Пятница , 4 июля 2025

Ғазиз АЛДАМЖАРОВ: Тоқаев бұл орында КӨП ОТЫРМАЙДЫ

– Елі­міз­де­гі пре­зи­дент Назар­ба­ев түрт­кі болған сая­си өзгерістер­ді қалай бағалайсыз?

– Мен алды­мен мына­ны айтай­ын: Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев соңғы он жыл­дан астам уақыт­та Қаза­қстан­ның дамуын тежеп, ілгері бастыр­май­тын тұлғаға айнал­ды. Айна­ла түгел – дағ­да­рыс! Сон­ды­қтан Назар­ба­ев­тың қазір­гі жасап оты­рға­ны – елді әлде де дегра­да­ци­яға ұшы­ра­тып, қаза­қтың аты мен рухын төмен­де­ту­ге әке­леді. Бірақ бұны не үшін жасап оты­рға­ны бел­гісіз: біл­ме­сті­гі ме, біліксізді­гі ме – оны тарих сара­лап береді деген ойдамын. 

Назар­ба­ев қазақ халқын ешқан­дай мем­ле­кет­тік іске ара­ла­стыр­май, алшақта­тып тастаған. Лау­а­зым­ды қыз­мет­ке ала­тын ада­мын алып, тағай­ын­дай­ты­нын тағай­ын­дап, қан­дай жүйе құрғы­сы кел­се, соны құрып, ойы­на кел­гені мен қалаға­нын жаса­уда. Тарих­та осын­дай әре­кет­ке барған мен білетін бірін­ші пре­зи­дент – ол Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев. Кон­сти­ту­ци­я­мы­зды өз ыңғай­ы­на қарай өзгер­тіп, Қауіп­сіздік кеңесін қала­у­ын­ша құрып, билік­ті қолы­нан жібер­мей оты­рған авто­крат атанды. 

Ал қан­дай «өзгеріс» бол­ды деген­ге келетін бол­сақ, сая­си тұрғы­дан қараған­да, ешқан­дай өзгеріс болған жоқ. Баяғы жар­тас – сол жар­тас. «Бірін­ші пре­зи­дент» деген атағы­мен билік­ті уысын­да ұстап қал­ды. Сол себеп­ті екін­ші пре­зи­ден­ті­міз Тоқа­ев­тың қолын­да толық билі­гі жоқ, уақыт­ша оты­рған пре­зи­дент па, пре­мьер-министр ма – түсініксіз тұлғаға айналды. 

Егер де про­ку­ра­ту­ра, поли­ция, ҰҚК, әскер Қасым-Жомарт Тоқа­евқа еш бағын­бай­тын бол­са, оның істей­тін жұмысы пре­мьер­дің қыз­меті болға­ны ғой. Бұның тағы бір қиын­дық туды­ра­тын жері – бір орын­да екі адам­ның оты­рға­ны. Егер Тоқа­ев осы кей­пін­де қал­са, қол­ба­ла болып жүре беретіні айдан анық. Ал егер аздап бол­са да өзінің пре­зи­дент екенін көр­се­те бас­та­са, ол Назар­ба­евқа ұна­май қалуы мүм­кін. Сон­ды­қтан, менің ойым­ша, Тоқа­ев бұл лау­а­зым­да көп отыр­май­ды. Ары кет­се, бір­не­ше ғана айдың әңгі­месі. Одан кей­ін сай­лау баста­ла­ды. Сай­ла­у­ға Тоқа­ев­тың түсу-түс­пеу мүм­кін­ді­гін мен біл­мей­мін, бірақ Назар­ба­ев­тың қызы Дариға мен неме­ре інісі Самат Әбі­штің осы сая­си додаға түсетіні анық. Әрине, олар­дың жаны­на «қуыр­шақ» үміт­кер­лер­ді де қосып береді. 

Ал түп­теп кел­ген­де, бұл жағ­дай елге жақ­сы­лық әкел­мей­ді. Егер Назар­ба­ев өзінің халқын сый­лай­тын бол­са, шын мәнін­де билік­тен кететін бол­са, еліне рах­метін айтып, әділ сай­лау өткізіп, өзінің орны­на дұрыс адам­ды әкеліп, халқы­ның риза­шы­лы­ғын алып кетуі керек еді. Өкініш­ке орай, Назар­ба­ев халы­қты емес, өзін ғана ойлап отыр. Біз куә болып оты­рған амал­дар­дың бар­лы­ғы, Назар­ба­ев­тың билі­гі мен бай­лы­ғын сақтап қалуға бағыт­талған әре­кет­тер. Бұған қоса, ұлт­тық әл-ауқат қоры­ның тіз­гіні Назар­ба­ев­тың қолын­да қал­ды. Егер, осы ақша­мен бір­де­ме болып жат­са, оған қай пре­зи­дент жау­ап береді деген сұрақ тағы бар. Сон­ды­қтан бүгін­гі жағ­дай­да еш өзгеріс күтудің кере­гі жоқ. Мем­ле­кеті­міздің дамуы­на, дамы­ған елдер­дің қата­ры­на қосы­ла­ды деген­ге сену қиын. 

– Пре­зи­дент Назар­ба­ев сая­си жүй­е­ге өзін­ше өзгерістер енгіз­ген болып, елі­міз­де­гі әле­умет­тік-эко­но­ми­ка­лық дағ­да­ры­стың жүгі мен жау­ап­кер­шілі­гін екін­ші пре­зи­дент Тоқа­ев­тың мой­ны­на асып қою­дың ама­лын жасаған жоқ па? 

– Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев 30 жыл бойы пре­зи­дент болған кезін­де де, халы­қтың алдын­да ешқан­дай жау­ап­кер­шілі­гі болған жоқ. Оның дәлелі – Кон­сти­ту­ци­яға енгізіл­ген шимай-шат­пақ өзгерістер. Осы кез­ге дей­ін­гі билік­тің жұмысы­на халық нара­зы­лы­ғын біл­діріп жат­са, бәріне осы кінәлі деп, пре­мьер-мини­стр­ді ысы­рып тастап, ертесіне басқа лау­а­зы­мға тағай­ын­дап жатқа­нын көріп кел­дік. Осы 30 жыл ішін­де бір­де-бір пре­мьер неме­се министр халы­қтың алдын­да есеп беріп, жұмысын жүр­гі­зе алмаға­ны үшін жау­ап­кер­шілік­ке тар­ты­лған емес. Келіп-кетіп, сапы­ры­лы­сып жатқан бас­шы­лар: бірақ жау­ап­кер­шілік ешкім­де жоқ. Қарап отыр­саңыз, жау­ап­кер­шіліксіз билік­тің елі болып кет­тік. Халы­қта билік­ке талап қоя­тын ешқан­дай тетік қалмады. 

Қаза­қстан­ның бай­лы­ғы­мен біз әлдеқай­да жоға­ры дең­гей­де дамы­ған ел болуы­мыз керек еді. Біз­де­гі­дей кең дала, қаз­ба бай­лық және аз халық өзге мем­ле­кет­тер­де жоқ. Осы­лай бола тұра, өлме­стің күнін кешу­де­міз. Жау­ап­сыздық пен шене­унік­тер­дің кәсі­би дең­гей­інің төмен­ді­гі біздің елді одан әрі құл­ды­ра­ту­да. Бүгін­гі жағ­дай­да адам­ның атқарған жұмысы емес, оның бас­шы­ға деген адал­ды­ғы мен беріл­ген­ді­гі баға­ла­на­тын бол­ды. Халық әдірам қалды!

Назар­ба­ев бұған дей­ін талай мәсе­ле бой­ын­ша сан­сыз уәдесін беріп кет­ті. Бірақ Назар­ба­ев бар­да шешіл­ме­ген мәсе­лені Тоқа­ев қалай шеше ала­ды?! Оны шешу­ге қолын­дағы билі­гі де жет­пей­ді. Оның үстіне Тоқа­ев интел­ли­ген­ци­я­ның ада­мы, билік­ке тала­са­тын ары­ны да, эко­но­ми­ка­дан білі­мі де жоқ. Сон­ды­қтан сіз сұрап оты­рған жау­ап­кер­шілік еке­уін­де де бол­май­ды. Екі пре­зи­дент қатар оты­рып, елде­гі мәсе­ле шешіледі деген­де өз басым сен­бей­мін. Бұл жағ­дай бізді жақ­сы­лы­ққа әкел­мей­ді. Бара-бара эко­но­ми­ка­мыз одан әрмен құлдырайды. 

– Сон­да лау­а­зым­дық тұрғы­да Тоқа­ев­тың кім болға­ны? Бірқа­тар сарап­шы­лар­дың пікіріне қараған­да, ол Назар­ба­ев­тың қолын­дағы «қуыр­шаққа» айна­ла­тын адам емес… 

– Тоқа­ев­тың қан­дай тұлға, қан­дай лау­а­зым­гер екеніне пре­мьер-министр лау­а­зы­мын атқарған кезін­де­гі жұмысы­на қарап-ақ баға беру­ге бола­ды. Егер де Қаза­қстан­да әр пре­мьер өзінің бағ­дар­ла­ма­сын жасап, оны қорғап, сол бағ­дар­ла­ма­ны іске асы­ра­тын коман­да­сы­мен кел­се, атқарған жұмысы бой­ын­ша халық пен пар­ла­мент алдын­да есеп беріп жат­са, онда жұмыс алға басар еді. Ал біз­де олай емес. Қазір­гі жүй­е­де ешнәр­се өзгер­мей­ді. Сон­ды­қтан қол­дан кел­се, ел болып, біра­уы­здан – «Сенің тағай­ын­даған ада­мың біз­ге керек емес, біз пре­зи­дент­ті сай­лап ала­мыз!» деп, Назар­ба­евқа талап қоюы­мыз қажет. 

Егер оны жаса­май­тын бол­сақ, біз бақыт­сыз халық болып қала бере­міз! Бір мысал кел­тірей­ін. Оңтүстік және Сол­түстік Аме­ри­ка­дағы жағ­дай­ды қараңыз. Еке­уі де бір жер, бір халық болған. Испан­ды­қтар оңтүстік­ті жау­лап алды, ал ағы­л­шын­дар сол­түстік­ті ием­ден­ді. Оңтүстік­те қаз­ба бай­лы­қтың түр-түрі бол­ды. Содан бері неше ғасыр өтсе де, олар кедей­лік­тен шыға алмай келеді. Өйт­кені испан­ды­қтар фео­дал­дық-дик­та­ту­ра­лық сая­си жүйе қалып­та­стыр­ды, ал ағы­л­шын­дар елді биле­удің халы­қтық-демо­кра­ти­я­лық жүй­есін дамыт­ты. Демо­кра­ти­яға бала­ма бола ала­тын жүй­ені әлі ешкім ойлап тапқан жоқ. Оңтүстік Аме­ри­ка­ны биле­ген отар­шы­лар жүй­ені өзгерт­сек, билік­тен айы­ры­лып қала­мыз деп қоры­қты. Ал ондай жүй­енің бола­шағы жоқ. Біз­де де, өкініш­ке орай, дәл сон­дай жағ­дай орны­ғып тұр.

– Ой-пікір біл­дір­геніңіз­ге көп рахмет!

Аза­мат ШОРМАНХАНҰЛЫ,

«

Республиканский еженедельник онлайн