Четверг , 10 июля 2025

ҚАЗАҒЫНА ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСКЕР

Бүгін экс-пре­зи­дент­тің туған күні екен деп жұрт­тың біра­зы шала бүлініп жатыр екен. Біреу риза­шы­лы­ғын біл­діріп, енді біреу ата-баба­сы­нан тар­тып сыбап жатыр. Қарап отыр­саңыз отыз жыл­дық билі­гін­де расы­мен де істе­ме­гені жоқ. Қулық-сұм­ды­қ­пен Жоғарғы Кеңе­стің екі рет тара­ты­луы, Кон­сти­ту­ци­я­ның қол­жа­улы­ққа айнал­ды­ры­луы, халық сені­мінің аяққа тап­та­луы, сая­сат­кер­лер­дің өлтірілуі, жағым­паз­ды­қтың қанат жаюы, мем­ле­кет­тік билік­те кор­руп­ци­я­ның өршуі, күш құры­лым­да­ры­ның қыз­меті про­фи­лак­ти­ка­лық бағыт­тан жаза­ла­у­шы­лық сипатқа бей­ім­де­луі, түк­ке қажет­сіз бута­фо­ри­я­лық құры­лым­дар мен функ­ци­о­нал­дық қыз­меті бей­мәлім құры­лы­старға орас­ан қара­жат­тар жұм­са­луы мем­ле­кет­ті тоздырды.

Н.Назарбаев актив­тер­ді жинау (баю) мен олар­ды басқа­ру­дың сұм­дық тәсіл­дерін мең­гер­ген. Әйгілі «Қаза­қ­гейт» оқиға­сы оны аяғын аңдап басу­ды үйрет­ті. Сөй­тіп түр­лі құқы­қтық айла-шарғы­лар жасай баста­ды. Ол тіке­лей өзіне бағы­на­тын әрі тіке­лей өзі басқа­ра­тын «Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы бірін­ші пре­зи­ден­тінің Қоры», «Назар­ба­ев Қоры», «Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев Қоры», «Демеу Қоры» және «Елба­сы Қоры» сияқты түр­лі қор­лар арқы­лы бүкіл актив­тер­ді жеке өзі басқа­рып келеді. Бір сарап­шы­лар оның күл­лі актив­тері 300 млрд дол­лар десе енді бір сарап­шы­лар 500 млрд дол­ларға жет­кі­зеді. Кезін­де үкі­метің өзі отба­сы­ның актив­терін $150 млрд дол­лар шама­сын­да бағалапты.

Өкініш­ке қарай қаз­ба бай­лы­қтар­ды, сирек кез­де­сетін метал­дар­ды иге­ру мен пай­да­ла­ну­дан тиесілі қара­жат­тар көбіне бюд­жет­ті айна­лып өтіп отба­сы мен оли­гарх­тар­дың қал­та­сы­на кетіп жатып­ты. Бүгін­де Жылы­сталған қара­жат­тар­ды қай­та­ру­мен айна­лы­са­тын құры­лым­дар көп­те­ген кедер­гілер­ге тап болу­да. Алдағы уақыт­та елден заң­сыз шыға­ры­лған қара­жат­ты Ита­лия, Австрия, Швей­ца­рия, Кипр, Маль­та, Гре­кия, Фран­ция, Испа­ния, Пор­ту­га­лия, Бель­гия, Люк­сем­бург, Нидер­лан­ды, Ұлы­бри­та­ния, АҚШ, Кана­да елдері­нен қай­та­ру мәсе­лесі тұр. Тек табан­ды­лық керек.

Сон­ша­ма бай­лы­ғы қара­ма­стан Назар­ба­ев­тың банк­тері, қор­ла­ры, мек­теп­тері, уни­вер­си­теті мем­ле­кет­тен орас­ан қар­жы алып отыр. Басқа­сын қой­ған­да бар­лық аза­мат­тар заң алдын­да құқы­қта­ры тең­дей екен­ді­гіне қара­ма­стан экс-пре­зи­дент орас­ан зор зей­не­тақы ала­ты­ны­на қалай таңданбассың.

Әле­умет­тік желі­де ҚР бюд­жетін­де Н.Назарбаевтың зей­нет­кер­лік кең­сесіне 2025 жылғы 4 128 000 дол­лар қарас­ты­ры­лға­ны айты­ла­ды. Бұл күніне шама­мен 6 000 000 тең­ге. Тап осы жер­де Назар­ба­ев­тың зей­не­тақы­сы айы­на 8 300 000 тең­ге құрай­ты­ны, бұл жылы­на 99 600 000 тең­ге бола­ты­ны айты­лған. Экс-пре­зи­дент­тің офисіне бөлін­ген қара­жат­тан басың айналады.

Әрине, әділ­дік үшін Назар­ба­ев­тың мем­ле­кет­ке сіңір­ген еңбе­гін де айта кет­кен жөн болар. Бірақ бұл жұмыстар­дың өзін ол жалақы алып істе­генін ұмыт­пай­ық. Оның көр­ші елдер­мен мем­ле­кет­тік шека­ра­ны нығай­туға және ел кін­ді­гін Сары­арқа төсіне көшіру­ге бай­ла­ны­сты жұмыста­ры маңы­зды бол­ды. Бірақ ол мем­ле­кет игілі­гіне осы жұмыстар­ды атқа­руға мін­дет­ті бола­тын. Сол үшін де 1991 жылы 1- жел­тоқ­сан­да өткен тұңғыш жал­пы­ха­лы­қтық пре­зи­дент сай­ла­у­ын­да халық өз тағ­ды­рын Назар­ба­евқа сеніп тап­сы­рған. Бірақ ол қолын­дағы билік­ті көп ұза­май авто­ри­та­ризм­ге қарай бұрып әкетті.

Түй­ін­дей айт­сақ, Н.Әбішұлы Қаза­қстан халқы аңсап сағы­на­тын­дай адам емес. Оның тіке­лей қазақ халқы­на «екі сиыр­дан» басқа жасаған жақ­сы­лы­ғы есі­міз­де жоқ! Ол орнатқан, қазір­ге дей­ін билік құрып оты­рған авто­ри­тар­лық режим Қаза­қстан­ның демо­кра­ти­я­лық бағыт­та дамуы­на орас­ан зор кедер­гі жасап келеді. Оның қан­ша ұрлаға­нын алдағы ұрпақ айта жатар. Ал менің білетінім Назар­ба­ев қазақ халқы­ның ұлт­тық мем­ле­кет­ті­гін ұрла­ды, ұлт­тық мем­ле­кет­тің орны­на кор­руп­ци­я­лық, орыс тіл­ді, аза­мат­тық мем­ле­кет ұсты­нан құрып кет­ті. Бұл үш ғасыр­дан бері өзінің азатты­ғы жолын­да күресіп кел­ген қазақ халқы­на қар­сы қыл­мыс, адам­за­тқа қар­сы қыл­мыс болып табылады!

Марат БАЙДІЛДАҰЛЫ (Тоқаш­ба­ев) жазу­шы-пуб­ли­цист Ғ

Республиканский еженедельник онлайн