Суббота , 5 июля 2025

ҚАЖЫГЕЛДИНДІ ЕЛГЕ ҚАЙТАРАЙЫҚ!

Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы Пар­ла­менті Мәжілісінің депу­та­ты Ермұрат Бапи мырзаға!

Әке­жан Қажы­гел­дин­нің өзге­де жоқ бір қаси­еті бар екен. Ол кісі ешқа­шан сені­мін жоғалт­пай­тын, адал бол­мысын сақтаған кісілі­гі­мен сүйіндірді!

Ол қан­дай болмыс?!

Бірін­ші­ден, билік ауы­сып, жаңа Пре­зи­дент­ті сан-саққа жүгір­тіп, сенім­сіздік біл­діріп, ши бөрілер­дей талап жаткан­да, сырт­та жүр­се де, сырт­тан қалып таны­тқан екі адам бол­са, соның бірі – осы Қажы­гел­дин бола­тын. Талай пікір­лесім­дер де иде­я­ла­ста­ры­ның сөзін жасқап, жаңа Пре­зи­дент­ті ақтап отыр­ды. Шын мәнін­де, Қ.К.Тоқаевтың тағ­ды­ры қыл үстін­де, қылыш жүзін­де тұр­ган сәт­те Кажы­гел­дин­ді қадір­лей­тін көп адам сол кісінің сөзін сый­лаған­ды­қтан да, біраз саябыр­лаға­ны рас. Жаңа билік­тің жасам­паз­ды­ғы­на іштей күман­данған жұрт­шы­лық ара­сын­да туын­даған шырға­лаң­дар­ды Әке­жан сын­ды әділ тұлға­ның бір ауыз сөзі шешіп кет­кен кез де аз болған жоқ.

Бәл­кім, сол көп­шілік жазы­қ­сыз қуда­ланған Әке­жан мыр­за­ның «Елге ора­ла­тын күн туса, бар көме­гім­ді жасай­мын» деген сөзіне тоқтаған болар. Ал медаль­дің екін­ші жағын аудар­сақ, сырт­та сыр­ба­з­дық пен тек­тілі­гін тең таны­тқан Әке­жан Қажы­гел­дин­ге Пре­зи­дент Тоқа­ев­тың әлі күн­ге оң қабақ таныт­пай, бір ауыз жылы сөз айт­пай оты­рға­ны көп­шілік­ті таңқал­ды­ра­ды, әрі алаң­да­та­ды. Әсіре­се айна­ла­сын ши бөріидей қап­таған қорқа­у­лар тұм­ша­лап, ады­мын аштыр­май жатқа­ны рас бол­са (кей­бір сарап­шы­лар­дың сөзі бой­ын­ша), жана­шыр­лы­қ­пен көмек қолын созған бұры­нғы әріп­тесінің, білік­ті бас­шы­ның қол­да­уын қабыл­да­са керек еді?! Ел тіз­гіні өзіне тиген ер жаны­на жақ­сы мен жай­саң­ды жина­са, абы­ройы асқақ, мерейі үстем бол­мас па?!

Әлжу­аз, білім­сіз, білі­мі бол­са – білі­гі жоқ, тала­бы бол­са – тәжіри­бесі жоқ, талан­ты бол­са – жүре­гі жоқ, буы­ны қат­паған бозым­дар­дан гөрі, өресі биік, көр­гені көп, көсем­дік таны­та алар көшелі аза­мат­тар­мен тізе қосқа­ны тиім­ді бола­ры хақ! Сол үшін де кеше­гі тепе­ріш көр­ген талант­ты тұлға­лар: Ә. Қажы­гел­дин, М. Жәкі­шев, Ғ. Жақи­я­нов және т. б. тар­лан­дар­ды топ­та­сты­рып, ортақ мүд­де жолын­да қыз­мет етсе, «Жаңа Қаза­қстан­ның» да жолы ашы­лар еді!

Көк­тем сай­ын жусан­ның исін сағы­на еске ала­тын арда Аза­мат­ты жат жер­де құмы­қтыр­май, туған елінің төріне шақы­рып, қаза­ғы­на қамқор болуы­на жағ­дай жаса­луы керек. Бұл елі ерге, ері жер­ге қараған бүгін­гі білім­сіз шене­унік­тер­ге, Абай айтқан «тоқ тілен­шілер­ге» ой сала­ты­ны анық. Сон­ды­қтан жусан­ды далаға дарын­ды ұл керек-ақ!

Қай­рат Раев,

ғалым, әде­би­ет­та­ну­шы, Қаза­қстан Жазу­шы­лар одағы мен Жур­на­ли­стер одағы­ның мүшесі

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн