Пятница , 4 июля 2025

ҚАЖЫГЕЛДИНДІ ЕЛГЕ ҚАЙТАРУ – Қазақстанды тығырықтан шығарудың бір жолы

  • Газеті­міздің өткен санын­да ҚР пре­мьер-мини­стрі (1994–97жж.), сая­си эмми­гра­ци­ядағы сая­сат­кер Әке­жан Қажы­гел­дин­нің «Не істеу керек?» деген мақа­ла­сы жари­я­ланған еді. Қаза­қстан­ның аза­мат­тық қоға­мы­на арналған бұл тези­стер­де елде­гі демо­кра­ти­я­лық оппо­зи­ци­я­ның басын бірік­ті­ру және елде­гі сая­си режим­ді рефор­ма­лау мәсе­ле­лері сөз болған-ды. Бүгін біз таны­мал сая­сат­кер­дің ұсы­ны­ста­ры­на орай про­фес­сор Есенға­зы Қуан­ды­қтың үнде­уін жари­я­лап отырмыз.

Елде­гі кей­бір қаза­қтар сәу­е­гей­леніп, «Әке­жан қар­тай­ды», «уақы­ты өтті», енді Арон Ата­бек, Макс Боқа­ев, Иманға­ли Тасмағам­бе­тов, Мұқтар Әбі­ля­зов секіл­ді жаңа адам­дар билік­ке келуі керек деген­ді айта­ды. Мәсе­лен, Бай­га­ли Меи­рам­га­ли­ев (қаз-қал­пын­да) деген желі қол­да­ну­шы «Фейс­бук­та»: «…Менять шило на мыло, толь­ко вре­мя терять. Нуж­ны дру­гие, новые люди. Люди из наро­да, такие как Арон Ата­бек, Макс Бока­ев. Кто ценой сво­ей, сво­бо­дой дока­зал, кто он такой…», «Әке­жан Қажы­гел­дин ұры және ала­яқ…» – деп жазыпты.

Иә, Арон Ата­бек пен Макс Боқа­ев – ұлт пат­ри­от­та­ры. Олар елде­гі өзгерістер жолын­да бостан­ды­қтан айы­ры­лған аза­мат­тар. Бірақ олар­дың мем­ле­кет басқа­ру тәжіри­бе­лері мен сая­си білім­дері аздық ете­ді. Әр аза­мат­тың басқа адам қай­та­лай алмай­тын өзін­дік қабілеті бола­ды. Арон­ды Әке­жанға қар­сы қою – сая­сат­тан мақұ­рым, сау­ат­сыз адам­ның ісі. Ал Әке­жан­ды жал­бағай жаман­дау – билік жасаған сая­сат тех­но­ло­ги­я­сы­ның әдісі және рушыл­дық, жер­шіл­дік­тен туған көре­ал­мау­шы­лық пен сая­си сау­ат­сызды­қтан туын­даған теріс пиғыл.

Ал И.Тасмағамбетов өзі айтқан­дай, «Назар­ба­ев­тың өні­мі». Оның Назар­ба­евқа арнап: «Сіз қаза­ққа 128 қаған мен хандар жаса­маған жақ­сы­лы­қты жаса­ды­ңыз» деген сыңай­дағы сөз ауа­ны­нан оның қан­дай бас­шы бола­рын біл­дір­се керек. 2003 жылы пре­мьер-министр болып тұрған­да, жер­ді сатуға мүм­кін­дік беретін заң­ды пар­ла­мент­ке ұсы­нған да сол – Тасмағам­бе­тов. «Шаңы­рақтың» үйлерін тас-талқан етіп бұз­ды­рған, халық жана­шы­ры Арон Ата­бек­ті 18 жылға түр­ме­ге айдатқан да Иманғали.

Ал Әке­жан Қажы­гел­дин ешқа­шан Н.Назарбаевты мақта­маған, одан кешірім сұра­маған, намысын сақтап қалған сая­сат­кер. Өзіне басты сая­си қар­сы­лас бола­тын Әке­жан­ды 10 жылға сырт­тай сот­та­тып, «шетел­ге ақша тықты» деп іздеу салған кез­де Назар­ба­ев­тың өзінің ұрлы­ғы әшке­ре­леніп, «Қаза­қ­гейт» про­цесін­де жау­ап беру­ші болға­ны әлі күн­ге ел есін­де бол­са керек. «Өзін-өзі үш рет атқан» марқұм Заман­бек Нұрқа­ді­лов Назар­ба­ев­тың тап­сы­ры­сы бой­ын­ша оның аран­да­туы­на еріп, Әке­жанға жала жапқа­нын өкіні­шпен мой­ын­дап, кей­ін кешірім сұраған деректер тарих­та «бұл­тарт­пай­тын» факт болып қалды.

