Пятница , 4 июля 2025

Қазақстандық АЭС БІЗГЕ КЕРЕК ПЕ?

  • «АЭС салушы­лар Чер­но­быль мен Фуку­си­ма­дан сабақ алды ма? Қазір­гі реак­тор­лар жер сіл­кінісіне де, цуна­ми­ге де, тіп­ті ұшақ келіп соғыл­са да, апат бол­май­тын­дай етіп жасалған. Радио­ло­ги­я­лық сал­дар­ды алға тар­тып жүр­ген­дер бар. Мұны енді халық өзі шешу керек деп ойлай­мын. Егер елдің басым бөлі­гі қар­сы бол­са, салу­дың мәні жоқ.

Мұх­тар Жәкішев:

  • «ҚазА­то­мӨ­нер­кәсіп» ком­па­ни­я­сы­ның бұры­нғы бас­шы­сы Мұх­тар Жәкі­шев бел­гілі медиа-мене­джер Арман­жан Бай­та­со­втың Youtube-арна­сы­на бер­ген сұх­ба­тын­да Қаза­қстан­да АЭС салу мәсе­лесі тура­лы өз ойын айт­ты. Inbusiness.kz сол сұх­бат­тың ең маңы­зды деген тұста­рын ықшам­дап, мәтін үлгісін­де жария еткен екен. Ресей­дің Қаза­қстан­да АЭС салу төңіре­гін­де­гі тақы­рып текетірес тренд­ке айналған сәт­те про­фи-маман­ның пай­ы­мын біз де өз оқыр­ма­ны­мы­зға ықшам­дап ұсы­нған­ды жөн көрдік.

Қазір Баты­ста (Еуро­одақ) «Кар­бон салы­ғы» тура­лы заң қабыл­да­нып жатыр. Оны қара­пай­ым тіл­мен былай түсін­діру­ге бола­ды: егер сіз жер бетінің кли­ма­ты­на кері әсер ететін лас энер­ги­я­ны пай­да­ла­на оты­рып, өндіріл­ген өнім­ді экс­пор­тқа шығар­саңыз, яғни ішкі энер­гия жүй­есін­де лас көз­дер­дің үлесі басым бол­са, айып­пұл төлей­сіз. Ол айып­пұл сіз экс­пор­тқа шыға­ра­тын кез кел­ген өнім­ге салы­нуы мүм­кін: мұнай, мырыш, алю­ми­ний, мыс және тағы басқа. Бұры­нғы­дай оның толық құнын алмай­сыз. Сіз бұл өнім­ді кли­матқа кері әсер ететін лас энер­ги­я­ның көме­гі­мен алған­ды­қтан, экс­порт­тық табыст­ың бір бөлі­гі салық есебіне шегеріледі.

Негізі­нен шикі­зат экс­пор­ты­на арқа сүй­ей­тін Қаза­қстан үшін мұның әсері айтар­лы­қтай болуы мүм­кін. Яғни, ел экс­порт табысы­нан түсетін ақша­ның қомақты бөлі­гі­нен қағы­ла­ды. Мұх­тар Жәкі­шев­тің айтуы­на қараған­да, аталған заң­ның күшіне енетін уақы­ты қыр астында.

«Бүгін талқы­ла­нып жатқан жоба­сы бой­ын­ша, бұл заң 2023 жылы күшіне енуі керек. Көп уақыт қалған жоқ. Әзір­ге құжат­та мұнай мен газ тура­лы сөз жоқ. Бірақ алю­ми­ний бар. Өйт­кені оны өнді­ру үшін қомақты энер­гия қажет. Заң жоба­сы­на цемент те кір­ген. Шын мәнін­де, бұл басы ғана. Кей­ін мұнай мен газ­дың, мырыш пен мыстың, қара метал­дың заңға енуі – қалам­ның құзы­рын­дағы шаруа ғана. Яғни, осы өнім­дер­ді экс­порт­та­у­шы ел айтар­лы­қтай қомақты кірі­стен қағылады.

Мен қазір Қаза­қстан­да атом энер­ге­ти­ка­сы тура­лы баста­ма­лар­дың көтерілуіне бірін­ші кезек­те осы жайт себеп­кер бол­ды деп ойлай­мын. Үкі­мет­тің мәсе­ле көте­руі, Қ.-Ж.Тоқаев мыр­за­ның Қаза­қстан ішін­де өндірілетін электр энер­ги­я­сын­дағы таза қуат­тың үлесін арт­ты­ру иде­я­сы осын­дай стра­те­ги­ядан туған шығар», – дей­ді Мұх­тар мырза.

Қаза­қстан­да АЭС салын­са, ол қай­да орна­ты­луы керек? «Кезін­де маған KEGOC ком­па­ни­я­сы елдің сол­түсті­гі­нен оңтүстік­ке энер­гия жет­кіз­ген кез­де 50 пай­ы­зы шығын бола­ды деген. Бұл жер­де эко­но­ми­ка­дан гөрі, сенім­ділік маңы­зды. Өйт­кені желі­ден ақау шық­са, бүкіл оңтүстік жары­қ­сыз қала­ды. Сол үшін сол­түстік пен оңтүстік ара­сын­да қосым­ша резерв­тік желі тар­ты­лған. Кезін­де оны Қанат Бозым­ба­ев KEGOC-тың пре­зи­ден­ті болып тұрған­да іске асыр­ды. Оңтүстік­те электр қай­та-қай­та үзіліп, жары­қ­сыз қал­мауы үшін, қосым­ша қол­да­у­шы қуат көзі керек. Бір жағы­нан, жаңағы айтқан энер­гия шығы­ны да аза­яды. Ол қол­да­у­шы қуат көзі Сол­түстік пен Оңтүстік­тің орта­сын­да болға­ны жөн. Қуат көзі қай­да тұруы керек деген сұрақтың жау­а­бы осы. Неғұр­лым орта­да болуы шарт.

Мұн­дай жоба КСРО кезін­де де, Балқа­штың маңын­дағы Үлкен кен­тін­де АЭС салу иде­я­сы болған. Кей­ін көмір­ге көштік те, ол аяқ­сыз қал­ды. Ал Балқа­штың маңын­дағы тау-тау боп үйіл­ген көмір­дің күлі қазір қор­шаған ортаға жел­мен тарап жатыр.

Қай елдің тех­но­ло­ги­я­сы сенімді?

«АЭС салу мәсе­лесін зерт­тей бастаған кез­де нары­қта бар стан­са­лар­дың ешбірі Балқа­шқа қоюға жара­май­ты­ны­на көз жет­кіз­ген­біз. Жал­пы атом стан­са­ла­ры­ның түрі сон­ша­лық көп те емес. Супер­мар­кет­ке кіріп, тау­ар таң­даған­дай, маң­дай­ы­нан шер­тіп жүріп таң­дап ала­мыз деп ойла­саңыз, қат­ты қате­ле­сесіз. Керісін­ше, бұл нарық Совет Одағы­ның дүкен­дерін еске түсіреді. Қай­ың шыры­ны, томат шыры­ны, шаб­да­лы­ның қышқыл шыры­ны деген сияқты ғана таң­дау бар. Солар­дың ішін­де қай­сысын қоюға болады?

Совет зама­ны­нан бері келе жатқан, уақыт­тың тезі­нен өткен «ВВР» дей­тін реак­тор бар. Жұмыс прин­ци­пін қара­бай­ыр­лап айт­сақ, «мес­кей­дің ішін­де­гі мес­кей» болып шыға­ды. Ішкі «мес­кей­дің» ішін­де суды қай­на­та­тын уран таб­лет­ка­сы бола­ды. Ол қай­натқан судың қызуы сыр­тқы мес­кей­дің ішін­де­гі суды қай­на­та­ды. Осы­ның әсері­нен гене­ра­тор электр өндіреді. Ресей Феде­ра­ци­я­сы қазір бүкіл жер­де солар­ды орна­тып жатыр. Олар бұл реак­тор­ды жаңғыр­тқан. Соны алға тар­тып, «3+» сана­ты­на жатқы­зып жүр.

Шын­ды­ғын­да ол ешқан­дай «3+» стан­дар­ты­на жат­пай­ды. Ол баяғы­дан екін­ші дең­гей­де­гі реак­тор бола­тын. Жетіл­дір­ген­нің арқа­сын­да қауіп­сіздік дең­гейі сәл артқан шығар. Бірақ бұл тип­те­гі реак­тор­дан сон­ша­лық ақау шығып көр­ген жоқ.

Қытай ұсы­нып оты­рған реак­тор­лар бар. Ол да ескір­ген. Бірақ Фран­ци­я­ның Framatome ком­па­ни­я­сы жасаған. Қытай­лы­қтар әуелі өздерін­де көп­теп салып, кей­ін жетіл­дір­ген бол­ды. Одан да ақау шығып көр­ген жоқ. Бірақ ол да ескір­ген тех­но­ло­ги­я­мен жұмыс істейді.

«3+» дең­гей­ін­де­гі екі реак­тор бар. Бірін­шісі – Westinghouse Electric (АҚШ) жасаған «ІР 1000» дей­тін мың мега­ват­тық реак­тор. Бұл өте жақ­сы реак­тор. Өйт­кені жұмысы физи­ка­ның өте қара­пай­ым база­лық заң­да­ры­на негіз­дел­ген. Элек­трон­ды жүй­е­лер­дің орны­на меха­ни­ка­лық жүйе қой­ған. Шар­тты түр­де айт­сақ, қысым көтеріл­се, тығын­дар ашы­лып, су ағып кете­ді деген сияқты. Тіп­ті егер электр кел­мей қал­са, реак­тор өзді­гі­нен өшіп қала­ды. Физи­ка­ның база­лық заң­да­ры­ның арқа­сын­да ол қара­пай­ым, бірақ сенім­ді реак­тор болып тұр. Бірақ оның жалғыз про­то­ти­пі Қытай­да салын­ды. АҚШ-тың өзін­де ондай бір стан­са салы­нған жоқ.

Екін­ші реак­тор фран­ци­я­лық тех­но­ло­ги­я­мен жасалған. Аты «ERP» болу керек. Бұл реак­тор­дың ең алға­шқы­сын Фин­лян­ди­яға сал­ды. 2001 жылы басталған­да, 3 жыл­да бітіре­міз деген. Бірақ көп­ке созы­лып кет­ті. Мен түр­ме­де оты­рған кез­де ғана іске қосты-ау дей­мін. Мұн­да қауіп­сіздік жүй­есі элек­тро­ни­каға негіз­дел­ген. Сон­ды­қтан ол «ІР 1000»-ға қараған­да әлдеқай­да қым­батқа түседі. Алай­да ол да «3+» буы­ны­на жата­ды. Оның қым­бат­ты­ғы­нан бөлек, салу­дың өзі қиын. Жалғыз реак­тор Фин­лян­ди­яда тұрға­нын білем. Басқа елдер­де салу мәсе­лесі қара­лып жатыр ма, жоқ па – ол жағы белгісіз.

Сон­да нары­қта 4 түр­лі нұсқа бар. Одан басқа жоқ. Оңтүстік Корея ұсы­нуы мүм­кін. Бірақ ол да фран­ци­я­лық реак­тор­дың негізін­де жасалған ескі тех­но­ло­гия. Бұл жер­де­гі маңы­зды мәсе­ле стан­са­ның қуа­ты­на келіп тіре­леді. 1000 мега­ватт қуат­ты біз өзі­міздің энер­гия жүй­есіне кірік­ті­ре алмай­мыз. Балқа­шқа АЭС салу мәсе­лесін талқы­лаған кез­де ең бірін­ші тап кел­ген мәсе­ле осы бола­тын. 1000 мега­ват­тық стан­са орна­тып, отын салған екен­сіз, 1000 мега­ват­тық резервіңіз болуы керек. KEGOC сол кез­де 600 мега­ватт энер­ги­я­ны ғана резерв­тей ала­тын­да­рын айтқан.

Қазір сол­түстік­тен Үлкен стан­са­сы­на дей­ін қосым­ша желі тар­тып, резерв қуа­тын 800 мега­ват­тқа дей­ін арт­тыр­ды деп естідім. Соның өзін­де 1000 мега­ват­ты резерв­теу қазір мүм­кін емес. Ондай стан­са­ны орна­тып, шек­теп қана пай­да­ла­нуға бола­ды. Бірақ шек­те­удің шығы­ны өте қым­батқа түседі. Онда стан­са­ның өзін ақта­уы мүм­кін бол­май кете­ді. Пилот­тық жоба­ның пай­да­сы­нан – шығыны…

Көлем­ді стан­са­лар­ды салу­дың ең басты про­бле­ма­сы – шығы­нын­да. Мыса­лы, Ұлы­бри­та­ния АЭС салу үшін көп әуре­ге түсті. Әлі орна­тып біт­кен жоқ. Қан­ша­ма уақыт, қан­ша­ма қара­жат сал­ды! Тіп­ті қазір тегін сый­лай салған­ның өзін­де одан берілетін энер­ги­я­ның тари­фі орас­ан болай­ын деп тұр. Бүгін­ге дей­ін салған ақша­ны ақтау үшін, тариф­ті қат­ты қым­бат­та­ту керек болады.

Көле­мі үлкен стан­са салу уақыт жағы­нан да, ақша жағы­нан да үлкен шығын әке­леді. Ал қуа­ты шағын реак­тор­лар­да ондай про­бле­ма жоқ. Салы­нуы да жыл­дам, шығы­ны да сон­ша­лық орас­ан емес. Оның үстіне шағын реак­тор­лар­ды қажет­тілі­гіңе қарай рет­теп қол­да­на ала­сың. Керек бол­са, қуат мөл­шерін 50 пай­ы­зға дей­ін шек­тей тұруға болады».

Мұхтар Жәкішев­тің айтуын­ша, атом энер­ге­ти­касы сала­сын­да бәсе­ке­лестерінен қалып бар жатқа­нын түсін­ген АҚШ шағын реак­тор­лар­ды сер­ти­фи­кат­та­уға жол ашқан.

«Бір­не­ше реак­тор NRC-дің сер­ти­фи­ка­ты­нан өтіп жатыр. Ішін­де «General Electric»-тің 300 МВт-тық шағын реак­то­ры да бар. Holtek, SMR реак­тор­ла­ры бар. Яғни, 100,150, 300 МВт-тық реак­тор­лар пай­да болып жатыр. «General Electric Hitachi» реак­то­ры сер­ти­фи­кат алып үлгер­ді. SMR реак­то­ры да сер­ти­кат­та­удан сәт­ті өтті-ау дей­мін. «Holtek»-тің реак­то­ры да сер­ти­кат­та­удан өтіп жатыр. Бұл да құры­лы­мы қара­пай­ым, өте тиім­ді реактор.

Шағын реак­тор­лар­дың алға­шқы еке­уін сал­саңыз, үшін­шісі алды­ңғы еке­уінің есебі­нен салы­на­ды. Эко­но­ми­ка­лық жағы­нан тиім­ділі­гі өте жоға­ры. Қазір, мыса­лы, шағын реак­тор­лар­дан алы­на­тын энер­ги­я­ның бір кило­ва­ты 5 еуро цен­ті бола­ды деп естідім. Бұл өте жақ­сы баға деген сөз. Осы реак­тор­лар келе­шек­те АҚШ-та салы­на баста­уы мүмкін.

Әлем­дік дең­гей­де қол­да­ны­сқа еніп, ең сенім­ді түр­лері сөре­ге шыққан кез­де ғана Қаза­қстанға әкеліп, орна­туға бола­ды деп ойлай­мын. Ал пилот­тық жоба ретін­де атом энер­ге­ти­ка­сы сала­сын­да тәжіри­бесі жоқ елде салу – қиындау.

Құры­лы­сы жағы­нан бір АЭС-тің әлем­дік нары­қтағы баға­сы қанша?

«Фран­ци­я­лы­қтар бастаған кез­де 1000 МВт-тық атом стан­са­сы 3 млрд дол­ларға түседі және салуға 3 жыл кете­ді деп айты­лған бола­тын. Аңыз болып шықты. 3 млрд дол­лар­дан әлдеқай­да қым­батқа түсті. Өтірік айт­па­сам, фран­ци­я­лық стан­са 10 млрд дол­лар бол­ды. Ал салуға 12 жыл кет­кен шығар. «ІР 1000» стан­са­сы 8 млрд дол­ларға шықты-ау дей­мін. Оның да мерзі­мі созы­лып кет­ті. Әрине, келесі стан­са­лар әлдеқай­да арзан болады.

Бірақ пилот­тық құры­лыс қым­бат әрі ұзақ бола­ды. Ресей қазір Түр­ки­яға АЭС салып жатыр. Жағ­дай­ды соған қарап баға­ла­у­ға болады.

АЭС салушы­лар Чер­но­быль мен Фуку­си­ма­дан сабақ алды ма? Қазір­гі реак­тор­лар жер сіл­кінісіне де, цуна­ми­ге де, тіп­ті ұшақ келіп соғыл­са да, апат бол­май­тын­дай етіп жасалған. Радио­ло­ги­я­лық сал­дар­ды алға тар­тып жүр­ген­дер бар. Мұны енді халық өзі шешу керек деп ойлай­мын. Егер елдің басым бөлі­гі қар­сы бол­са, салу­дың мәні жоқ.

Бірақ халық қан­дай уәж­дер­ді негіз­ге алып, шешім шыға­рып отыр деген мәсе­ле бар. Қан­дай да бір ұран­дар­ды, білік­тілі­гі жоқ адам­дар­дың мәлім­де­ме­лерін негіз­ге алып шешім шығар­ды ма? Олай бол­са, бұл шешім дұрыс емес шығар. Өйте бер­сек, бәрі­нен бас тар­тай­тық. Ұялы теле­фон қол­дан­бай­ық, «шай­тан арба» деп мәши­не­ге мінбейік.

Әле­умет­тік желі­де атом сала­сы­ның «біл­гір­лері» көбей­іп кет­ті. Сала­ны жете біл­мей­тін адам­дарға ол айты­лған уәж­дер сал­мақты сияқты көрі­нуі мүм­кін. Ал нағыз маман оны оқы­са, күлуі мүм­кін. Шешім сон­дай ойлар­дың жете­гін­де шыға­рыл­са, дұрыс болмайды.

Бірақ қалай десек те, соңғы шешім­ді халық айтуы керек. Ал егер елдің сана­сы­на білік­ті ақпа­рат­ты жет­кі­зе алма­сақ, ресми орган­дар­дың уәжіне халық сен­бе­се, про­бле­ма халы­қта емес. Про­бле­ма өзі­міз­де деген сөз.

Есжан БОТАҚАРА, Іnbusiness.kz

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн