Вторник , 1 июля 2025

ҚАЗАҚСТАННЫҢ азық-түлік транзитін ПУТИН ШЕШЕДІ

Вла­ди­мир Путин

2 шілдеде Ресей Украина өнімін өз аумағы арқылы Қазақстан мен Қырғызстанға жеткізуді шектеуді тағы да жарты жылға ұзартты. Тиісті жарлыққа Ресей президенті Владимир Путин қол қойды деп хабарлайды жергілікті құқықтық ақпарат порталы. Жаңа санкция келесі жылдың 1 қаңтарына дейін жалғасады.

2015 жыл­дың жел­тоқ­сан айын­да Ресей Укра­и­на­мен сауда қарым-қаты­на­сын шек­тей­тін бірқа­тар заң қабыл­даған. Солар­дың ішін­де ТМД аясын­да еркін сауда зона­сы жөнін­де­гі келісім­ді тоқтатқан. Бұл тый­ым 2016 жыл­дың 1 қаңта­ры­нан бастап күшіне енген.
Сол жылы 2 қаңтар­да Укра­и­на ресей­лік тау­ар­лар­ды импорт­та­уға тый­ым салған. 2016 жылы Ресей Укра­и­на тау­ар­ла­рын өз аумағы арқы­лы экс­порт­та­уға мүл­дем тый­ым салған. Укра­и­на эко­но­ми­ка­лық даму мини­стр­лі­гінің мәлі­меті бой­ын­ша, Ресей арқы­лы тран­зит­тің көле­мі жылы­на 1,8 мил­ли­ард дол­лар­ды құраған.

Укра­и­на Дүни­е­жүзілік сауда ұйы­мы аясын­да Ресей алған мін­дет­те­ме­лерін бұзып отыр деп мәлімдеді.

(медиа-про­ект «DAT» №26 (438) от 5 июля 2018 г.)

Республиканский еженедельник онлайн