Пятница , 4 июля 2025

Ғалымжан МҰҚАНОВ. ҚҰЛДЫРАУЫМЫЗҒА ЕГЕМЕНДІК КІНӘЛІ МЕ? Немесе ентік басылғаннан кейінгі ойлар

Газет­тің 25 жыл­дық юби­лейі қар­саңын­да жари­я­ла­нып оты­рған кезек­ті мақа­ла­ның авто­ры – Ғалым­жан Мұқа­нов. 1999–2000 жыл­да­ры «Сол­ДАТ» газеті бас редак­то­ры­ның орын­ба­са­ры болған талант­ты қалам­гер өмір­ден ерте кет­ті (1953–2007 жж.).

Көзі тірі болған­да биыл 70 жасқа тола­тын ақын, талант­ты аудар­ма­шы, Қаза­қстан Жазу­шы­лар одағы­ның мүше­сі, Қаза­қстан Жур­на­ли­стер одағы сый­лы­ғы­ның лау­ре­а­ты Ғалым­жан Мұқа­нов Алма­ты облы­сы­ның Нары­нқол ауда­нын­да дүни­е­ге кел­ген. Абай атын­дағы Қазақ педа­го­ги­ка­лық инсти­ту­ты мен Алма­ты шет тіл­дері педа­го­ги­ка­лық инсти­ту­ты­ның фран­цуз тілі факуль­тетін бітір­ген. Еңбек­терін қазақ, орыс, фран­цуз тіл­дерін­де жазып, көр­кем аудар­ма сала­сын­да еңбектенген.

Фран­цуз ақы­ны Клер Клер­монт­тың Пари­жде жарық көр­ген «Вла­ди­мир мен Зара неме­се қаза­қтар тура­лы» даста­нын 1988 жылы фран­цуз тілі­нен қаза­қ­шаға тәр­жі­ма­лаған. Фран­цуз ақы­ны К. Висан­ти­мен бір­лесіп 1994–1995 жыл­да­ры фран­цуз тіліне Абай­дың «Қара сөз­дері» мен «Ескен­дір», «Масғұт» поэ­ма­ла­рын, соны­мен қатар 1997 жылы М. Әуе­зо­втің «Қилы заман» рома­нын ауда­рып, атақты жазу­шы­ның шығар­ма­шы­лы­ғын Пари­жде өткен ЮНЕ­СКО-ның халы­қа­ра­лық кол­ло­кви­ум мате­ри­ал­да­рын қазақ тілін­де сөйлеткен.

2003 жылы Махам­бет Өте­місұлы­ның таң­да­ма­лы өлең­дерін ком­пакт-диск түрін­де фран­цуз тілін­де жары­ққа шығар­ды. Соны­мен қатар пуб­ли­ци­сти­ка­лық еңбек­тер мен эссе жинақта­ры швед, фран­цуз тіл­деріне ауда­ры­лған. Ақын­ның өз өлең­дері ұжым­дық жинақтар­да, рес­пуб­ли­ка­лық басы­лым­дар­да, Қазақ фольк­ло­ры жөнін­де­гі жұмысы 1999 жылы Фран­ци­яда жарық көр­ген «L, home et ia steppe» жинағы­на енгізіл­ген. Махам­бет­ке арналған «Ақтық сәт» атты өлеңі 2003 жылы М.Өтемісұлының рес­пуб­ли­ка­лық тер­ме­шілер кон­кур­сын­да бірін­ші орын иеленді.

 «ДАТ» медиа-жоба­сы­ның алға­шқы жыл­да­рын­да еселі еңбек етіп, Қаза­қстан­да тәу­ел­сіз бас­пасөздің қалып­та­суы­на өз үлесін қосқан талант­ты әде­би­ет­ші, «дат­тық» дара жор­нал­шы Ғалым­жан Мұқа­но­втың мәң­гілік мекені жұмақтың төрі бол­сын! Оның төмен­де жари­я­ла­нып оты­рған мақа­ла­сы күні бүгін­ге дей­ін өзін­дік маңы­зы мен маз­мұ­нын жой­ған жоқ – оқып көріңіз!

Мемле­кет­тік еге­мен­ді­гі­міз­ге қолы­мыз жетіп, тәу­ел­сіз ел ретін­де әлем­ге жаңа­дан ғана көз тіге бастаған алға­шқы кез­дер­де: «Хош, ал тәу­ел­сіздік Қаза­қстанға не бер­ді?» дей­тін біреу табы­ла қал­са, өзі­міздің Қаза­қста­ны­мы­зға, Алтай­дан Аты­ра­уға дей­ін­гі ара­лы­қтағы ұшы-қиыр­сыз өлкенің атам­за­ман­нан бер­гі иесі екені­міз­ге шын көңіл­мен масат­та­на тұрып (әлбет­те, жер иесінің, ел иесінің еңсесін биік ұстаға­ны әбден заң­ды, жара­сым­ды ғой) былай­ша тіз­бе­лер едік:

  • Қаза­қстан бұры­нғы жал­тақты­қтан, импе­ри­я­лық бұға­удан ары­лып, БҰҰ-ның толы­ққан­ды мүшелі­гіне қабыл­дан­ды ғой;
  • Әлем­нің бәлен­бай мем­ле­кеті бізді ресми түр­де мой­ын­дап, дипло­ма­ти­я­лық қаты­нас орна­тып үлгер­генін білетін боларсыз;
  • Біз деген өзі­міздің Әнұра­ны­мыз, Көк Бай­рағы­мыз, Елтаң­ба­мыз бар іргелі елміз ғой;
  • Тәу­ел­сіздік­тің арқа­сын­да қазақ жерінің асты-үстін­де­гі бар бай­лы­қты, мол қазы­на­ны рес­пуб­ли­ка­мы­здың өз кәдесіне жара­туға жол ашы­лып тұрған жоқ па?
  • Тілі­міз, ділі­міз, діні­міз, тарихы­мыз енді­гі жер­де өздеріне лай­ы­қты биік тұғы­рға қонуы анық;
  • Сонау ала­са­пы­ран жыл­да­ры сырт елдер­ге кетіп, туған жерін сағы­нып жүр­ген қан­даста­ры­мы­з­бен қауы­шып, мәре-сәре болға­лы тұр­мыз ғой.

Әлбет­те, бұл айты­лған­ның бәрі де тап-таза, қоспа­сыз шын­дық. Ол аз десеңіз, осын­дай игілік­тер тіз­бесін бір­ша­ма толы­қты­ру­дың өзіне бірер мақа­ла аздық ететінін және қосып қойыңыз.

Бірақ, өкініш­ке қарай, тәу­ел­сіздік­тің Қаза­қстанға не бер­генін ыждаһат­тап сұра­у­шы­лар­дың бір пара­сы азат ота­ны­мы­здың буы­нын қатай­тып, еңсесін тік­те­уі үшін тіке­лей өз басы­ның не тын­ды­рып жүр­генін айтуға, шама­сы, ұяла­тын болуға тиіс. Иә, шынын­да да, несін айт­сын? Әлде:

  • Ғасыр­лар бойы қаны­мы­зға сіңіп, сана­мы­зды сан­сы­ратқан жасқан­шақтық, жал­тақтық әлі де толық жой­ыл­май, ал кей­бір тұстар­да тіп­ті еңсе тік­тет­пей тұрға­нын айта ма?
  • Қазақ жерінің асты-үстін кер­не­ген бай­лы­ғын иге­ру­ге өз шама­мыз жет­пей, құра­лы, қар­жы­сы бар Сэм мен Поль ағай­ларға суте­гін үле­стіріп жатқа­ны­мы­зды айта ма?
  • Алты Алаш болып, ата-баба ұра­нын шақы­рып жүріп, биік тұғы­рға әзер қон­ды­рған тілі­міздің бүгін­де тілер­се­гі діріл­деп, мүсә­пір хал­де тұрға­нын айта ма?
  • Айдың-күн­нің ама­нын­да қазақ жаста­ры­ның топ-тобы­мен хри­сти­ан­ды­ққа, криш­на дініне өтіп жатқа­нын айта ма?
  • Әлде әу баста әп-әде­мі ұран көтеріп, ата­ме­кен­ге өзі­міз шақы­рып әкел­ген шетел­дік бауыр­ла­ры­мы­здың бір бөлі­гі бұл күн­дері «Қытай­да мам­паң (әкім) едім, мұн­да келіп аң-таң бол­дым» деген мәтел­де­гі­дей шара­сыз қалып­та жүр­генін айта ма?
  • Неме­се бой­ын­дағы күш-жігері­мен төрт­күл әлем­ді түгел мой­ын­датқан спорт­тық шебер­лі­гін ата­ме­кен­де­гі інілеріне дары­тып, қаза­қтың абы­рой­ын асқақта­туға асы­ғып жет­кен Мұста­фа Өзтүрік сын­ды бауы­ры­мы­здың өзге емес, өз Қаза­қста­нын­да қыр­шы­ны­нан қиы­лға­нын айта ма?

Көзін шел басқан, ішкен­ге мәз, жеген­ге тоқ біреу бол­ма­са, кез кел­гені­міз бұл тіз­бені де біраз жер­ге дей­ін дамы­та соза алар едік.

Сонда қалай? Халы­қтың эко­но­ми­ка­лық, руха­ни, әле­умет­тік, т.б. сала­лар­дағы жағ­дай­ы­ның күрт құл­ды­ра­уы­на еге­мен­дік кінәлі ме?

Неме­се Сол­же­ни­цын сұңқыл­дап жүр­ген­дей, біз ел болып еңсе тік­те­у­ге, төл мем­ле­кеті­мізді қалып­та­сты­руға шыны­мен-ақ қабілет­сіз­біз бе? Бүкіл ел болып, қал­пағы­мы­зды аспанға лақты­рып, мәз-мәй­рам болып, қар­сы алған жаңа тарихы­мы­зға, Тәу­ел­сіздік тарихы­на бұры­нғы­дай жылы жүз­бен емес, тіксіне қарай бастаға­ны­мыз ба?

Осы­ның бәріне дәл де дәй­ек­ті жау­ап беру ғұла­ма ғалым­дар мен сараб­дал сая­сат­кер­лер­дің, ал таза шын­ды­ғы­на кел­сек, келе­шек ұрпақтар­дың ғана қолы­нан келер шаруа екені рас. Дей тұрған­мен, кей­бір жау­ап­тар­дың сұл­ба­сы қазір­дің өзін­де айқын­да­лып қалған сиқты.

  • Халы­қтың эко­но­ми­ка­лық, руха­ни, әле­умет­тік, т.б. сала­лар­дағы жағ­дай­ы­ның күрт құл­ды­ра­уы­на еге­мен­дік кінәлі ме?

Ең алды­мен еге­мен­дік иде­я­сын тек идея күй­ін­де ғана емес, мате­ри­ал­данған, қоғам­дық-әле­умет­тік өмір­дің күл­лі сала­ла­рын тұтас қам­ти­тын нақты шын­дық күй­ін­де қабыл­дап алуға біздің руха­ни әзір­лі­гі­міз тым әлсіз болып шықты. Дер­бес мем­ле­кет құру­дың тари­хи тәжіри­бесі үш ғасы­рға созы­лған бодан­дық дәуірін­де барын­ша көмес­кі­лен­гені сон­ша­лық – жоға­лып кетудің аз-ақ алдын­да екен. Бәл­кім, қазір­гі әлем­де­гі мем­ле­кет басқа­ру жүй­есін­де хандық инсти­тут объ­ек­тив­ті түр­де тари­хи ана­хро­низм болып табы­ла­ты­нын ескер­сек, жаңа дәуір тала­бы­на сай мем­ле­кет­тік басқа­ру жүй­есін құру тәжіри­бесін тұта­стай сырт­тан алуға тура кел­генін ашық айтқан жөн болар.

Бүгін­де марк­сизм-лени­низм клас­сик­терін қан­ша айып­тап, нәлет жаудыр­сақ та, олар­дың да сөзіне құлақ асуға бола­тын тұстар аз емес көрі­неді. Мәсе­лен, адам сана­сын­дағы рево­лю­ци­я­ның ең ауыр, ең азапты рево­лю­ция екенін тек соци­а­лизм дәуіріне ғана тән шын­дық деп кім айта ала­ды? Ал біз бір­не­ше ұрпақ бой­ы­на таза ұжым­шыл­дық рухын­да тәр­би­е­лен­ген күні кеше­гі кеңе­стік қоғам­ның бел­сен­ді мүше­леріне «өз мүд­деңді қоғам мүд­десі­нен төмен ұста» деген қағи­да­мен көзін ашқан ком­му­низм құры­лыс­шы­ла­ры­на кәсіп­кер­лік еркін­дік­ті, нары­қтық эко­но­ми­ка­ның арты­қ­шы­лы­ғын неге ғана түсін­бей­сің деп айып тағудамыз.

Ал жеке­ше­лен­ді­ру атты хан­та­ла­пай тұсын­да бұры­нғы ортақ игілік­тің май­лы жілі­гін жер­гілік­ті дөй­лер қағып кетіп, қара халы­ққа сүй­ек-саяғы ғана қалға­нын, трак­тор алса, тір­ке­месі жоқты­ғын, қожа­лы­ққа жер алса, себер тұқы­мы жоқ екен­ді­гін, яғни қолы жіп­сіз бай­ла­у­лы екен­ді­гін «ұмы­тып» кете­міз. Ауы бар да, бауы жоқ жыр­тық дам­ба­лын әрең ышқыр­ла­нып, аға­шқа шыққан Қоже­кеңнің сол өзі оты­рған бұтақты шаба бастаға­ны­ның кері осы болып жүрмесін.

Мұндай жөн-жосы­қ­сыз қимыл­дар бұл күн­дері біздің қоғам­дық өмір­дің бар­лық сала­сын­да, әсіре­се руха­ни тір­лі­гі­міз­де өрт­тей лау­лап, ес жиғы­з­бай тұрған жайы бар. Тіп­ті жуық ара­да беті бері қарай­тын­дай да түрі көрінбейді.

  • Тәу­ел­сіздік­тің Қаза­қстанға не бер­генін ыждаһат­тап сұра­у­шы­лар­дың бір пара­сы тіке­лей өз басы­ның не тын­ды­рып жүр­генін айтуға, шама­сы, ұяла­тын болуға тиіс.

Бірақ бұған еге­мен­дік­тің еш кінәсі жоқ екенін қадап тұрып айтқан жөн. Халқы­мы­здың басы­на бақыт құсын­дай қонған тағ­дыр сый­ын үркітіп алмай, мәпе­леп ұстау қазір­ше қолы­мы­здан кел­мей жат­са, оның көп­те­ген объ­ек­тив­ті, субъ­ек­тив­ті себеп­тері бар. Олар­дың басты­ла­ры­ның бірі жоға­ры­да айтылды.

Енді­гі бір себеп, біздің­ше, біздің қазір­гі әлем, ондағы елдер­дің арақа­ты­на­сы, үлес-сал­мағы, идео­ло­ги­я­лық, діни, тари­хи фак­тор­лар – осы­лар­дың бәрінің қаза­ққа, Қаза­қстанға пай­да­лы­сы, зияндысы сияқты өмір­лік мәні бар мәсе­ле­лер тура­лы түсіні­гі­міздің тым жадағай, жүдеу болып шығуында.

Біз­де бұрын­да­ры әлдебір қай­рат­кер­ді, ғылым, әде­би­ет сала­сын­дағы талант­тар­ды мадақта­удың биік эта­ло­ны – оның аты­ның, иә шығар­ма­ла­ры­ның Мәс­ке­уде мой­ын­да­луы бола­тын. «Оны бүкіл Одақ біледі, Одақ оқыр­ман­да­ры (көре­рмен­дері, жұрт­шы­лы­ғы, т.б.) мой­ын­дай­ды» деген сөз, сірә, Қыдыр қонған­мен бір­дей бол­са керек.

Құдіреті күшті Құдай ерекше мей­ірі түс­се, сол кез­де­гі бір­ден-бір мем­ле­ке­та­ра­лық қаты­нас құра­лы – орыс тілінің тіке­лей желеп-жебе­уі­мен одақ­тас рес­пуб­ли­ка­лар тіл­дері мен кей­бір шетел­дер­ге де бел­гілі болуы мүм­кін еді. Фор­маль­ды түр­де ғана Одақ аталға­ны­мен, жыл өткен сай­ын Ресей­дің сая­си, эко­но­ми­ка­лық, руха­ни аясы­на бұры­нғы­дан да аяу­сыз қусы­ры­ла түс­кен Кеңес мәде­ни­еті тек бір елдің, бір тіл­дің моно­по­ли­я­лық ықпа­лын мой­ын­да­уға мәж­бүр етіп кел­ді. Ол кез­дер­де өзге түр­кі тіл­дес елдер­ді айт­паған­ның өзін­де тіл, өмір сал­ты, руха­ни кел­беті жөні­нен біз­ге тон­ның ішкі бауын­дай жақын қырғыз бауыр­лар­дың туын­ды­ла­ры да орыс тілі­нен ауда­ры­ла­тын. Тіп­ті қазақ тілі­нен, әде­би­еті­нен дис­сер­та­ция жазу­шы­лар­дың бір­сы­пы­расы қазақ тілін білуді, күн­делік­ті тұр­мыста қол­да­ну­ды қажет деп тап­пай­тын. Себебі бел­гілі – ресми түр­де­гі ғылы­ми айна­лым Одақтың ортақ тілін­де жүретін­дік­тен, ұлт­тық тіл­дер­дің, оның ішін­де қазақ тілі де бар, аясы тары­ла түсіп, мұра­жай­лық мұрағат дең­гей­іне жақын­даға­ны да шындық.

  • Адам сана­сын­дағы рево­лю­ци­я­ның ең ауыр, ең азапты рево­лю­ция екенін тек соци­а­лизм дәуіріне ғана тән шын­дық деп кім айта алады?

Әлбет­те, суын ішкен құды­ққа түкі­ру – тексіздік бел­гісі. Орыс тілінің, орыс мәде­ни­етінің арқа­сын­да халқы­мы­здың әлем­дік руха­ни­ят­тан сусын­дап кел­генін де күлбіл­те­ге сал­май, ашық айтқан жөн. Бірақ бір өкіні­штісі – аса қуат­ты мем­ле­кет­тік наси­хат осы фак­ті­ге абсо­лют­тік мәр­те­бе беріп, Одақ тілін бүкіл білім-ғылым­ның, өрке­ни­ет­тің Кеңес аумағын­дағы бір­ден-бір қай­нар көзі деген ұғым­ды халы­қтың сана­сы­на әбден сіңіріп тастады.

«Айда­ла­да ақ отау, аузы-мұр­ны жоқ отау» тәріз­дес өзге әлем­нің тыныс-тір­лі­гі­нен құлақты тарс бекі­те жауып алып, сыр­тқы ақпа­рат ата­улы­ны Мәс­кеу сүз­гісі арқы­лы ғана алып үйрен­ген қоға­мға шет тіл­дерінің, тіп­ті әлем сая­са­ты мен биз­несін­де­гі басты құрал – ағы­л­шын тілінің де бәлен­дей кере­гі бола бермейтін.

Еге­мен­дік алып, шет мем­ле­кет­тер­мен тіке­лей дипло­ма­ти­я­лық, сауда-сат­тық, мәде­ни, т.б. қаты­на­стар орна­та бастаған кез­де біз бұл олқы­лы­қтың ойсы­рап тұрған орнын айқын түсіне бастадық.

Енді жаңағы ақиқат­тың аумағы кеңейе түсті, яғни орыс тілі халы­қа­ра­лық дең­гей­де­гі маңы­зы зор, аса бай, ірі тіл­дер­дің бірі болған­мен, мынау алу­ан түсті әлем­нің сан нақы­шқа кенел­ген руха­ни­я­ты тек соған ғана бай­ла­нып тұр­маған екен.

Логи­ка бой­ын­ша, өзге елдер­мен еге­мен­дік жағ­дай­ын­да тіке­лей қарым-қаты­на­стар орна­ту қазақ тілін негіз­ге ала оты­рып, олар­мен руха­ни, мәде­ни алма­су­лар жүр­гі­зудің алғы шар­ты болуға тиіс еді. Алай­да өзе­гіңді өкініш болып күй­діретін аяу­сыз ақиқат­тың тағы бірі сол – еге­мен­дік дәуіріне есік­тен сыға­лап, төр­ге оза алмаған мүсә­пір күй­де ілбіп жет­кен қай­ран Ана тілі­міз мынау «бір­де – бетін, бір­де сыр­тын бер­ген» алақұй­ын нарық зама­нын­да әлем­дік дең­гей­де­гі алпа­уыт тіл­дер­дің таса­сын­да қалып, үні де көмес­кі­леніп бара жатқан тәрізді.

Оға­штық па? Бір қараған­да, оғаш болып көрі­неді. Бірақ мәс­ке­улік зия­лы қауым «стра­на дура­ков» деп айдар таққан бұры­нғы Кеңес Одағын­да мұн­дай көз­ге ұрып тұрған қисын­сызды­қтар баяғы­да-ақ қалып­ты нор­маға айналған.

Орыс даны­шпа­ны Л. Тол­стой­дың «После бала» («Той­тарқар») атты әйгілі әңгі­месі бар. Біздің қазір­гі жағ­дай­ы­мыз осы туынды­дағы ащы ойлар­дың айқын айғағын­дай әсер қал­ды­ра­тын тұстар, өкініш­ке орай, күн­нен-күн­ге көбей­іп келе жатқан­дай. «Өрке­ни­ет­ке қол создық», «Әлем­дік биік­тер­ге ұмты­лу­да­мыз» деп дау­ры­ғы­су­лар молай­ып, нақты істер сол баяғы қаза­қы күпіл­дек­тік­тің таса­сын­да қалып барады.

Ерте­гі қан­ша­лы­қты әде­мі болға­ны­мен, өмір шын­ды­ғы­ның өлшем­дері одан мүл­де өзге­ше екенін жиі-жиі еске алып тұрған­ның еш зия­ны бол­мас еді-ау. Бұдан Алаш бала­сы ұтпа­са – ұтыл­май­ты­нын мой­ын­да­сақ, рух тәу­ел­сізді­гін орны­қты­ру бағы­тын­дағы нақты қадам­ның біре­уі сол болмақ.

«Сол­ДАТ» газеті,

29 сәуір, 1998 жыл

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн