Пятница , 4 июля 2025

ҚАЗАҚСТАННЫҢ көпұлттылығы – ЖАЛҒАН САЯСАТ

«Мемлекет құрушы қазақ халқына, оның мемлекеттік тіліне деген дискриминациялық факторлардың кесірінен Қазақстандағы орыс пен орыстілді ағайындардың мемлекеттік тілді білуге, меңгеруге деген ниетінің, ынтасының, азаматтық жауапкершілігінің түбегейлі жоғалуына байланысты біз, жалпы алғанда, ішкі-сыртқы тірлігі тек орыс тіліне ғана тәуелді, арсыз, әділетсіз, озбыр қоғам құрып тынғандай жағдайға жеттік» дейді ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, ақын Тыныштықбек Әбдікәкімұлы өзінің «Фейсбук» парақшасында. 

Мемле­кет­тік тілі­міздің әлі күн­ге дей­ін өз мәр­те­бесіне сай толы­ққан­ды қыз­мет атқа­ра алмауы­ның басты себеп­тері төмендегідей: 

1. Заң бой­ын­ша, Қаза­қстан аза­мат­та­ры­ның мем­ле­кет­тік тіл­ді білуінің мін­дет еместігі.

2. Кон­сти­ту­ци­я­мы­здағы 7‑баптың 2‑тармағы бой­ын­ша, орыс тілінің мем­ле­кет­тік тіл­мен тең жағ­дай­да қолданылуы.

3. Қазақ халқы­ның бір­ден-бір Ота­ны Қаза­қстан екенінің, яғни қаза­қтар­дың мем­ле­кет­ті құру­шы титул­ды ұлт екенінің, Қаза­қстан­дағы диас­по­ра­лар­дың әрқай­сысы­ның тари­хи өз отан­да­ры бар екенінің Ата заң­да мүл­де ескерілмеуі.

4. Қаза­қстан­да бір­тұ­тас уни­тар­лық елге тән мем­ле­кет­тік идео­ло­ги­я­ның жоқты­ғы. Оның себебі – қазақ елінің мың­даған жыл­дар бойы кемел­дене қалып­тасқан халы­қтық тілі мен дүни­е­та­ны­мын Сөзта­ным ғылы­мы мен Беста­ным (Адам­та­ну, Табиғат­та­ну, Күн­та­ну, Ғары­шта­ну, Құдай­та­ну) ілі­мі тұрғы­сын­да түбе­гей­лі зерт­теп-зер­де­леп тану, оқы­ту ісінің мем­ле­кет­тік дәре­же­де қолға мүл­де алынбауы. 

5. «Үштұғыр­лы тіл» сая­са­ты прак­ти­ка­сы­ның білім жүй­есіне заң­сыз, зор­лы­қ­пен енгізілуі.

6. Мек­теп­те­гі жоға­ры сынып­тар­да гума­ни­тар­лық пән­дер­ден өзге­лерінің орыс­ша және ағы­л­шын­ша ғана оқы­тыл­мағы­ның жос­пар­ла­нып қойылуы.

7. Билік­те­гі қан­дас аза­мат­та­ры­мы­здың басым бөлі­гінің орыстілділігі.

8. Елі­міз­де­гі оры­стіл­ді мек­теп­ті бітіру­шілер­ге және жоға­ры оқу орын­да­ры­на түсу­шілер­ге қазақ тілі пәні бой­ын­ша емти­хан тап­сы­ру­дың міндеттелмеуі.

9. Аза­мат­тар­ды мем­ле­кет­тік қыз­мет­ке алу кезін­де мем­ле­кет­тік тіл­ді білудің талап етіл­ме­уі, «Қаз­Тест» Ұлт­тық тестілеу орта­лы­ғы­ның көз­бо­я­у­шы­лы­ққа айналуы.

10. Қаза­қстан­ның аза­мат­та­ры ретін­де­гі орыс ағай­ын­дар­дың әлі күн­ге дей­ін өршіп тұрған импе­ри­я­лық амбициясы.

11. Елі­міз­де­гі орыс пен оры­стіл­ді ағай­ын­да­ры­мы­здың қазақ тілін «ғылы­мға, білім­ге, мем­ле­кет­тік, халы­қа­ра­лық тір­лік­ке жарам­сыз тіл, өрке­ни­ет түз­бей арт­та қалған көшпе­лілер­дің тілі» деген жарым­жан түсінігі. 

12. «Қаза­қстан – көпұлт­ты мем­ле­кет» деген жалған сая­сат. «Қаза­қстан халқы ассам­бле­я­сы» деген қажет­сіз ұйым­ның пай­да болуы; мем­ле­кет­тік тіл­де іс жүр­гіз­бей­тін оның жер-жер­де­гі бөлім­дері мен бөлім­ше­леріне қыру­ар қар­жы­ның тұрақты түр­де, ұдайы бөлініп оты­ры­луы; соның нәти­же­сін­де әр диас­по­ра өзін «жеке ұлт» сезі­нуі, ал өз жерін­де оты­рған қазақ халқы­ның ұлт­тық пси­хо­ло­ги­я­сы­ның қатар­дағы диас­по­ра­лық пси­хо­ло­гия дең­гей­іне дей­ін құлдырауы. 

13. Ком­му­ни­ка­ция, БАҚ құрал­да­ры, бас­па өнім­дері секіл­ді толып жатқан сала­лар бой­ын­ша ресей­лік және өзге де шетел­дік экс­пан­си­яға төтеп бере­рлік қауқар­дың мем­ле­кеті­міз­де жоқтығы.

14. Елі­міз­де Қаза­қтың тілін, бар­ша ұлт­тық құн­ды­лы­қта­рын мой­ын­да­май­тын, керісін­ше, ара­б­тық хали­фат құруға құмар астыр­тын діни ағым­дар­дың бар екенінің билік пен арнайы орган­дар тара­пы­нан ескерілмеуі.

15. Эко­но­ми­ка­лық бар­ша тетік­тер­дің дені оры­стіл­ділер­дің қолын­да болуы.

Соны­мен, мем­ле­кет құру­шы қазақ халқы­на, оның мем­ле­кет­тік тіліне деген жоға­ры­дағы дис­кри­ми­на­ци­я­лық фак­тор­лар­дың кесірі­нен Қаза­қстан­дағы орыс пен оры­стіл­ді ағай­ын­дар­дың мем­ле­кет­тік тіл­ді білу­ге, мең­ге­ру­ге деген ниетінің, ынта­сы­ның, аза­мат­тық жау­ап­кер­шілі­гінің түбе­гей­лі жоға­луы­на бай­ла­ны­сты біз, жал­пы алған­да, ішкі-сыр­тқы тір­лі­гі тек орыс тіліне ғана тәу­ел­ді, арсыз, әділет­сіз, озбыр қоғам құрып тынған­дай жағ­дай­ға жеттік. 

Қате­ле­с­пе­сек, осы­дан 15 жыл­дай бұрын елба­сы­мы­здың өзі: «15 жыл­дан бері мем­ле­кет­тік тіл­ді аю да үйреніп ала­тын уақыт бол­ды», – деп күй­ін­гені бар. Одан бері тағы 15 жыл­дай уақыт өтті. Мем­ле­кет­тік тіл­ді дамы­ту­дың түр­лі бағ­дар­ла­ма­ла­ры жаса­лу­мен бол­ды, қыру­ар қар­жы шашы­лу­мен бол­ды. Әлі де шашы­лу­да. Яғни, 30 жыл­дай уақыт (ойлап қара­лы­қ­шы, табан­датқан 30 жыл­дай уақыт!) өтті, нәти­же мар­дым­сыз. Енді тағы бір 15 жыл осы­лай жүр­сек, жіберіл­ген қателік­тер­ді түзеп алу мүл­де мүм­кін бол­май­тын сор­маң­дай сорақы­лық ста­ди­я­сы­на өтуі­міз ғажап емес.

Не істе­мек керек? 

Әрине, жуық ара­да мем­ле­кет­тік тіл тура­лы арнайы заң қабыл­дан­бағы – әділет. Сосын оны үйре­ну-мең­ге­ру, талап ету үшін, үш жыл мұр­сат­тық мерзім берілуі жөнін­де арнайы жар­лық шық­пағы және керек шаруа. Сон­да ешкім­нің рені­ші бол­май­ды. Өйт­кені ынта­лы ада­мға 3 жыл тұр­мақ, 6‑ақ айда кез кел­ген тіл­ді бел­гілі бір мөл­шер­де мең­геріп алу­дың еш қиын­ды­ғы жоғын өмір­дің өзі көр­сетіп отыр.

Тыныштықбек ӘБДІКӘКІМҰЛЫ

Қапер­де қалар сөз

КӘРІС ЖІГІТІ

қазақ тілі туралы

Қазақ тілін біл­мей­тін­дер өздерін оны біл­ме­ген­дік­тен сау­ат­сыз деп ойла­май­ды екен, сон­ды­қтан олар бұл тіл­ді оқы­ғы­сы кел­мей­ді екен. Олар өздерін сау­ат­сыз­бын деп түсіне бас­та­са ғана сол тіл­ді үйре­ну­ге кіріседі!

***

Қаза­қтіл­ділер кәріс тілін орыс­ша неме­се ағы­л­шын­ша арқы­лы емес, өздері жақ­сы білетін қазақ тілі арқы­лы үйрен­се, одан да жыл­дам нәти­же­ге қол жеткізеді!

***

Соңғы уақыт­та бос уақы­тым­ды тіл мәсе­лесіне арнап жүр­мін. Сарап­та­ма, зерт­теу, шетел­дік тәжіри­бе, осы сала­да жыл­дар бойы жиналған біз­де­гі про­бле­ма­лар. Осы бағыт­тағы мем­ле­кет­тік сая­сат пен жұм­салған қар­жы. Көп обшым…

Осы мәсе­ле­ге бей­жай қара­май­тын доста­рым­мен бірі­гіп (ара­сын­да қазақ тілін біл­мей­тін­дер де бар), зерт­теп жатыр­мыз, мәсе­лені өзгерт­кі­міз келеді. Сең қозғал­са дей­міз, қазақ тілінің айна­ла­сын­да көп қызу пікір­та­лас та бар. Бүгін, мыса­лы, жаны­ма батқан әңгіме:

Бір таны­сым­мен дау­ла­сып, осы­ны талқы­ла­дық, эмо­ци­яға ұрын­дық, аргу­мен­та­ция кел­тір­дік. Бірақ бір айтқан мәсе­лесіне кел­ген­де, тілім­ді жұт­тым. Әлгі кісі өз бала­сын­да мек­теп­те­гі тіл сабағы­нан нәти­же бол­маған соң (жалақы­сы мәз емес), бар ақша­сын қазақ тілін оқы­та­тын репе­ти­торға төлеп жатыр. 

– Неге мек­теп­те осы жоқ, мен кім­ге сене­мін, егер мем­ле­кет тара­пы­нан осы мәсе­ле­де қол­дау бол­ма­са, – дейді. 

– Нәти­же бер­ме­се, мұғалім­ді ауы­сты­рып көр, – дей­мін мен. 

– Сол мәсе­ле­мен бар­сам, сен сыл­тау іздеп, бәлеқор­лық жаса­дың, – деп­ті оған мектебінде.

***

Біре­удің маған тіис­кісі кел­се, мынан­дай сұрақ қояды:

– Қаза­қстан­дағы кәрістер өз бала­ла­ры­на неге орыс атта­рын қояды? 

Осын­дай сұраққа мынан­дай сұрақ­пен жау­ап беремін: 

– Кей қаза­қтар өз бала­ла­ры­мен неге қаза­қ­ша сөйлеспейді?

Қаза­қстан­да бәрі қаза­қ­ша болған­да, сон­да тек қаза­қтар ғана емес, тіп­ті өзге ұлт­тар да өздерінің бала­ла­ры­на қазақ атта­рын қоя бастаған болар еді.

***

Көп бала­лы отба­сын­да туған адам, жал­пы айтқан­да, аз бала­лы отба­сы­нан шыққан адам­нан гөрі мей­ірім­дірек екені маған ғана бай­қа­ла ма?

***

Я носи­тель рус­ско­го язы­ка, но это не зна­чит, что я рус­ский. На севе­ре и осо­бен­но в сто­ли­це мно­го каза­хов, кото­рые тоже носи­те­ли рус­ско­го язы­ка, но это не зна­чит, что они недоказахи!

Это про­сто все рав­но, что носить с дет­ства одеж­ду рус­ско­го поши­ва, пото­му что дру­гой про­сто не было. Хоти­те, что­бы они носи­ли одеж­ду казах­ско­го поши­ва? Ну, так сшей­те ее для них и обла­чи­те их в ее одеяния. 

***

Если бы абсо­лют­но все каза­хи вла­де­ли казах­ским, то им бы дела не было до зна­ния язы­ка дру­ги­ми этно­са­ми, так как послед­ние сами бы авто­ма­ти­че­ски под­тя­ну­лись. Поэто­му, счи­таю, в первую оче­редь надо обра­тить вни­ма­ние на рус­ско­языч­ных каза­хов, пре­сле­дуя цель помочь им с языком!

***

Пре­по­даю актив­но пять язы­ков. Слож­нее все­го – рус­ский. Лег­че все­го – узбек­ский. Англий­ский с казах­ским – посе­ред­ке. Корей­ский – после. Когда нач­ну турец­кий, он вста­нет после узбек­ско­го, но перед казахским.

***

Қазақ тілін қан­ша­лы­қты көп оқып үйрен­сең­дер де, қазақ бола алмай­сы­ң­дар деген демо­ти­ва­ция енді қан­дай жол­мен пай­да бола­ты­нын одан да жақ­сы түсіне бастап­пын. Кей қаза­қтар өзге ұлт түгілі, тіп­ті өздерінің ұлт өкілін де қазақ емес, өзге ұлт деп сана­уға тыры­сып жүр­ген шығар!

***

Латын әлі­п­биіне қаты­сты: қала­саңы­здар да, қала­ма­саңы­здар да, түрік тілін­де­гі ноқат­сыз «І» таң­ба­сы қазақ тілін­де­гі «Ы» дыбысы­на емес, орыс тілін­де­гі «Ы» дыбысы­на ұқсайды!

***

Выучить чело­ве­че­ский язык с нуля Тар­за­ну и Мауг­ли было, пожа­луй, все-таки более слож­ной зада­чей, чем выучить казах­ский после рус­ско­го. Хотя с дру­гой сто­ро­ны, оце­ни­вая ситу­а­цию, мож­но ска­зать, что Тар­зан и Мауг­ли были пер­со­на­жа­ми кра­си­вой сказ­ки, а рус­ско­языч­ные казах­стан­цы – дале­ко не вир­ту­аль­ная реальность!

***

Қаза­қ­шам­ды өзбек­шем­нен кей­ін үйреніп алған соң, «таң қал­дым» деудің орны­на әрдай­ым «қай­ран қалу» деген етістік­тік сөз тір­кесін қол­данғым келіп тұра­ды екен!

***

Енді мына­дай уақыт кел­ді: «Қазақ ауы­лын­да туып, қаза­қтар­мен өскен­сің!» – дей­ді. «Бұрын қаза­қ­ша бір сөз біл­мей­тін­мін, қаза­қ­ша сөй­лей алмай­ты­н­мын», – деп айта бер­сем де, сен­бей­ді екен!

***

Түрі қытай орыс тілін­де оры­стан да гөрі жақ­сы сөй­ле­се, ол адам қытай емес – кәріс!

***

Қазақ қызда­ры­ның өзге ұлт өкіл­деріне тұр­мысқа шыққа­ны­на қар­сы қазақ жігіт­терінің саны өзге ұлт­тың қызда­ры­на үйлен­ген қаза­қтар­дың саны­на қараған­да көп шығар. Себебі – тек екін­ші жағ­дай­да ғана бала­ла­ры­ның пас­порт­та­рын­да қазақ деп жазылады.

Вла­ди­слав ТЕН

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн