пар­ти­яға жетек­шілік жаса­ды­ңыз. Ал бүгін­де билік­ке оппо­нент бола­тын пар­тия неме­се басқа­дай сая­си күш қал­ма­ды. Ұлт пар­тиот­та­ры бол­са, бөлек-бөлек әле­умет­тік топ­тарға бөлініп кет­кен. Осы жағ­дай­да елді өзгер­ту­ге ынта­сы бар қоға­мға қан­дай кеңес бересіз?

– Билік­тің кез кел­ген рефор­ма­сын халық қол­да­ма­са, қоғам да бір орнын­да тұра­лап қала­ды. Қоғам­ды өзгер­ту үшін, билік­тің өзі құлық таны­туы керек. Назар­ба­ев­тың билік құрған уақы­тын­да осы мәсе­ле­ге мән беріл­меді. Келесі пре­зи­дент­тің қоғам ынта­сын туды­ру­дан басқа ама­лы болмайды. 

Бүгін­де сая­си жүй­енің құра­мын­дағы «қуыр­шақ» пар­ти­я­лар тір­ке­у­ге рұқ­сат бер­гені үшін билік­тің сой­ы­лын соғу­дан ары аса алмай­ды. Қаза­қстан­ның бола­шағын ойлаған аза­мат­тар­дың үнін тек «ДАТ» арқы­лы ғана оқи­тын хал­ге түстік, басқа­дай жол­ды көр­мей тұр­мыз. Бүгін­гі жағ­дай­да ел аза­мат­та­ры билік­тің қақ­па­ны­нан шыға алмай­ды, теле­фо­ны­ң­ды, жүріс-тұры­сы­ң­ды, әле­умет­тік желі­де жазған-сызға­ны­ң­ды аңди­ды, аза­мат­тық пікірің мен ерік-жігерің үшін соңы­ңа түседі. Билік­тің осы бей-бере­кет әре­кетінің түбі жақ­сы­лы­ққа апар­май­ды, қоғам­ның бел­сен­ділі­гіне сол кез­де ешкім де тоқтау қоя алма­сы бел­гілі. Осы­ны билік ескер­гені жөн. Дәл бүгін билік сая­си пар­ти­я­лар­дың, қоғам­дық қозға­лы­стар­дың құры­лып, тір­ке­луіне кедер­гі кел­тір­ме­уі керек. Әйт­пе­се өзін де, елді де құр­та­ды. Ал қоғам бүгін ояна­ды деген­ге сен­бей­мін, жер-жер­де нара­зы ел-жұрт көп, бірақ басын қосып, бастай­тын көш­бас­шы­сы жоқ. 

– Елде билік­тің тран­зи­ті тура­лы көп айты­лып жатқа­нын білесіз. Назар­ба­ев халы­қтың ықти­яры­на қара­май, өзінің ізба­са­рын орны­на қал­дыр­са, ол қоғам­мен тіл табысып кете алар ма? 

Тран­зит­тік кезең­де келесі пре­зи­дент кім бол­са да бәрібір, айна­лып келіп, Қауіп­сіздік кеңесінің төраға­сы Назар­ба­евқа бағы­на­ды. Бірақ мұн­дай ауыс-түй­іс Қаза­қстан­ды тығы­ры­ққа тірей­ді, өйт­кені жоғарғы екі билік­тің бас­шы­ла­ры текетірес­ке түседі. Бір пре­зи­дент пен пре­зи­дент әрі Қауіп­сіздік кеңесінің бас­шы­сы Қаза­қстан­ды жік-жік­ке бөледі. Жүз­ге, руға, дін­ге, орыс­ша білетін қазақ, қаза­қ­ша біл­мей­тін қазақ деп т.б. бөлініс­ке түс­кен елді енді келіп жоғарғы мем­ле­кет басын­дағы екі тұлға бөліс­ке салады. 

Сон­ды­қтан әділ сай­лау өтуі тиіс. Ал бүгін­гі жағ­дай­да билік басы­на кім кел­се де, басқа лау­а­зым­ды­лар сол орнын­да қала­ды екен. Бұл Өзбек­стан жағ­дай­ын­дағы мысал. Мир­зи­ёев Кари­мо­втың атқа­ра алмаған жұмысын жүр­гізіп жатыр деп жан-жақтан жар­на­ма­ла­уда. Бірақ сая­си жүй­ені өзгерт­кен жоқ. Біздің билік те дәл осын­дай қалып­та қалғы­сы келетін сияқты. Сол себеп­ті кім билік басы­на кел­се де, сая­си рефор­ма жүр­гізіп, түбе­гей­лі өзгеріс жаса­уы тиіс. 

Алай­да Назар­ба­ев көзі тірі тұрған­да, билік­тен кет­пей­тіні белгілі.

– Қаза­қстан­ның кезек­ті пре­зи­ден­ті Ресей­дің ара­ла­суы­мен ғана сай­ла­на­ды деген пікір төңіре­гін­де­гі ойы­ңыз қандай?

– Бұл бұрын­нан айты­лып жүр­ген әңгі­ме. Ресей де өзін қол­дай­тын, ығын­да жүретін пре­зи­дент­ті қалай­ты­ны рас. Екін­ші біре­улер Ресей­дің эко­но­ми­ка­лық мүд­десі басым деген уәж­ді айта­ды, оны да жоққа шыға­руға бол­май­ды. Бірақ Ресей­дің бүгін­гі жағ­дайы да жетісіп тұрған жоқ. 

Деген­мен де Ресей­ге әле­ует­ті Қаза­қстан керек, өйт­кені оңтүстік­тен – Ауған­стан, Сирия елдерін­де­гі жағ­дай­ға бай­ла­ны­сты қауіп­тен сес­ке­неді, Қаза­қстан Ресей үшін қалқан іспет­ті. Қаза­қстан әлсіздік таныт­са, діни фанат­тар­дың мәсе­лесі ушы­ғуы мүм­кін. Сон­ды­қтан пре­зи­дент­тік­ке кім кел­се де, Ресей­ден іргесін аулақ сал­май­ты­ны анық. 

Келесі кезек­те Ресей­дің бола­шағы қан­дай бола­ты­ны­на көп мәсе­ле тіре­леді: егер эко­но­ми­ка­сы алға кетіп, халқы­ның тұр­мысы оңа­лып, керісін­ше, қаза­қтар­дың әле­умет­тік жағ­дайы нашар­ла­са, мәсе­ленің көкесі сон­да бола­ды. Елдің наза­ры көр­ші оры­сқа бұры­ла­ды. Жаңа­дан келетін пре­зи­дент­ке бұл мәсе­ле үлкен сын бола­тын түрі бар. 

Назар­ба­ев­тың Ресей­ге жал­тақтап қалуы Қаза­қстан­мен бір­не­ше мың шақы­рым­дық шека­ра­лас ел болуын­да ғана ма, жоқ әлде оның басқа да себеп­тері бар ма?

Пре­зи­дент жал­тақ­та­са, онда бір міні бар деген сөз. Егер Ресей­ді қой­ып, әлем­дік қауым­да­стық алдын­да екі ел ара­лық мем­ле­кет­тік мәсе­ле­ге қаты­сты адал қыз­мет атқар­са, ешкім­нің алдын­да да жал­тақтай алма­сы бел­гілі. Егер жеке адам ретін­де өзінің жеке басы үшін заң­сыз әре­кет­тер­ге бар­са, сол кез­де өзге­ге тәу­ел­ді бола­ды. Сон­дай «құпи­я­лар» өзге­ге әшке­ре бол­са, оны қажет кезін­де суы­рып алу ешкім­ге де қиын шаруа емес. Ресей бар­лық уақыт­та жақ­сы ойын «ойна­май­ты­ны» бел­гілі, оның мыса­лын Укра­и­на мен Бела­русь елдері­нен көру­ге бола­ды. Егер де Қаза­қстан­да қан­дай да бір нара­зы­лық, қақты­ғыс орын алса, беті аулақ, оры­стар Ресей­ге қарай ағы­ла­ты­ны бел­гілі. Бұл қорқы­ны­шты жайт. Сол себеп­ті Қаза­қстан­ның жетісті­гі – Ресей үшін ұтымды. 

– Соңғы кез­дері ресей­лік элек­трон­ды БАҚ бет­терін­де Қаза­қстан мен оның пре­зи­ден­тіне қаты­сты ақпа­рат­тың сары­ны өзге­ре баста­ды. Мәсе­лен, «Вла­ди­мир Путин­нің «ФСБ»-сы Назар­ба­евқа қаты­сты том-том ком­про­мат, бір­не­ше сери­я­лы теле­ай­ғақ дай­ын­дап қой­ып­ты, егер Қаза­қстан­ның пре­зи­ден­ті орыс пат­ша­сы­ның ығы­на жүр­ме­се, оның бар­лы­ғы ақпа­рат әле­міне шыға­ды» деген пікір пай­да бол­ды. Жағ­дай­дың осын­дай сце­ра­ний­мен өрбуі мүм­кін бе? 

Әбден мүм­кін! Назар­ба­ев­ты орны­нан тай­ды­ру Ресей үшін аса қиын емес. Бір апта­дай «ком­про­мат­та­рын» әртүр­лі БАҚ-тан жан-жаққа тарат­са, жағ­дай­дың қалай қарай бет бұра­ты­нын бір құдай біледі. Сол «ком­про­мат­тар» тек қана Ресей­дің қолын­да емес, Аме­ри­ка­да да бары­на күмәніңіз болмасын. 

Қара­пай­ым ғана мысал айтай­ын: билік жүй­есін­де қыз­мет атқарған жоға­ры лау­а­зым­да болған «КНБ», «МВД» жүй­есін­де жұмыс істе­ген аза­мат­тар­дың, дені орыс ұлты­ның өкілі болған, олар өздері­мен бір­ге Ресей­ге том-том ком­про­мат әкет­кені бел­гілі. Оның ең басты­сы – пре­зи­дент тура­лы оның айна­ла­сын­дағы­ларға қаты­сты мате­ри­ал­дар. Ресей біз тура­лы, пре­зи­дент тура­лы біз­ден де жақ­сы біледі, оны пай­да­ла­на ма – ол жағы бел­гісіз, бірақ бұл жағ­дай бүгін­гі билік­те­гілер үшін аса қорқы­ны­шты екені белгілі. 

Мәсе­ле адам­ның жеке басы­ның пен­делік про­бле­ма­сы­на келіп тіре­леді. Кезін­де Бела­русь пре­зи­ден­ті Луко­шен­коға да қаты­сты «ком­про­мат­тар» жария бол­ды. Бірақ сол мате­ри­ал­дар Луко­шен­ко­ның мұр­тын да қисай­тқан жоқ. Өйт­кені ұрлаға­ны жоқ, «бело­русь тілі – мем­ле­кет­тік тіл бол­сын», «Ресей­ге қосыл­май­мыз» дегені елдің көкей­і­нен шығып, оған ешкім мән бер­ген жоқ. Тіп­ті ол осы «ком­про­мат­тар­дан» ұтқа­ны көп бол­ды. Ал «ұрла­ды, елде­гі аза­мат­тар­ды сая­си қуғы­нға түсір­ді, түр­ме­ге жап­ты, өлтір­ді, ел бай­лы­ғын сат­ты», т.б. мәсе­ле табыл­са, Луко­шен­ко осы орнын­да отыр­мас еді. 

– Сіз кезін­де Қаза­қстан­ның тәу­ел­сізді­гін қалып­та­сты­руға қаты­сқан Назар­ба­ев­тың әріп­тесі ретін­де оған қан­дай ақыл айтар едіңіз?

– Ең алды­мен, ақы­лы бол­са, жасы кел­ген кезең­де қаза­қтың аза­ма­ты ретін­де елдің бола­шағы үшін сай­лау жүй­есін өзгер­тіп, қоғам­ды жаңар­тып, қажет десе, өзі қол­даған үміт­кер­ді де ұсын­сын. Ел іші­нен шыққан үміт­кер­дің де жолы­на кесе-көл­де­нең тұр­май, әділ сай­лау өткізу­ге мұрын­дық бол­сын! Халы­қтың тыны­шты­ғы үшін, бақыт­ты бола­шағы үшін көзі тірісін­де елге үлгі көр­сетіп кет­кені жөн болар еді.

Дәл осы қада­мға бар­са, халық пре­зи­дент­тің кем­шілі­гін де, қателі­гін кешірер еді. Қазақ – кешірім­шіл, жаман­ды­қты тез ұмы­та­тын халық. Ал Назар­ба­ев дәл осы қалып­тан тай­ма­са, жағ­дайы қиын соғуы әбден мүм­кін. Біз­де пат­ша болғы­сы келетін, өзін ақыл­ды санай­тын, таққа тала­суға құлқы бар мил­ли­о­нер­лер мен мил­ли­ар­дер­лер көп. Бұл тала­стың соңы өзі құрған жүй­ені талқан­дап тынады. 

Сол сияқты Назар­ба­ев­ты «Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның негізін қала­у­шы» деп санай­тын­дар жетер­лік. Менің айта­рым, мем­ле­кет­тің негізін қалаған Назар­ба­ев емес – пар­ла­ма­ент, сол кез­де­гі Жоғарғы Кеңес! 1991 жылы мау­сым айын­да Ресей өзінің дер­бес­ті­гін алса, біз айқай-шумен қазан айын­да еге­мен­ді­гі­мізді жари­я­ла­дық.  Пар­ла­мент­те­гі Серік­бол­сын Әбділ­дин мен Сауық Тәке­жа­но­втар­дың тізе­ге салып тұрып, мәж­бүр­ле­уінің арқа­сын­да Тәу­ел­сізді­гі­мізді жари­я­лаға­ны­на куә бол­дық. Тарих­та осы оқиға тасқа басы­лған­дай жазылды. 

Өзі­мен қыз­мет­тес болған, көп­ті көр­ген аза­мат ретін­де айта­рым: арты­ң­да жақ­сы із қал­ды­руға тырыс­са, жақ­сы бол­сын, жаман бол­сын, «тұңғыш пре­зи­дент» деген аты абы­рой­мен қала­ды. Назар­ба­ев­тың еңбе­гін де жоққа шыға­ра алмай­мын: бірақ сол еңбе­гінің ақы­сын мил­ли­ард­таған қар­жы­мен молы­нан төледік, бала-шаға­сы мен үрім-бұтағы­на жетер­лік бай­лы­ғы бар. Егер орны­на басқа жақтан бір мене­джер­ді жал­дап әкеліп, пре­зи­дент етіп сай­ла­сақ, ақы­сы үшін айы­на 20 мил­ли­он тең­ге төле­ген күн­нің өзін­де арзан әрі тиім­ді болар еді. Сон­ды­қтан Назар­ба­ев­тың елге, халқы­на өкпе­сі жоқ деп ойлаймын. 

– Ғазиз аға, ашық та ащы шын­ды­қты ақта­рып салған сұх­ба­ты­ңы­зға рах­мет! Аман болыңыз!

Бақыт­гүл МӘКІМБАЙ,

«

Республиканский еженедельник онлайн