Біз енді елі­міздің тығы­ры­қта қалған қазір­гі дағ­да­ры­сты жағ­дай­ы­на бас ауыр­туы­мыз керек. Ол тығы­ры­қтан шығу үшін, бүкіл халық болып атса­лы­су ауа­дай қажет болып тұр.

Елді ондай тығы­ры­қтан әлем­дік дәре­же­де­гі эко­но­мист-сая­сат­кер ғана алып шыға ала­ды. Ал әлдекім­дер айтқан­дай, Әке­жан «есеп­тен шыққан», «қар­тай­ған» сая­сат­кер емес. Ол Назар­ба­ев­тан 12 жас кіші, Тоқа­ев­тан бір жас қана үлкен, Ресей пре­зи­ден­ті Путин­мен құр­дас, алдағы наурыз айын­да 69 жасқа шыға­ды. АҚШ-тың жаңа сай­ланған пре­зи­ден­ті Джо­зеф Бай­ден 79 жаста. Дана халқы­мыз айтқан ғой: «Ақыл­ды – басқа, ақы­мақ – жасқа қарай­ды» деп.

Назар­ба­ев­тың қысы­мы­м­ен Әке­жан алыс шетел­де 23 жыл бойы эми­гра­ци­яда жүр­се де, туған елінің қамын жеп, Ота­ны­ның келе­ше­гі үшін алаң­дап, пре­зи­дент Тоқа­евқа бір­не­ше рет Қаза­қстан­ды сая­си-эко­но­ми­ка­лық тығы­ры­қтан қалай алып шығу­дың, сыбай­лас жемқор­лы­қты жеңудің, шетел­ге ауда­ры­лған мил­ли­ард­таған қар­жы­ны елге қай­та­ру­дың жолын, жос­па­рын көр­сетіп, талай хат жазға­ны көп­шілік­ке аян. Бірақ бір отба­сы­ның иелі­гіне айналған, өза­ра шыр­мауы­қ­ша шаты­сқан Қаза­қстан истеб­лиш­мен­ті Әке­жан ұсы­нған бағ­дар­ла­ма­лық жос­пар­ларға назар аудар­мауда. Ұлт­тың қамы­на қаты­сты кеңес­ке құлақ аспау – қаза­қтың «Өзің біл­ме, біл­ген­нің тілін алма» деген ұлағат­ты сөзіне сая­ды. Өзі білу­ге шама­сы жет­пе­се де, мұн­дай өзім білем деген өзе­уреу, білім­ділер­ге тыра­шта­нып жала жабу әре­кеті мем­ле­кет­тің бола­шағын құр­ды­мға кетіру­ге апа­ра­ры сөзсіз.

Әке­жан Қажы­гел­дин қуғын­дағы Мұх­тар Әбі­ля­зов секіл­ді «мен пре­мьер-министр болам» деп, алы­стан аттан­дап жатқан жоқ. Жастар ел басқар­сын, біз жол көр­се­тей­ік, тәжіри­бе­лері­міз­бен бөлі­сей­ік деген ақсқал­дың сөзін ғана айту­да. Қажы­гел­дин Әбі­ля­зов секіл­ді жұрт­ты митин­гі­ге шығы­ң­дар деп аран­датқан жоқ.

Халы­қты өмір бойы алдап, қорқы­тып-үркітіп, шексіз билік­ті мәң­гілік жүр­гі­зу, мем­ле­кет­ті тес­пей сорып, бай­ы­ған үстіне байи беру мүм­кін емес. Ескі билік елді жаңа жолға сала алмай­ты­ны­на көз жет­ті. Қаза­қстан­ды кім тығы­ры­қтан алып шыға­ды? Бұл қазір көзі ашық, көкіре­гі ояу мил­ли­он­даған отан­даста­ры­мы­здың көкей­ін­де­гі маңы­зды сұрақ. Қаза­қтың сая­си эли­та­сын екшеп, сара­лай келе, елді дағ­да­ры­стан алып шығуға Әке­жан Қажы­гел­дин­нің мүм­кін­ді­гі еркін жете­ді деген ойға келдім.

Бірін­ші­ден, оның жоға­ры билік­те­гі тәжіри­бесі мол. Елі­міз өте қиын­дық көр­ген 1994–1997 жыл­да­ры ол пре­мьер-министр бол­ды. Халы­қтың есін­де болар, 1993 жыл­дың 15 қара­ша­сын­да ұлт­тық ақша­мыз – тең­ге айна­лы­мға енгізіл­ген­де, АҚШ-тың 1 дол­ла­ры – 4 тең­ге 80 тиы­нға баға­ланған. Ара­да 11 ай өткен­де, Әке­жан Мағ­жанұ­лы Сер­гей Тере­щен­ко­дан үкі­мет­ті қабыл­дап алға­нын­да, 1 дол­лар 53 тең­ге­ге жет­кен еді. Яғни, тек 11 айда инфля­ция 1104 пай­ыз бол­ды! Оның үстіне Тере­щен­ко мыр­за шетел­ден қары­зға алған­нан 2,5 мил­ли­ард дол­лар­ды «әлдебіре­улер­ге» қайт­пай­тын қар­жы ретін­де үле­стіріп жібер­ген. 1997 жыл­дың қазан айы­ның орта­сын­да Қажы­гел­дин отстав­каға кет­кен­де, 1 дол­лар 67 тең­ге ғана бола­тын. Яғни, 36 айдағы инфля­ция – 1100 пай­ы­здан 26 пай­ы­зға түсті!

1996 жыл­дың қоры­тындыс­ы­мен Әке­жанға Адам Смит атын­дағы «Жыл рефор­ма­то­ры» әлем­дік сый­лы­ғы беріл­ді. Бүкіл пост­кеңе­стік мем­ле­кет­тер­дің бас­шы­ла­ры ара­сын­да осы бедел­ді рефор­ма­тор­лық сый­лы­қты алған жалғыз адам – Қажы­гел­дин. Адам Смит атын­дағы халы­қа­ра­лық сый­лық – эко­но­ми­ка мен қар­жы сала­сын­да мем­ле­кет­тік дәре­же­де үздік жетістік­ке жет­кен, әле­умет­тік-эко­но­ми­ка­лық мін­дет­тер­ді шебер, ғылы­ми негіз­де шеше біл­ген өте жоға­ры білім­ді маман­дарға берілетін сыйлық.

Екін­ші­ден, Қажы­гел­дин бүгін­де әлем­дік эко­но­ми­ка­ның қай­наған орта­сын­да жүр­ген сая­сат­кер. Ол әлем елдері эко­но­ми­ка­сын зер­де­леп, дағ­да­ры­стағы эко­но­ми­ка­ның қыр-сырын жетік зерт­те­ген маман. Оның үстіне ол – дүние жүзі мем­ле­кет­терінің бас­шы­ла­ры мен көп­шілік ірі сая­сат­кер­лер­ге таны­мал тұлға. Халы­қа­ра­лық дәре­же­де­гі беделі жоға­ры. Оған кезін­де Назар­ба­ев тара­пы­нан қуда­ла­у­ға ұшы­раған­да, Евро­па­ның демо­кра­ти­я­сы дамы­ған 16 елінің тер­ри­то­ри­я­сын­да еркін жүріп-тұруға бола­тын «Еркін­дік пас­пор­ты» берілді.

Үшін­ші­ден, ол 23 жыл бойы Евро­па мен АҚШ-та тұрып, демо­кра­ти­я­ның құн­ды­лы­ғын көзі­мен көр­ген, көкірек көзі­нен өткіз­ген аза­мат. Қаза­қстан­да күн өткен сай­ын өрші­ген сыбай­лас жемқор­лы­ққа қаты­спаған адам. Осы тұрғы­дан кел­ген­де, Қажы­гел­дин мем­ле­кет, қоғам, қазақ үшін ауа­дай қажет сая­си менеджер.

Төр­тін­ші­ден, Қажы­гел­дин әу бастан ірге­де­гі қау­пі зор Қытай­мен емес, қиян­дағы Жапо­ни­я­мен эко­но­ми­ка­лық ірі серік­тес болу­ды қалаған-ды. Ол әлем­дік демо­кра­тия мен демо­кра­ти­я­лық негіз­де­гі ғалам­дық эко­но­ми­ка­ның көшіне еруді аңсаған қайраткер.

Бұл пікір­лер негіз­сіз айтыл­маған, тарих­та сая­си қуда­ла­у­ға ұшы­рап, кей­ін мем­ле­кет басқарған ел бас­шы­ла­ры­ның өмірі­нен алы­нған тұжы­рым. Нель­сон Ман­де­ла өмірінің 45 жылын оппо­зи­ци­яда, оның жар­ты­сы­на жуы­ғын түр­ме­де өткіз­ген кей­ін, Оңтүстік Афри­ка Рес­пуб­ли­ка­сы­ның пре­зи­дент­ті­гіне сай­ла­нып, мем­ле­кетіне демо­кра­тия орна­тып берген.

Эми­гра­ци­яға кету­ге мәж­бүр болған Хамит Кар­зай да АҚШ бастаған ірі демо­кра­ти­я­лық елдер қол­да­уы­мен кері ора­лып, Ауған­стан­ның пре­зи­ден­ті бол­ды. Алы­сқа бар­май-ақ, ірге­де­гі қырғы­зда «жемқор» ата­нып, түр­ме­ге қамалған Садыр Жапа­ро­вты өз халқы түр­ме­ден боса­тып алып, өздерінің пре­зи­ден­ті етіп сайлады.

Тоқ етерін айтқан­да, Әке­жан­ның жұрт айып­тай­тын­дай қазақ халқы­на жасаған қия­на­ты жоқ. Әке­жан­ды жұрт біл­мей жазғы­ра­ды, оны «кол­хоз» бен «сов­хоз­ды» таратқан бас­шы, Орта жүз тер­ри­то­ри­я­сын­да орна­ласқан 5 облы­сты жапқан Қажы­гел­дин деп лақап тарат­ты. Қисы­нға кел­мей­тін осы айып­тың жала екенін жұрт әлі күн­ге біл­мей, билік таратқан өсек­тің өзе­гі­мен ада­су­да. Қажы­гел­дин 1994 жыл­дың соңын­да – қазан айын­да үкі­мет басы­на кел­ген­ше, рес­пуб­ли­ка­ның бар­лық кол­хоз, сов­хоз­да­рын С.Терещенко мен Н.Назарбаев талан-тара­жға салып біт­кен. Бұл аван­тю­ра­лық әре­кет­ке Әке­жан­ның еш қаты­сы жоқ.

Мен көзі ашық, елін, қаза­ғы­ның келе­ше­гін ойлай­тын аза­мат­тарға айта­рым: Әке­жан­ды елге қай­та­ру қозға­лы­сын құру­ды ұсы­на­мын. Бұл ұсы­ны­сым­ды өздерін пат­ри­от­пыз, бірі­гей­ік деп жүр­ген, бірі­гудің мәнін түсін­ген аза­мат­тар: әсіре­се Жан­бо­лат Мамай­ға, Макс Боқа­евқа, Әсем Жәпі­шо­ваға, Аза­матхан Әмір­тай­ға, Нұр­жан Әлта­евқа, Тоғ­жан Қожа­ли­е­ваға және т.б. есім­дері атал­маған қоғам бел­сен­ділеріне арнай­мын. Құр сөз­бен «рево­лю­ция» жасай­тын «диван батыр­ла­ры» қажет емес.

Біз бірі­гіп, фран­цуз фило­со­фы Жан Жак Рус­со көре­ген­дік­пен айтқан: «Күшен­гіш билік­тің бар­лы­ғы күл­кілі жағ­дай­да бола­ды: олар билеп-төстеу үшін халы­қты ноқта­лап, өлме­стің жағ­дай­ын­да ұстағы­сы келеді, соған қара­ма­стан, олар сол – өлме­стің күнін көріп оты­рған халы­қтың арқа­сын­да күшей­іп кет­сек деп дәме­ле­неді», – деген сая­си баға­сы­нан қоры­тын­ды шыға­рып, билік­ке қар­сы бірі­гіп күре­су­ге шақырамын.

Есенға­зы ҚУАНДЫҚ,

тарих ғылым­да­ры­ның докторы,

про­фес­сор

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн