Суббота , 5 июля 2025

Қажылық ниет АЛАЯҚТАРДЫҢ алдауына түсті

Аты­шу­лы 90-жыл­да­ры талай адам­ды сан соқты­рған қар­жы пира­ми­да­ла­ры­ның зама­ны қай­та оралған секіл­ді. Қара­пай­ым халы­қтың сен­гі­шті­гі ме, заң­ды терең біл­ме­уі ме, әлде құқы­ққорғау орган­да­ры­ның салғырт­ты­ғы ма – әйте­уір осы күні ала­яқтар­дың зама­ны орнап тұр. Өкіні­штісі, солар­дың сой­ы­лын соғып жүр­ген – халы­ққа таны­мал тұлға­лар. Елге сый­лы әртістер мен өнер жұл­ды­зда­ры өз абы­рой­ын ақша­мен өлшеп, ала­яқтар­ды жар­на­ма­ла­ма­са, алданған­дар­дың саны әлдеқай­да аз бола­ры­на күмән жоқ.

Не десек те, пира­ми­даға күй­ген­дер жеңіл ақша табу жолын көз­де­ген­дер бол­са, оларға алда­ну­дың енді­гі кезе­гі мұсыл­ман­ның бес пары­зы­ның бірі – қажы­лық жасау ниетін­де­гі қаза­қтар бол­ды. Бұл жол­ды да өздерін көк­ке көтер­ген халы­қты ала­яқтар­дың қар­мағы­на іліп бер­ген сол – баяғы «өнер жұл­ды­зда­ры». Қажы­лы­ққа бару­дың орны­на тури­стік сапарға төле­ген ақша­сы­нан қағы­лған бір топ адам редак­ци­я­мы­зға келіп, өзге­лер де біз секіл­ді алда­нып қал­ма­сын деген оймен, баста­ры­нан өткер­генін баян­дап берді.

Асыл­бек БЕКҚОЖАЕВ, Маңғы­стау облы­сы, Бей­неу ауы­лы­ның тұрғыны:

– Ақ ниет, шын көңіл, маң­дай терім­мен тапқан адал ақша­ма иман­ды­лы­қтың бір биі­гі сана­ла­тын Умра қажы­лы­ғы­на бар­мақ болып ниет­тен­ген­мін. Алай­да сана­сы соқыр, ісі қара ала­яқтарға тап бола­мын деп ойла­ма­дым. Қаси­ет­ті қажы­лы­ққа да ала­яқтар арам қолын салған екен. Мен де сол ала­яқтар­дың құр­ба­ны болдым.

Бізді алдап кет­кен «Kausar Travel» тур­ком­па­ни­я­сы тура­лы ақпа­рат­ты «Инста­грам» желісі­нен көр­ген­мін. Жанар Айжа­но­ва, Абы­лай Асыл­хан, Нұр­лан Қоян­ба­ев («Рес­пуб­ли­ка» пар­ти­я­сы­ның тізі­мі­мен пар­ла­мент­тік сай­ла­у­ға түс­кен) сияқты, бір қараған­да абы­рой­лы адам­дар жар­на­ма­лап, мақтаған соң, еш күмән­дан­баған едім. Алай­да артын­ша сан соға­рым­ды біл­медім. Умра қажы­лы­ғы­ның жол­да­ма­сы үшін 517 мың тең­ге төлеп, не қажы­лы­ққа, не маң­дай тер­мен тапқан ақшам­ды қай­та­ра алмай отыр­мын. Тер­геу мен сот адал өтіп, тым бол­ма­са алданған адам­дар­дың ақша­сы қай­та­рыл­са екен дей­мін. Өзге ниет еткен адам­дарға да біз сияқты ала­яқтарға ұры­нып қал­маңы­здар, сақ болы­ңы­здар дегім келеді.

Нар­гиз ИСПАЕВА, Ақтө­бе қала­сы­ның тұрғыны:

– Сіңілім туған күні­ме сый­лық жаса­мақ болып, «Kausar Travel» тура­гент­ті­гі­нен Умраға жол­да­ма сатып әпер­ген еді. Жол­да­ма шар­ты бой­ын­ша, 2023 жыл­дың 23 қаңта­рын­да қажы­лы­ққа ұшуым керек болған. Бірақ бәрі жай­ы­на қал­ды. Ала­яққа тап болға­ны­мы­зды кеш түсін­дік. «Kausar Travel» ком­па­ни­я­сы­ның бас­шы­сы Медет Мұрат­бай­ұ­лы (сурет­те) деген аза­мат қажы­лық жасай­мын деген мұсыл­ман­дар­дың ақша­сын жинап алып, алдап кет­кен екен. Оны поли­ци­яға шағым­данған кез­де білдік.

Менің білуім­ше, біз секіл­ді алданған адам­дар­дың саны мың­нан асып жығы­ла­ды. Ала­яққа тап болға­ны­мы­зды 23 қаңтар күні сапарға ұшпай қалған соң түсін­дік. Содан кей­ін қол­дан кел­ген­ше іс-әре­кет жасап, Алма­ты қала­сы­ның Медеу аудан­дық поли­ция басқар­ма­сы­на ары­здан­дық. Жур­на­ли­стер­ді шақы­рып, «Астар­лы ақиқат» теле­бағ­дар­ла­ма­сы­на да шықтық. Осы күні алданған халы­қтың саны 1360-тан асты.

Өкіні­штісі, ала­яқтар­ды жар­на­ма­лап жүр­ген – халы­ққа таны­мал адам­дар. Осы «Kausar Travel» ком­па­ни­я­сы тура­лы таны­мал бло­гер-актер­лер – Абай Асыл­хан, Нұр­лан Қоян­ба­ев, әншілер – Жанар Айжа­но­ва, Сал­та­нат Бака­е­ва­ның «Инста­грам» парақ­ша­ла­рын­дағы жар­на­ма­ла­ры­нан көріп, ком­па­ния мене­джері Сат­та­ро­ва Айда­на­ның жеке Кас­пий кар­та­сы­на 520 мың тең­ге аудар­дық. Енді не ақша жоқ, не жол­да­ма жоқ.

Қара ниет­ті ала­яқтар­дың жолын кесу үшін, сіз­дер­дің газет­теріңіз арқы­лы қажы­лы­ққа барам деген адам­дарға – сақ болы­ңы­здар деп ескерт­кім келеді. Кінәлілер әділ жаза­сын ала­ды деп үміт­те­не­мін. «Kausar Travel» бас­шы­сы Медет Мұрат­бай­ұ­лы­мен бір­ге адам­дар­дан ақша жинаған мене­джер Сат­та­ро­ва Айда­на да жау­а­пқа тар­ты­луы тиіс деп санаймын.

Анар БЕКЖІГІТОВА, Алма­ты қала­сы­ның тұрғыны:

– Нұр­лан Қоян­ба­ев, Жанар Айжа­но­ва, Сал­та­нат Бака­е­ва, Айнұр Тұр­сым­бе­ко­ва секіл­ді елге таны­мал әртістер мен әншілер­дің «Инста­грам» парақ­ша­ла­ры­нан «Kausar Travel» ком­па­ни­я­сы­ның жар­на­ма­сын көріп, ком­па­ния мене­джері Фари­за Әділ­ханқы­зы­на хабар­ла­сып, 2023 жыл­дың 12 қаңта­рын­да Умра қажы­лы­ғы­на 1 млн тең­ге­ге еш күмән­сіз екі жол­да­ма сатып алдым. Ақша­ны ком­па­ния мене­джері Фари­за Адил­ханқы­зы­на аудар­дым. Кей­ін біл­гені­міз­дей, «Kausar Travel» ком­па­ни­я­сы­ның бас­шы­сы Медет Мұрат­бай­ұ­лы біз­ден түс­кен ақша­ла­ры­мы­зды бан­ко­мат арқы­лы шешіп алып, өз қала­у­ы­на жұм­саған екен.

Ала­яққа тап болға­ны­мы­зды 26 қаңтар­да Алма­ты қала­сы Медеу ауда­ны поли­ция бөлі­міне барған­да бір-ақ біл­дік. Тер­ге­уші Уали­хан Жора­бай ары­зы­мы­зды қабыл­дап, іс жүр­гі­зе баста­ды. Қалай бол­са да, құқық қорғау орган­да­ры әділ тер­геу жүр­гізіп, алданған адам­дар­дың мүд­десін қорғап қала­ды деген­ге сен­гім келеді. Өзге адам­дар­ды біз секіл­ді алда­нып қал­маңы­здар, абай болы­ңы­здар деп ескертем!

«D»

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн