Четверг , 24 апреля 2025

ҒАЛЫМ АТАНУ ТӘРТІБІ жаңа талаптарға сәйкес ӨЗГЕРІСТІ ҚАЖЕТ ЕТЕДІ

ҚР Пре­мьер-мини­стрі Олжас Бек­те­нов­ке!

Бекітіл­ген талап бой­ын­ша, док­то­ран­ту­раға түсу үшін талап­кер­лер ағы­л­шын тілі­нен емти­хан тап­сы­руы мін­дет­ті. Оқу қазақ неме­се орыс тілін­де жүр­гізіл­се де — бұл талап бәріне ортақ.

Мыса­лы, музы­ка, қазақ фило­ло­ги­я­сы, этно­гра­фия сияқты маман­ды­қтарға түсетін жастар да өз шебер­лі­гіне қара­ма­стан, алды­мен ағы­л­шын тілі­нен емти­хан тап­сы­руы керек.

Әрине, ғылым­мен айна­лы­су үшін ағы­л­шын тілін білу маңы­зды. Себебі күн сай­ын жари­я­ла­нып жатқан ғылы­ми жаңа­лы­қтар­дың көп­шілі­гі – ағы­л­шын тілін­де. Олар­ды оқу, түсі­ну, пай­да­ла­ну – әр зерт­те­уші­ге қажет. Сон­ды­қтан бұл талап кезін­де заманға сай, орын­ды шешім бол­ды. Ашы­ғын айтқан­да, бұл талап­ты кезін­де министр болған­да қол­даған да, бекіт­кен де өзім болатынмын.

Алай­да қазір жағ­дай өзгер­ді. «Елу жыл­да – ел жаңа» дей­ді. Біз бес жыл ішін­де жасан­ды интел­лект дәуіріне қадам бастық. Тех­но­ло­ги­я­лық рево­лю­ция орын алды. Қазір ChatGPT, Gemini сияқты құрал­дар­дың көме­гі­мен кез кел­ген ағы­л­шын мәтінін сана­у­лы секунд­та, сапа­лы түр­де қазақ неме­се орыс тіліне ауда­руға болады.

Иә, ағы­л­шын тілі ғылым үшін әлі де қажет. Қажет бола­ды да. Бірақ қазір­гі тех­но­ло­ги­я­лар­дың арқа­сын­да бұл талап маги­стра­ту­раға түсу­ге кедер­гі бол­мауы тиіс. Өйт­кені енді осы тех­но­ло­ги­я­лар­мен жастар ғылы­ми жұмысын жүр­гі­зе ала­ды. Шыны керек қазір­гі «Айлтс» бой­ын­ша 5.0 балл тала­бы бұл про­бле­ма­ны шешпей­ді. Ең қиы­ны – қазақ әде­би­еті мен өнерін зерт­те­гісі келетін жастар ағы­л­шын тілі емти­ха­ны­нан өте алмаға­ны үшін маги­стра­ту­ра мен док­то­ран­ту­раға түсе алмай жүр. Не істеу керек? Әрине, ағы­л­шын тілін қол­дай оты­рып, бұл талап­тар­ды өзгер­туі­міз керек.

Бірін­ші­ден, ағы­л­шын тілін ерте — мек­теп­тен бастап сапа­лы түр­де оқы­ту­ды әрі қарай күшей­ту қажет. Кезін­де Пре­зи­дент­тің тап­сыр­ма­сы­на сәй­кес 3–4‑сыныптар мен 10–11-сыныптарда ағы­л­шын тілі саға­тын апта­сы­на 3 сабақтан​ 5 сабаққа дей­ін көбей­туді қолға алған­быз. Бірақ бұл баста­ма толық іске аспа­ды. Осы бағыт­ты нақты іске асы­руы­мыз керек.

Екін­ші­ден, оқы­ту тілі қазақ неме­се орыс тілін­де жүр­гізілетін бағыт­тар­да ағы­л­шын тілі­нен емти­ханды түсу кезін­де емес, оқу аяқталған соң тап­сы­ру­ды қарас­ты­рған жөн. Ал сол кезең­ге дей­ін ағы­л­шын тілін бака­лаври­ат, маги­стра­ту­ра мен док­то­ран­ту­ра­ның оқу бағ­дар­ла­ма­сы­на кірік­тіріп, терең­детіп оқы­тқан дұрыс. Сон­да нақты нәти­же бола­ды. Соны­мен қатар гума­ни­тар­лық және әле­умет­тік ғылым­дар сала­сын­дағы маги­стра­ту­ра мен PhD-ға эмпи­ри­ка­лық зерт­теу әдістері кур­ста­рын дамы­туға назар ауда­руы­мыз керек.

Үшін­ші­ден, ағы­л­шын тілін­де оқы­та­тын неме­се қос­ди­плом­ды бағ­дар­ла­ма­лар мен филиалдар​ үшін бұл талап­ты керісін­ше, күшейт­кен жөн. Яғни, әр бағы­тқа қарай сара­лау қажет.

Төр­тін­ші­ден, PhD-ға түсу үшін эссенің орны­на зерт­теу ұсы­ны­сын жазу тала­бын енгі­зу (research proposal) керек және жал­пы жаз­ба жұмыста­ры тәу­ел­сіз бақы­ла­у­шы­ларға берілуі керек.

Бесін­ші, Scopus пен Web of Science база­ла­рын­да мақа­ла жари­я­лау тала­бын да маман­ды­қтың ерекшелі­гіне қарай қарас­ты­рған жөн. Мыса­лы, музы­ка, қазақ фило­ло­ги­я­сы сияқты сала­лар­да қосым­ша бала­ма жол­дар ұсы­ны­луы тиіс.

Басты­сы — дис­сер­та­ци­я­ның сапа­сы мен ғылы­ми ортаға қосқан нақты үлесі басты наза­рда болуы керек. Оны кон­фе­рен­ци­я­лар­да талқы­лау мен ғылы­ми жұмыстың пай­да­сы маңы­зды. Жал­пы, бұл талап­тар­ды уни­вер­си­тет­тер­дің ака­де­ми­я­лық еркін­ді­гі аясын­да рет­те­ген дұрыс деп есептейміз.

Асхат АЙМАҒАМБЕТОВ, ҚР Пар­ла­мен­ті Мәжілісінің депутаты

Республиканский еженедельник онлайн